400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз тыңда, жастар! (Мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазіргі кезде оқып білім алып жүрген барлық жастарға және мұғалімдерге қажет. Жастарымыз жан-жақтама, көз көріп сүйінетіндей, құлақ есітіп қуанатындай болса, игі еді. Еліміздің ертеңі – білімді жастар және ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екені бәрімізге белгілі. Сондықтан жастарымызды бәсекеге қабілетті, рухани бай, ұлт тарихын білетін азамат болуға шақырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СӨЗ ТЫҢДА, ЖАСТАР!

Сөз тыңда, жастар, жарқыным,

Сіздерге жырым жалпы бұл.

Үйреніңдер өнердің,

Тамаша қызық бар түрін.

Үлкеннің алып ақылын,

Абайлап сөйле ақырын.

Береке, бақыт – бірлікте,

Жұмыстың істе мақұлын – деп Асанғазы Ордабайұлы айтқандай жастарымыз жан-жақтама, көз көріп сүйінетіндей, құлақ есітіп қуанатындай болса, игі еді. Еліміздің ертеңі – білімді жастар және ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екені бәрімізге белгілі. Жас ұрпақты жақсылыққа жетелеп, бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр. Қашанда болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Ал сол білімнің ордасы мектеп екені бәрімізге белгілі. Мектеп болашақта ел басқарар, жер басқарар, елі мен  халқын гүлдентер, мерейін   өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Мектептің негізгі   тірегі мен жүрегі – білімді де білікті ұстаз. Сондай құтты мекеннен, аяулы ұстаздан адамзат баласының барлығы тәлім-тәрбие алып, өсіп өнеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқаратынын, сондықтан, «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда, соның ішінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тірбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды. Содан соң маңызды болып саналатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ұсынды. Мақалада «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» дейді. Сол үшін де XXI ғасыр жастарына мол сенім мен үлкен үміт артып 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялады. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласын да жарыққа шығарды. Бұл мақала екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға, адам мен табиғаттың өзара байланысын көрсететін «Аң стилі» өнеріне, «Алтын адам» тарихына ерекше мән берілген. Ұлы дала халқы металл өндіру және терең тарихымен мақтана алатынын, сондай-ақ, Фараби мен Яссауи өмір сүрген Түркі әлемінің бесігін атап, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының алма мен қызғалдағы бар көркем табиғаты да елеусіз қалмады. Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған маңызды 6 міндетті тапсырмаларды жүктеді. Аталмыш мақаласында Мемлекет басшысы «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп қорытынды пікір айтты. Иә, біз жеті атамызды, жеті қазынамызды, жеті жетімімізді, жеті ғашығымызды, тіпті, сонау Тәуке хан заманындағы «Жеті жарғыны» және жеті санына қатысты салт-дәстүрлерді біліп өсіп келе жатқан халықпыз. Мұндай жеті санын қастерлейтін халық үшін «Ұлы даланың жеті қырын» білу қиынға соқпайтыны белгілі. Даланың жеті қыры деп көрсетілген мәселелер жайлы әрбір қазақ біледі. Бірақ соның тарихына үңілуге, төл тарихымыз екенін ұғынуға зор мүмкіндік берілді деп есептейміз.«Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екінші бөлімінде ұлы даланың ұлы есімдеріне тоқталып «Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғаларды дүниеге әкелгендігін», атап өтеді. Осындай ұлыларымыздың еңбегін елеп, есімін ардақтау әрбірімізге парыз болып саналады. Біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ , шет елдегілер де білетін болады. Ол үшін ұлы тұлғаларды ұлықтау мәселесіне әрбір қазақ шама-шарқынша өз үлесін қосу керек. Әсіресе, ұстаздар қауымының атқаратын рөлі ерекше болмақ, соның ішінде, Қазақстан әдебиетшілері мен тарихшыларына үлкен сенім, әрі міндет артады. Ұлт мүддесіне қызмет еткен қазақ зиялыларының тарих пен әдебиет кеңістігіндегі заңды орындарын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Мақаладағы міндеттер мен жоспарларды бірте-бірте орындау үшін ұлы тұлғалардың туындыларын үлгі етіп, оқушы жастарға үйрете білсек, ұлттық құндылықтарымыздың құнары артып, қатары көбейері сөзсіз. Елбасының мақаласы отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсетеді. Бұл туынды «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы болып табылатындықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз.

Ал, жастар ше? Жастар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңін үнемі жадында сақтауы керек.

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек кана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса баска елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақтың мақалының өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.Тәуелсіздік және «Жастар» жылы жастарымызға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.

Каримбаева Нағима



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі