Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сөз зергері (интеллектуалды сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал колледж студенттеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Сөз зергері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ тілінен меңгерген білімдерін саралау, алғашқы үш модульді бекіту.

Дамытушылық: ұжымда, топпен жұмыс жасау қабілетін, ұйымдастырушылық дағдысы мен ой жүйріктігін ұштау.

Тәрбиелік: ана тіліне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін арттырып, сөз саптау өнерін дамыту.

Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс сабағы

Сабақтың типі: сабақтан тыс шара

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сандықша, үлестірмелі тапсырмалар.

Шараның жүргізілу барысы:

Оқытушы сөзі:

Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы - «Сөз зергер»!

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да – тіл. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл. Соның ішінде қазақ тілі – дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Олай болса, бүгінгі интелектуалдық сайыста ана тілімізді қаншалықты меңгергенімізді тексеріп, «Сөз зергері» атанатын топты анықтаймыз.

Бүгінгі шара сайыс түрінде жүргізіледі. Сайысқа қатысушы топ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының ДТБ-21 тобының студенттері. Топ студенттері 4 топқа бөлінген.

1-топ. "Болашақ"

2-топ. "Қыран"

3-топ."Дарынды жастар"

4-топ. "Барыс"

Оқытушы сөзі:

Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін қазылар алқасымен танысайық.

1.

2.

3.

4.

Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:


І кезең «Сәлем – сөздің атасы». (Үй тапсырмасы ретінде берілген топтың өзін-өзі таныстыруы).

ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр». (Сыр сандықтың ішінде жасырынған сөздерге лексикалық талдау).

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». (Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру).

ІV кезең «Ойлы болсаң, озып көр». (Кім көп сөз табады? Сөзден сөздердің тізбегін құрастыру).

V кезең «Тіл өнері». Шығармашылық тапсырма.(Төрт топқа тақырып суретімен беріледі. Тақырып бойынша топ студенттері сөйлесім әрекетін ұйымдастырады).

Оқытушының сөзі:

І кезең «Сәлем – сөздің атасы».

Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?!
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға – сол алда!

Олай болса, сайысқа қатысушыларды рет-ретімен ортаға шақырамыз. (Әр топ өзін таныстырады, топтың атын хабарлайды).

Оқытушының сөзі:

ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр». (Сыр сандықтың ішінде жасырынған сөздерге лексикалық талдау).

ІІ кезеңнің тапсырмалары:


Топ

Көнерген сөз

Синоним

Антоним

Эвфемизм,

дисфемизм

Тұрақты сөз тіркесі

І


"Болашақ"

түмен –он мың сан қол, әскер

дұшпан –қас, жау

батыр – қорқақ, су жүрек, қоян жүрек

құлағы мүкіс – саңырау, құлағы естімейтін адамға қатысты

ат ізін салмау – көптен бері жолы түспеу, хабар-ошарсыз кетуі.

ІІ


"Қыран"

шидем –киім-кешек атауы

қажеттілік -мұқтаждық,

біркелкі – әр түрлі, бірдей емес

боқмұрын – жасы кіші, жас жігіт

қолды болды- ұрланды

ІІІ

"Дарынды жастар"

дүрия – мата атауы

әзірлеу –дайындау

құтсыз –берекелі, ырысты, несібелі

мылжың – сөзуар

қабырғаңмен кеңес – ақылдасу, кеңесу

ІV

"Барыс"

саптыаяқ –ыдыс-аяқ атауы

қарт –егде кісі, қария, ақсақал

епсіз –икемді, епті

қолының жымысқысы бар – ұры

мұзға отырғызып кету – алдап кету.


Оқытушының сөзі:

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Мұнда топтар осы уақытқа дейін жинаған ұпай сандары бойынша бастайды. Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру.


Сөз мәдениеті

10

20

30

Шешендік өнер

10

20

30

Қазақ тілі – кемел тіл

20

20

30


Сөз мәдениеті:

10 ұпай Тіл тазалығы дегеніміз не?

Тіл тазалығы - сөз арасында өзге тілдегі атауларды, диалект сөздерді қолданбау.

20 ұпай Сөз мәдениетіне қойылатын талаптарды ата.

Сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, сөз әдебі (мәдениеттілігі), қысқалығы, нұсқалығы, сөздің діттеген мақсатына жетуі.

30 ұпай А.Байтұрсынұлының лингвистика саласына қосқан үлесіне тоқталып, еңбектерін атаңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы – лигвист, ғалым, тіл білімінің атасы, әдістеме ғылымының негізін салушы, қазақ әліпбиінің авторы. Еңбектері: «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Тіл құрал», «Әдебиет танытқыш».

Шешендік өнер:

10 ұпай Қазақ шешендік өнерінің өкілдерін атаңыз,

Майқы би, Бөлтірік шешен, Сырым батыр, Жиренше шешен, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.

20 ұпай Сырымның Үргеніш ханына берген жауабын айт.

Су анасы – бұлақ,

Жол анасы – тұяқ.

Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты –ұту.

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты –жету.

30 ұпай «Жәнібек ханның өтірік пен шындықтың арасы немен айырылады?» деген сұрағына жауап берген кім? Берген жауабын айт.

Жәнібек хан уәзірлеріне: “Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріңдер”,- дейді. Ханның қырық уәзірлері қырық күн ойланып, таба алмайды. Мұны естіген Жиренше шешен үйіне келіп, Қарашашқа:

- Жәнібек ханымыз қырық уәзіріне: “Өтірік пен шынның арасын айырыңдар,”-деп қысым жасап жатыр,-дейді.

Өтірік пен шынның арасы – бір-ақ тұтам жер. Оның мәнісі: көзбен көрген – шын, құлақпен естіген – өтірік.Құлақ пен көздің арасы бір-ақ тұтам ғой.Көзбен көрген – анық , құлақпен естіген – танық емес пе? – дейді. 

Қазақ тілі - кемел тіл:

10 ұпай Қазақ тілінің стилдік тармақтарын ата.

Ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет, ресми іс қағаздар, ғылыми, публицистикалық стильдер.

20 ұпай Орта ғасырлардағы жазба мұраларды атаңыз.

  1. Қараханид кезеңі: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи мұралары.

  2. Алтын орда кезеңі: Хорезми, Құтб, Сайф Сарайи, Рабғузи шығармалары.

30 ұпай Ресми іс қағаздар стилінде жазылатын құжат түрлерін атап, оларға тән ерекшеліктерге тоқталыңыз.

Ресми іс қағаздар стилі құқықтық қарым-қатынас барысында әкімшілік саласында қолданылады. Түрлері: анықтама, сенімхат, қызметтік хат, мінездеме, телефонхат, жеделхат, т.б. Сипаты: ресмилік, дәлдік, нақтылық.

Оқытушының сөзі:

ІV кезең «Ойлы болсаң, озып көр». Кім көп сөз табады? Сөзден сөздердің тізбегін құрастыру.

І топ. Мәдениеттілік

ІІ топ. Бауырмалдық

ІІІ топ. Көрегенділік

ІV топ. Жауапкершілік

Оқытушының сөзі:

V кезең «Тіл өнері». Шығармашылық тапсырма. Төменде берілген тақырыптар бойынша диалог құрастырып, сахналайды.

І топ: Театрда

ІІ топ: Емханада

ІІІ топ:Кітапханада

ІV топ: Отбасында

Марапаттау:

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 

Оқытушының сөзі:

Міне, осымен апталық барысында ұйымдастырылған «Сөз зергері» сайысы да өз мәресіне жетті. Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандану заманында жоғалтпай, құндылығын арттыра берейік! 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
932
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12