"Сөз зергері -Ғ. Мүсірепов" кеш сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөз зергері -Ғ. Мүсірепов" кеш сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
кеш сценарийін құруда көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сөз зергері Ғабит Мүсірепов»

Сабақтың тақырыбы Сөз зергері Ғабит Мүсірепов (Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына арналған баспасөз-мәслихат сабағы)

Сабақтың мақсаты:     а) білімділік: Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқушыларға оқыта отырып, жазушының сөз айшықтары мен ойлау   
шеберлігін таныстыру. Балалардың сөйлеу мәдениетін
 қалыптастыру;
ә) тәрбиелік: Оқушыларды жазушының ана тақырыбындағы шығармалары арқылы аналарды құрметтеуге, қадірлеуге шақыру. Инабаттылыққа, имандылыққа баулу;
б) дамытушылық: Оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге шақыру, тіл байлығын байыту, ой ұшқырлығына баулу;

Сабақтың түрі: «Баспасөз-мәслихат» сабағы, жалпылау, жинақтау сабағы
Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс, т.б.
Сабақтың көрнекілігі:
  Кітап бұрышы, жазушының портреті, презентация
Барысы:
       1. Ұйымдастыру кезеңі
     2.
Кіріспе сөз
 
Әдебиет сабағын мәнді, мағыналы өткізу үшін сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өз тәжірибемде кеңінен пайдалануға тырысамын. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау шеберлігін қалыптастырады, сөйлеу мәдениетін дамытады. Сондай сабақтардың бірі- «Баспасөз-мәслихат» сабағы. Жинақтау, қорытынды сабақ есебінде:
1.
Оқушылардың білімін тереңдетуге, ғылыми бағдарламаларды ізденуге ұмтылдырады;
2.
Тілін дамытып, сөздік қорын молайтады;
3.
Өз ойын дұрыс айту және қосымша материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады;
Осы мақсатта сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін, әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, қосымша әдебиеттер ұсынамын.
І-топ- өтілетін сабақтың мазмұнына байланысты ғалымдарға сұрақ берушілер тобы. Олар теледидар, газет журнал тілшілері қызметін атқарады.
ІІ-топ- берілген сұрақтарға жауап беруші әдебиетші-ғалым, мамандар тобы. Бұлар өтілген тақырыптарды жетік білетін зерттеуші мамандар қызметін атқарады.
Баспасөз тілшілері:   1. «Санкей-симбун» газеті. (Жапония)
           2. «Хабар» агенттігі.  (Қазақстан)
           3. «Америка дауысы» телерадиокомпаниясы.
           4. «Комсомольская правда» газеті. (Ресей)
           5. «Егемен Қазақстан» газеті.  (Қазақстан)
           6. Мұражай экскурсоводы 
           7. «Қазақстан» телеарнасының операторы.
           8. Әдебиетші маман-ғалымдар, қонақтар.
                                                 (Балаларды таныстыру)

Сабақ ІV бөлімнен тұрады:
І. «Сөз зергері – Ғабит Мүсірепов». (Газет – журнал тілшілерінің
          әдебиетші-ғалым, мамандармен сөзжарысы).
а) Ғ.Мүсіреповтің өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған мұралары?
ә) Жазушы шығармалары қандай тілдерде жазылған?
б) «Ара-Шмель» сатиралық журналында қай жылдары, қандай қызмет
атқарды?
ІІ. «Ұлпан – Менің Джокондам». (Жазушының ана тақырыбына арнаған
шығармалары).
а) Сөз зергерінің ана тақырыбына арнаған әңгімелерін санадыңыз ба?
ә) М.Горький шығармаларының ізімен жазылған еңбектерін атаңыз?
б) Майданда өлген баласына деген сағынышын өзге бір жауынгерді өзіне  бала етуге бекінген шығармасы? (Оқушылар жазушының шығармасынан сахналық көрініс қояды).
ІІІ. Мұражайға саяхат. (Мұражай экскурсоводы  Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды).
а)  1934 ж. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында қандай құндылықтар мадақталады?
ә) Жапония, Мысыр, Алжир, Италия, Азия, Африка елдерін қандай мақсатта аралады?
б) Ғабит Махмұтұлы – артына мол мұра қалдырған қаламгер. (Оқырман
қауымға мүлде таныс емес жазушының қаламынан шыққан туындыларды таныстыру)
ІV. Ой – толғам.  (Жазушының әртүрлі себептермен жарияланбаған қойын  дәптеріндегі еңбектеріне тоқталу).
а) «Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр
қырынан көрсетуге тырыстым- ойы, сезімі, суреті, жас кезі, мінезі, мейірімі, т.т.». Бұл жазбалардан «Ұлпан» романын жазуға жазушының 40 жыл уақытын жұмсағанын көреміз. 338- дәптер.
ә) Жазушының 357-дәптеріндегі ең қысқа әңгіме.
«Екі жолбарыс, бір аңшы. Бір жолбарыс, бір аңшы. Бір жолбарыс».
б) «Кітап жиғанша ойыңда сақта. Кітабым көп деп мақтанғанымен білімсіз адам, кітапханасын білімсіздікке толтырып, кітапхананы жауып тастаған адамға тең». 333-дәптер.

Сабақты қорыту:       Ғ.Мүсіреповтің өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған мұралары – біздің ұлттық қазынамыз. Уақыт 
өткен сайын халыққа Мүсірепов мұраларының қадір-құрметі арта түсетіні, шоқтығы биіктеп тұлғалана берері сөзсіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі