«Сөзден сөйлемге»
Оқу-әдістемелік құрал
Құрастырған:
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Абу Акбота Биржанқызы
Алматы 2025
Мазмұны:
-
Кіріспе ...............................................................................................3-бет
-
Негізгі бөлім
1. Ғылыми-теориялық негізі ............................................................................6-бет
2. Әдістемелік бөлім .......................................................................................17-бет
3. Практикалық бөлім ....................................................................................41-бет
4. Қосымша материалдар ...............................................................................97-бет
-
Қорытынды .................................................................................106-бет
-
Әдебиеттер тізімі .........................................................................107-бет
-
Кіріспе
Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеріп жатқан орыс тілді оқушылар үшін ең күрделі дағдылардың бірі – сөйлем құрау. Көп жағдайда оқушылар жаңа сөздерді жеке-жеке жаттап алады, бірақ оларды дұрыс байланыстырып, толыққанды сөйлем құрауда қиналады. Бұл құбылыс тек грамматикалық білімнің жеткіліксіздігінен ғана емес, сонымен қатар психолингвистикалық және әлеуметтік факторларға да байланысты.
Негізгі қиындықтар:
-
Орыс тілінің ықпалы (интерференция): сөйлем құруда орыс тілінің сөз тәртібі көшіріледі (Мен оқыдым кітап), септік жалғаулары түсіп қалады (Мен барам мектеп), етістіктер қате жіктеледі (Сен барды).
-
Жалғауларды қолданудағы қателер: септік, жіктік жалғауларын шатастыру, сөздердің байланысуын бұзу.
-
Коммуникативтік тәжірибенің аздығы: сабақ көбіне сөздік жаттаумен шектеліп, оқушыларға еркін сөйлеу мүмкіндігі аз беріледі.
-
Сөйлем құрауға арналған жүйелі жаттығулардың жеткіліксіздігі: оқушы сөздерді білсе де, оларды логикалық және грамматикалық тұрғыда дұрыс байланыстыра алмайды.
Бұл қиындықтар оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлесуіне, ойын толық жеткізуіне кедергі жасайды. Сөздік қоры жеткілікті болса да, ойды жүйелі айту дағдысы қалыптаспайды. Сондықтан сөйлем құрау дағдысын дамыту – қазақ тілін үйретудің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Мәселенің әлеуметтік маңызы
Қазіргі таңда Қазақстанда үштілділік саясаты жүзеге асырылып жатыр, ал қазақ тілі – мемлекеттік тіл және ұлттық бірегейліктің негізгі құралы. Қазақ тілін меңгермеген оқушы қоғамдағы көптеген мүмкіндіктерден шет қалуы мүмкін:
-
Мектеп бітіру емтихандарында (ҰБТ) қазақ тілі пәнінен қиындық көреді;
-
Қазақ тілінде ресми құжат толтыру, мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қиындықтар туындайды;
-
Қазақ тілінде сөйлейтін құрдастарымен қарым-қатынас шектеулі болады.
Сондықтан сөйлем құрау дағдысын дамыту – бұл тек пәндік мәселе ғана емес, оқушының болашағына әсер ететін әлеуметтік фактор.
Психолингвистикалық ерекшеліктер
Сөйлем құру дағдысы баланың миында бірден қалыптаспайды – ол сатылай дамиды:
-
Сөздерді тану және айту – жеке сөздер деңгейі
-
Сөз тіркесін құрау – екі-үш сөзді байланыстыру
-
Қарапайым сөйлем құру – бастауыш пен баяндауышты дұрыс қолдану
-
Күрделі сөйлем құру – жалғаулықтар, қосымша мүшелер қосу
-
Мәтін құру – бірнеше сөйлемді логикалық байланыстырып айту
Көптеген орыс тілді оқушылар 2-3 сатысында тұрып қалады. Себебі сабақта лексикалық минимумды жаттауға көп уақыт кетеді де, сөйлемде қолдануға жеткілікті уақыт бөлінбейді.
Мақсаты
Орыс тілді мектеп оқушыларына қазақ тілінде:
-
Сөзден сөйлем құрауға
-
Сөйлемнен мәтін жасауға
-
Сөйлемді дұрыс реттілікпен айтуға және жазуға үйрету
Оқушыларды ойын еркін жеткізуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға дағдыландыру.
Міндеттер
-
Теориялық база қалыптастыру: қазақ тіліндегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлері, сөздердің орын тәртібі туралы білім беру.
-
Қате талдау дағдысын дамыту: сөйлем құрауда жиі кездесетін қателерді талдап, оларды түзету жолдарын ұсыну.
-
Практикалық жаттығулар жүйесін құру: сөздерді дұрыс ретке қою, қате сөйлемді түзету, сурет бойынша сөйлем құрау. Жүйелі жаттығулар мен ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
-
Коммуникативтік белсенділікті арттыру: рөлдік ойындар, диалогтар, топтық жұмыс арқылы сөйлеу тәжірибесін көбейту.
-
Мұғалімдерге әдістемелік көмек: сабақта қолдануға ыңғайлы әдістемелік нұсқаулар, үлгі сабақтар мен бағалау критерийлерін ұсыну.
Құралдың құрылымы мен қолдану аясы
Бұл оқу-әдістемелік құрал үш негізгі бөлімнен тұрады:
-
Теориялық бөлім: сөздердің байланысы, сөйлем түрлері, орын тәртібі туралы анық әрі қысқа мәлімет.
-
Практикалық бөлім:
-
Сөздерді ретке келтіру тапсырмалары
-
Бос орындарды толтыру
-
Сурет бойынша сөйлем/мәтін құрау
-
Қате сөйлемді түзету
-
Қысқа әңгімелерді жалғастыру
-
Әдістемелік бөлім:
-
Қысқа әңгімелерді жалғастыру
-
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспарлары
-
Формативті бағалау критерийлері
-
Ойын және топтық жұмыс үлгілері.
Қолдану аясы:
-
Қазақ тілі сабақтарында (негізгі оқулықпен қатар)
-
Қосымша сабақтарда, тіл үйрету курстарында
-
Үй тапсырмасы немесе өзіндік жұмыс ретінде
Бұл құрал мұғалімдер үшін дайын көмекші ресурс, ал оқушылар үшін қазақ тілінде сөйлем құрауды жүйелі түрде үйренуге мүмкіндік беретін практикалық жинақ болады.
Нормативтік негіз
Құрал келесі құжаттарға сүйеніп дайындалды:
-
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) – бастауыш білім беру деңгейі бойынша
-
Қазақ тілін оқыту бағдарламасы (Жаңартылған білім мазмұны) – 1–4-сыныптарға арналған
-
Жылдық және тақырыптық күнтізбелік жоспарлар
-
Оқу бағдарламасының тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталған оқу мақсаттары
Бұл құжаттар құрал мазмұнының құрылымын, сабақтағы оқу мақсаттарын, тілдік материалдың көлемін және меңгеру деңгейін айқындауға негіз болды.
Әдістемелік ерекшеліктері
Құрал сатылай үйрету принципіне негізделген:
-
Сөз → Сөз тіркесі → Сөйлем → Мәтін
-
Қарапайым → Орта → Күрделі деңгей
Құралдың ерекшелігі – оқушыны біртіндеп сөзден сөйлемге, сөйлемнен мәтінге жетелеу.
Әдістемелік негіз ретінде:
-
Коммуникативтік тәсіл – оқушылардың сөйлесім дағдыларын дамыту, диалог пен монолог құруға дағдыландыру
-
TPRS (Teaching Proficiency through Reading and Storytelling) элементтері – жаңа сөздерді әңгімелеу, қайталау және қолдану арқылы үйрету
-
Құзіреттілікке бағытталған оқыту – сөздік қорды өмірлік жағдаятта қолдануға бағыттау
-
Сатылай оқыту технологиясы – сөздерді танып білу → сөз тіркесін жасау → сөйлем құрастыру → мәтінге айналдыру
-
Көрнекілік пен ойын әдістері – суреттер, карточкалар, схемалар, жұптық және топтық тапсырмалар
-
Интерактивті жұмыс түрлері – ойындар, постер жасау, рөлдік диалогтар, сөйлем құрастыру жарыстары
Бұл тәсілдер оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, тілдік материалды есте сақтауды жеңілдетеді және практикалық дағдыны дамытады.
-
Негізгі бөлім
1. Ғылыми-теориялық негізі
1.1 Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту ерекшеліктері
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту – арнайы әдіс пен тәсілді қажет ететін күрделі процесс. Орыс тілді оқушылар көбіне сөздерді жеке жаттап алғанымен, оларды байланыстырып сөйлем құрауда қиналады. Бұл олардың ана тілінің әсерінен (интерференция) және коммуникативтік тәжірибенің аздығынан болады. Сондықтан оқытуда төмендегідей принциптер маңызды:
-
Коммуникативтік әдіс – сөйлеу дағдысын дамыту;
-
Көрнекілік – суреттер, схемалар қолдану;
-
Сатылай оқыту – сөзден сөйлемге, сөйлемнен мәтінге жетелеу.
Қазақ тілін орыс тілді мектептерде оқытуда төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
Фонетикалық айырмашылықтар:
Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйреніп жатқан орыс тілді оқушылар үшін ең алдымен дыбыстарды дұрыс айту – үлкен қиындық. Фонетикалық қателер тек дыбыстауға ғана емес, сөздің мағынасына және сөйлемнің дұрыс құрылуына әсер етеді.
Қиындық тудыратын дыбыстар:
|
Дыбыс |
Ерекшелігі |
Орыс тіліндегі ұқсасы |
Қате айтылғанда не болады |
|
ң |
Мұрын жолымен, тіл арты арқылы жасалады |
жоқ |
«нан» орнына «наң» → мағына өзгереді |
|
ә |
Ашық, жіңішке дауысты |
жоқ (я-ға ұқсас, бірақ жіңішке) |
«әйел» орнына «аял» → қате айтылады |
|
ө |
Еріндік, жіңішке дауысты |
«ё» дыбысына ұқсас, бірақ ашық |
«төр» орнына «тор» → мағынасы бұзылады |
|
ү |
Еріндік, жіңішке |
жоқ |
«күн» орнына «ку́н» → орысша акцент пайда болады |
|
ұ |
Еріндік, жуан |
«у» дыбысына ұқсас, бірақ қысқа |
«құлақ» орнына «кулак» (мағына ауысады) |
|
қ |
Қатаң, көмейден жасалады |
жоқ (k-ға ұқсас, бірақ көмейден) |
«қала» орнына «кала» (акцент сезіледі) |
|
ғ |
Ұяң, көмейден жасалады |
жоқ (g-ге ұқсас, бірақ көмейден) |
«ғалым» орнына «галым» |
Неге дыбысты дұрыс айту маңызды?
-
Мағына шатаспайды: «Кең» (кеңістік) және «Кен» (кен байлығы) мағынасы әртүрлі.
-
Сөйлем табиғи шығады: Дұрыс айтылған дыбыс сөйлемнің интонациясын да дұрыс етеді.
-
Түсіністік артады: Дұрыс айтылған сөйлемді тыңдаушы оңай қабылдайды.
Дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жаттығулар:
1. Артикуляциялық жаттығулар
-
ң: «аң – таң – қоңыр – көңіл» сөздерін қайталау, мұрыннан ауа шығуын сезіну.
-
ә: «әже – әдемі – әліппе» сөздерін созып айту.
-
ө: «төр – көл – көркем» сөздерін ерін дөңгелету арқылы айту.
-
ү: «күн – гүл – күміс» сөздерін бірнеше рет қайталау.
-
ұ: «ұзын – ұшақ – ұн» сөздерін айтуда дыбысты қысқа шығару.
2. Салыстыру жаттығулары
-
н – ң: нан – наң, түн – түң, тон – тоң
-
ә – а: әлі – алы, әке – аке
-
ө – о: өрік – орық, көл – кол
Мұғалім оқушыға екеуін де айтқызып, қайсысы дұрыс екенін тыңдатады.
3. Сөйлем ішінде қолдану
-
«Кең далада ақ қой өріп жүр.»
-
«Әжем әдемі әңгіме айтты.»
-
«Таң ата ауылға қонақ келді.»
Сабақта қолдану әдістері
-
Фонетикалық минут: Сабақ басында 2–3 минут арнайы дыбыс айту жаттығуы.
-
Айнамен жұмыс: Оқушылар өз артикуляциясын бақылау үшін айна қолданады.
-
Фонетикалық диктант: Мұғалім сөздер айтады, оқушылар жазады және айтылуын салыстырады.
Сөйлем құрауға әсері
-
Дыбысты дұрыс айту → сөзді дұрыс қабылдау → сөйлемде дұрыс қолдану.
-
Мысалы: «Таң» мен «тан» сөзін ажырата алмаған оқушы сөйлемде қате қолданады:
Тан атты. (мағынасы түсініксіз)
Таң атты. (дұрыс сөйлем)
Грамматикалық ерекшеліктер:
Қазақ тілі – жалғамалы тіл,
сөздерге жалғаулар жалғанып, сөйлемде қызметін анықтайды.
Мысалы: Мен барды
(қате)
→ Мен бардым
(дұрыс).
Сөз тәртібі:
Қазақ тіліндегі сөйлем құрылысы – SOV (бастауыш – толықтауыш – баяндауыш), ал орыс тілінде SVO (бастауыш – баяндауыш – толықтауыш). Бұл – оқушылардың ең көп қате жіберетін тұсы.
Коммуникативтік дағдының жетіспеуі:
Көп жағдайда сабақтарда жаңа сөздер тізімін жаттаумен шектеледі. Бірақ оқушы оларды байланыстырып сөйлем құрауға аз уақыт бөледі.
-
Нәтижесі: сөздік қоры бар, бірақ еркін сөйлей алмайды.
-
Шешімі: сабақта диалог, рөлдік ойын, қысқа әңгіме құрастыруды жиі қолдану.
1.2 Сөйлем құраудың психолингвистикалық аспектілері
Сөйлем құрау – тек грамматикалық немесе механикалық процесс емес, ол адамның танымдық және тілдік әрекетінің біртұтас нәтижесі. Психолингвистика сөйлем құруды бірнеше өзара байланысты кезеңдерге бөледі:
-
Идея кезеңі: (ойдың тууы)
Бұл кезеңде оқушының санасында белгілі бір ой, хабарлау ниеті пайда болады.
-
Бұл – мотивациялық деңгей: «Мен не айтқым келеді?»
-
Егер ой анық болмаса, сөйлем де толық шықпайды.
Мысал:
Оқушы мектептен кейінгі жоспарын айтқысы келеді. Оның ойы: «Мен досыма барамын.»
Жаттығу үлгісі:
Сурет бойынша ой құрастыр: суретте – бала доп ойнап жатыр → «Бала доп ойнап жатыр».
-
Лексикалық кезең: (сөз таңдау)
Бұл кезеңде оқушы ойды жеткізу үшін қажетті сөздерді санасында іздеп табады.
-
Егер сөз қоры аз болса, оқушы ойын толық жеткізе алмайды.
-
Көп жағдайда оқушылар бұл кезеңде қате жасайды: сөзді орысша еске түсіріп, тікелей аударады.
Мысал:
Орыс тіліндегі
ой: Я иду к
другу. → Қазақша:
Мен
барам дос. (қате)
Дұрыс нұсқасы: Мен досыма
барамын.
Жаттығу үлгісі:
Сөздер берілген: (мен, кітап, оқыды) → сөйлем құрастыр: «Мен кітап оқыдым.»
-
Синтаксистік кезең: (грамматикалық құрылым құру)
Бұл кезеңде таңдалған сөздер грамматикалық заңдылықтарға сай байланысады.
-
Қазақ тілінде сөздер белгілі бір реттілікпен орналасуы тиіс (SOV).
-
Бұл кезеңде көп қате орын алады, себебі орыс тілінің сөз тәртібі әсер етеді (интерференция).
Мысал:
Мен барды
мектеп. (сөздер дұрыс, бірақ орын
тәртібі мен жалғау қате)
Мен мектепке
бардым.
Жаттығу үлгісі:
Қате сөйлемді түзет: «Мен оқыдым кітап» → «Мен кітап оқыдым».
-
Артикуляциялық кезең: (дыбыстау және жазу)
Бұл кезеңде дайын сөйлем дыбысталады немесе жазылады.
-
Фонетикалық қателер осы кезеңде байқалады.
-
Егер дыбыс дұрыс айтылмаса, сөйлемнің мағынасы бұрмаланады.
Мысал:
«Таң атты» → «Тан атты» (мағынасы түсініксіз болады)
Жаттығу үлгісі:
Тыңдап қайтала: «Таңертең мектепке бардым.» – 3 рет дұрыс айту.
Сөйлем құру тізбегі
Осы кезеңдерді схема түрінде көрсету тиімді:
Ой (идея) → Сөз таңдау → Грамматикалық құрылым құру → Дыбыстау/жазу
Егер осы кезеңдердің бірінде үзіліс болса, сөйлем толық шықпайды немесе қате болады. Мысалы, оқушы «Мен барды мектеп» деп айтады – бұл синтаксистік кезеңдегі қателік.
Психолингвистикалық кедергілер
-
Лексикалық тапшылық: сөз қоры жеткіліксіз → сөйлем қысқа, қарапайым.
-
Грамматикалық қате: жалғаулар дұрыс қолданылмайды.
-
Интерференция: орыс тілінің сөз тәртібі сақталады.
-
Фонетикалық кедергі: дыбысты дұрыс айта алмау сөйлем мағынасын өзгертіп жібереді.
Түзету жолдары
-
Суретпен жұмыс: оқушыға ой туғызуға көмектеседі.
-
Сөздік диктант: сөз қорын кеңейтеді.
-
Қате сөйлемді түзету: синтаксистік кезеңді бекітеді.
-
Фонетикалық минут: дыбыстауды жақсартады.
1.3 Интерференция мәселесі (орыс тілінің әсері)
Интерференция – бұл ана тілінің (орыс тілінің) екінші тілге (қазақ тіліне) тигізетін әсері. Орыс тілді оқушылар қазақ тілін үйрену барысында ана тілінің грамматикасы мен сөйлем құрау заңдылықтарын бейсаналы түрде қазақ тіліне көшіріп қолданады. Бұл құбылыс сөйлемнің дұрыс құрылмауына, грамматикалық қателерге әкеледі.
Интерференцияның негізгі көріністері:
-
Сөз тәртібін орысша құру
-
Орыс тілінде: Я читал книгу (зат есім– етістік– толықтауыш).
-
Қазақ тілінде дұрыс нұсқа: Мен кітап оқыдым (бастауыш – толықтауыш – баяндауыш).
-
Оқушы қатесі: Мен оқыдым кітап – сөздердің орын тәртібі бұзылған.
-
Септік жалғауларын тастап кету
-
Орыс тілінде предлог арқылы байланыс беріледі (в школу), ал қазақ тілінде – септік жалғауы арқылы (мектепке).
-
Оқушы қатесі: Мен барам мектеп орнына Мен мектепке барамын болуы тиіс.
-
Етістікті дұрыс жіктемеу
-
Орыс тілінде етістіктің шақ формалары тұрақты, ал қазақ тілінде жіктік жалғауы өзгеріп тұрады.
-
Оқушы қатесі: Сен барды орнына Сен барасың.
-
Дауыс ырғағы мен сұраулы сөйлем құру
-
Орыс тілінде сұрақ көбіне интонация арқылы жасалады, қазақ тілінде сұраулы шылау (ма/ме/ба/бе) қолданылады.
-
Қате нұсқа: Сен мектепке барасың? (тек интонация),
Дұрыс нұсқа: Сен мектепке барасың ба?
Түзету жолдары:
-
Қате сөйлемдерді талдау және түзету
-
Мұғалім тақтаға екі нұсқа жазады:
Мен оқыдым кітап → Мен кітап оқыдым -
Оқушылар дұрыс нұсқаны табады және себебін түсіндіреді.
-
Сөздерді дұрыс ретке қою жаттығулары
-
Карточкаға аралас сөздер беріледі, оқушы оларды дұрыс реттілікке келтіреді:
барамын – мектепке – мен → Мен мектепке барамын
-
Диалог және рөлдік ойындар
-
Сөйлемдерді практикада жиі қолдану арқылы оқушылар автоматты түрде дұрыс құрылымды меңгереді.
-
-
Модельдеу әдісі
-
Мұғалім дұрыс құрылымды көп рет қайталатады (аудио/бейне үлгі).
-
Құрылымды көрнекі схема арқылы көрсетеді:
Бастауыш + Толықтауыш + Баяндауыш → Мен + кітап + оқыдым.
1.4 Сөйлем құрау нормаларының қысқаша теориясы
1.4.1 Сөздердің байланысы және сөз тіркесі
Сөз тіркесі – екі немесе одан да көп толық мағыналы сөздің грамматикалық байланысы.
Мысалдар:
-
үлкен үй
-
кітап оқыды
-
әдемі гүл
Байланысу түрлері:
|
Байланысу түрі |
Ерекшелігі |
Мысал |
|
Қабысу |
Сөздер ешбір жалғаусыз, қатар тұрып байланысады |
жас бала, әдемі көйлек |
|
Матасу |
Бірінші сөз ілік септігінде, екінші сөз тәуелдік жалғауда |
Баланың кітабы, ұстаздың дәптері |
|
Меңгеру |
Басыңқы сөз бағыныңқы сөзді белгілі септік жалғауға меңгеріп қояды |
мектепке барды, үйден шықты |
Түсіндірме:
-
Қабысу – тек қатар тұру арқылы байланысқан сөздер.
-
Матасу – «кімнің? ненің?» сұрағына жауап беретін ілік септік пен тәуелдік жалғауының байланысы.
-
Меңгеру – негізгі сөз бағыныңқыны белгілі септікте қажет етеді.
Сөз тіркесінен сөйлемге өту жолы:
-
Сөздер: бала, кітап, оқыды
-
Сөз тіркестері: бала кітап, кітап оқыды
-
Сөйлем: Бала кітап оқыды.
1.4.2 Сөйлем түрлері
Қазақ тілінде сөйлемнің үш негізгі түрі бар:
|
Түрі |
Сипаттамасы |
Мысал |
|
Хабарлы сөйлем |
Бір оқиға немесе фактіні хабарлайды |
Мен мектепке барамын. |
|
Сұраулы сөйлем |
Сұрақ қою үшін қолданылады |
Сен мектепке барасың ба? |
|
Лепті сөйлем |
Қуану, ренжу, таңдану сияқты сезімді білдіреді |
Қандай әдемі гүл! |
Мұғалім сабақта осы сөйлем түрлерін жиі қолдануы керек, себебі олар оқушының сөздік қорын ғана емес, эмоционалды реакциясын да дамытады.
1.4.3 Сөздердің орын тәртібі
Қазақ тіліндегі негізгі сөз тәртібі – Бастауыш + толықтауыш + баяндауыш.
|
Дұрыс |
Дұрыс емес |
|
Мен кітап оқыдым. |
Кітап оқыдым мен. |
|
Біз мектепке бардық. |
Бардық біз мектепке. |
Кесте:
|
Құрылым |
Мысал |
|
S (бастауыш) |
Мен |
|
O (толықтауыш) |
кітап |
|
V (баяндауыш) |
оқыдым |
|
S + O + V |
Мен кітап оқыдым. |
Бұл құрылым сақталса, сөйлем табиғи және дұрыс естіледі.
1.4.4 Сөз таптарының сөйлемдегі рөлі
Сөйлем құруда сөз таптарының қызметін білу өте маңызды. Әр сөз табы сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқарады. Оқушылар сөздердің қайсысы бастауыш, қайсысы баяндауыш, анықтауыш не толықтауыш болатынын түсінсе, сөйлем құруы жеңілдейді.
Зат есімнің сөйлемдегі рөлі
Зат
есім – адамды, затты, құбылысты,
ұғымды білдіретін сөз табы.
Сөйлемде зат есім көбіне бастауыш немесе
толықтауыш болады.
Мысалдар:
-
Мектеп ашылды. (Мектеп – бастауыш)
-
Ол кітап оқыды. (Кітап – толықтауыш)
Схема:
[Зат есім] + [етістік] → Сөйлем
Бала + ойнады → Бала ойнады.
Жаттығу үлгісі:
Тапсырма: Берілген зат
есімдерді пайдаланып сөйлем құр:
дос, мектеп,
әже
Досым мектепке барды. Әжем әңгіме айтты.
Етістіктің сөйлемдегі рөлі
Етістік – қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табы. Сөйлемде етістік көбіне баяндауыш қызметін атқарады.
Мысалдар:
-
Бала ойнады. (ойнады – баяндауыш)
-
Біз ән айттық. (айттық – баяндауыш)
Етістік сөйлемнің негізгі діңгегі болып табылады, өйткені ол сөйлемді аяқтап, мағынаны толық жеткізеді.
Жаттығу үлгісі:
Тапсырма: Берілген етістікті пайдаланып сөйлем құр: барды, оқыды, ойнады
Бала мектепке барды. Ол кітап оқыды. Біз доп ойнадық.
Сын есімнің сөйлемдегі рөлі
Сын
есім – заттың сынын, сапасын,
түсін, көлемін білдіретін сөз табы.
Сөйлемде сын есім көбіне анықтауыш қызметін атқарады, яғни зат
есімді толықтырып тұрады.
Мысалдар:
-
Әдемі гүл өсіп тұр. (әдемі – анықтауыш)
-
Үлкен үй салынды. (үлкен – анықтауыш)
Жаттығу үлгісі:
Тапсырма: Сын есім қосып сөйлем құрастыр:
гүл
→ Әдемі
гүл өсіп тұр.
үй
→ Үлкен
үй салынды.
Сан есімнің сөйлемдегі рөлі
Сан есім – заттың санын, ретін білдіреді. Сөйлемде сан есім де анықтауыш болады.
Мысалдар:
-
Бес оқушы келді. (бес – анықтауыш)
-
Екінші сабақ басталды. (екінші – анықтауыш)
Жаттығу үлгісі:
Тапсырма: Сөйлемді толықтыр:
«_____ бала ойнап жүр.» → Үш бала ойнап жүр.
Есімдіктердің сөйлемдегі рөлі
Есімдік
– затты,
қимылды тура атамай, оны басқа сөзбен алмастырып көрсетеді.
Сөйлемде есімдіктер зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына
жүреді.
Мысалдар:
-
Мен мектепке барамын. (мен – бастауыш)
-
Ол кітап оқып отыр. (ол – бастауыш)
Жаттығу үлгісі:
Тапсырма: «Айгүл» сөзінің
орнына есімдік қойып сөйлемді қайта жаз:
«Айгүл сурет салып отыр.» → Ол сурет салып
отыр.
Үстеу және шылаулардың рөлі
Үстеу – қимылдың мезгілін, мекенін, амалын білдіреді.
-
Бүгін сабақ басталды. (бүгін – мезгіл үстеуі)
-
Жоғары көтерілді. (жоғары – мекен үстеуі)
Шылаулар – сөз бен сөзді байланыстырады немесе қосымша мағына береді.
-
Мен және сен ойнадық.
-
Ол ғана келді.
Еске сақта кестесі (оқушыға арналған)
|
Сөз табы |
Сөйлемдегі қызметі |
Сұрақтары |
Мысал |
|
Зат есім |
Бастауыш, толықтауыш |
кім? не? |
Бала келді. |
|
Етістік |
Баяндауыш |
не істеді? |
Бала келді. |
|
Сын есім |
Анықтауыш |
қандай? |
Әдемі гүл. |
|
Сан есім |
Анықтауыш |
неше? қанша? |
Үш оқушы келді. |
|
Есімдік |
Бастауыш, толықтауыш |
кім? не? |
Ол келді. |
|
Үстеу |
Пысықтауыш |
қашан? қайда? қалай? |
Бүгін келді. |
1.5 Оқушылардың сөйлем құрауда жиі жіберетін қателері (сыныптағы бақылау нәтижесі бойынша):
|
№ |
Қате сөйлем |
Дұрыс нұсқа |
Қате түрі |
|
1 |
Мен оқыдым кітап |
Мен кітап оқыдым |
Сөз тәртібі |
|
2 |
Сен барды |
Сен барасың |
Етістікті дұрыс жіктемеу |
|
3 |
Мен барам мектеп |
Мен мектепке барамын |
Септік жалғауын тастау |
|
4 |
Сен келдің бе мектеп? |
Сен мектепке келдің бе? |
Сөздердің орын тәртібі |
|
5 |
Бала ойнап отыр далада |
Бала далада ойнап отыр |
Сөз тәртібі |
|
6 |
Мен көрді кино |
Мен кино көрдім |
Жіктік жалғау жоқ |
|
7 |
Ол барды магазин |
Ол дүкенге барды |
Сөздің дұрыс баламасын қолданбау |
|
8 |
Мен сүйем қазақ тілі |
Мен қазақ тілін жақсы көремін |
Сөзбе-сөз аудару |
|
9 |
Жаңбыр жауып тұрды вчера |
Кеше жаңбыр жауды |
Қостілділіктің араласуы |
|
10 |
Мен істеймін үй тапсырма |
Мен үй тапсырмасын орындаймын |
Сөз тіркесі дұрыс емес |
2. Әдістемелік бөлім
2.1 Коммуникативтік әдіс
Коммуникативтік әдіс – тіл үйретуде басты мақсат ретінде қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға бағытталған тәсіл.
Бұл әдісте грамматикалық ережелерді жаттап алу емес, сөйлесу, пікір алмасу, нақты жағдаятта тілді қолдану алдыңғы орынға шығады.
Мақсаты: оқушының тек сөз білумен шектелмей, оларды диалогта, әңгімеде қолдана білуін қалыптастыру.
Негізгі қағидасы:
«Тілді – өмірде қолдану үшін үйренеміз».
Оқушылар жаңа сөздер мен грамматикалық құрылымдарды бірден сөйлеуде қолданады: сұрақ қояды, жауап береді, пікір білдіреді, диалогқа қатысады.
Артықшылығы
-
Тілді табиғи жолмен меңгертеді: Оқушылар ережені жаттамай, дайын үлгілер арқылы сөйлесуді үйренеді.
-
Сөйлеу дағдысын дамытады: Тілді тек теориялық емес, тәжірибелік тұрғыда қолдану дағдыланады.
-
Оқушыны белсенді етеді: Диалог, рөлдік ойын, пікірталас кезінде барлық оқушы қатысады, тыңдайды, жауап береді.
-
Шынайы өмірмен байланыстырады: Жағдаяттар күнделікті өмірден алынады: дүкенде, дәрігерде, мектепте, автобуста сөйлесу.
-
Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді: Сөздік қоры ғана емес, тыңдау, түсіну, жауап беру қабілеті дамиды.
Қолдану тәсілдері:
-
Диалог құрастыру:
Мақсаты:
-
Оқушылардың сөз тіркестерін байланыстырып, мағыналы сөйлем құрауын дамыту
-
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
-
Жаңа сөздерді практикада қолдануға үйрету
Қолдану тәсілі:
-
Мұғалім тақтаға немесе экранға 3–4 сөз тіркесін жазады:
-
мектепке бару
-
кітап оқу
-
достармен ойнау
-
Оқушылар жұп болып жұмыс істейді.
-
Осы тіркестерді пайдаланып, шағын диалог құрастырады (кемінде 3–4 сөйлем).
-
Екі-үш жұп өз диалогын бүкіл сыныпқа көрсетеді.
Диалог үлгілері:
Диалог 1 (тақырып: Күн тәртібі)
– Сен бүгін мектепке барасың ба?
– Иә, барамын.
– Сабақтан кейін не істейсің?
– Үйде кітап оқимын.
– Жарайсың! Кешке бірге ойнаймыз ба?
– Иә, ойнаймыз!
Диалог 2 (тақырып: Демалыс күні)
– Сен демалыста не істейсің?
– Мен әжемнің үйіне барамын.
– Онда не істейсің?
– Әжеммен кітап оқимын, достарыммен ойнаймын.
– Керемет екен!
Диалог 3 (тақырып: Мектеп өмірі)
– Бүгін қазақ тілі сабағы бар ма?
– Иә, бар.
– Сен үй жұмысын орындадың ба?
– Иә, орындадым. Кітап оқыдым және жаттығу жаздым.
– Жарайсың!
Кеңес:
-
Әр диалогты 2–3 сөйлемнен бастап, кейін біртіндеп 5–6 сөйлемге дейін кеңейтіңіз.
-
Диалог құруды ойынға айналдыруға болады: әр жұпқа әртүрлі тіркес беріледі, кейін бүкіл сынып қай жұптың диалогы қызықты екенін дауыс беріп таңдайды.
-
Рөлдік ойын:
Мақсаты:
-
Оқушылардың сөйлеу белсенділігін арттыру
-
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
-
Нақты өмірлік жағдаятта дұрыс сөйлем құруға үйрету
-
Эмоция, дауыс ырғағын қолдана отырып, еркін сөйлеуге дағдыландыру
Қолдану тәсілі:
-
Ситуация таңдау:
Мұғалім күнделікті өмірден алынған қарапайым жағдаятты ұсынады (дүкенде, автобуста, дәрігер қабылдауында, мектепте).
-
Рөлдерді бөлу:
Оқушыларға рөлдер беріледі (сатушы–сатып алушы, кондуктор–жолаушы, дәрігер–науқас).
-
Сөйлем үлгілерін ұсыну:
Мұғалім тақтаға немесе карточкаға 2–3 сөйлем үлгісін жазады, бірақ оқушыларға өз ойларын қосуға мүмкіндік береді.
-
Диалог құру:
Оқушылар жұп болып диалог құрайды, кемінде 3–4 сөйлемнен тұрады.
-
Сахналық көрсету:
Диалогты бүкіл сынып алдында рөлге еніп айтады. Қалауы бойынша интонация, қимыл, дауыс мәнерін қолданады.
-
Талқылау:
Мұғалім оқушылардың сөйлемдерін бірге талдайды, қатесін түзетеді, жақсы айтылған сөйлемдерді атап өтеді.
Ситуация 1: «Дүкенде»
Рөлдер:
-
Оқушы 1 – Сатушы
-
Оқушы 2 – Сатып алушы
Диалог үлгісі:
– Сәлеметсіз бе! Нан бар ма?
– Сәлеметсіз бе! Иә, бар.
– Маған бір нан беріңізші.
– Міне, алыңыз. Тағы не қажет?
– Бір литр сүт беріңіз.
– Міне, рахмет!
– Рахмет, сау болыңыз!
Жаттығу нұсқасы:
-
Сатушы сөзі карточкада беріледі, сатып алушы өз бетінше жауап құрастырады.
-
Диалогты рөл ауыстырып тағы қайталайды.
Ситуация 2: «Автобуста»
Рөлдер:
-
Оқушы 1 – Жолаушы
Ситуация 2: «Дәрігер қабылдауында»
Рөлдер:
-
Оқушы 1 – Дәрігер
-
Оқушы 2 – Науқас
Диалог үлгісі:
– Сәлеметсіз бе! Не мазалап тұр?
– Сәлеметсіз бе! Менің басым ауырып тұр.
– Қашаннан бері ауырып тұр?
– Бүгін таңертең басталды.
– Мына дәріні күніне үш рет ішіңіз.
– Жақсы, рахмет!
Ситуация 3: «Мектеп дәлізінде»
Рөлдер:
-
Оқушы 1 – Айдана
-
Оқушы 2 – Марат
Диалог үлгісі:
– Сәлем, Айдана!
– Сәлем, Марат! Сабаққа бара жатырсың ба?
– Иә, математика сабағына бара жатырмын.
– Қандай кабинетте?
– 3-кабинетте. Ал сен қайда барасың?
– Мен кітапханаға барамын.
– Жарайды, сабақтан кейін кездесеміз бе?
– Иә, кездесеміз!
Жаттығу нұсқасы:
-
Дәрігер қосымша сұрақ қояды: «Температураңыз бар ма?», «Тамағыңыз ауырды ма?»
-
Науқас әртүрлі жауап беріп, диалогты дамытады.
Бұл диалогтар 3–6 сөйлемнен тұрады, бірақ мұғалім оқушыларды оны ұзартуға ынталандырады. Сабақ соңында оқушылар диалогты жатқа немесе сахналық көрініс ретінде көрсете алады. Қызықты ету үшін нағыз заттарды (нан, дәрі қорабы) қолдануға болады.
Мұғалімге кеңес:
-
Әр сабақта 5–7 минуттық диалог немесе рөлдік ойын енгізу;
-
Оқушыларды жұппен, топпен сөйлету (бір-бірімен қарым-қатынас жасайды);
-
Диалогта жаңа сөздер мен грамматикалық құрылымды қолдануды талап ету.
Коммуникативтік әдіс тілді үйренудің мақсатын – қарым-қатынас құруды алға қояды. Бұл әдіс орыс тілді оқушыларға қазақ тілінде сөйлесуге сенімділік береді және теорияны практикамен байланыстырады.
2.2 PPP моделі Presentation – Practice – Production
PPP моделі – тіл үйретудегі ең дәстүрлі және тиімді құрылымдардың бірі. Оның атауы ағылшынша Presentation – Practice – Production (Ұсыну – Жаттығу – Өнім) сөздерінен алынған. PPP – оқытуды сатылы түрде ұйымдастырудың әдісі.
Бұл модель үш кезеңнен тұрады:
-
Presentation (Ұсыну):
Мұғалім жаңа тілдік материалды (сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық құрылымдар) түсінікті, көрнекі түрде таныстырады. Бұл кезеңде оқушыға дайын үлгі беріледі.
Мысалы: «Мен мектепке барамын.» сөйлемін тақтаға жазып, бастауыш, баяндауышты көрсетеді.
-
Practice (Жаттығу):
Оқушылар жаңа материалды дайын үлгіге сүйене отырып бірнеше рет қайталайды. Мұғалімнің көмегімен сөйлем құрайды.
Мысалы: Бос орын толтыру, сұрақ-жауап, сөздерді дұрыс ретке қою сияқты жаттығулар жасайды.
-
Production (Өнім, өз бетімен қолдану):
Оқушылар жаңа материалды еркін қолдануға көшеді. Диалог құрайды, шағын мәтін жазады, рөлдік ойын ойнайды. Бұл кезеңде мұғалім бақылаушы және қажет болса, бағыт беруші рөлінде.
Бұл әдіс ағылшын тілін үйретуде кең қолданылады, қазақ тіліне де оңай бейімделеді. PPP моделін қазақ тілі сабақтарында қолдану оқушыға «сөзді үйрендім – сөйлем құрадым – әңгіме айттым» деген логикалық тізбекті сезінуге мүмкіндік береді.
PPP моделінің маңызы:
Тілді біртіндеп үйретеді: оқушы алғашында дайын үлгіні қабылдап, сосын оны қайталап бекітеді, соңында өз бетінше қолданады.
Сөйлем құрауды үйретуде тиімді: сөзден сөйлемге өту процесі рет-ретімен жүреді.
Қателіктерді азайтады: қате көбінесе соңғы кезеңде ғана байқалады, өйткені алғашқы екі кезеңде мұғалім үлгі мен кері байланыс береді.
Оқушының сенімділігін арттырады: ол жаңа сөздер мен құрылымдарды бірден практикада қолданады.
Артықшылықтары:
-
Жаттығу күрделілігі біртіндеп артады. Оқушылар қателесуден қорықпайды.
-
Үлгіден басталып, еркін сөйлеуге дейін жеткізеді.
-
Әсіресе орыс тілді мектептерде тиімді, себебі қадамды үйрену оқушыға сенімділік береді.
|
Кезең |
Мазмұны |
Сабақ үлгісі |
|
Presentation (Таныстыру) |
Мұғалім жаңа грамматикалық құрылымды, сөз тіркесін көрсетеді |
«Мен мектепке барамын» – жаңа сөздер тақтада |
|
Practice (Жаттығу) |
Оқушылар үлгіні қайталайды, сөйлемді толықтырады |
«Сен ... барасың» – сөздерді орнына қояды |
|
Production (Өнім) |
Оқушылар өз ойынан сөйлем құрайды |
«Мен бүгін дүкенге барамын, сен ертең мектепке барасың» |
Сабақ мысалы:
Тақырыбы: «Менің достарым»
Сыныбы: 2
1. Таныстыру (10 мин)
Мұғалім жаңа сөздерді тақтаға жазып, суреттер көрсетеді:
-
дос, бірге ойнау, әңгімелесу, көмектесу
Үлгі сөйлемдерді оқып береді:
-
Бұл – менің досым.
-
Біз бірге ойнаймыз.
-
Біз мектепте әңгімелесеміз.
Әр оқушы хормен қайталайды.
2. Жаттығу (15 мин)
-
Жұптық жұмыс: Мұғалім сөйлемнің басын айтады, оқушылар аяқтайды.
-
«Бұл – менің...» → «досым.»
-
«Біз бірге...» → «ойнаймыз.»
-
Сөздерден сөйлем құра:
-
дос / бірге ойнау → «Мен досыммен бірге ойнаймын.»
-
мектеп / әңгімелесу → «Біз мектепте әңгімелесеміз.»
3. Өнім (15 мин)
-
Әр оқушы өзінің досы туралы 3–4 сөйлем жазады: «Менің досым – Айдана. Біз бірге ойнаймыз. Ол маған көмектеседі.»
-
2–3 оқушы тақтаға шығып, сөйлемдерін оқиды.
Жұптар қысқа диалог құрайды:
– Сенің досың бар ма?
– Иә, бар.
– Ол қалай көмектеседі?
– Ол маған үй жұмысында көмектеседі.
Бағалау және кері байланыс (5 мин)
-
Мұғалім әр оқушыны белсенділігіне қарай бағалайды.
-
Рефлексия: «Бүгін мен не үйрендім?» (2–3 оқушы жауап береді).
Мұғалімге кеңес:
-
Қадамдарды сақтау: Әр кезеңнің ретін бұзбаңыз. Алдымен жаңа материалды таныстырыңыз, сосын жаттығу беріңіз, соңында өз бетінше қолдануға мүмкіндік жасаңыз.
-
Қарапайымнан күрделіге: Алғашқы жаттығулар өте қарапайым болуы тиіс, кейін біртіндеп күрделене береді.
-
Көрнекілік пайдалану: Суреттер, карточкалар, қысқа видеолар жаңа материалды есте сақтауға көмектеседі.
-
Қателерді түзету: Practice кезеңінде қателерді бірден түзетіңіз, бірақ Production кезеңінде оқушыны тоқтатпай, кейін кері байланыс беріңіз.
-
Жұптық және топтық жұмыс: Practice және Production кезеңінде оқушыларды жұппен немесе топпен сөйлету тиімді.
-
Өмірлік жағдаяттар құру: Production кезеңінде дүкенде, мектепте, дәрігерде сөйлесу сияқты шынайы жағдайларды инсценировкалау пайдалы.
-
Оқушы белсенділігін арттыру: Practice және Production кезеңінде барынша көп оқушы сөйлеуі керек, мұғалімнің рөлі азайып, оқушының рөлі күшейеді.
2.3 TPRS (Teaching Proficiency through Reading and Storytelling)
TPRS
– «оқу
және әңгімелеу арқылы тіл үйрету» әдісі. Оның негізгі идеясы – жаңа
сөздер мен грамматикалық құрылымдарды
мәнмәтінде (контексте) беру.
Оқушы жаңа сөздерді жай жаттап қана қоймай, оларды әңгіме ішінде
естиді, қайталайды және қолданады.
Артықшылығы
-
Табиғи тіл үйрену процесіне ұқсайды: балалар алдымен тыңдайды, қайталайды, сосын ғана өз ойымен сөйлем құра бастайды.
-
Сөздер есте жақсы сақталады: әңгіме арқылы берілген сөздер оқушының есінде ұзақ қалады.
-
Контексті меңгеру: сөздер жеке емес, сөйлем құрамында, нақты оқиғада беріледі.
-
Қызығушылық тудырады: әңгіме оқушыны еліктіреді, ол тыңдап, сұраққа жауап беруге ынталанады.
-
Белсенді қатысу: оқушы тек тыңдаушы емес, әңгімеге қатысушы рөлінде болады.
Қолдану кезеңдері
TPRS әдісі әдетте 3 қадамнан тұрады:
-
Listening & Storytelling – мұғалім шағын әңгімені айтады (қимылды көрсетуге болады).
-
Questioning & Answering – мұғалім сол әңгіме бойынша сұрақ қояды, оқушылар жауап береді.
-
Retelling & Expanding – оқушылар әңгімені қайталап айтып береді немесе жалғастырады.
Қолдану тәсілдері:
Қысқа әңгіме
Бүгін Айдана мектепке барды. Ол жаңа дос тапты. Олар бірге ойнады.
1-қадам: Әңгімелеу
Мұғалім әңгімені жай, анық, қимылмен айтып береді.
2-қадам: Сұрақ-жауап
-
Мұғалім: Айдана қайда барды?
-
Оқушы: Мектепке барды.
-
Мұғалім: Ол не істеді?
-
Оқушы: Жаңа дос тапты.
3-қадам: Қайта айту және сөйлем құрау
-
Оқушылар әңгімені өз сөздерімен айтып береді.
-
Мұғалім жаңа сөйлемдер құратуға бағыттайды:
– Ал сен кеше қайда бардың?
– Мен дүкенге бардым.
Қысқа стори-теллинг сценарийлері
-
Дүкенде:
Бүгін Айбек дүкенге барды. Ол нан сатып алды. Сатушы күліп тұрды.
-
Мектепте:
Меруерт сабаққа ерте келді. Ол тақтаға шықты. Мұғалім оны мақтады.
-
Демалыста:
Досым ауылға барды. Ол атқа мінді. Кешке ойын ойнады.
Сұрақ қою үлгілері
-
Айбек қайда барды?
-
Ол не сатып алды?
-
Сатушы не істеді?
-
Меруерт қашан келді?
-
Мұғалім не айтты?
Жаңа сөйлем құрату үлгісі
-
Мұғалім: Айбек дүкенге барды.
-
Мұғалім: Ал сен қайда бардың?
-
Оқушы: Мен базарға бардым.
-
Мұғалім: Не сатып алдың?
-
Оқушы: Мен алма сатып алдым.
Осылайша, TPRS оқушыны тыңдау → жауап беру → сөйлем құрау тізбегі арқылы дамытады.
Жаттығу үлгілері
1. Қысқа мәтін құру:
Кеше біз кино көрдік. Кино қызық болды. Біз көп күлдік.
Мұғалім: – Сен кеше не істедің?
Оқушы: – Мен кітап оқыдым.
2. Әңгімені жалғастыру:
Мұғалім: Досым ауылға барды. Ол атқа мінді…
Оқушы: Ол шөп жинады. Кешке қонаққа барды.
Мұғалімге кеңес:
-
Әңгіме 3–4 сөйлемнен аспауы тиіс, қарапайым тілде болсын.
-
Әңгіме оқушыға таныс өмірлік жағдаяттардан алынғаны жөн.
-
Сұрақтарды бірнеше рет қайталау керек (оқушының жауабы автоматтанғанша).
-
Оқушыларды қимыл, сурет арқылы қызықтыру пайдалы.
3.4 Тапсырма арқылы үйрету
Тапсырма арқылы үйрету - тіл үйретуде нақты тапсырма орындауды басты құрал ретінде қолданатын әдіс.
Бұл тәсілде басты мақсат – оқушылардың сөйлемді нақты жағдайға байланысты, мағыналы түрде қолдануы. Яғни, оқушы тек жаттығу жасамайды, белгілі бір мәселені шешеді немесе тапсырманы орындап шығады.
Мысалы:
-
Суреттен әңгіме құрау
-
Қаланың картасында бағыт сызу
-
Дүкенде сатып алу тізімін жасау
-
Рецепт жазу
Осылайша, тіл – тапсырманы орындау құралына айналады.
Артықшылығы
-
Шынайы қарым-қатынасқа жақын: Оқушы сөйлемді «сабақ үшін» емес, тапсырманы орындау үшін қолданады.
-
Мотивацияны арттырады: Әр тапсырма ойын немесе квест ретінде беріледі, бұл оқушыны қызықтырады.
-
Коммуникативтік дағдыны дамытады: Оқушы жұпта немесе топта сөйлеседі, келіседі, сұрақ қояды.
-
Сөйлем құрауды табиғи жолмен үйретеді: Грамматика «құрғақ ереже» емес, сөйлем ішінде меңгеріледі.
-
Креативтілікке жетелейді: Оқушы тапсырманы орындау барысында өз ойынан жаңа сөйлемдер құрайды.
Қолдану тәсілдері:
1. Суреттен әңгіме құрастыр
-
4–5 сурет беріледі.
-
Оқушы оларды реттілікке қояды.
-
Әр суретке сөйлем жазады немесе ауызша айтады.
Мысал:
-
«Али мектепке келді.»
-
«Ол кітапханадан кітап алды.»
-
«Сыныпта сабақ оқыды.»
-
«Кітапты үйге алып кетті.»
2. Квест тапсырмасы
-
Сыныпқа сөйлем бөліктері жасырылған.
-
Оқушы бөліктерді тауып, дұрыс реттілікпен құрастырады.
-
Соңында дайын мәтінді дауыстап оқиды.
Мысал:
«Мен мектепке бардым → Досымды кездестірдім → Біз бірге ойнадық.»
3. Рецепт жазу
-
Оқушыға тақырып беріледі: «Шай дайындау»
-
Ол 3–4 сөйлем құрайды:
«Шайнекке су құямын. Суды қайнатамын. Шай саламын. Қант қосамын.»
4. Ақпарат алмасу тапсырмасы
-
Екі оқушыға әртүрлі сурет беріледі.
-
Олар бір-біріне суретті сипаттайды.
-
Соңында ортақ мәтін құрайды.
Осылайша, Тапсырма арқылы үйрету сабақтың басты мақсатын оқушының сөйлеу белсенділігіне аударады. Бұл әдіс қазақ тілінде еркін сөйлем құрау дағдысын тез қалыптастырады.
Мұғалімге кеңес:
-
Тапсырманы түсінікті етіп дайындаңыз: Оқушы не істеу керек екенін нақты білуі керек.
-
Топтық және жұптық жұмыс қолданыңыз: Бұл әдістің тиімділігі – оқушы бір-бірімен сөйлесіп, келісуі.
-
Уақыт шектеуін беріңіз: Квест пен ойын элементтері уақытпен қызықты болады.
-
Жаңа сөздер тізімін алдын ала беріңіз: Оқушы сөйлем құрауда қиналмас үшін.
-
Нәтижені бірге талдаңыз: Соңында дайын мәтінді сынып болып оқып, қателерін түзетіңіз.
-
Тапсырманы өмірмен байланыстырыңыз: Мектеп, отбасы, демалыс, сүйікті іс-әрекеттер тақырыптарын таңдаңыз.
Қысқаша схема (сабақ құрылымы)
|
Кезең |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
1. Дайындық |
Тапсырманы түсіндіреді, жаңа сөздерді үйретеді |
Сөздерді қайталайды |
|
2. Орындау |
Көмекші сұрақтар қояды, бағыттайды |
Тапсырманы орындап, сөйлем құрайды |
|
3. Нәтиже |
Нәтижені талқылайды, түзетеді |
Мәтінді оқиды, қателерін жөндейді |
|
4. Бекіту |
Дұрыс нұсқаны үлгі ретінде береді |
Дұрыс сөйлемді жазады, қайталайды |
2.5 Біріктіріп оқыту әдісі
Біріктіріп оқыту әдісі арқылы оқушы бір мезгілде екі дағдыны дамытады:
-
Пәндік білімін тереңдетеді (мысалы, математика есебі шығарады);
-
Тілді қолданады (есепті қазақ тілінде түсіндіреді, сөйлем құрайды).
Біріктіріп оқыту – оқушыға тілдің шынайы өмірде қажет екенін көрсетеді, себебі ол нақты пәндік тапсырманы орындау үшін тілді пайдаланады.
Артықшылығы:
-
Тілді өмірмен байланыстырады: тіл тек пән емес, басқа білімді меңгерудің құралына айналады.
-
Мотивацияны арттырады: оқушы қазақ тілінде есеп шығарып, тәжірибе жасап, тәжірибелік тапсырма орындауға қызығады.
-
Терең ойлауды дамытады: тек сөз жаттамай, талдау, салыстыру, түсіндіру әрекеттерін жасайды.
-
Интерференцияны азайтады: сөздер дайын үлгімен емес, нақты өмірлік контексте беріледі.
-
Көп дағдыны бірге дамытады: тілдік дағдылар (тыңдау, айту, жазу) + пәндік дағдылар (логика, талдау).
Қолдану үлгісі:
-
Математика + Қазақ тілі
Мұғалім: – Үш алма бар. Біреуін жедім. Қанша алма қалды?
Оқушы: – Екі алма қалды.
-
Дүниетану + Қазақ тілі
Мұғалім: – Бұл – су. Су түссіз. Су өмірге қажет.
Тапсырма: Оқушылар мәтінді оқып, 3 сөйлем жазады:
Су – түссіз. Су – таза. Су – пайдалы.
-
Жаратылыстану + Қазақ тілі
Тәжірибе: «Жапыраққа су құю»
Оқушы сөйлем жазады:
Жапырақ жасыл. Су жапыраққа керек. Жапырақ өсті.
4. Өнер + Қазақ тілі
Суретке қарап сөйлем құрайды:
Бұл – қызыл гүл. Бұл – үлкен ағаш. Ағаш әдемі.
Қолдану тәсілдері
-
Жаңа сөздерді пән контексінде беру: математикада – «қосу», «азайту»; дүниетануда – «су», «жер», «аспан» сөздері.
-
Сурет, схема, тәжірибе қолдану: көрнекілік арқылы түсіну жеңілдейді.
-
Сұрақ-жауап тәсілі: мұғалім сұрақ қояды, оқушы жауап береді, сөйлем құрады.
-
Шағын мәтін жаздыру: пән бойынша 2–3 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазу.
-
Ойын элементтерін қосу: мысалы, «Кім тез айтады?» – суреттен затты тауып, қазақша атайды.
Мұғалімге кеңес:
-
Пән мен тілді тең ұстау: негізгі мақсат – тілді үйрету, бірақ пәндік мазмұн да нақты болуы тиіс.
-
Көрнекілік қолданыңыз: сурет, схема, интерактивті тақта, тәжірибелер сабаққа қызығушылық қосады.
-
Қарапайымнан бастаңыз: бастапқыда 1–2 сөйлемдік тапсырмалар беріп, кейін күрделендіріңіз.
-
Диалог ұйымдастырыңыз: оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап берсін.
-
Тілдік тіректер беріңіз: дайын үлгі-сөйлемдер (мысалы: «Бұл – ...», «Мен ... жасадым.») оқушыға сенімділік береді.
-
Кері байланыс жасаңыз: қателерді түзетіп, дұрыс үлгіні қайталауды сұраңыз.
Мысал тапсырма
|
Пән |
Мазмұны |
Тілдік тапсырма |
|
Математика |
2 + 3 = ? |
«Екіге үшті қостым. Бес шықты.» |
|
Дүниетану |
Жыл мезгілдері |
«Қыс суық. Қар жауады. Біз шана тебеміз.» |
|
Өнер |
Сурет салу |
«Мен күн салдым. Күн сары.» |
|
Спорт |
Қимыл |
«Мен жүгіремін. Сен секіресің.» |
Біріктіріп оқыту оқушыларға сөздерді өмірлік контексте қолдануға мүмкіндік береді.
-
Ойын технологиялары
Тілді ойын арқылы үйрету – оқушы үшін ең қызықты әрі тиімді әдістердің бірі. Ойындар сөйлем құрауды автоматтандыруға, сөздерді жылдам еске түсіруге, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
Артықшылығы:
-
Сөйлеуге деген қорқынышты азайтады
-
Балалар ойын барысында еркін сезінеді, сөйлем құраудан қысылмайды.
-
-
Мотивацияны арттырады
-
Ойын сабақтың қызықты бөлігі болғандықтан, оқушы белсенді қатысады, тілді үйренуге қызығушылығы күшейеді.
-
-
Сөйлем құрауды автоматтандырады
-
Қайталау ойын түрінде берілсе, грамматикалық құрылымдар есте тез сақталады.
-
-
Жылдам ойлауды дамытады
-
«Сөйлем эстафетасы» немесе «Sentence Race» сияқты ойындар оқушыларды тез әрі дұрыс сөйлем құруға дағдыландырады.
-
-
Командалық жұмысқа үйретеді
-
Топпен жарысу балалардың бір-бірін тыңдау, толықтыру, қолдау қабілеттерін дамытады.
-
-
Көрнекілік пен қозғалысты үйлестіреді
-
Flashcards, пазлдар, story cubes, суреттер – визуалды жадты, ал қозғалыс элементтері кинестетикалық жадты іске қосады.
-
-
Шығармашылық қабілетті дамытады
-
Story cubes немесе суреттен әңгіме ойыны оқушыларды ойдан жаңа сюжет құрауға, қиялдауға жетелейді.
-
-
Қателерді түзетуге мүмкіндік береді
-
«Қате тап» ойынында оқушылар қателерді өздері байқап, түзетеді, бұл өз бетінше талдау дағдысын қалыптастырады.
-
-
Сабақтың динамикасын арттырады
-
Ойындар сабақта сергіту сәті қызметін атқарады, назарды қайта жинауға көмектеседі.
-
-
Барлық оқушыны қамтиды
-
Жай ғана сұрақ-жауапта белсенділер ғана сөйлесе, ойында бүкіл сынып қатысады, сөйлеу тәжірибесі көбейеді.
-
Яғни ойын технологиялары – бұл тек көңіл көтеру емес, сөйлем құрауды, грамматиканы және сөздік қорды бекітуге арналған тиімді әдіс.
Ойын үлгілері:
1) Сөйлем эстафетасы
Бұл ойында сөйлемді бір оқушы бастап, келесі жалғастырады. Әркім сөйлемді толықтырып, эстафетаны ары қарай береді.
Мақсаты:
-
Сөйлем құрау дағдысын дамыту
-
Жылдам ойлауға үйрету
-
Топтық жұмысты қалыптастыру
Ерекшелігі: Балалар бір-бірінің ойын жалғастыра отырып, тұтас мәтін немесе оқиға құрастырады.
Мысалдар:
-
Мен мектепке... → ...ерте барамын.
-
Бүгін күн... → ...жарық әрі жылы.
-
Менің досым... → ...қалада тұрады.
-
Қыста қар... → ...қалың жауады.
-
Көктемде гүлдер... → ...қызыл, сары болып шығады.
-
Жазда балалар... → ...аулада ойнайды.
-
Менің әжем... → ...дәмді бауырсақ пісіреді.
-
Атам маған... → ...ертегі айтады.
-
Біздің ауылда... → ...үлкен өзен бар.
-
Мектепте біз... → ...жазуды үйренеміз.
-
Менің әкем... → ...жұмысқа барады.
-
Менің анам... → ...дәмді тамақ пісіреді.
-
Біздің сынып... → ...үлкен әрі жарық.
-
Менің сөмкем... → ...қызыл түсті.
-
Досым маған... → ...кітап сыйлады.
-
Аспанға қарай... → ....құс ұшты.
-
Терезенің қасында... → ....мысық отыр.
-
Әжем маған... → ...жылы қолғап тоқыды.
-
Жазда біз... → ...өзенге шомылдық.
-
Ай көрінді... → ...түнде аспанда.
-
Біздің бақта... → ...алмалар пісіп тұр.
-
Қыста балалар... → ...шаңғы тебеді.
-
Балалар мектепте... → ...сабақ оқиды.
-
Мұғалім бізге... → ...жаңа тақырып түсіндірді.
-
Менің қаламым... → ...көк түсті.
2) Әңгіме текшесі
Текше қырларына суреттер салынады. Балалар түскен суреттерді байланыстырып әңгіме құрайды.
Мақсаты:
-
Шығармашылық қабілетті арттыру
-
Логикалық ойлауды дамыту
-
Сөздік қорды байыту
Ерекшелігі: Әр бала бірдей суреттен әртүрлі әңгіме құрай алады.
Мысалдар:
-
Үй – күн – бала → «Біздің үйдің жанында ойнап жүрген бала күнге қуанып жүр.»
-
Кітап – мектеп – мұғалім → «Мұғалім бізге жаңа кітап берді.»
-
Ит – аула – бала → «Бала аулада күшігін ойнатты.»
-
Құс – ағаш – көктем → «Көктемде құстар ағашқа ұя салады.»
-
Әже – бауырсақ – дастархан → «Әжем дастарханға бауырсақ қойды.»
-
Ат – ауыл – жаз → «Жазда ауылда балалар атқа мінді.»
-
Дос – ойын – қуаныш → «Достар ойнап, қуанып жүр.»
-
Қар – шана – қыс → «Қыста балалар шанамен сырғанайды.»
-
Әке – жұмыс – қала → «Әкем қалада жұмыс істейді.»
-
Саябақ – гүл – көктем → «Көктемде саябақта гүлдер өседі.»
-
Көл – балық – бала → «Бала көлде балық аулады.»
-
Дүкен – нан – ана → «Ана дүкеннен жаңа піскен нан сатып алды.»
-
Дәрігер – аурухана – бала → «Бала дәрігерге барып, ем қабылдады.»
-
Балмұздақ – жаз – достар → «Жазда достар бірге балмұздақ жеді.»
-
Қала – көлік – адамдар → «Қалада адамдар көп, көліктер жүреді.»
-
Шаңғы – қар – орман → «Орманда балалар қар үстінде шаңғы тепті.»
-
Әже – ертегі – немере → «Әже кешке немересіне ертегі айтты.»
-
Мысық – сүт – ас үй → «Мысық ас үйде сүт ішіп отыр.»
-
Бақ – алма – күз → «Күзде бақта қызыл алмалар пісті.»
-
Ұшақ – аспан – саяхат → «Ұшақ көк аспанда ұшып, адамдарды саяхатқа апарды.»
-
Оқушы – дәптер – сабақ → «Оқушы сабақта дәптеріне жазып отыр.»
-
Қоңырау – сынып – балалар → «Қоңырау соғылып, балалар сыныптан шықты.»
-
Мұз – коньки – қыс → «Қыста балалар мұз айдынында коньки тепті.»
-
Ат – жәрмеңке – ауыл → «Ауылда жәрмеңкеде аттар жарысты.»
-
Кітапхана – кітап – оқу → «Балалар кітапханада кітап оқыды.»
3) Сөйлем жарысы
Тақтаға бірнеше сөз жазылады. Балалар сол сөздерден тез сөйлем құрастыруы керек.
Мақсаты:
-
Жылдам ойлау қабілетін дамыту
-
Сөйлем құрылымын бекіту
-
Бәсекелестік рухын қалыптастыру
Ерекшелігі: Жылдам әрі дұрыс құраған оқушы жеңімпаз болады.
Мысалдар:
-
Мен – мектеп – барамын → «Мен мектепке барамын.»
-
Көктем – гүл – өседі → «Көктемде гүл өседі.»
-
Қыс – қар – жауады → «Қыста қар жауады.»
-
Жаз – күн – ыстық → «Жазда күн ыстық болады.»
-
Дос – ойнау – аула → «Мен достарыммен аулада ойнаймын.»

Үй – терезе – әдемі → «Біздің үйдің терезесі әдемі.»
-
Құс – ұшу – аспан → «Құс аспанда ұшады.»
-
Бала – кітап – оқу → «Бала кітап оқып отыр.»
-
Ата – әже – немере → «Ата мен әже немересін жақсы көреді.»
-
Балалар – саябақ – жүру → «Балалар саябақта жүр.»
-
Ауыл – өзен – балық → «Ауылда өзенде балық бар.»
-
Мектеп – қоңырау – соғылды → «Мектепте қоңырау соғылды.»
-
Дала – ат – шабу → «Ат далада шабады.»
-
Ана – ас – дайындау → «Ана ас дайындап жатыр.»
-
Әже – шай – ішу → «Әже шай ішіп отыр.»
-
Балалар – сурет – салу → «Балалар сурет салып жатыр.»
-
Жаз – көл – шомылу → «Жазда балалар көлде шомылады.»
-
Қыс – шана – сырғанау → «Қыста балалар шанамен сырғанайды.»
-
Дос – ойнау – футбол → «Достар футбол ойнап жатыр.»
-
Мұғалім – тақта – жазу → «Мұғалім тақтаға жазды.»
-
Бақша – алма – жинау → «Бақшада алма жинадық.»
-
Көлік – жол – жүру → «Көлік жолмен жүріп барады.»
-
Бала – ойыншық – ойнау → «Бала ойыншықпен ойнап отыр.»
-
Тау – қар – әдемі → «Тау қармен әдемі көрінеді.»
Карточка түрінде сөздерді бөлек жазып ілуге болады.
4) Қатені тап
Балаларға қате жазылған сөйлемдер беріледі, оларды дұрыстау керек.
Мақсаты:
-
Сөйлемдегі грамматикалық қателерді табу
-
Дұрыс сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру
Ерекшелігі: Балалар қатені көру арқылы ережені есте сақтайды.
Мысалдар:
-
Мен бара мектеп → ✅ Мен мектепке барамын.
-
Досым ойнады аула → ✅ Досым аулада ойнады.
-
Күн жарық көктемде → ✅ Көктемде күн жарық.
-
Құс ұшты ағашқа → ✅ Құс ағашқа ұшты.
-
Менің бар ит → ✅ Менің итім бар.
-
Кітап оқимын сыныпта → ✅ Мен сыныпта кітап оқимын.
-
Атам ертегі айтты маған → ✅ Атам маған ертегі айтты.
-
Жазда жылы күн → ✅ Жазда күн жылы.
-
Қар жауады жазда → ✅ Қар қыста жауады.
-
Үйіміз үлкен біздің → ✅ Біздің үйіміз үлкен.
-
Әжем пісірді бауырсақ → ✅ Әжем бауырсақ пісірді.
-
Қалада бар биік үйлер → ✅ Қалада биік үйлер бар.
-
Балалар ойнайды кітапханада → ✅ Балалар кітапханада ойнамайды.
-
Менің жақсы көп достар → ✅ Менің көп жақсы достарым бар.
-
Сыныпта отырды балалар → ✅ Балалар сыныпта отырды.
-
Жаңбыр жауды күнде кеше → ✅ Кеше күнде жаңбыр жауды.
-
Мектепке барды біз таңертең → ✅ Біз таңертең мектепке бардық.
-
Қарлығаш ұшты терезеге → ✅ Қарлығаш терезеге ұшты.
-
Ауылда бар өзен әдемі → ✅ Ауылда әдемі өзен бар.
-
Балам салды сурет тақтада → ✅ Бала тақтада сурет салды.
-
Әкем жұмыс істейді зауытта → ✅ Әкем зауытта жұмыс істейді.
-
Біз бардық саябаққа кеше → ✅ Біз кеше саябаққа бардық.
-
Далада жүгірді балалар → ✅ Балалар далада жүгірді.
-
Апам әкелді сүт дүкеннен → ✅ Апам дүкеннен сүт әкелді.
-
Жазда ойнаймыз біз футбол → ✅ Жазда біз футбол ойнаймыз.
5) Сөйлем пирамидасы
1 сөзден бастап, біртіндеп толық сөйлемге жеткізу.
Мақсаты:
-
Сөздерді байланыстыру логикасын дамыту
-
Сөйлем құрау дағдысын жетілдіру
Ерекшелігі: Қарапайымнан күрделіге қарай сөйлемді біртіндеп кеңейтеді.
Мысалдар:
-
Кітап → Жаңа кітап → Жаңа кітапты алдым → Мен жаңа кітапты алдым.
-
Қар → Қалың қар → Қалың қар жауды → Қыста қалың қар жауды.
-
Дос → Жақсы дос → Жақсы досым келді → Бүгін жақсы досым келді.
-
Ағаш → Жасыл ағаш → Жасыл ағаш биік → Біздің аулада жасыл ағаш биік өседі.
-
Үй → Үлкен үй → Үлкен үйде → Біз үлкен үйде тұрамыз.
-
Құс → Әдемі құс → Әдемі құс ұшты → Әдемі құс аспанда ұшты.
-
Әже → Мейірімді әже → Мейірімді әже бауырсақ пісірді → Бүгін мейірімді әжем бауырсақ пісірді.
-
Қала → Үлкен қала → Үлкен қалада → Әкем үлкен қалада жұмыс істейді.
-
Бала → Қуанышты бала → Қуанышты бала ойнады → Ауладағы қуанышты бала ойнады.
-
Мектеп → Жаңа мектеп → Жаңа мектеп ашылды → Біздің ауылда жаңа мектеп ашылды.
-
Қалам → Қызыл қалам → Қызыл қалам әдемі → Менің қызыл қаламым әдемі.
-
Ит → Үлкен ит → Үлкен ит жүгірді → Біздің үлкен ит аулада жүгірді.
-
Сүт → Жаңа сүт → Жаңа сүт дәмді → Әжем әкелген жаңа сүт өте дәмді.
-
Күн → Жарық күн → Жарық күн шықты → Бүгін көктемде жарық күн шықты.
-
Әке → Қамқор әке → Қамқор әке жұмыста → Біздің қамқор әкем жұмыста.
-
Ана → Мейірімді ана → Мейірімді ана күлді → Мейірімді ана баласына күлді.
-
Балмұздақ → Дәмді балмұздақ → Дәмді балмұздақ еріді → Жазда дәмді балмұздақ тез еріді.
-
Гүл → Ақ гүл → Ақ гүлдер әдемі → Бақшадағы ақ гүлдер өте әдемі.
-
Қаламсап → Жаңа қаламсап → Жаңа қаламсап жазды → Мен жаңа қаламсаппен жаздым.
-
Өзен → Ұзын өзен → Ұзын өзен ағады → Біздің ауылдың жанынан ұзын өзен ағады.
-
Қыз → Әдемі қыз → Әдемі қыз биледі → Мерекеде әдемі қыз биледі.
-
Балапан → Кішкентай балапан → Кішкентай балапан жеді → Кішкентай балапан дән жеді.
-
Торт → Үлкен торт → Үлкен торт әкелінді → Туған күнге үлкен торт әкелінді.
-
Машина → Қызыл машина → Қызыл машина жүрді → Әкемнің қызыл машинасы ауылға жүрді.
-
Дәптер → Көк дәптер → Көк дәптер үстелде → Менің көк дәптерім үстелде жатыр.
6) «Сөз лото»
Әр оқушының карточкасында сөздер болады. Мұғалім сөйлем айтады, оқушыда сәйкес сөз болса – жауабын қосады.
Мақсаты:
-
Тыңдау дағдысын дамыту – балалар мұғалімнің айтқан сөйлемін мұқият тыңдайды.
-
Сөздік қорды байыту – жаңа сөздерді есте сақтап, оларды сөйлем ішінде таниды.
-
Сөйлемді түсіну қабілетін арттыру – балалар сөздің сөйлемдегі орнын түсінеді.
-
Зейінді, шапшаңдықты дамыту – дұрыс сөзді тез табуға үйренеді.
-
Ойын арқылы үйрету – сабақ қызықты өтеді, оқушының белсенділігі артады.
Мысалдар:
-
Мен мектепке барамын.
-
Бүгін күн жылы болды.
-
Әжем бауырсақ пісірді.
-
Досым аулада ойнап жүр.
-
Әкем қалада жұмыс істейді.
-
Балалар бақшада ойнайды.
-
Қыста қар қалың жауады.
-
Жазда күн ыстық болады.
-
Біздің үйде мысық бар.
-
Мектепте біз ән айтамыз.
-
Көктемде гүлдер өседі.
-
Құс ағашқа қонды.
-
Әжем маған ертегі айтады.
-
Менің сөмкем жаңа.
-
Оқушы дәптерге жазып отыр.
-
Біздің сынып жарық әрі әдемі.
-
Кітап сөресінде көп кітап бар.
-
Бала ойыншықпен ойнады.
-
Атам бау бақшада жұмыс істейді.
-
Біз саябаққа бардық.
-
Мектеп ауласында үлкен ағаш өседі.
-
Мен таңертең ерте тұрамын.
-
Апам дүкеннен нан сатып алды.
-
Досым менімен бірге мектепке келді.
-
Жазғы демалыста біз ауылға бардық.
Ойын карточкаларының үлгілері:
-
Раскраска тапсырмасы:
Сурет (күн, ағаш, үй) боялады, бояған соң оқушы сөйлем құрайды:
«Бұл – күн. Күн сары.»
-
Пазл:
Сөйлем бөліктерге бөлінеді («Мен», «мектепке», «барамын»). Оқушы бөліктерді дұрыс реттілікпен орналастырады.
-
Карточкалар:
Бір жағында сурет, екінші жағында сөз. Оқушы суретке қарап сөйлем құрайды:
Сурет: бала кітап оқып отыр → «Бала кітап оқып отыр.»
Мотивациялық элементтер
-
Жетістік тақтасы:
Әр дұрыс жауап немесе сөйлем үшін оқушыға жұлдызша, стикер беріледі. Апта соңында ең көп стикер жинаған оқушы мадақталады.
-
Деңгей жүйесі:
«Сөйлем шебері» – 5 сабақ қатарынан сөйлемді дұрыс құраған оқушыға беріледі
«Ең жылдам сөйлеуші» – сөйлем эстафетасында жеңіске жеткендерге
«Сөз жинаушы» – жаңа сөздерді ең көп қолданған оқушыға
Бұл жүйе балалардың бәсекелестік рухын оятады және сөйлем құрауға қызығушылығын арттырады.
Мұғалімге кеңес:
-
Әр сабақта 5–7 минуттық ойын енгізіңіз, бұл оқушыларды сергітеді.
-
Қарапайымнан күрделіге өтіңіз: бастапқыда 1–2 сөзден басталатын ойындар, кейін толық сөйлемдер.
-
Оқушыларды топтарға бөліп, командалық ойындар ұйымдастырыңыз.
-
Жылдамдық пен дәлдікті қатар бағалаңыз (жылдам құрастырса да, сөйлем дұрыс болуы тиіс).
-
Ойын соңында міндетті түрде қателерді талқылап, дұрыс нұсқаны қайталатыңыз.
2.7 Әдістемелік ұсыныстар
1. Сабақта сөйлем құрауға жеткілікті уақыт бөлу
-
Әр сабақта кемінде 5–10 жаңа сөйлем құрастыруға мүмкіндік беріңіз.
-
Жаңа сөздер мен грамматикалық формалар міндетті түрде сөйлем ішінде қолданылсын.
-
Қысқа сөйлемдерден бастап, біртіндеп күрделендіріңіз:
«Бұл – алма.» → «Бұл – қызыл алма.» → «Бұл қызыл алма дастарханда тұр.»
2. Диалог пен топтық жұмысты ұйымдастыру
-
Жұптық жұмыс: оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап жасайды, диалог құрады.
-
Топтық жұмыс: шағын топтар әңгіме құрап, нәтижесін бүкіл сыныпқа ұсынады.
-
Диалог тақырыптарын өмірлік жағдаяттардан алыңыз: «дүкенде», «мектепте», «дәрігерде».
-
Әр топқа тірек сөздер немесе тірек суреттер беріп, сөйлем құрауды жеңілдетіңіз.
3. Қате сөйлемдерді бірге талдау
-
Оқушының айтқан немесе жазған сөйлемін тақтаға жазып, бүкіл сыныппен бірге талдаңыз.
-
«Қате → Дұрыс» форматын қолданыңыз:
❌ Мен бара мектеп. → ✅ Мен мектепке барамын.
-
Қателікті түзеткен соң, оқушыларға дұрыс нұсқаны бірнеше рет дауыстатып қайталатыңыз.
4. Ойын элементтерін қолдану
-
Сөйлем құрастыруды ойын түрінде өткізу оқушының қызығушылығын арттырады:
-
«Сөйлем эстафетасы»
-
«Қате тап»
-
«Story Cubes»
-
«Sentence Race»
-
-
Дұрыс жауап берген оқушыны мадақтау: жұлдызша, стикер беру, мақтау сөз айту.
-
Жарыс элементі: кім тезірек, кім дұрыс құрайды?
5. Көрнекілік пен тірек схемаларды пайдалану
-
Схемалар: Мен – барамын – мектепке
-
Суреттер: қимылды немесе затты көрсетіп, сөйлем құрату
-
Тақтадағы кестелер: сөз тәртібін көрнекі көрсету (SOV үлгісі)
6. Сабақтың құрылымын сақтай отырып, коммуникативтік орта құру
-
Әр сабақта «тыңдау – айту – жазу» тізбегін орындаңыз.
-
Оқушыға тек дайын үлгіні қайталау емес, өз сөйлемін құрауға мүмкіндік беріңіз.
-
Әңгіме, диалог құрастыруды сабақтың негізгі бөлігіне енгізіңіз.
7. Дифференциация (жеке ерекшеліктерді ескеру)
-
Әлсіз оқушыға дайын тірек сөздер беріп, сөйлем құрату.
-
Қабілетті оқушыға күрделі сөйлем немесе шағын мәтін құрату.
-
Оқушының жетістігін атап, оның сенімділігін арттыру.
8. Кері байланыс және мадақтау
-
Әр сабақ соңында шағын рефлексия жасаңыз:
-
«Бүгін қандай жаңа сөз үйрендің?»
-
«Қай сөйлемді айту қиын болды?»
-
-
Жақсы жауап берген оқушыны мадақтаңыз (ауызша мақтау, стикер, жұлдызша).
-
Сабақ соңында 1–2 оқушының сөйлемін сынып алдында дауыстатып айтқызыңыз.
9. Үй тапсырмасын сөйлем құрауға бағыттау
-
Жаңа сөздерден 5 сөйлем жазып келу
-
Көрген мультфильм немесе оқыған әңгіме туралы 3 сөйлем құрау
-
Күнделікті өмірден фото түсіріп, оған сөйлем жазып келу
10. Мұғалімнің үздіксіз әдістемелік ізденісі
-
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бойынша семинарларға қатысу
-
Жаңа технологиялар (CLIL, TPRS, ойын әдістері) туралы ақпаратты үнемі жаңарту
-
Сабақ жоспарын талдап, қай әдіс тиімді болғанын саралау
3. Практикалық бөлім
3.1 Бос орынды толтыру
Бос орынды толтыру әдісі – сөйлемдегі жетіспейтін сөзді немесе сөз тіркесін тауып жазуға арналған тапсырма түрі.
-
Тілдік білімді бекітеді
-
Оқушы сөйлемнің мағынасын түсініп, оған сай сөзді немесе сөз тіркесін таңдайды.
-
Лексикалық, грамматикалық білімдерін қолдана отырып, дұрыс жауапты іздейді.
-
-
Контекст арқылы үйретеді
-
Оқушылар сөздердің мағынасын тек жеке емес, сөйлем ішінде түсінеді.
-
Сөздің дұрыс формасын (септік, жіктік, шақ, сан, рай) таңдауға дағдыланады.
-
-
Ойлау қабілетін дамытады
-
Бала бос орынға тек бір ғана сөз емес, бірнеше нұсқа ойластыра алады, бұл шығармашылықты дамытады.
-
Қолдану мәні:
-
Тілді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді – оқушы дайын мәтіннен немесе сөйлемнен жетіспейтін элементті табу арқылы мағынаны толықтырады.
-
Сөздік қорды бекітеді – жаңа үйренген сөздерді қайта-қайта қолданып, есте сақтайды.
-
Грамматикалық құрылымды меңгертеді – септік, көптік, шақ, рай сияқты формаларды дұрыс қолдануға үйретеді.
-
Контекстпен жұмыс істетеді – бала сөздің тек жеке мағынасын емес, сөйлемдегі рөлін түсінеді.
-
Тілдік болжам жасау қабілетін дамытады – оқушы сөйлемдегі мағынаға қарап, қандай сөз немесе форма керегін болжайды.
Артықшылықтары:
-
Қарапайым және ыңғайлы – жаттығуды тез дайындауға болады.
-
Жеке, жұптық және топтық жұмысқа қолдануға болады – әркім өз нұсқасын ұсынады.
-
Белсенділік пен назарды арттырады – оқушы сөйлемнің толық мағынасын түсінуге тырысады.
-
Жаңа сөздерді бекітуге көмектеседі – жаңа лексиканы немесе грамматикалық құрылымды қайталайды.
-
Тілді практикалық қолдануға үйретеді – дайын үлгіні көшіруден гөрі, ойлануға мәжбүр етеді.
-
Уақытты үнемдейді – жаттығуды тексеру оңай, жылдам нәтижеге қол жеткізуге болады.
Тапсырма үлгілері:
Жаттығулар үш деңгейге бөлінеді:
-
А деңгейі – жеңіл (қарапайым сөздер)
-
B деңгейі – орта (сөз тіркесі, етістік түрлері)
-
C деңгейі – күрделі (толық сөйлемдер, контекст)
А деңгейі (30 жаттығу – жеңіл)
-
Мен ________ (кітап, дәптер) оқыдым.
-
Сен ________ (бар, барасың) мектепке.
-
Бала аулада ________ (ойнады, ойнады ма).
-
Бұл – ________ (гүл, ағаш). Ол әдемі.
-
Мен ________ (алма, апельсин) жеймін.
-
Әжем маған ________ (әңгіме, ойын) айтты.
-
Менің досым ________ (ойнады, жазды) үйде.
-
Бүгін күн ________ (ыстық, суық).
-
Мен мектепке ________ (ерте, кеш) келдім.
-
Сыныпта ________ (10, 20) оқушы бар.
-
Бұл – менің ________ (қалам, дәптер).
-
Ол бүгін сабаққа ________ (келді, барды).
-
Апай бізге жаңа ________ (тапсырма, сурет) берді.
-
Мен түсте ________ (сорпа, шай) ішемін.
-
Әкем дүкеннен ________ (нан, су) әкелді.
-
Бұл – менің ________ (апам, ағам).
-
Бөлмеде үлкен ________ (терезе, есік) бар.
-
Сен қандай ________ (түсті, кітап) ұнатасың?
-
Менің сөмкемде ________ (қалам, кітап) жатыр.
-
Бүгін біз ________ (ән, ойын) үйрендік.
-
Бұл үй ________ (үлкен, кішкентай).
-
Қоян ________ (секіреді, жүреді).
-
Мысық ________ (мияулайды, үреді).
-
Ол қазір ________ (жүгіреді, ұшады).
-
Қыс мезгілінде қар ________ (жауады, өседі).
-
Бұл сурет өте ________ (әдемі, ащы).
-
Дүкенде тәтті ________ (нан, кітап) сатып алдым.
-
Бала ________ (ойнады, жазды) доппен.
-
Әкем ________ (жүреді, айдайды) көлік.
-
Менің дәптерім ________ (жасыл, дәмді).
B деңгейі (35 жаттығу – орта)
-
Досым маған ________ (қалам, кітап) сыйлады.
-
Әкем дүкеннен ________ (сүт, су) сатып алды.
-
Біз ауылға ________ (кеттік, кетеміз) кеше.
-
Мұғалім бізге жаңа ________ (сөздер, ойындар) үйретті.
-
Мен таңертең ________ (сүт, шай) ішемін.
-
Ол кеше киноға ________ (барды, барады).
-
Сен қазір не ________ (істедің, істеп жатырсың)?
-
Анам асханада ________ (тамақ, кітап) пісіріп жатыр.
-
Біз кешке бірге ________ (жүгіреміз, жаттығу жасаймыз).
-
Ол жақсы ________ (оқиды, ойнайды).
-
Әпкем кешке үй тапсырмасын ________ (жазады, ойнайды).
-
Бұл сабақта біз жаңа ________ (тақырып, ән) өттік.
-
Досым бізге қызық ________ (сурет, әңгіме) көрсетті.
-
Әжем кеше дәмді ________ (нан, бауырсақ) пісірді.
-
Мен таңертең терезеден ________ (күн, ай) көрдім.
-
Бүгін сыныпта бәрі ________ (күліп, ойнап) отырды.
-
Оқушылар далада ________ (жүгіреді, оқиды).
-
Сен кеше не ________ (көрдің, тыңдадың)?
-
Мұғалім бізге жаңа ________ (ойын, сұрақ) қойды.
-
Үйдің жанында үлкен ________ (ағаш, дүкен) тұр.
-
Досым маған сыйлық ________ (берді, алды).
-
Бала жаңа ________ (дос, ойыншық) тапты.
-
Ол бізге қызық ________ (жаңалық, үй тапсырма) айтты.
-
Мен бүгін көп жаңа ________ (сөз, сурет) үйрендім.
-
Бұл жерде ________ (көл, тау) бар.
-
Дүкеннен тәтті ________ (шоколад, қарындаш) алдым.
-
Ағам телефонда ұзақ ________ (сөйлесті, ойнады).
-
Қыз бала әдемі ________ (көйлек, дәптер) киді.
-
Біз автобусқа ________ (міндік, іштік).
-
Апай бізге жаңа ________ (өлең, бор) айтты.
-
Әжем бізге жылы ________ (көрпе, дәптер) тікті.
-
Кеше біз саябақта ________ (серуендедік, ұйықтадық).
-
Менің әкем әрдайым ________ (ерте, кеш) тұрады.
-
Мектеп алдында үлкен ________ (ту, тақта) тұр.
-
Оқушы дәптерін ________ (жапты, жапты ма).
C деңгейі (35 жаттығу – күрделі)
-
Досым маған хат ________ (жазды, оқыды).
-
Әпкем мен ағам ауылға ________ (жүрді, барды).
-
Бүгін аспан ________ (бұлтты, ашық), күн жарқырап тұр.
-
Оқушылар сабақта жаңа ________ (мәтін, әңгіме) оқыды.
-
Сен кеше кімге ________ (қоңырау шалды, жазды)?
-
Ол бізге қызық ________ (оқиға, әңгіме) айтып берді.
-
Үйдің жанында үлкен ________ (ағаш, дүкен) өсіп тұр.
-
Досым бізге суретін ________ (салды, жапсырды).
-
Мұғалім сабақта бізге ________ (сұрақ, ойын) қойды.

Сен кешке не ________ (істедің, ойнадың)?
-
Біз ауылға барған соң, бәріміз бірге ________ (жүгіреміз, ойнаймыз).
-
Қонақтар келгенде әжем бізге дәмді ________ (ас, әңгіме) дайындады.
-
Сабақ соңында мұғалім бізден не ________ (сұрады, берді)?
-
Әкем көлікті ________ (жуды, жүргізді).
-
Біз жаңа сөздерді тақтадан ________ (көшірдік, оқыдық).
-
Қалада көптеген ________ (ғимарат, ағаш) бар.
-
Сен қазір кіммен ________ (сөйлестің, отырдың)?
-
Апай бізге шағын ________ (мәтін, сурет) жаздырды.
-
Сен бүгін қандай ________ (кітап, тамақ) көрдің?
-
Қар жауғанда балалар далада ________ (ойнады, жылады).
-
Оқушылар сабақта жаңа өлеңді ________ (жаттады, айтты).
-
Әжем бізге ертеде болған ________ (әңгіме, аңыз) айтып берді.
-
Бұл тапсырманы сен қалай ________ (шештің, оқыдың)?
-
Сабақта біз суреттен әңгіме ________ (құрастырдық, сыздық).
-
Әжем маған дәмді ________ (тәтті, әңгіме) пісіріп берді.
-
Біз мұражайда қызық ________ (көрме, дүкен) көрдік.
-
Менің інім жаңа ________ (сөз, ойыншық) үйренді.
-
Анам бүгін тәтті ________ (кекстер, дәптерлер) пісірді.
-
Сабақта мұғалім бізге жаңа ________ (ереже, өлең) түсіндірді.
-
Досыммен біз ұзақ ________ (ойнадық, талқыладық).
-
Бұл әңгіме өте ________ (қызық, қысқа).
-
Қаланың ортасында үлкен ________ (алаң, дәптер) бар.
-
Апай бізден үй тапсырмасын ________ (сұрады, берді).
100. Мен бүгін мектепке өте ________ (ерте, тез) келдім.
3.2 Сөздерді ретке қою
Сөздерді ретке қою әдісі (сөйлем құрастыру немесе «Sentence building») – тіл үйретуде өте тиімді тәсіл. Бұл жаттығу сөз тәртібін (SOV) дұрыс қолдануға үйретеді.
-
Синтаксисті меңгертеді
-
Оқушы сөздердің сөйлемде орналасу тәртібін үйренеді.
-
Қазақ тіліндегі сөз тәртібінің ерекшелігін (бастауыш – баяндауыш – толықтауыш т.б.) тәжірибе арқылы меңгереді.
-
-
Грамматикалық дағдыларды дамытады
-
Сөздерді дұрыс формада қолдануға дағдыландырады (септік, жіктік, шақ, рай).
-
Сөйлемдегі байланыстарды (сөз тіркесі, қиысу, меңгеру) түсінуге көмектеседі.
-
-
Сөйлеу дағдысына үйретеді
-
Оқушы дайын сөздерден мағыналы сөйлем құрай отырып, ойды жүйелі жеткізуге үйренеді.
-
-
Логикалық ойлауын дамытады
-
Балалар сөздердің орын тәртібін талдап, дұрыс нұсқасын табу үшін ой қорытады.
-
Бұл тапсырмада логикалық байланыс, мағыналық тұтастық сақталуы қажет.
-
Қолдану тиімділігі
-
Түсінуді жеңілдетеді
Сөздерді дайын күйінде беріп, тек орын тәртібін дұрыс қоюды сұрау – оқушыны грамматикадан қорқытпайды, тапсырма жеңіл әрі түсінікті болады.
-
Тілді табиғи қолдануға жетелейді
Орыс тілді оқушылар жиі жіберетін қате – сөздерді орысша тәртіппен қою («Мен оқыдым кітап»).
Мұндай жаттығулар жүйелі түрде жасалса, дұрыс үлгі санада қалыптасып, сөйлеуде автоматтандырылады.
-
Жылдам кері байланыс алуға мүмкіндік береді
Мұғалім бірден дұрысын көрсетіп, оқушылар өз қатесін түзете алады.
Тақтада, карточкамен немесе онлайн форматта да тез тексеріледі.
-
Коммуникативтік дағдыны дамытады
Бұл тапсырма тек грамматиканы емес, ойды толық жеткізуді де үйретеді.
Оқушылар сөйлем құрап болған соң, оны дауыстап оқып, диалогқа айналдыра алады.
-
Деңгейлеп беруге ыңғайлы
Бастауыш сыныпта 3–4 сөзден тұратын сөйлем, жоғары сыныпта 6–7 сөзден тұратын күрделі сөйлемдер құрастыртуға болады.
Бір тапсырманы әр деңгейге бейімдеуге оңай.
-
Шығармашылыққа мүмкіндік береді
Бір сөздер жиынтығынан бірнеше
нұсқа жасауға болады:
Мысалы, (алма, жеді, қыз, бақта)
-
Қыз бақта алма жеді.
-
Бақта қыз алма жеді.
Бұл оқушыларға сөздердің мағынасына мән беруді, ойды әртүрлі жеткізу жолдарын түсінуді үйретеді.
-
Логикалық байланыс орнатады
Сөздердің ретін іздеу барысында оқушы ойша «сурет салады», сөйлемді елестетеді, бұл когнитивтік дамуға оң әсер етеді.
-
Топтық жұмысқа өте қолайлы
Сөздер жиынтығын әр топқа беріп, кім бірінші дұрыс құрастырады деген жарыс түрінде өткізуге болады.
Сабаққа ойын элементін қосып, мотивацияны арттырады.
Қолдану тәсілдері:
-
Карточка әдісі: әр сөз бөлек карточкаға жазылады, оқушы оларды дұрыс ретпен орналастырады.
-
Тақтада: сөздер ретсіз жазылады, оқушы тақтада немесе дәптерінде дұрыс сөйлем жазады.
-
Онлайн/интерактив: сөздерді сүйреп орналастыруға болатын онлайн платформаларда қолдануға болады (Wordwall, LearningApps).
Артықшылықтары:
-
Қызықты әрі белсенді әдіс – оқушы ойын түрінде қатысып, сөйлемді «жинауға» ұмтылады.
-
Қарапайым және қолжетімді – қосымша күрделі құрал қажет етпейді, тек сөздер жазылған карточка немесе тізім жеткілікті.
-
Жеке, жұптық, топтық жұмысқа ыңғайлы – барлық форматта қолдануға болады.
-
Шығармашылықты дамытады – сөздерден бірнеше нұсқа құрастыруға мүмкіндік бар, бұл баланың қиялын ашады.
-
Қате табу арқылы үйрену – оқушы өз қатесін байқап, дұрысын түзетуге дағдыланады.
-
Сөздік қорды бекітеді – жаңа үйренген сөздерді қолдану арқылы есте сақтайды.
Тапсырма үлгілері:
А деңгейі – 3–4 сөзден тұратын қарапайым сөйлемдер (Мен алма жедім).
B деңгейі – 5–6 сөзден тұратын сөйлемдер, сөз тіркестері күрделене түседі (Кеше менің әпкем ауылға барды).
C деңгейі – 6–8 сөзден тұратын күрделі сөйлемдер, толықтауыш пен пысықтауыштары бар (Әжем бүгін қонақтарға дәмді бауырсақ пісіріп берді).
Бұл тәсіл оқушыға грамматиканы «қабат-қабат» меңгеруге көмектеседі.
А деңгейі (30 тапсырма – жеңіл)
(3–4 сөзден тұратын сөйлемдер, күнделікті өмір тақырыбы)
-
(барды, мектепке, ол) → Ол мектепке барды.
-
(ойнады, аулада, бала) → Бала аулада ойнады.
-
(жеді, алма, мен) → Мен алма жедім.
-
(келді, қонақтар, кеше) → Кеше қонақтар келді.
-
(ұнады, маған, кітап) → Маған кітап ұнады.
-
(жазды, досым, хат) → Досым хат жазды.
-
(жаттап алды, сөзді, біз) → Біз сөзді жаттап алдық.
-
(айтты, әңгіме, әжем) → Әжем әңгіме айтты.
-
(ойнады, бірге, біз) → Біз бірге ойнадық.
-
(жүрді, паркке, балалар) → Балалар паркке жүрді.
-
(алды, анам, дүкеннен, нан) → Анам дүкеннен нан алды.
-
(берді, тапсырма, мұғалім) → Мұғалім тапсырма берді.
-
(сұрады, бізден, апай) → Апай бізден сұрады.
-
(қалды, үйде, мен) → Мен үйде қалдым.
-
(жазды, дәптерге, ол) → Ол дәптерге жазды.
-
(әкелді, су, әкем) → Әкем су әкелді.
-
(шықты, аулаға, мысық) → Мысық аулаға шықты.
-
(күліп, отырды, балалар) → Балалар күліп отырды.
-
(салды, сурет, Аружан) → Аружан сурет салды.
-
(барды, киноға, біз) → Біз киноға бардық.
-
(жазды, тақтаға, апай) → Апай тақтаға жазды.
-
(ашты, кітапты, оқушы) → Оқушы кітапты ашты.
-
(жеді, түсте, ол, бауырсақ) → Ол түсте бауырсақ жеді.
-
(ойлады, тапсырманы, біз) → Біз тапсырманы ойладық.
-
(жүгірді, далада, ит) → Ит далада жүгірді.
-
(қойды, сұрақ, мұғалім) → Мұғалім сұрақ қойды.
-
(ұнады, ойын, балаларға) → Балаларға ойын ұнады.
-
(ойнады, доппен, ол) → Ол доппен ойнады.
-
(жазды, күнделікке, мен) → Мен күнделікке жаздым.
-
(оқыды, әңгіме, біз) → Біз әңгіме оқыдық.
B деңгейі (35 тапсырма – орта)
(5–6 сөзден тұратын сөйлемдер, күрделі сөз тіркестері)
-
(барды, ауылға, менің, әпкем, кеше) → Кеше менің әпкем ауылға барды.
-
(алып келді, анам, базардан, жеміс, жаңа) → Анам базардан жаңа жеміс алып келді.
-
(көрді, біз, қызық, мультфильм, кеше) → Біз кеше қызық мультфильм көрдік.
-
(дайындады, ас, әжем, қонақтарға, дәмді) → Әжем қонақтарға дәмді ас дайындады.
-
(тапты, бала, жаңа, ойыншық, дүкеннен) → Бала дүкеннен жаңа ойыншық тапты.
-
(барды, театрға, біз, апаймен, бірге) → Біз апаймен бірге театрға бардық.
-
(әкелді, ағам, бізге, сыйлық, туған күнге) → Ағам туған күнге бізге сыйлық әкелді.
-
(жазып отыр, дәптерге, оқушы, сөйлем, жаңа) → Оқушы дәптерге жаңа сөйлем жазып отыр.
-
(оқыды, кітап, біз, бірге, кітапханада) → Біз кітапханада бірге кітап оқыдық.
-
(ойнап жүр, аулада, балалар, достарымен, бірге) → Балалар достарымен бірге аулада ойнап жүр.
-
(берді, әжем, бізге, бауырсақ, ыстық) → Әжем бізге ыстық бауырсақ берді.
-
(тыңдады, әңгіме, біз, сабақта, қызық) → Біз сабақта қызық әңгіме тыңдадық.
-
(қалды, үйде, анам, кішкентай, ініммен) → Анам кішкентай ініммен үйде қалды.
-
(тапсырды, үй жұмысын, мұғалім, бізге, бүгін) → Мұғалім бүгін бізге үй жұмысын тапсырды.
-
(айтты, қызық, жаңалық, ол, бізге) → Ол бізге қызық жаңалық айтты.
-
(жинады, әкем, бақшадан, алма, піскен) → Әкем бақшадан піскен алма жинады.
-
(шешті, есепті, біз, бірге, тез) → Біз есепті бірге тез шештік.
-
(жазды, хат, Айнұр, досына, ұзақ) → Айнұр досына ұзақ хат жазды.
-
(көрсетті, сурет, маған, досым, жаңа) → Досым маған жаңа сурет көрсетті.
-
(тапты, үйде, інім, кітап, жоғалған) → Інім үйде жоғалған кітап тапты.
-
(салды, біз, картаға, қаланы, жаңа) → Біз картаға жаңа қаланы салдық.
-
(отыр, орындықта, менің, ағам, қасында) → Менің ағам қасында орындықта отыр.
-
(оқыды, өлең, біз, кешке, әдемі) → Біз кешке әдемі өлең оқыдық.
-
(әкелді, әкем, дүкеннен, сүт, жаңа) → Әкем дүкеннен жаңа сүт әкелді.
-
(жазып отыр, күнделігін, ол, бүгін) → Ол бүгін күнделігін жазып отыр.
-
(жүгіріп жүр, саябақта, балалар, достарымен) → Балалар достарымен саябақта жүгіріп жүр.
-
(тапты, жаңа, сөз, біз, сөздіктен) → Біз сөздіктен жаңа сөз таптық.
-
(айтты, әңгіме, әжем, бізге, кеше) → Әжем кеше бізге әңгіме айтты.
-
(тапсырды, қызық, ойын, мұғалім, бізге) → Мұғалім бізге қызық ойын тапсырды.
-
(алды, қорап, ағам, сөреден, үлкен) → Ағам сөреден үлкен қорап алды.
-
(жазды, дәптерге, оқушылар, мәтін, қысқа) → Оқушылар дәптерге қысқа мәтін жазды.
-
(ойнады, біз, ойын, жаңа, сабақта) → Біз сабақта жаңа ойын ойнадық.
-
(дайындады, түскі ас, анам, тез, бүгін) → Анам бүгін түскі асты тез дайындады.
-
(жинады, гүлдер, мен, бақта, әдемі) → Мен бақта әдемі гүлдер жинадым.
-
(ұнады, кітап, маған, өте, бұл) → Бұл кітап маған өте ұнады.
C деңгейі (35 тапсырма – күрделі)
(6–7 сөзден тұратын сөйлемдер, толық контекстпен)
-
(оқыды, жаңа, әңгіме, біз, бүгін, сыныпта) → Біз бүгін сыныпта жаңа әңгіме оқыдық.
-
(сатып алды, анам, базардан, жеміс, көкөніс, көп) → Анам базардан көп жеміс-көкөніс сатып алды.
-
(жазды, ұзақ, хат, мен, досыма, кеше) → Мен кеше досыма ұзақ хат жаздым.
-
(әкелді, сыйлық, бізге, ағам, туған күнге, ерекше) → Ағам туған күнге бізге ерекше сыйлық әкелді.
-
(дайындады, ас, әжем, қонақтарға, дәмді, бүгін) → Әжем бүгін қонақтарға дәмді ас дайындады.
-
(қалды, үйде, інім, кішкентай, анаммен, таңертең) → Таңертең інім кішкентай анасымен үйде қалды.
-
(жазып отыр, күнделік, ол, кеше, кешке, ұзақ) → Ол кеше кешке ұзақ күнделік жазып отыр.
-
(оқыды, кітап, біз, кітапханада, жаңа, бірге) → Біз кітапханада жаңа кітапты бірге оқыдық.
-
(берді, тапсырма, мұғалім, бізге, қызық, жаңа) → Мұғалім бізге қызық жаңа тапсырма берді.
-
(тапты, бала, үйде, ойыншық, кішкентай, жоғалған) → Бала үйде жоғалған кішкентай ойыншық тапты.
-
(шешті, есеп, біз, бірге, оңай, бүгін) → Біз бүгін есепті оңай бірге шештік.
-
(жазды, эссе, оқушылар, тақырыпқа, жаңа, сабақта) → Оқушылар сабақта жаңа тақырыпқа эссе жазды.
-
(көрді, біз, фильм, үлкен, экранда, кеше) → Біз кеше үлкен экранда фильм көрдік.
-
(тапты, біз, кітап, сөреден, жоғалған, қалың) → Біз сөреден жоғалған қалың кітап таптық.
-
(салды, сурет, Аружан, тақтаға, әдемі, үлкен) → Аружан тақтаға әдемі үлкен сурет салды.
-
(айтты, қызық, оқиға, әжем, бізге, бұрынғы) → Әжем бізге бұрынғы қызық оқиға айтты.
-
(әкелді, әкем, дүкеннен, сүт, жаңа, таңертең) → Әкем таңертең дүкеннен жаңа сүт әкелді.
-
(берді, сыйлық, анам, маған, туған күніме, әдемі) → Анам туған күніме маған әдемі сыйлық берді.
-
(жазып отыр, оқушылар, дәптерге, сөйлем, жаңа, үлкен) → Оқушылар дәптерге үлкен жаңа сөйлем жазып отыр.
-
(ұнады, маған, әңгіме, өте, бұл, қызық) → Бұл әңгіме маған өте қызық ұнады.
-
(тапсырды, мұғалім, бізге, қызық, ойын, жаңа) → Мұғалім бізге жаңа қызық ойын тапсырды.
-
(жинады, бақта, гүлдер, біз, әдемі, көп) → Біз бақта әдемі көп гүлдер жинадық.
-
(ойнады, доппен, балалар, аулада, бірге, кеше) → Балалар кеше аулада бірге доппен ойнады.
-
(қойды, сұрақ, мұғалім, бізге, сабақта, күрделі) → Мұғалім сабақта бізге күрделі сұрақ қойды.
-
(жазды, хат, мен, ұзақ, досыма, қызық) → Мен досыма ұзақ қызық хат жаздым.
-
(берді, тапсырма, мұғалім, бізге, үйге, қиын) → Мұғалім бізге үйге қиын тапсырма берді.
-
(көрді, біз, театрда, спектакль, тамаша, кеше) → Біз кеше театрда тамаша спектакль көрдік.
-
(қалды, үйде, әпкем, ініммен, бүгін, таңертең) → Әпкем бүгін таңертең ініммен үйде қалды.
-
(жазып отыр, ол, дәптерге, әдемі, өлең, жаңа) → Ол дәптерге әдемі жаңа өлең жазып отыр.
-
(тапты, інім, ойыншық, үйде, жоғалған, кеше) → Інім кеше үйде жоғалған ойыншық тапты.
-
(көрсетті, сурет, маған, досым, жаңа, әдемі) → Досым маған жаңа әдемі сурет көрсетті.
-
(оқыды, әңгіме, біз, бірге, сабақта, қызық) → Біз сабақта қызық әңгімені бірге оқыдық.
-
(дайындады, анам, түскі ас, бізге, бүгін, тез) → Анам бүгін бізге түскі асты тез дайындады.
-
(тапты, біз, сөздіктен, сөз, жаңа, қызық) → Біз сөздіктен жаңа қызық сөз таптық.
-
(жазды, күнделік, мен, бүгін, кешке, ұзақ) → Мен бүгін кешке ұзақ күнделік жаздым.
3.3 Сурет бойынша сөйлем құрау
Сурет бойынша сөйлем құрау – оқушыға визуалды материалды (сурет, иллюстрация, комикс, фотосурет) ұсына отырып, сол бойынша сөйлем немесе әңгіме құрастыру тапсырмасы.
Бұл әдіс сөздік қорды жандандыруға, логикалық ойлауды дамытуға және ауызша сөйлеуге бейімдеуге бағытталған.
-
Көрнекілік арқылы түсінуді жеңілдетеді
Оқушы абстрактілі ойламай, көз алдына көріністі елестетеді, сөйлемді табиғи түрде құрайды.
-
Сөйлеуге үйретудің алғашқы сатысы
Оқушыға дайын мәтін берілмей, суреттен өзі ой түйеді → бұл еркін сөйлеуге алғашқы қадам.
-
Контексті еске сақтауды дамытады
Сурет есте жақсы сақталады, оқушы көргенін айтып, сөздерді қайта-қайта қолданады.
-
Интерференцияны азайтады
Сөз тәртібін дұрыс қолдануға мүмкіндік береді, өйткені ол суреттегі әрекетке сүйенеді.
Артықшылықтары:
-
Тілді табиғи ортада қолдануға үйретеді – оқушы нақты жағдайға қатысты сөйлем айтады.
-
Шығармашылықты дамытады – әр бала суретті әртүрлі сипаттайды, сөйлемдері де әртүрлі болады.
-
Барлық деңгейге қолайлы – 1-сыныпта бір сөздік сипаттама, жоғары сыныпта 3–4 сөйлемнен тұратын әңгіме жаздыруға болады.
-
Диалогқа бейімдейді – сурет бойынша сұрақ-жауап, әңгіме жүргізуге болады.
-
Қорқынышты азайтады – сурет тірек ретінде берілетіндіктен, бала бос сөйлем құраудан қиналмайды.
Сурет бойынша сөйлем құрау тапсырмаларын деңгейге бөлу принципі:
-
Лексикалық және грамматикалық жүктеме бойынша бөлу
Мақсаты: сөздер мен сөйлемнің күрделілігін біртіндеп арттыру.
-
А деңгейі – ең қарапайым сөздер: зат есім + етістік (2–3 сөзден тұратын сөйлем).
Мысалы: «Бала доп ойнады.»
-
B деңгейі – сөз тіркесі күрделене түседі, сөйлем саны 2–3 болады.
Мысалы: «Анасы ас пісіріп жатыр. Қызы оған көмектесіп жатыр.»
-
C деңгейі – толық сипаттама, шағын мәтін (3–4 сөйлем), күрделі баяндауыштар, пысықтауыштар, толықтауыштар қосылады.
Мысалы: «Қар жауып тұр. Балалар аулада қар атысып жүр. Олар қатты күліп жатыр.»
-
Оқушының тілдік дағдысына сай бөлу
Мақсаты: әр деңгейдегі оқушыға лайықтап тапсырма беру.
-
А деңгейі – жаңа бастаған оқушылар үшін, негізгі мақсат – зат пен қимылды атау.
-
B деңгейі – орташалар үшін, мақсат – әрекетті сипаттау, бірнеше сөйлем құрау.
-
C деңгейі – озаттар үшін, мақсат – логикалық тұтас әңгіме құрастыру.
-
Сөйлеу әрекеті кезеңдері бойынша бөлу
Мақсаты: репродуктивті → жартылай шығармашылық → толық шығармашылық сөйлеуге жетелеу.
-
А деңгейі → репродуктивтік кезең (дайын үлгіні қайталайды, 1 сөйлем айтады).
-
B деңгейі → жартылай шығармашылық кезең (2–3 сөйлемді өз бетінше құрайды).
-
C деңгейі → шығармашылық кезең (толық әңгіме немесе диалог құрастырады).
-
Логикалық және когнитивтік жүктеме бойынша бөлу
Мақсаты: суретке қарап ой қорыту, логикалық байланыс орнату.
-
А деңгейінде – тек «не істеп тұр?» деген сұраққа жауап береді.
-
B деңгейінде – оқиға барысын сипаттайды (кім? не істеді? қайда?).
-
C деңгейінде – оқиғаны бастау, дамыту, аяқтау (шағын әңгіме сюжеті).
5. Педагогикалық мақсат принципі
Мақсаты: қорқынышты жеңу, грамматикалық дағдыны бекіту, шығармашылықты дамыту.
Тапсырма үлгілері:
-
Бала қолында доп ұстап тұр
-
A: Бала доп ұстап тұр.
-
B: Бала доп ұстап тұр. Ол достарымен ойнағалы жатыр.
-
C: Күні жылы. Бала алаңда доп ұстап тұр. Ол достарын күтуде.
-
Қыз гүл суарып жатыр
-
A: Қыз гүл суарып жатыр.
-
B: Қыз гүл суарып жатыр. Гүлдер қызыл түсті.
-
C: Қыз аулада гүл суарып жатыр. Аулада сары гүлдер егілген. Күн жарқырап тұр.
-
Әке көлік жуып тұр
-
A: Әке көлік жуып тұр.
-
B: Әке көлік жуып тұр. Көлік көк түсті.
-
C: Әке аулада көлік жуып тұр. Баласы оған көмектесіп тұр.
-
Бала сурет салып отыр
-
A: Бала сурет салып отыр.
-
B: Бала сурет салып отыр. Ол түрлі-түсті қарындаш қолданды.
-
C: Бала үстел үстінде сурет салып отыр. Ол күн мен үй салды.
-
Оқушы кітап оқып отыр
-
A: Оқушы кітап оқып отыр.
-
B: Оқушы үстелде отыр. Ол кітап оқып отыр. .
-
C: Оқушы үстелде отыр. Ол кітап оқып отыр. Кітап жануарлар жайлы.
-
Қыз алманы жеп отыр
-
A: Қыз алма жеп отыр.
-
B: Қыз алма жеп отыр. Алма қызыл.
-
C: Қыз бақта алма жеп отыр. Алма қызыл.
-
Дәрігер баланы тексеріп отыр
-
A: Дәрігер баланы тексерді.
-
B: Дәрігер баланы тексерді. Анасы қасында тұр.
-
C: Дәрігер баланы тексеріп отыр. Ол тамағын қарады. Анасы уайымдап тұр.
-
Ата газет оқып отыр
-
A: Ата газет оқып отыр.
-
B: Ата газет оқып отыр. Үстелде шай тұр.
-
C: Ата орындықта газет оқып отыр. Әже тоқып отыр.
-
Балалар мектеп алдында тұр
-
A: Балалар тұр.
-
B: Балалар мектеп алдында тұр. Олар сөйлесіп тұр.
-
C: Балалар мектеп алдында тұр. Сабаққа бара жатыр. Олар сөйлесіп, күліп тұр.
-
Бала велосипед мініп жүр
-
A: Бала велосипед теуіп жүр.
-
B: Бала аулада велосипед теуіп жүр.
-
C: Бала аулада велосипед теуіп жүр. Достары да қасында.
-
Ана ас үйде тұр
-
A: Ана ас үйде тұр.
-
B: Ана ас үйде тұр. Ол ас пісіріп жатыр.
-
C: Ана ас үйде тұр. Ол ас пісіріп жатыр. Үстелде көкөніс жатыр.
-
Мұғалім тақтаға жазып тұр
-
A: Мұғалім тақтаға жазып тұр.
-
B: Мұғалім тақтаға жазып жатыр. Оқушылар қарап отыр.
-
C: Мұғалім тақтаға күнді жазып жатыр. Балалар дәптерге жазып жатыр.
-
Бала компьютерде отыр
-
A: Бала компьютерде отыр.
-
B: Бала компьютерде отыр. Ол ойын ойнап отыр.
-
C: Бала компьютерде отыр. Ол тапсырма орындап отыр. Қасында кітабы жатыр.
-
Қыз сурет салып отыр
-
A: Қыз сурет салып отыр.
-
B: Қыз гүлдің суретің салып отыр.
-
C: Қыз альбомға сурет салып отыр. Ол түрлі-түсті гүлдерді салып жатыр.
-
Бала су ішіп отыр
-
A: Бала су ішіп отыр.
-
B: Бала стаканнан су ішіп отыр.
-
C: Бала ас бөлмеде. Ол үстелде стаканнан су ішіп отыр.
-
Кітап сөресінде кітаптар тұр.
-
А: Кітаптар сөреде тұр.
-
B: Кітаптар кітап сөресінде тұр.
-
C: Терезенің жанында кітап сөресі тұр. Сөреде реттелген кітаптар тұр.
-
Бала кітапханаға кірді
-
A: Бала кітапханаға кірді.
-
B: Бала кітапханаға кірді. Кітапханада кітапханашы бар.
-
C: Бала кітапханаға кірді. Кітапханада кітапханашы бар. Ол жасыл кітап алды.
-
Әже тоқып отыр
-
A: Әже тоқып отыр.
-
B: Әже жіптен жейде тоқып отыр.
-
C: Әже орындықта тоқып отыр. Ол немересіне жейде тоқып отыр.
-
Бала аулада ойнап жүр
-
A: Бала ойнап жүр.
-
B: Бала аулада ойнап жүр.
-
C: Бала аулада ойнап жүр. Ол достарымен доп ойнап жүр.
-
Қыз айнаға қарап тұр
-
A: Қыз айнаға қарап тұр.
-
B: Қыз айнаға қарап тұр. Ол шашын тарады.
-
C: Қыз айнаға қарап тұр. Шашын тарап, күлді.
-
Айсұлу бәліш әзірлеп жатыр.
-
А: Айсұлу бәліш әзірлеп жатыр.
-
Б: Айсұлу ас бөлмеде алмадан бәліш әзірлеп жатыр.
-
С: Айсұлу анасымен ас бөлмеде. Анасымен бірге алмадан бәліш әзірлеп жатыр.
22. Балалар қардан аққала істеп ждатыр.
-
A: Балалар қардан аққала істеп ждатыр.
-
B: Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Балалар қармен ойнап жүр.
-
C: Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Балалар қардан аққала істеп ждатыр.
23. Бала терезеге қарап отыр.
-
А: Бала терезеге қарап отыр.
-
Б: Бала терезеге қарап отыр. Далада жаңбыр жыуып жатыр.
-
С: Бала орындықта шәй ішіп отыр. Ол терезеге қарап отыр. Далада жаңбыр жыуып жатыр.
24. Балалар автобусқа мінді
-
A: Балалар автобусқа мінді.
-
B: Балалар автобусқа мінді. Олар орындыққа отырды.
-
C: Балалар мектепке бару үшін автобусқа мінді. Орындыққа отырып, терезеден жолды қарады.
25. Қыз музыка тыңдап отыр
-
A: Қыз музыка тыңдап отыр.
-
B: Қыз құлаққаппен музыка тыңдап отыр. Ол күліп отыр.
-
C: Қыз бөлмеде отырып музыка тыңдап отыр. Ол әнге қосылып айтты.
26. Оқушы тақтаға шықты
-
A: Оқушы тақтаға шықты.
-
B: Оқушы тақтаға шықты. Ол есеп шығарды.
-
C: Оқушы тақтаға шықты. Есеп шығарды. Мұғалім оны мақтады.
27. Қыз дәптерге жазып отыр
-
A: Қыз дәптерге жазып отыр.
-
B: Қыз дәптерге жазып отыр. Ол әріптерді әдемі жазды.
-
C: Қыз дәптерге жазып отыр. Әріптерді әдемі жазды. Мұғалім қуанды.
28. Бала теледидар қарап отыр
-
A: Бала теледидар қарап отыр.
-
B: Бала теледидар қарап отыр. Көңілді мультфильм жүріп жатыр.
-
C: Бала теледидар қарап отыр. Мультфильм күлкілі. Ол қатты күліп жіберді.
29. Әке газет оқып отыр
-
A: Әке газет оқып отыр.
-
B: Әке диванда газет оқып отыр.
-
C: Әке диванда газет оқып отыр. Үстел үстінде шай тұр. Баласы қасында отыр.
30. Балалар кітап оқып отыр
-
A: Балалар кітап оқып отыр.
-
B: Балалар партада кітап оқып отыр.
-
C: Балалар партада кітап оқып отыр. Біреуі дауыстап оқып жатыр, басқалары тыңдап отыр.
31. Ұл телефон қарап отыр
-
A: Ұл телефон ұстап отыр.
-
B: Ұл телефон қарап отыр. Ол сурет көріп отыр.
-
C: Ұл телефон қарап отыр. Суреттерді көріп, досына көрсетті.
32. Қыз доп ойнап жүр
-
A: Қыз доп ойнап жүр.
-
B: Қыз аулада доп ойнап жүр.
-
C: Қыз аулада доп ойнап жүр. Достарымен бірге ойнады.
33. Мұғалім әңгіме айтып тұр
-
A: Мұғалім әңгіме айтты.
-
B: Мұғалім әңгіме айтып тұр. Балалар тыңдап отыр.
-
C: Мұғалім қызық әңгіме айтып тұр. Балалар тыңдап, сұрақ қойды.
34. Әже бауырсақ пісіріп жатыр
-
A: Әже бауырсақ пісіріп жатыр.
-
B: Әже бауырсақ пісіріп жатыр. Үйге иіс тарады.
-
C: Әже бауырсақ пісіріп жатыр. Немересі жанына келіп отыр. Олар бірге дастарқан жайды.
35. Бала су құйып жатыр
-
A: Бала гүлге су құйды.
-
B: Бала терезеде тұрған гүлге су құйды.
-
C: Бала терезеде тұрған гүлге су құйып жатыр. Гүлдер жасыл болып тұр.
36. Қыз алма теріп жатыр
-
A: Қыз алма терді.
-
B: Қыз бақтан алма терді.
-
C: Қыз бақтан алма терді. Алмалар себетке толды.
37. Ұл қар күреп жатыр
-
A: Ұл қар күреп жатыр.
-
B: Ұл аулада қар күреп жатыр.
-
C: Ұл аулада қар күреп жатыр. Қар көп, ол әкесіне көмектесті.
38. Оқушы дәптерін ашты
-
A: Оқушы дәптерін ашты.
-
B: Оқушы дәптерін ашты. Сабақ басталды.
-
C: Оқушы дәптерін ашты. Сабақ басталды. Мұғалім жаңа тақырып айтты.
39. Қыз гүл иіскеп тұр
-
A: Қыз гүл иіскеді.
-
B: Қыз қызғалдақ гүлін иіскеп тұр.
-
C: Қыз гүл иіскеп тұр. Ол гүлді анасына берді.
40. Балалар автобус күтіп тұр
-
A: Балалар тұр.
-
B: Балалар автобус күтіп тұр.
-
C: Балалар аялдамада автобус күтіп тұр. Автобус келе жатыр.
41. Ұл қоянға сәбіз берді
-
A: Ұл қоянға берді.
-
B: Ұл қоянға сәбіз берді.
-
C: Ұл қоянға сәбіз берді. Қоян оны жеп қойды.
42. Қыз орындықта отыр
-
A: Қыз отыр.
-
B: Қыз орындықта отыр. Қолында кітап бар.
-
C: Қыз орындықта отыр. Өсімдіктер жайлы кітап оқып отыр.
43. Бала балық аулап отыр
-
A: Бала отыр.
-
B: Бала балық аулап отыр.
-
C: Бала балық аулап отыр. Бір балық ұстады.
44. Қыз терезе жуды
-
A: Қыз терезе жуды.
-
B: Қыз терезе жуып жатыр. Терезеде дақтар бар.
-
C: Терезеде дақтар бар. Қыз терезе жуып жатыр. Терезе жарқырап кетті.
45. Мұғалім дәптер тексерді
-
A: Мұғалім дәптер тексерді.
-
B: Мұғалім сыныпта дәптер тексеріп отыр.
-
C: Мұғалім сыныпта дәптер тексеріп отыр. Қателерді түзетті.
46. Балалар сурет бояп отыр
-
A: Балалар сурет бояп отыр.
-
B: Балалар сурет бояп отыр. Суретті бояумен бояды.
-
C: Балалар таудың суретің бояп отыр. Суретті түрлі түсті бояумен бояды.
47. Әке жұмысқа кетті
-
A: Әке кетті.
-
B: Әке жұмысқа кетті.
-
C: Әке жұмысқа кетті. Бала оны шығарып салды.
48. Қыз билеп жүр
-
A: Қыз биледі.
-
B: Қыз сахнада би биледі.
-
C: Қыз сахнада би биледі. Достары қол соқты.
49. Асан қар ұстады
-
A: Асан қар ұстады.
-
B: Асан қар ұстады. Ол суық.
-
C: Асан қар ұстады. Қолына қарды алып, доп жасады.
50. Бала орындықта ұйықтап қалды
-
A: Бала ұйықтады.
-
B: Бала орындықта ұйықтап қалды.
-
C: Бала орындықта ұйықтап қалды. Анасы оны жапты.
51. Бала құмда ойнап отыр
-
A: Бала құмда ойнап отыр.
-
B: Бала құмда ойнап отыр. Ол үйшік жасап жатыр.
-
C: Бала құмда ойнап отыр. Үйшік жасап қойды. Оны әкесіне көрсетті.
52. Қыз шаңғы теуіп жүр.
-
A: Қыз шаңғы теуіп жүр.
-
B: Қыс мезгілі. Қар жауып тұр. Қыз шаңғы теуіп жүр.
-
C: Қыс мезгілі. Қар жауып тұр. Қыз шаңғы теуіп жүр. Жанында құрбысы бар.
53. Балалар сурет қиып отыр
-
A: Балалар сурет қиып отыр.
-
B: Балалар гүлдің суретін қиып отыр.
-
C: Балалар қағаздан сурет қиып отыр. Олар сары гүл жасады.
54. Ана нан илеп жатыр
-
A: Ана нан илеп жатыр.
-
B: Ана ас бөлмеде нан илеп жатыр.
-
C: Ана ас бөлмеде нан илеп жатыр. Қызы оған көмектесуде..
55. Бала шар үрлеп отыр
-
A: Бала шар үрледі.
-
B: Бала қызыл шар үрлеп отыр.
-
C: Бала қызыл шар үрлеп отыр. Алты шар үрлеп қойды.
56. Әже шәй құйып отыр
-
A: Әже шәй құйып отыр.
-
B: Әже дөңгелек үстелде шәй құйып отыр.
-
C: Әже кесеге шәй құйып отыр. Дастарқан басында отбасы отыр.
57. Ұлан ағашқа шықты
-
A: Ұлан ағашқа шықты.
-
B: Ұлан үйдің жанында ағаш өсіп тұрған ағашқа шықты.
-
C: Үйдің жанында ағаш өсіп тұр. Ұлан ағашқа шықты. Ол алмаларды теріп жатыр.
58. Қыз айран ішіп отыр
-
A: Қыз айран ішіп отыр.
-
B: Қыз ас бөлмеде айран ішіп отыр.
-
C: Қыз ас бөлмеде отыр. Қызыл кеседен айран ішіп отыр.
59. Балалар гүл отырғызды
-
A: Балалар гүл отырғызды.
-
B: Балалар гүл отырғызды. Топыраққа су құйды.
-
C: Балалар қызғылт раушангүл отырғызды. Топыраққа су құйыды.
60. Бала орындық қойды
-
A: Бала орындық қойды.
-
B: Бала орындықты үстел жанына қойды.
-
C: Бала сары орындықты кітап тұрған үстелдің жанына қойды.
61. Бала доп лақтырып жатыр
-
A: Бала доп лақтырып жатыр.
-
B: Бала көк допты сақинаға лақтырды.
-
C: Бала допты лақтырды. Досы қағып алды.
62. Қыз қалам алды
-
A: Қыз қалам алды.
-
B: Қыз қызыл қалам алды.
-
C: Қыз қызыл қалам алды. Дәптерге жазды.
63. Балалар қорапты ашты
-
A: Балалар қорапты ашты.
-
B: Балалар қорапты ашты. Ішінен ойыншық алды.
-
C: Балалар қорапты ашты. Ішінен жедел жәрбем көлігін алды.
64. Бала ойыншық жинап жатыр
-
A: Бала ойыншық жинап жатыр.
-
B: Бала ойыншықтарын қорапқа жинады.
-
C: Бала ойыншықтарын сары және жасыл қораптарға жинады.
65. Алма үстел сүртіп жатыр
-
A: Алма үстелді сүртіп жатыр.
-
B: Алма ас бөлмедегі үстелді сүртіп жатыр.
-
C: Алма сары орамалмен ас бөлмедегі үстелді сүртіп жатыр.
66. Арман дастарқан жайып жатыр
-
A: Арман дастарқан жайды.
-
B: Арман дастарқан жайып жатыр. Үстелге нан қойды.
-
C: Арман дастарқан жайып жатыр. Нан, жеміс қойды.
67. Қыз сурет бояп жатыр
-
A: Қыз сурет бояп жатыр.
-
B: Қыз қызыл түспен пішіндерді бояп жатыр.
-
C: Қыз сурет бояп жатыр. Үшбұрыш, дөғгелектің суреттерін бояды.
68. Алмас футбол ойнап жүр
-
A: Алмас футбол ойнап жүр.
-
B: Алмас футбол ойнап жүр. Допты қақпаға тепті.
-
C: Алмас футбол ойнап жүр. Допты қақпаға тепті. Қақпашы допты ұстап үлгермеді.
69. Балалар орманға барды
-
A: Балалар орманға барды.
-
B: Балалар орманға барып, жидек терді.
-
C: Балалар орманға барды. Жидек теріп, себетке салды.
70. Балалар домбыра тартып отыр
-
A: Балалар домбыра тартып отыр.
-
B: Үш бала домбыра тартып отыр.
-
C: Сахнада үш бала домбыра тартып отыр.
Нәтиже:
Деңгейлеп бөлу арқылы:
-
Мұғалім сыныптағы әр оқушыны қамтиды.
-
Тапсырма күрделілігі біртіндеп өседі, балаларды қиналмай дамытады.
-
Бақылау, бағалау оңай болады – қай деңгейге жеткенін көруге болады.
Мұғалімге әдістемелік кеңес:
-
Бұл тапсырмаларды сатылай қолдану қажет:
-
Бірінші А деңгейін беріп, дұрыс сөйлем құрауды үйрету.
-
Кейін B деңгейін орындап, сөйлем санын арттыру.
-
Соңында C деңгейін беріп, оқушыны толық әңгіме құрауға ынталандыру.
-
-
Әр сабақта 1–2 суретпен жұмыс жасау оқушының сөйлеу қабілетін тұрақты дамытады.
3.4 Қате сөйлемді тап
Бұл жаттығу – оқушыға әдейі
қате құрастырылған сөйлемдер беріледі, ол сол сөйлемдегі қатені
тауып, дұрыс нұсқасын құрастырады.
Бұл әдіс синтаксистік, морфологиялық
қателерді тануға және түзетуге дағдыландырады.
Мақсаты:
-
Грамматикалық сезімді дамыту: Сөздердің дұрыс байланысуын, жалғаулардың орнын сезіну.
-
Қате табу дағдысын қалыптастыру: Қате сөйлемді көре отырып, ойша дұрыс нұсқасын елестету.
-
Сөйлем құрау нормаларын бекіту: Сөз тәртібі, септік, жіктік, шақ, рай сияқты грамматикалық нормаларды есте сақтауға үйрету.
-
Сауаттылықты арттыру: Жазбаша сөйлеуде қате жібермеу үшін алдын ала дайындық жасайды.
Артықшылықтары:
-
Талдау дағдысын дамытады – оқушы тек жаттап қоймайды, ойланып қатені табады.
-
Сөздердің орын тәртібін бекітеді – қазақ тілінің SOV (бастауыш–толықтауыш–баяндауыш) құрылымын нақты түсінеді.
-
Сөйлеу қабілетін жетілдіреді – дұрыс нұсқаны дауыстап айту арқылы автоматтандырады.
-
Жеке және топтық жұмысқа ыңғайлы – мұғалім әр оқушыға немесе топқа жеке сөйлемдер бере алады.
-
Көрнекілікпен қолдануға қолайлы – сөйлемдерді экранға немесе карточкаға жазып, сыныппен бірге талдауға болады.
-
Дифференциацияға ыңғайлы – жеңіл (бір сөз қате), орташа (2–3 қате), күрделі (ұзақ сөйлемдегі бірнеше қате) деңгейде құруға болады.
Мұғалімге кеңес:
-
Алдымен жеңіл мысалдар беріп, оқушыларға «неге қате?» екенін түсіндіру.
-
Оқушыларды қатені тауып қана қоймай, өз нұсқасын айтуға ынталандыру.
-
Қате сөйлемдерді тақырып бойынша байланыстырып беру (мысалы: «Мектеп», «Отбасы», «Табиғат» тақырыптарына сай).
-
Сабақ соңында қате сөйлемдерді бірге талдап, дұрыс нұсқасын дәптерге жаздыру.
Тапсырма үлгілері:
А деңгейі – Қарапайым сөйлемдер
-
Мен бара мектеп. ❌ → Мен мектепке барамын. ✅
-
Сен барды дүкен. ❌ → Сен дүкенге бардың. ✅
-
Апа кітап оқыды балалар. ❌ → Апа балаларға кітап оқыды. ✅
-
Ол бар дүкенге. ❌ → Ол дүкенге барды. ✅
-
Біз келді үй. ❌ → Біз үйге келдік. ✅
-
Балалар ойнайды аулада. ❌ → Балалар аулада ойнайды. ✅
-
Мен ішем сүт. ❌ → Мен сүт ішемін. ✅
-
Сен жеді алма. ❌ → Сен алма жедің. ✅
-
Ол оқиды дәптер. ❌ → Ол дәптер оқиды. ✅
-
Біз көрдік кино кеше. ❌ → Біз кеше кино көрдік. ✅
-
Мұғалім жазды тақтада сөздер. ❌ → Мұғалім тақтаға сөздер жазды. ✅
-
Ол отырды үстел. ❌ → Ол үстелге отырды. ✅
-
Әже пісірді бәліш ас бөлме. ❌ → Әже ас бөлмеде бәліш пісірді. ✅
-
Мен алдым дүкен нан. ❌ → Мен дүкеннен нан алдым. ✅
-
Бала мініп жүр велосипед. ❌ → Бала велосипед мініп жүр. ✅
-
Ана жуып жатыр ыдыс. ❌ → Ана ыдыс жуып жатыр. ✅
-
Сен отыр кітапхана. ❌ → Сен кітапханада отырсың. ✅
-
Ол ойнап отыр доп. ❌ → Ол доп ойнап отыр. ✅
-
Мен жазам дәптер. ❌ → Мен дәптерге жазамын. ✅
-
Бала көрсетті сурет маған. ❌ → Бала маған сурет көрсетті. ✅
-
Сен тыңда музыка. ❌ → Сен музыка тыңда. ✅
-
Ол қарады терезе. ❌ → Ол терезеге қарады. ✅
-
Біз отыр бақша. ❌ → Біз бақшада отырмыз. ✅
-
Қыз киді көйлек қызыл. ❌ → Қыз қызыл көйлек киді. ✅
-
Балалар отыр парталар. ❌ → Балалар парталарға отырды. ✅
-
Мен жедім сүт пен нан. ❌ → Мен сүт пен нан жедім. ✅
-
Ол істеді сабақ үйде. ❌ → Ол үйде сабақ істеді. ✅
-
Біз шықты аула. ❌ → Біз аулаға шықтық. ✅
-
Әке алды сөре кітап. ❌ → Әке сөреден кітап алды. ✅
-
Қыз берді гүл апасына. ❌ → Қыз апасына гүл берді. ✅
B деңгейі – Орташа күрделілік
-
Мен барып дүкен сатып алдым алма. ❌ → Мен дүкенге барып, алма сатып алдым. ✅
-
Балалар ойнап тұр дала қар. ❌ → Балалар далада қар ойнап тұр. ✅
-
Біз бардық парк ойнадық әткеншек. ❌ → Біз паркке бардық, әткеншек ойнадық. ✅
-
Мұғалім сұрады сабақ біз жауап бердік. ❌ → Мұғалім сабақ сұрады, біз жауап бердік. ✅
-
Ол ашты есік кірді бөлме. ❌ → Ол есікті ашып, бөлмеге кірді. ✅
-
Біз кеттік үй ерте таң. ❌ → Біз таңертең ерте үйден кеттік. ✅
-
Сен алып қой дәптер үстел. ❌ → Сен дәптерді үстелге қой. ✅
-
Балалар отыр сынып қарап тақта. ❌ → Балалар сыныпта отыр, тақтаға қарап отыр. ✅
-
Ол қойды сөмке орындық. ❌ → Ол сөмкесін орындыққа қойды. ✅
-
Мен жиналды мектеп кетті сабақ. ❌ → Мен мектепке жиналып, сабаққа кеттім. ✅
-
Ана пісірді ас біз жедік бірге. ❌ → Ана ас пісірді, біз бірге жедік. ✅
-
Балалар шықты аула ойнады бірге. ❌ → Балалар аулаға шығып, бірге ойнады. ✅
-
Әже тоқып отыр жейде немере. ❌ → Әже немересіне жейде тоқып отыр. ✅
-
Сен алып кел нан асхана. ❌ → Сен асханадан нан алып кел. ✅
-
Ол айтты әдемі ән бәрі тыңдады. ❌ → Ол әдемі ән айтты, бәрі тыңдады. ✅
-
Біз отырдық автобус кетті мектеп. ❌ → Біз автобусқа отырып, мектепке кеттік. ✅
-
Мұғалім берді дәптер біз жаздық. ❌ → Мұғалім дәптер берді, біз жаздық. ✅
-
Әке алып бер ойыншық бала. ❌ → Әке балаға ойыншық алып берді. ✅
-
Сен көрдің кино кешке қызық. ❌ → Сен кешке қызық кино көрдің. ✅
-
Балалар оқып отыр кітап бірге. ❌ → Балалар кітапты бірге оқып отыр. ✅
-
Ол алды сөре үлкен кітап. ❌ → Ол сөреден үлкен кітап алды. ✅
-
Біз әкелдік сыйлық апайға мереке. ❌ → Біз мерекеге апайға сыйлық әкелдік. ✅
-
Қыз дайындап отыр сабақ мұқият. ❌ → Қыз сабаққа мұқият дайындалып отыр. ✅
-
Ана жуды жеміс қойды үстел. ❌ → Ана жемісті жуып, үстелге қойды. ✅
-
Біз көрдік сурет мұражай әдемі. ❌ → Біз мұражайда әдемі сурет көрдік. ✅
-
Ол ойнап жүр балалар аула. ❌ → Ол балалармен аулада ойнап жүр. ✅
-
Сен іштің шәй жылдам. ❌ → Сен шәйді тез іштің. ✅
-
Бала алды дәптер қалам жазды. ❌ → Бала дәптер мен қалам алып, жазды. ✅
-
Біз алдық алма алмұрт дүкен. ❌ → Біз дүкеннен алма мен алмұрт алдық. ✅
-
Әке кетті жұмыс таңертең. ❌ → Әке таңертең жұмысқа кетті. ✅
-
Оқушылар жауап берді сұраққа дұрыс. ❌ → Оқушылар сұраққа дұрыс жауап берді. ✅
-
Бала қуанды сыйлық алған. ❌ → Бала сыйлық алғанына қуанды. ✅
-
Біз көрдік ай жұлдыз түнде. ❌ → Біз түнде ай мен жұлдызды көрдік. ✅
-
Ол әкелді су берді қонаққа. ❌ → Ол су әкеліп, қонаққа берді. ✅
-
Сен отырдың үстел жедің торт. ❌ → Сен үстелге отырып, торт жедің. ✅
C деңгейі – Күрделі сөйлемдер мен мәтіндер
-
Біз барған дүкен жоқ болды нан сатып алмадық. ❌ → Біз дүкенге бардық, бірақ нан жоқ болды, сатып алмадық. ✅
-
Ол ойнап жүрген дала кенеттен жаңбыр басталды. ❌ → Ол далада ойнап жүргенде кенеттен жаңбыр басталды. ✅
-
Анам пісірді бәліш біз ішіп отыр шай. ❌ → Анам бәліш пісірді, біз шай ішіп отырмыз. ✅
-
Бала құлап қалды аулада ойнап жүрген. ❌ → Бала аулада ойнап жүріп, құлап қалды. ✅
-
Біз көрдік кино ол өте қызық болды күлдік. ❌ → Біз өте қызық кино көрдік, қатты күлдік. ✅
-
Қыз отырды терезе жылап себебі жаңбыр. ❌ → Қыз терезенің жанында отырды, жаңбыр жауып тұрғандықтан жылады. ✅
-
Мұғалім сұрады сабақ біз жауап бермедік ұялдық. ❌ → Мұғалім сабақ сұрады, біз ұялып жауап бермедік. ✅
-
Ол келген үй әкелді торт бәрі қуанды. ❌ → Ол үйге келіп, торт әкелді, бәрі қуанды. ✅
-
Әке жөндеді кран су ағуды тоқтатты. ❌ → Әке кранды жөндеп, судың ағуын тоқтатты. ✅
-
Біз отырдық парк тамақ іштік суретке түстік. ❌ → Біз паркте отырып, тамақ ішіп, суретке түстік. ✅
-
Балалар салды сурет бояды бірге. ❌ → Балалар бірге сурет салып, бояды. ✅
-
Ол алып келді кітап берді досына. ❌ → Ол кітап алып келді де, досына берді. ✅
-
Біз дайындадық концерт көрсеттік ата-ана. ❌ → Біз концерт дайындап, ата-аналарға көрсеттік. ✅
-
Қыз отырды орындық ұйықтап қалды сабақта. ❌ → Қыз сабақта орындықта отырып, ұйықтап қалды. ✅
-
Балалар отырды топ әңгіме құрады бірге. ❌ → Балалар топпен отырып, әңгіме құрады. ✅
-
Біз жедік алма ішттік шырын бірге. ❌ → Біз алма жеп, шырын іштік. ✅
-
Ол әкелді су гүлге құйды. ❌ → Ол су әкеліп, гүлге құйды. ✅
-
Ана киді пальто шықты дала. ❌ → Ана пальто киіп, далаға шықты. ✅
-
Біз ойнадық ойын шаршадық кешке. ❌ → Біз ойын ойнап, кешке шаршадық. ✅
-
Бала алды нан кесті пышақпен. ❌ → Бала нан алып, пышақпен кесті. ✅
-
Қыз әкелді су ішті өзі. ❌ → Қыз су әкеліп, өзі ішті. ✅
-
Біз шықтық дала көрдік күн. ❌ → Біз далаға шығып, күнді көрдік. ✅
-
Ол қойды кітап үстел жазды тапсырма. ❌ → Ол кітапты үстелге қойып, тапсырма жазды. ✅
-
Балалар отырды орындық сөйледі бірге. ❌ → Балалар орындықта отырып, бірге сөйледі. ✅
-
Біз бардық мектеп ерте дайындалдық сабақ. ❌ → Біз ерте мектепке барып, сабаққа дайындалдық. ✅
-
Әке отырды машина жөндеді ұзақ. ❌ → Әке отырып, машинаны ұзақ жөндеді. ✅
-
Біз кеттік дүкен сатып алдық азық-түлік. ❌ → Біз дүкенге барып, азық-түлік сатып алдық. ✅
-
Бала құлады жылады қатты. ❌ → Бала құлап, қатты жылады. ✅
-
Біз дайындадық сыйлық апайға бердік. ❌ → Біз сыйлық дайындап, апайға бердік. ✅
-
Ол ішіп қойды су әкеліп өзі. ❌ → Ол су әкеліп, өзі ішіп қойды. ✅
-
Біз қарадық сурет күліп жібердік. ❌ → Біз суретке қарап, күліп жібердік. ✅
-
Ана отырды баламен айтты ертегі. ❌ → Ана баламен отырып, ертегі айтты. ✅
-
Біз жаздық хат апардық досқа. ❌ → Біз хат жазып, досқа апардық. ✅
-
Ол мініп алды автобус жетті үй. ❌ → Ол автобусқа мініп, үйге жетті. ✅
-
Балалар дайындады көрме көрсетті ата-ана. ❌ → Балалар көрме дайындап, ата-аналарына көрсетті. ✅
Оқушыларға қате табу + түзету тәсілін қолдану – өте тиімді, себебі олар:
-
қатені талдап үйренеді,
-
сөз тәртібін бекітеді,
-
сөйлемді логикалық тұрғыдан толық құрауға дағдыланады.
3.5 Диалог толықтыр
«Диалог толықтыр» – бұл
оқушыларға дайын диалогтың тек бір бөлігін (немесе бірнеше
репликаны) беріп, жетіспейтін сөздерді, тіркестерді немесе
сөйлемдерді өз бетімен толықтыруға мүмкіндік беретін әдіс.
Мақсат – оқушыны дайын үлгіден шығып, ойлануға, сөйлем құрауға,
ситуацияға сәйкес сөз таңдауға үйрету.
Мақсаты:
-
Коммуникативтік дағды қалыптастыру: Оқушы нақты жағдаятта өз ойын айтуға дағдыланады.
-
Сөйлем құрау машығын дамыту: Жетпей тұрған репликаны ойластырып, грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырады.
-
Сөздік қорды бекіту: Бұрын үйренген сөздерді қолданып, есте сақтауын күшейтеді.
-
Логикалық ойлауды дамыту: Диалогтың мазмұнын түсініп, жалғастыруға логикалық шешім табады.
-
Тілдік белсенділікті арттыру: Оқушылардың сабаққа қатысуы, сөйлеу белсенділігі жоғарылайды.
Артықшылықтары:
-
Тілді өмірлік жағдаятта қолдануға үйретеді – оқушылар шынайы өмірге жақын диалог құрады (дүкенде, автобус ішінде, мектепте).
-
Диалог жүргізу қабілетін дамытады – сұрақ қою, жауап беру, әңгіме жалғастыру дағдысы қалыптасады.
-
Қателерді түзетуге мүмкіндік береді – мұғалім оқушылардың құрастырған репликаларын бірлесе талдап, қатесін түзете алады.
-
Ойын элементін қосуға болады – рөлдік ойын түрінде, жарыс форматында өткізуге өте ыңғайлы.
-
Топтық/жұптық жұмысқа тиімді – оқушылар бірге ойласып, диалогты бірлесіп құрастырады.
-
Деңгейге бейімдеуге оңай – бастауышта қысқа реплика, жоғары деңгейде күрделі диалог, сценарий беруге болады.
-
Шығармашылық қабілетті ашады – оқушы өзіндік нұсқа ұсынады, бірнеше нұсқаны салыстыруға болады.
Қолдану кеңестері:
-
Мұғалім әр диалогты нақты тақырыппен байланыстырып береді (мысалы, «Дүкенде», «Сыныпта», «Қонақта»).
-
Жеткіліксіз сөздер санын оқушылардың деңгейіне қарай таңдауға болады (А деңгей – бір сөз, B деңгей – сөйлем, C деңгей – бірнеше сөйлем).
-
Сабақ соңында оқушылар өз диалогтарын сахналап, рөлдік ойын ретінде көрсетуге болады.
-
Тапсырманы жарыс түрінде ұйымдастыру (қай жұп ең қызықты немесе дұрыс диалог жасайды).
Тапсырма үлгілері:
Тапсырмалар A, B, C деңгейлеріне бөлінген:
- A деңгейі – қысқа диалог (1-2 реплика),
- B деңгейі – орташа диалог (3-4 реплика),
- C деңгейі – рөлдік ойын (4+ реплика).
A деңгейі (1–40) – Қысқа диалог
-
– Сәлем, Айдана!
– Сәлем, ________!
– Қайда барасың?
– ________ барамын. -
– Сен не істеп отырсың?
– ________ істеп отырмын. -
– Қандай түсті жақсы көресің?
– ________ түсті жақсы көремін. -
– Бүгін күн қандай?
– Бүгін күн ________. -
– Қолыңда не бар?
– Қолымда ________ бар. -
– Қайда тұрасың?
– Мен ________ тұрамын. -
– Қандай ойыншық жақсы көресің?
– Мен ________ жақсы көремін. -
– Мектепке кіммен барасың?
– ________ барамын. -
– Бүгін сабақ бар ма?
– ________. -
– Қандай жануар ұнайды?
– Маған ________ ұнайды. -
– Не жегің келеді?
– ________ жегім келеді. -
– Дүкенге барасың ба?
– ________. -
– Қазір нешеде?
– Қазір ________. -
– Сыныпта кім отыр?
– ________ отыр. -
– Кітап қайда?
– Кітап ________. -
– Мынау кім?
– Бұл ________. -
– Сен неше жастасың?
– Мен ________ жастамын. -
– Сенің досың бар ма?
– Иә, ________. -
– Қазір қай мезгіл?
– Қазір ________. -
– Бұл не?
– Бұл ________. -
– Қайда барайық?
– ________ барайық. -
– Сенің атың кім?
– Менің атым ________. -
– Қандай спорт түрін жақсы көресің?
– Мен ________ жақсы көремін. -
– Сенің әкең не істейді?
– Әкем ________. -
– Не ішіп отырсың?
– ________ ішіп отырмын. -
– Досың қайда?
– Ол ________. -
– Сенің сүйікті тағамың қандай?
– ________. -
– Сен неге күлдің?
– ________. -
– Қазір қайда барамыз?
– ________ барамыз. -
– Сабақ қызық па?
– ________. -
– Қандай күнді ұнатасың?
– ________ күнді ұнатамын. -
– Сен кімге ұқсайсың?
– Мен ________ ұқсаймын. -
– Бүгін қай күн?
– Бүгін ________. -
– Сенің телефоның бар ма?
– Иә, ________. -
– Бұл кімнің қаламы?
– Бұл ________. -
– Сыныпта не бар?
– Сыныпта ________ бар. -
– Сен қайда отырсың?
– Мен ________ отырмын. -
– Не тыңдап отырсың?
– Мен ________ тыңдап отырмын. -
– Бұл сурет әдемі ме?
– ________. -
– Саған не сыйлады?
– Маған ________ сыйлады.
B деңгейі (41–70) – Орта диалог
-
– Сәлем, Аян!
– Сәлем, ________!
– Бүгін қайда барамыз?
– ________ барамыз. -
– Не істеп жатырсың?
– ________ істеп жатырмын.
– Қиын ба?
– ________. -
– Бүгін ауа райы қалай?
– ________.
– Серуенге шығамыз ба?
– ________. -
– Дүкеннен не аласың?
– ________.
– Маған да аласың ба?
– ________. -
– Қандай мультфильм көрдің?
– ________.
– Ұнады ма?
– ________. -
– Қайдан келе жатырсың?
– ________.
– Не істедің?
– ________. -
– Досыңды көрдің бе?
– ________.
– Ол не істеп жүр?
– ________. -
– Қандай ән тыңдадың?
– ________.
– Әдемі ме?
– ________. -
– Қайда демалдың?
– ________.
– Қандай болды?
– ________. -
– Сабаққа дайынсың ба?
– ________.
– Қандай пән оқимыз?
– ________. -
– Қандай ойын ойнадың?
– ________.
– Қайда ойнадың?
– ________. -
– Үй тапсырмасын орындадың ба?
– ________.
– Не қиын болды?
– ________. -
– Жаңа фильм көрдің бе?
– ________.
– Қандай екен?
– ________. -
– Аспанда не көріп тұрсың?
– ________.
– Қандай әдемі?
– ________. -
– Қайда қыдырдың?
– ________.
– Не көрдің?
– ________. -
– Сыныпта не істедіңдер?
– ________.
– Қызықты болды ма?
– ________. -
– Қандай ойыншық сатып алдың?
– ________.
– Қай түсті?
– ________. -
– Жаңа сөздерді жаттадың ба?
– ________.
– Қанша сөз жаттадың?
– ________. -
– Досыңмен қайда бардың?
– ________.
– Не істедіңдер?
– ________. -
– Бүгін не істейміз?
– ________.
– Сен не әкелдің?
– ________. -
– Мектепке не үшін барамыз?
– ________.
– Сабақтан кейін не істейміз?
– ________. -
– Қандай кітап оқыдың?
– ________.
– Қызықты болды ма?
– ________. -
– Бұл суретте не көріп тұрсың?
– ________.
– Саған ұнай ма?
– ________. -
– Қандай түсті көйлек алдың?
– ________.
– Қайда киесің?
– ________. -
– Не пісіріп жатырсыңдар?
– ________.
– Дәмді ме? – ________.
-
– Бүгін кім келді?
– ________.
– Не әкелді? – ________.
-
– Қандай жануарды көрдің?
– ________.
– Ол не істеп тұр?
– ________. -
– Бала не істеп жатыр?
– ________.
– Ол қайда отыр?
– ________. -
– Сабақ неше минут болды?
– ________.
– Қандай тапсырма орындадыңдар?
– ________. -
– Достарың көп пе?
– ________.
– Олармен не істейсің?
– ________.
C деңгейі (71–100) – Ұзын диалог, рөлдік ойын
-
«Дүкенде»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Не қалайсыз?
– Маған ________ беріңізші.
– Тағы не керек?
– ________.
– Міне, алыңыз. -
«Автобуста»
– Бұл орын бос па?
– ________.
– Рұқсат па, отырайын?
– ________. -
«Дәрігерде»
– Сәлеметсіз бе, дәрігер!
– Сәлеметсіз бе! Не мазалайды?
– ________.
– Жарайды, тамағыңызды қарайын.
– ________. -
«Кітапханада»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Қандай кітап іздеп жүрсіз?
– ________.
– Міне, жаңа кітап бар.
– ________. -
«Асханада»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Не жейсіз?
– Маған ________.
– Шай аласыз ба?
– ________. -
«Поштада»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Не істейсіз?
– ________.
– Мына қағазды толтырыңыз.
– ________. -
«Сыныпта»
– Қандай тапсырма орындаймыз?
– ________.
– Қанша уақыт бар?
– ________. -
«Қонақта»
– Қош келдіңіздер!
– ________.
– Шайды қалай ішесіздер?
– ________. -
«Серуенде»
– Қарашы, не әдемі!
– ________.
– Суретке түсейік пе?
– ________. -
«Ойын алаңында»
– Допты қалай ойнаймыз?
– Алдымен ________.
– Содан кейін кім ойнайды?
– ________.
– Жеңімпазды қалай таңдаймыз?
– ________. -
«Дәріханада»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Не керек еді?
– Маған ________ дәрісі керек.
– Қанша дана аласыз?
– ________. -
«Таксиде»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Қайда барасыз?
– ________ апарыңызшы.
– Қай көшеден өтеміз?
– ________. -
«Көршімен»
– Сәлеметсіз бе, көрші!
– Сәлеметсіз бе! ________.
– Күн қалай?
– ________. -
«Мектепте»
– Сабақ бітті!
– Иә, қазір ________.
– Ертеңге үй жұмысы бар ма?
– ________. -
«Туған күнде»
– Туған күнің құтты болсын!
– Рахмет! ________.
– Сыйлығымды ал!
– ________. -
«Мерекеде»
– Ертең мереке болады.
– Қалай дайындаламыз?
– Алдымен ________.
– Ән айтатындар дайын ба?
– ________. -
«Стадионда»
– Қай команда жеңіп жатыр?
– ________.
– Қанша есеп?
– ________. -
«Кітап дүкенінде»
– Сәлеметсіз бе!
– Қандай кітап іздейсіз?
– ________.
– Мына кітап жаңа шықты.
– ________. -
«Кинотеатрда»
– Қандай фильм қараймыз?
– ________.
– Қай сеансқа барамыз?
– ________. -
«Ауруханада»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Қай дәрігерге жазыласыз?
– ________.
– Сағат нешеге жазайын?
– ________. -
«Көрмеде»
– Қарашы, мына сурет қандай әдемі!
– Иә, онда ________.
– Саған қайсысы ұнайды?
– ________. -
«Саябақта»
– Бүгін не істейміз?
– Алдымен ________.
– Содан кейін қайда барамыз?
– ________. -
«Достар арасында»
– Сенде қызық оқиға бар ма?
– Иә, кеше ________.
– Не болды?
– ________. -
«Үйде»
– Бүгін үйді тазалаймыз.
– Жарайды, мен ________.
– Ал мен ________. -
«Кафеде»
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Не жейсіз?
– Маған ________.
– Ішетін не аласыз?
– ________. -
«Жолда»
– Кешіріңіз, ________ қайда?
– Сіз тура жүріңіз, содан кейін ________.
– Рахмет!
– ________. -
«Әуежайда»
– Сәлеметсіз бе!
– Қай қалаға билет аласыз?
– ________.
– Қай күнге?
– ________. -
«Теміржол вокзалында»
– Сәлеметсіз бе!
– Қай бағытқа билет керек?
– ________.
– Қай уақытқа аламыз?
– ________. -
«Туған күн кешінде»
– Қош келдіңдер!
– Құттықтаймын! ________.
– Дәм татыңыздар.
– ________.
100.
«Жәрмеңкеде»
– Бұл қанша тұрады?
– ________.
– Сәл арзандатасыз ба?
– ________.
3.6 Сюжетті суреттен әңгіме жазу
Сюжетті суреттен әңгіме жазу – оқушылардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын және сөйлемді байланыстырғыш сөздермен құрау дағдысын дамытатын ең тиімді тапсырмалардың бірі.
-
Бейнелі ойлауды дамыту:
Оқушы суретке қарап, ондағы оқиғаны елестетеді, себеп-салдарлық байланыс құрастырады.
-
Сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру:
Баланың сөздік қорын пайдалана отырып, ойды жүйелі жеткізуге, сөйлемдерді байланыстырып, әңгіме құрастыруға үйретеді.
-
Шығармашылық қабілетін ояту:
Әр оқушы бірдей суреттен өз көзқарасына сай ерекше оқиға шығарады.
-
Контексті түсінуге үйрету:
Суреттегі кейіпкердің әрекетін, көңіл-күйін, уақыт пен орнын байқауға, мағыналық байланыс орнатуға жетелейді.
Мақсаты:
-
Сөйлем құрау дағдысын дамыту – оқушыға дайын визуалды материал беріліп, оны сөзбен сипаттауға дағдыландырады.
-
Логикалық ойлауын жетілдіру – суреттердің ретін анықтап, оқиғаның басталуы, дамуы, аяқталуын өз ойымен жеткізеді.
-
Сөздік қорды кеңейту – жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
-
Шығармашылық қабілетін дамыту – әр бала оқиғаны өзінше баяндап, шығармашылық тұрғыдан дамиды.
-
Мәтін құрастыруға үйрету – бір-бірімен байланысқан бірнеше сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазу дағдысын қалыптастырады.
-
Коммуникативтік дағдыны жетілдіру – жазған әңгімесін сыныпта оқып беру арқылы ауызекі сөйлеуді де дамытады.
Артықшылықтары:
-
Көрнекілік арқылы меңгеру – сурет оқушыға түсінікті, визуалды қолдау береді.
-
Жағымды атмосфера – қызықты иллюстрациялар сабаққа эмоциялық бояу қосады.
-
Деңгейге бейімдеуге болады – жеңілдетілген (А) және күрделендірілген (С) әңгіме құрастыру тапсырмаларын беру оңай.
-
Шығармашылық еркіндік – әр оқушы оқиғаны өзінше аяқтауға, кейіпкерлерге ат қоюға мүмкіндік алады.
-
Жұптық/топтық жұмысқа ыңғайлы – сурет бойынша ортақ әңгіме құрастырып, бірігіп айтуға болады.
-
Тілді практикалық қолдану – дайын мәтін жаттаудан гөрі, өз әңгімесін құрау арқылы грамматикалық құрылымдарды бекітеді.
-
Жазылым + айтылымды қатар дамыту – жазған әңгімесін дауыстап айтып беру арқылы екі дағдыны бір уақытта дамытады.
Тапсырма үлгілері:
А деңгейі (1–15) – 4 сурет, қарапайым сөйлемдер (әр суретке 1 сөйлем)
-
«Дүкенде» – Анасы дүкенге барады → Себетке алма салады → Ақша төлейді → Үйге келеді.
-
«Мектепке бару» – Бала оянады → Киінеді → Сөмкесін алады → Мектепке барады.
-
«Ас пісіру» – Қыз көкөніс жуып жатыр → Қазанды отқа қояды → Ас пісіп жатыр → Үйдегілер тамақ ішеді.
-
«Гүл суару» – Қыз құман алады → Гүлге су құяды → Гүл өсіп тұр → Қыз қуанып тұр.
-
«Достар кездесті» – Досы есік қағады → Балалар амандасады → Шай ішіп отыр → Ойыншықпен ойнайды.
-
«Кітап оқу» – Оқушы үстелде отыр → Кітап оқып отыр → Сурет салып отыр → Кітабын сөмкесіне салады.
-
«Құсқа жем беру» – Бала аулаға шықты → Қолында нан бар → Құстар келді → Олар нан жеді.
-
«Велосипед тебу» – Бала велосипедін алып шықты → Аулаға шықты → Велосипед тепті → Қуанып тұр.
-
«Шар үрлеу» – Қыз шар алып тұр → Шар үрлеп жатыр → Шарды байлады → Бөлмеге іліп қойды.
-
«Ағаш отырғызу» – Балалар шұңқыр қазады → Көшет отырғызады → Су құяды → Көшет өсті.
-
«Қармен ойнау» – Далада қар жауып тұр → Балалар қар лақтырып жатыр → Аққала жасады → Қуанып тұр.
-
«Ойыншық жинау» – Бала ойыншық ойнады → Анасы шақырды → Бала ойыншық жинады → Үй таза болды.
-
«Жаңбырда» – Аспан бұлттанды → Жаңбыр жауды → Қыз қолшатыр ұстады → Үйге кірді.
-
«Досына қонаққа бару» – Бала сыйлық дайындады → Есікті қақты → Досы қарсы алды → Шай ішті.
-
«Су ішу» – Бала стақан алды → Су құйды → Су ішті → Стақанды қойды.
B деңгейі (16–35) – 4–5 сурет, 2–3 сөйлемнен тұратын мәтін
-
«Кітапханада» – Оқушы кітапханаға келді → Кітап таңдады → Оқып отыр.
Мәтін: «Оқушы кітапханаға келді. Кітап таңдады. Сыныптастарымен бірге оқып отыр.» -
«Асханаға бару» – Балалар асханаға кірді → Тамақ алды → Тамақ жеді → Асхана тазаланып жатыр.
-
«Саябақта серуендеу» – Қыз бен анасы серуендеп жүр → Құстарды көрді → Суретке түсті → Үйге қайтты.
-
«Таңертеңгілік ас» – Әке шай дайындады → Балалар үстелге отырды → Тамақ ішті → Мектепке шықты.
-
«Жануарға қамқор болу» – Бала күшікті көрді → Тамақ берді → Сумен шомылдырды → Күшік ұйықтап қалды.
-
«Сыныпта сабақ» – Мұғалім тақтаға жазды → Оқушылар жазып отыр → Бір оқушы жауап беріп тұр → Мұғалім бағалады.
-
«Ойын алаңында» – Балалар әткеншек тебуде → Бірі сырғанақта → Басқа балалар ойнап жүр → Күн ашық.
-
«Кітап сатып алу» – Анасы дүкенге келді → Кітап таңдады → Ақша берді → Кітапты балаға сыйлады.
-
«Мерекеге дайындық» – Балалар шар үрлеп жатыр → Үстелге тәттілер қойды → Гирлянда ілді → Мереке басталды.
-
«Сурет көрмесі» – Балалар көрмеге келді → Суреттерді қарап тұр → Суретшімен сөйлесті → Суретке түсті.
-
«Досқа көмек» – Досы құлап қалды → Балалар көмектесті → Орнынан тұрды → Ойын жалғасты.
-
«Туған күн» – Досы сыйлық алып келді → Торт қойылды → Шам үрледі → Балалар би биледі.
-
«Жолда жүру» – Бала жолдан өтіп барады → Бағдаршам жасыл → Бала өтіп кетті → Қауіпсіздік сақталды.
-
«Саяхат» – Бала чемодан жинады → Автобусқа мінді → Жаңа қалаға барды → Достар тапты.
-
«Дүкенде ойыншық таңдау» – Қыз ойыншық көрді → Анасына көрсетті → Анасы сатып алды → Қыз қуанды.
-
«Дәрігерге бару» – Бала ауырды → Дәрігерге барды → Дәрі берді → Бала жазылды.
-
«Таңғы жаттығу» – Бала тұрып жаттығу жасады → Су ішті → Таңғы ас ішті → Мектепке кетті.
-
«Мектеп концертi» – Балалар сахнаға шықты → Ән айтты → Би биледі → Көрермендер қол соқты.
-
«Ауылға бару» – Бала ауылға барды → Ата-әжесі қарсы алды → Бақшаға барды → Жеміс терді.
-
«Сыныпта мереке» – Балалар безендірді → Мұғалім құттықтады → Балалар тақпақ айтты → Сыйлық алды.
C деңгейі (36–50) – 5 сурет, толық әңгіме (3–5 сөйлем)
-
«Жазғы демалыс» – Бала ауылға барды → Достар тапты → Өзенге барды → Балық ұстады → Кешке әңгімелесті.
Мәтін: «Жазда бала ауылға барды. Ол достарымен өзенге барып, балық ұстады. Кешке бәрі бірге әңгіме айтып отырды.» -
«Мектеп жәрмеңкесі» – Балалар тәттілер пісірді → Жәрмеңке ашылды → Ата-аналар келді → Барлығы сатып алды → Қор жиналды.
-
«Жаңбырлы күн» – Аспан бұлттанды → Жаңбыр жауды → Балалар қолшатыр ұстады → Лужада ойнады → Үйге кірді.
-
«Қысқы ойындар» – Балалар шана тепті → Аққала жасады → Қар атысты → Қуанды → Шай ішті.
-
«Жаңа жыл мерекесі» – Аяз ата келді → Балалар ән айтты → Сыйлық таратты → Би биледі → Шырша жанды.
-
«Мектепке дайындық» – Анасы дәптер алды → Бала сөмкесін жинады → Киімін дайындады → Ертең мектепке барды.
-
«Аспаздық жарыс» – Балалар көкөніс турады → Ас пісірді → Дәм татты → Жеңімпазды таңдады → Сыйлық берді.
-
«Сыныпта жаңа тақырып» – Мұғалім түсіндірді → Балалар жазды → Сұрақ қойды → Тақтаға шықты → Баға алды.
-
«Мектептен кейін» – Балалар сабақтан шықты → Аулаға барды → Ойын ойнады → Үйге қайтты → Сабаққа дайындалды.
-
«Саяхатта» – Балалар тауға шықты → Суретке түсті → Ас ішті → Табиғатты тамашалады → Қайтып келді.
-
«Құстарға қамқорлық» – Бала жем салды → Құстар ұшты → Торғай отырды → Жем жеді → Ұшты.
-
«Фестиваль» – Сахна безендірілді → Қатысушылар дайындалды → Ән айтты → Қол соқты → Сыйлық алды.
-
«Жәрмеңке күні» – Балалар заттарын қойды → Ата-аналар келді → Зат сатып алды → Ақша жиналды → Қайырымдылыққа берді.
-
«Достар мерекесі» – Балалар дастархан жасады → Ойын ойнады → Ән айтты → Би биледі → Күлді.
-
«Табиғатқа саяхат» – Балалар орманға барды → Сурет салды → Жеміс терді → Әңгімелесті → Автобусқа отырды.
3.7 Сөйлемнен мәтін құрау
Бұл тапсырмада оқушыға бірнеше
дайын сөйлем ұсынылады, ол оларды мағыналық және хронологиялық
ретпен орналастырып, қысқа мәтін құрайды.
Әдістің мәні – балаларға мәтіннің құрылымын
түсіндіру: басталуы, дамуы, қорытындысы
бар логикалық әңгіме жасауға
дағдыландыру.
Мақсаты:
-
Сөйлемдерді дұрыс реттеп, тұтас ойды құруға үйрету.
-
Логикалық байланыс орнату дағдысын қалыптастыру.
-
Мәтіннің құрылымын (кіріспе – негізгі бөлім – қорытынды) меңгерту.
-
Сөздік қорды және байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Артықшылығы:
-
Қарапайым және түсінікті – бастауыш сыныпқа ыңғайлы.
-
Логикалық ойлауды дамытады – сөйлемдердің мағыналық байланысын іздеуге жетелейді.
-
Мәтін құрастыруға дайындайды – жазылым дағдысының алғашқы сатысы.
-
Барлық деңгейге бейімделеді – сөйлем саны мен күрделілігін өзгертуге болады.
-
Жұптық және топтық жұмысқа қолайлы – бірлесіп шешім қабылдауға үйретеді.
-
Оқушылардың тілдік қоры мен сөйлем құру қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Тапсырма үлгілері:
1-бөлім: Табиғат (20 мысал)
-
Көктем
-
Жер беті жасыл түске боялды.
-
Қар еріді.
-
Құстар жылы жақтан ұшып келді.
-
-
Жаз
-
Күн ұзарды.
-
Балалар өзенге шомылды.
-
Жайлауда мал оттап жүр.
-
-
Күз
-
Жапырақтар сарғайды.
-
Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
-
Күн суыта бастады.
-
-
Қыс
-
Балалар қардан аққала жасады.
-
Қар қалың жауды.
-
Аяз күшейді.
-
-
Жаңбыр
-
Аспанды бұлт басты.
-
Күн күркіреді.
-
Жаңбыр жауды.
-
-
Жел
-
Ағаштар шайқалды.
-
Күшті жел соқты.
-
Шаң көтеріле бастады.
-
-
Бұлақ
-
Бұлақтан су сылдырап ағады.
-
Балалар су ішті.
-
Бұлақтың суы мөлдір.
-
-
Тау
-
Таудың басында қар жатыр.
-
Төменде өзен ағып жатыр.
-
Тау бөктерінде гүлдер өсіп тұр.
-
-
Күн
-
Таң атты.
-
Күн көкжиектен көтерілді.
-
Аспан қызарып тұр.
-
-
Ай мен жұлдыз
-
Түн болды.
-
Ай шықты.
-
Жұлдыздар жымыңдады.
-
-
Қарлығаш
-
Ұясына тары әкелді.
-
Қарлығаш ұшып жүр.
-
Балапандар аузын ашып тұр.
-
-
Көбелек
-
Көбелек ұшып қонды.
-
Гүлдің тозаңын жинады.
-
Қанатын қағып ұшып кетті.
-
-
Құмырсқа
-
Құмырсқа жолға дән тасыды.
-
Олар тізбектеліп бара жатыр.
-
Ұясына жетті.
-
-
Жаңбырдан кейін
-
Күн шықты.
-
Аспанда кемпірқосақ пайда болды.
-
Балалар шаттанды.
-
-
Жайлау
-
Жазда жайлауға көштік.
-
Қой өрісте жүр.
-
Балалар қозы қуып ойнап жүр.
-
-
Балық аулау
-
Әкесі қармақ лақтырды.
-
Балық қармаққа ілінді.
-
Баласы қуанды.
-
-
Көктемгі жаңбыр
-
Жауыннан кейін жер иісі шықты.
-
Шөптер жайқалды.
-
Ауа таза болды.
-
-
Құстар күні
-
Балалар ұя жасады.
-
Оған жем салды.
-
Құстар келіп қонды.
-
-
Шаңғы тебу
-
Балалар шаңғыларың киді.
-
Қар үстімен сырғанады.
-
Қуана күлді.
-
-
Көктемгі гүлдер
-
Қызғалдақтар гүлдеді.
-
Дала түрлі түске боялды.
-
Аралар гулге қонды.
-
2-бөлім: Отбасы және мерекелер (20 мысал)
-
Туған күн
-
Анасы торт әкелді.
-
Досы сыйлық берді.
-
Біз қуанып ән айттық.
-
Жаңа жыл
-
Шырша әкелдік.
-
Оны әдемі безендірдік.
-
Аяз ата сыйлық таратты.
-
Наурыз
-
Дастарқан жайылды.
-
Наурыз көже пісірілді.
-
Қонақтар келді.
-
Отбасы
-
Әкем газет оқып отыр.
-
Анам ас әзірлеуде.
-
Біз үй тапсырмасын орындап отырмыз.
-
Әже
-
Әже ертегі айтып берді.
-
Біз қызыға тыңдадық.
-
Соңында бәріміз күліп алдық.
-
Демалыс күні
-
Таңертең бәріміз серуенге шықтық.
-
Саябақта ойнадық.
-
Балмұздақ жедік.
-
Дүкенге бару
-
Анаммен дүкенге бардым.
-
Нан мен сүт сатып алдық.
-
Үйге қайттық.
-
Қонаққа бару
-
Біз тәтемнің үйіне бардық.
-
Олар бізді қуана қарсы алды.
-
Бірге шай іштік.
-
Таңғы ас
-
Анасы дастарқан дайындады.
-
Бәріміз жиналдық.
-
Таңғы ас іштік.
-
Кешкі ас
-
Әкем жұмыстан келді.
-
Біз дастарқан басына отырдық.
-
Анам дәмді ас ұсынды.
-
Ата
-
Ата бау-бақшаға кетті.
-
Ол ағаштарды суарды.
-
Біз көмектестік.
-
Іні
-
Інім ойыншықтарын жинады.
-
Бөлме таза болды.
-
Анам риза болды.
-
Аға
-
Ағам кітап оқып отыр.
-
Ол жаңа сөздер үйренді.
-
Бізге айтып берді.
-
Жазғы демалыс
-
Біз ауылға бардық.
-
Атқа міндік.
-
Өзенде шомылдық.
-
Қысқы демалыс
-
Таңертең шанамен сырғанадық.
-
Қардан аққала жасадық.
-
Қолғап кидік.
-
Мерекелік кеш
-
Мектепте концерт болды.
-
Балалар ән айтты.
-
Би биледі.
-
Сыйлық
-
Досым гүл сыйлады.
-
Мен қуандым.
-
Оған рақмет айттым.
-
Киноға бару
-
Біз билет алдық.
-
Залға кірдік.
-
Кино тамашаладық.
-
Мектепке дайындық
-
Сөмкеге кітаптар салдым.
-
Қалам, қарындаш жинадым.
-
Ертеңгі сабаққа дайын болдым.
-
Жазғы ойын
-
Достарыммен футбол ойнадық.
-
Доп торға тиді.
-
Біз жеңдік.
3-бөлім: Мектеп өмірі (20 мысал)
-
Сабақ басталуы
-
Сабақ басталды.
-
Мұғалім тақтаға жазды.
-
Балалар дәптерлерін ашты.
-
Қоңырау уақыты
-
Қоңырау соғылды.
-
Балалар сыныптан жүгіріп шықты.
-
Далада ойнай бастады.
-
Сөз жаттау
-
Марат партада отырды.
-
Ол жаңа сөздерді жаттады.
-
Дәптеріне жазды.
-
Айжанның жауабы
-
Сабақта Айжан тақтаға шықты.
-
Ол есеп шығарды.
-
Мұғалім оны мақтады.
-
Дене шынықтыру сабағы
-
Бүгін дене шынықтыру сабағы болды.
-
Балалар спортзалға барды.
-
Олар секірді, жүгірді.
-
Дәптерін ұмытты
-
Әлібек дәптерін үйде қалдырып кетті.
-
Ол көршісінен қағаз сұрады.
-
Сабаққа дайындалды.
-
Тыныш сабақ
-
Сыныпта тыныштық болды.
-
Барлығы мәтін оқып отырды.
-
Мұғалім бақылап тұрды.
-
Диктантқа дайындық
-
Ертең диктант болады.
-
Балалар жаңа сөздерді қайталады.
-
Мұғалім кеңес берді.
-
Кітап көрмесі
-
Сыныпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
-
Балалар сүйікті кітаптарын әкелді.
-
Олар бір-біріне көрсетті.
-
Жаңа тақырып
-
Сабақта жаңа тақырып басталды.
-
Мұғалім суреттер көрсетті.
-
Балалар сұрақ қойды.
-
Кітапханаға бару
-
Кітапханаға бардық.
-
Кітапханашы бізге жаңа кітап берді.
-
Біз оны қуана алдық.
-
Музыка сабағы
-
Сабақта музыка тыңдадық.
-
Ән айттық.
-
Қобыздың үні қатты ұнады.
-
Сурет сабағы
-
Бүгін сурет сабағы болды.
-
Біз қарындашпен сурет салдық.
-
Бәрінің суреті әдемі шықты.
-
Жаңа оқушы
-
Сыныпқа жаңа оқушы келді.
-
Біз онымен таныстық.
-
Ол өте ұялшақ екен.
-
Сенбілік жұмысы
-
Балалар мектеп ауласын тазалады.
-
Қоқыс жинады.
-
Гүл отырғызды.
-
Мерекелік кеш
-
Сынып жетекші мереке ұйымдастырды.
-
Біз тақпақ айтып, би биледік.
-
Барлығы көңілді болды.
-
Қиын есеп
-
Математика сабағында қиын есеп болды.
-
Балалар бірігіп шығарды.
-
Мұғалім дұрыс екенін айтты.
-
Информатика сабағы
-
Информатикада компьютер қостық.
-
Біз сурет салдық.
-
Өте қызық болды.
-
Бақылау жұмысы
-
Бүгін бақылау жұмысы болды.
-
Барлығы мұқият жазды.
-
Мұғалім бағалады.
-
Сынып тазалығы
-
Сыныпта сенбілік болды.
-
Біз парта сүрттік, еден жудық.
-
Сынып таза болды.
4-бөлім: Қала – ауыл өмірі (20 мысал)
-
Ауыл көрінісі
-
Біздің ауыл әдемі.
-
Онда жасыл ағаш көп.
-
Ауылдың ортасында өзен ағады.
-
Қаладағы өмір
-
Қалада көлік көп.
-
Көшелерде адамдар асығып жүр.
-
Дүкендер ашық тұр.
-
Базарға бару
-
Базарға бардық.
-
Көкөніс пен жеміс сатып алдық.
-
Қуана үйге қайттық.
-
Мал бағу
-
Ауылда мал жайылып жүр.
-
Балалар қой қайырды.
-
Күн жылы болды.
-
Қаланың түнгі көрінісі
-
Қалада биік үйлер бар.
-
Түнде олардың шамдары жанып тұрады.
-
Көше жарық болды.
-
Автобуспен жүру
-
Автобусқа отырдық.
-
Кондуктор билет берді.
-
Біз аялдамаға жеттік.
-
Дүкеннен азық алу
-
Дүкенге бардым.
-
Нан мен сүт сатып алдым.
-
Сөмкеге салдым.
-
Ауылдағы мереке
-
Ауылда наурыз мерекесі өтті.
-
Барлығы алаңға жиналды.
-
Ән айтылып, би биленді.
-
Қалалық саябақ
-
Қалада саябақ бар.
-
Онда әткеншек пен сырғанақ бар.
-
Балалар ойнап жүрді.
-
Көршілермен кездесу
-
Көршілермен амандастық.
-
Бірге аулада әңгімелестік.
-
Шай іштік.
-
Салқын бұлақ
-
Ауылда суы салқын бұлақ бар.
-
Біз одан су іштік.
-
Өте дәмді болды.
-
Қалалық театр
-
Қалада театрға бардық.
-
Қойылым көрдік.
-
Барлығына ұнады.
-
Жол қозғалысы
-
Қалада жол көп.
-
Бағдаршамда тоқтадық.
-
Жасыл жанғанда өттік.
-
Таңғы ауыл
-
Ауылда таңертең әтеш шақырады.
-
Барлығы ерте тұрады.
-
Күн шығады.
-
Мұражайға бару
-
Қалада мұражайға бардық.
-
Онда ескі заттар көп екен.
-
Экскурсовод әңгімеледі.
-
Ауылдағы түн
-
Ауылда түнде жұлдыз көп.
-
Олар жарқырап тұрды.
-
Ай үлкен болды.
-
Үйге жол
-
Автобустан түстік.
-
Үйге жаяу бардық.
-
Жолда әңгімелестік.
-
Жаздағы өзен
-
Ауылда жазда балалар өзенге шомылады.
-
Олар су шашып ойнайды.
-
Барлығы көңілді.
-
Қаланың дүкендері
-
Қалада дүкендер көп.
-
Олар кешке дейін ашық тұрады.
-
Адамдар сатып алады.
-
Қысқы ауыл
-
Ауылда қыс ұзақ.
-
Қар көп жауады.
-
Балалар аққала жасайды.
5-бөлім: Ойын және демалыс (20 мысал)
-
Доп ойнау
-
Балалар доп тепті.
-
Олар алаңда жүгірді.
-
Қатты күлді.
-
Велосипед тебу
-
Аян велосипедпен жүрді.
-
Оның жаңа велосипеді бар.
-
Ол қуанды.
-
Туған күн
-
Бүгін туған күн.
-
Балалар қонаққа келді.
-
Барлығы сыйлық берді.
-
Бақшадағы ойын
-
Достар бақшада ойнады.
-
Олар жапырақ терді.
-
Ойын қызықты болды.
-
Аққала тұрғызу
-
Қыста аққала тұрғыздық.
-
Қардан қамал жасадық.
-
Суретке түстік.
-
Асық ойнау
-
Асан асық ойнады.
-
Оның асығы өте әдемі.
-
Достары қызыға қарады.
-
Тауға шығу
-
Марат тауға шықты.
-
Ол гүл терді.
-
Табиғатты тамашалады.
-
Футбол матчы
-
Достар футбол ойнады.
-
Екі команда құрылды.
-
Бір команда жеңді.
-
Жасырынамыз ойыны
-
Аулаға көрші бала келді.
-
Біз жасырынамыз ойнадық.
-
Барлығы көңілді болды.
-
Әткеншек тебу
-
Бақшада әткеншек тептік.
-
Айналып ойнадық.
-
Қатты күлдік.
-
Жазғы демалыс
-
Жазда көлге бардық.
-
Суға шомылдық.
-
Құмда ойнадық.
-
Мектептен кейін
-
Мектептен кейін балалар серуенге шықты.
-
Аулада ойнады.
-
Шаршағанша жүгірді.
-
Қуыршақпен ойнау
-
Айдана қуыршақпен ойнады.
-
Оған көйлек кигізді.
-
Шашын тарады.
-
Қонаққа бару
-
Ағайындар қонаққа келді.
-
Үлкендер шай ішті.
-
Балалар ойнады.
-
Мультфильм көру
-
Кешке мультфильм көрдік.
-
Барлығымыз бірге отырдық.
-
Қызығып қарадық.
-
Қысқы ойын
-
Далада қырау түсті.
-
Балалар шаңғы тепті.
-
Қар атысты.
-
Ағаштан алма теру
-
Арман ағашқа шықты.
-
Ол алма терді.
-
Достарына берді.
-
Балмұздақ жеу
-
Жазда балмұздақ жедік.
-
Салқын әрі тәтті болды.
-
Қуанып күлістік.
-
Шанамен сырғанау
-
Қыста шанамен сырғанақ тептік.
-
Бірге жарыстық.
-
Құлап күлдік.
100. Жұлдыз санау
-
Кешке жұлдыз санадық.
-
Ай дөңгелек болып көрінді.
-
Түн тыныш болды.
3.8 Шағын тесттер
Тест формалары:
-
Дұрыс жауапты таңда
-
Сөйлем дұрыс па, қате ме?
-
Сөзді суретпен сәйкестендір
-
Бос орынды толтыр
Шағын тесттер – сабақта немесе
сабақ соңында қолданылатын қысқа, нақты тапсырмалар жиынтығы.
Мәні – оқушының білімін жылдам тексеру, жаңа тақырыпты қаншалықты
меңгергенін көру, қателерді бірден түзету.
Мақсаты:
-
Жедел кері байланыс алу.
-
Оқушының қысқа уақыт ішінде ойлану, жауап беру қабілетін дамыту.
-
Қателерін көруге мүмкіндік беру.
-
Сабақтағы материалды бекіту, есте сақтауын күшейту.
Артықшылығы:
-
Тез тексеріледі, мұғалімге де, оқушыға да ыңғайлы.
-
Оқушыны қызықтырады – ойын элементі сияқты сезіледі.
-
Танымдық белсенділікті арттырады – балалар жауапты іздеп белсенді жұмыс істейді.
-
Уақытты үнемдейді – 3–5 минут ішінде нәтиже көрінеді.
-
Барлық оқушыны қамтиды – бір мезетте бүкіл сынып жұмыс істейді.
Дұрыс жауапты таңда:
-
Мен мектепке … .
а) барамын б) ұшамын в) жүгір -
Күннің түсі қандай?
а) жасыл б) сары в) көк -
Астана – … .
а) қала б) ауыл в) мектеп -
Қар … .
а) жылы б) ақ в) жасыл -
Менің атым … .
а) сен б) ол в) Айгүл -
Қазақстанның астанасы – … .
а) Алматы б) Астана в) Шымкент -
Қыс мезгілі … .
а) суық б) ыстық в) жылы -
Дүкенде не сатылады?
а) ойыншық б) нан в) барлық жауабы дұрыс -
Мектепте не істейміз?
а) ұйықтаймыз б) оқимыз в) ойнаймыз -
Жемістерге не жатады?
а) алма б) қияр в) сәбіз -
«Сәлем» сөзінің мағынасы:
а) қоштасу б) амандасу в) ренжу -
Қандай жануар ұшады?
а) жылқы б) құс в) сиыр -
Бүгін күн жылы. Бұл қай мезгіл?
а) қыс б) көктем в) күз -
Мектепке кім барады?
а) мұғалім б) оқушы в) дәрігер -
«Рақмет» сөзі нені білдіреді?
а) алғыс б) реніш в) сұрақ -
Дәптерге немен жазамыз?
а) қалам б) сызғыш в) өшіргіш -
Аспанның түсі … .
а) қызыл б) көк в) қара -
Таңертең біз … .
а) ұйықтаймыз б) тұрамыз в) жүгіреміз -
Күзде … .
а) жаңбыр жауады б) күн ыстық в) қар түседі -
Қысқа не тән?
а) қар б) жапырақ в) гүл -
Қазақстан қай материкте?
а) Азия б) Еуропа в) Африка -
Дастарқанға не қоямыз?
а) кітап б) тамақ в) ойыншық -
Сүт … .
а) ақ б) жасыл в) көк -
Аптада неше күн бар?
а) 5 б) 6 в) 7 -
«Қош бол!» сөзі – … .
а) амандасу б) қоштасу в) сұрақ
Сөйлем дұрыс па, қате ме?:
-
Алматы – Қазақстанның астанасы.
-
Қыс мезгілінде қар жауады.
-
Жемістер сары түсті болады.
-
Дәптерге қаламмен жазамыз.
-
Күн түнде шығады.
-
Қияр – көкөніс.
-
Сиыр ұшады.
-
Қазақстан Еуропада орналасқан.
-
Көктемде гүлдер өседі.
-
Балмұздақ ыстық болады.
-
Жазда күн ыстық болады.
-
Аптада 10 күн бар.
-
Мектепте біз оқимыз.
-
Үйде ұйықтаймыз.
-
Аспан жасыл түсті.
-
Жаңбыр күзде жауады.
-
Дәрігер мектепте сабақ береді.
-
Сүт ақ түсті.
-
Үстелге отырамыз.
-
Күзде жапырақтар сарғаяды.
-
Күз – суық мезгіл.
-
Кітаппен сурет саламыз.
-
«Сәлем!» – қоштасу сөзі.
-
Сәбіз – жеміс.
-
Қыс – суық мезгіл.
Сөзді суретпен сәйкестенді:
-
Алма
a) ? b) ? c) ? -
Күн
a) ?️ b) ☀️ c) ? -
Қар
a) ? b) ❄️ c) ? -
Мысық
a) ? b) ? c) ? -
Ит
a) ? b) ? c) ? -
Құс
a) ? b) ? c) ? -
Гүл
a) ? b) ? c) ? -
Ағаш
a) ? b) ? c) ? -
Нан
a) ? b) ? c) ? -
Сүт
a) ? b) ? c) ☕ -
Үй
a) ? b) ? c) ? -
Мектеп
a) ? b) ? c) ? -
Кітап
a) ? b) ? c) ? -
Қалам
a) ✏️ b) ?️ c) ?️ -
Сөмке
a) ? b) ? c) ? -
Көлік
a) ? b) ? c) ? -
Дәптер
a) ? b) ? c) ? -
Дәрігер
a) ?⚕️ b) ?? c) ?? -
Мұғалім
a) ?⚕️ b) ?? c) ?? -
Дүкен
a) ? b) ? c) ? -
Кеме
a) ⛵ b) ? c) ? -
Ұшақ
a) ? b) ✈️ c) ? -
Сағат
a) ⏰ b) ⌛ c) ?️ -
Телефон
a) ? b) ? c) ? -
Жаңбыр
a) ?️ b) ❄️ c) ?️
Бос орынды толтыр:
-
Мен мектепке ___ . (барамын)
-
Бүгін күн ___ . (жылы)
-
Бұл – менің ___ . (досым)
-
Дәптерге ___ . (жазамын)
-
Күзде жапырақтар ___ . (сарғаяды)
-
Қыс мезгілінде қар ___ . (жауады)
-
Менің атым ___ . (Айгүл)
-
Бұл – ___ үйі. (менің)
-
Біз мектепте ___ . (оқимыз)
-
Аспан ___ түсті. (көк)
-
Балмұздақ ___ болады. (суық)
-
Таңертең біз ___ . (тұрамыз)
-
Бұл – ___ қаламы. (сенің)
-
Менің сөмкемде ___ бар. (кітап)
-
Мен дүкенге ___ . (барамын)
-
Күн ___ шығады. (таңертең)
-
Көктемде гүлдер ___ . (өседі)
-
Құстар жылы жаққа ___ . (ұшады)
-
Қолымда ___ бар. (алма)
-
Үстелде ___ жатыр. (кітап)
-
Мектепте ___ оқытамыз. (сабақ)
-
Бұл – менің ___ дәптерім. (жаңа)
-
Досымның аты ___ . (Аян)
-
Әкем жұмыстан ___ келеді. (кешке)
-
Біз ___ сөйлесеміз. (қазақша)
Мұғалімдерге ұсыныс:
-
Сабақтың соңында немесе жаңа тақырып алдында қолдану тиімді.
-
5–7 сұрақтан асырмау – шаршатпайды.
-
Түрлі форматтарды алмастырып отыру – қызығушылық сақталады.
-
Нәтижені бірден талқылау – қателерді түзетуге мүмкіндік береді.
-
Мүмкін болса, түсті суреттер, пиктограммалар қолдану – визуалды есте сақтауға көмектеседі.
4. Қосымша материалдар
4.1. Мәтіндер жинағы
Мәтіндер - оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге және мәтінді түсіну қабілетін жетілдіруге арналған. Әртүрлі мәтіндер үлгілері (қысқа, ұзын мәтіндер, диалогтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сурет бойынша мәтіндер) арқылы оқушылар әртүрлі тілдік жағдаяттармен танысады, ойды жүйелі жеткізуге дағдыланады.
Мақсаты:
-
Оқушыларды мәтін мазмұнын түсінуге, негізгі ойын табуға үйрету.
-
Сөздерді сөйлемге, сөйлемдерді мәтінге байланыстырып қолдану дағдысын қалыптастыру.
-
Байланыстырып сөйлеу, диалог құру, сұрақ-жауапқа қатысу дағдыларын дамыту.
-
Лексикалық қорын кеңейтіп, грамматикалық құрылымдарды бекіту.
-
Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Мазмұн түрлері:
-
Қысқа мәтіндер (3–5 сөйлем) – бастауыш сыныптарға ыңғайлы, оқып түсінуге жеңіл.
-
Ұзын мәтіндер (8–12 сөйлем) – оқушыларды байланыстырып сөйлеуге, оқиғаларды рет-ретімен айтуға үйретеді.
-
Диалогтар – сұрақ-жауап, күнделікті өмірдегі сөйлесім үлгілері.
Құрастыру ерекшелігі:
-
Тілдік деңгейге сай – қарапайым, түсінікті сөздер.
-
Қысқа сөйлемдер – бастауыш сыныпқа оңай қабылданатындай.
-
Қызықты кейіпкерлер – балаларға қызық болатындай.
-
Суретпен – әсіресе 1–2 сыныпқа сурет қоса берсе жақсы.
Қысқа мәтіндер (3–5 сөйлем)
1. Ауылда
Біздің ауыл әдемі. Онда өзен бар. Балалар жайлауда ойнап жүр.
2. Мектепте
Сабақ басталды. Мұғалім тақтаға жазды. Біз дәптерімізді аштық.
3. Базарда
Біз базарға бардық. Алма, сәбіз сатып алдық. Үйге қуанып келдік.
4. Қыста
Қар жауды. Біз аққала тұрғыздық. Шана тептік.
5. Көктемде
Күн жылынды. Қар еріді. Гүлдер өсе бастады.
6. Жазда
Біз жазда көлге бардық. Суға шомылдық. Балмұздақ жедік.
7. Күзде
Жапырақ сарғайды. Жаңбыр жауды. Біз қолшатыр ұстадық.
8. Дүкенде
Анаммен дүкенге бардық. Жемістер сатып алдық. Төлем жасадық. Үйге қайттық.
-
Үйде
Бүгін демалыс. Үй жинауға кірістік. Бөлмені жинадық. Ойыншықтарды орнына қойдық. Еден жудық.
-
Мектепте
Бүгін біз мектепке бардық. Мұғалім жаңа тақырып түсіндірді. Біз дәптерге жаздық. Жаңа білім алдық.
-
Қыс
Қыс мезгілі келді. Жерді қар басты. Балалар шанамен сырғанады. Қардан аққала жасады.
-
Үй жануарлары
Біздің үйде ит бар. Ол үйді қорғайды. Мысық та бар. Ол тышқан ұстайды.
-
Сабақта
Бүгін қазақ тілі сабағы болды.
Біз жаңа сөздер үйрендік. Мұғалім суреттер көрсетті. Біз бәріміз
хормен қайталадық.
-
Жаңбыр
Аспанды бұлт басты. Жаңбыр жауды. Балалар қолшатыр алды. Жазғы жаңбыр астында серуендеп қайтты.
-
Көктем
Көктемде күн жылынады. Құстар ұшып келеді. Табиғат оянады. Ағаштар бүршік атады.
-
Наурыз мерекесі
Көктемгі керемет мереке – Әз Наурыз. Аулаға киіз үй тігілді. Дәмді тағамдар пісірді. Достарыммен ұлттық ойындар ойнадық.
-
Кітапхана
Кітапханада көп кітап бар. Біз кітап алып оқимыз. Кітап білім көзі.
-
Сурет сабағы
Бүгін сурет сабағы болды. Алманың суретің салдық. Сары, жасыл, қызыл түстермен боядық. Мұғалім бізді мақтады.
-
Ән сабағы
Ән сабағы көңілді өтеді. Біз ән айтамыз. Мұғалім күй тартады.
-
Туған күн
Бүгін менің туған күнім. Анам тәтті бәліш әзірледі. Достарым қонаққа келді. Көп силық сыйлады.
Ұзын мәтіндер:
1. Наурыз мерекесі
Бүгін Наурыз мерекесі. Ауылдың адамдары алаңға жиналды. Киіз үйлер тігіліп, дастарқан жайылды. Әжелер бауырсақ пісірді. Аталар бата берді. Балалар асық ойнады. Жігіттер бәйге ұйымдастырды. Қыз қуу ойыны өтті. Күй тартылды, ән айтылды. Барлығы мерекеге риза болды.
2. Мектептегі мереке
Бүгін мектепте мереке болды. Сынып жетекшіміз залды әдемі безендірді. Балалар тақпақ айтты. Ән айтты, би биледі. Қонақтар қол соқты. Мұғалімдер қуанды. Соңында сыйлық берілді. Барлығы суретке түсті.
3. Бір күндік саяхат
Біз таңертең ерте тұрдық. Автобусқа отырдық. Қала сыртына шықтық. Орманға бардық. Табиғатты тамашаладық. Құстардың даусын тыңдадық. Суға шомылдық. Тамақ ішіп, ойын ойнадық. Кешке үйге қайттық. Өте көңілді күн болды.
4. Қысқы ойындар
Қыс келді. Аулада қар қалың түсті. Балалар қар лақтырды. Аққала жасады. Шаңғы, шана тепті. Қар қамал тұрғызды. Бәрі көңілді ойнады. Киімдері су болды. Үйге кіріп, шай ішті.
5. Достарыммен демалыс
Демалыс күні болды. Достарымызбен саябаққа бардық. Әткеншек тептік. Доп ойнадық. Жапырақ тердік. Суретке түстік. Көл жағасына бардық. Балмұздақ жедік. Күн жылы болды. Кешке үйлерімізге қайттық.
-
Дүкенде
Бүгін анам мені дүкенге алып барды. Дүкен үлкен, жарық екен. Есіктен кіргенде жемістер тұрған сөрені көрдік. Анасы себетке қызыл алма салды. Мен сүт пен нан таңдадым. Сатушы күліп қарсы алды. Сөмкеміз ауырлап кетті. Үйге қайтып бара жатып, мен анама көмектестім. Үйге келген соң, сөмкедегі заттарды орнына қойдық.
-
Достар
Аян мен Динара жақсы достар. Олар әр күн сайын бірге ойнайды. Бүгін олар аулада кездесті. Аян жаңа доп әкелді. Динара да қуанды. Олар доп тепті, жүгірді, секірді. Көрші балалар да қосылды. Барлығы шулап, күліп ойнады. Күн ашық әрі жылы еді. Ойыннан кейін балалар су ішіп, тынықты. Олар ертең де кездесуге келісті.
-
Үй жануарлары
Біздің үйде ит бар. Оның аты – Тұздық. Ол үйді күзетеді. Келген адамды үріп қарсы алады. Бізде мысық та бар. Оның аты – Мияу. Ол әдемі әрі мейірімді. Мияу тышқан ұстайды. Ит екеуі дос сияқты. Кейде олар бірге ойнайды. Үй жануарлары бізге қуаныш сыйлайды. Біз оларды жақсы көреміз.
-
Дәрігер
Дәрігер – маңызды мамандық. Ол адамдарды емдейді. Біздің ауылда жақсы дәрігер бар. Оның аты – Айбек аға. Ол үнемі күліп жүреді. Біз ауырсақ, оған барамыз. Ол тексереді, кеңес береді. Дәрі жазып береді. Біз тез жазыламыз. Дәрігердің еңбегі зор. Біз оны құрметтейміз.
-
Жаңбыр
Кеше күн бұлттанды. Кенет аспаннан тамшылар түсе бастады. Жаңбыр қатты жауды. Балалар қолшатырларын ашты. Кейбірі резеңке етік киді. Жолдарда су жиналды. Балалар суға секіріп ойнады. Ағаштар мен гүлдер жуылды. Ауа салқын әрі таза болды. Кешке күн қайта шықты.
5.2. Диалогтар
1.
Дүкенде
– Сәлеметсіз бе!
–
Сәлеметсіз бе! Не керек
еді?
– Маған бір нан беріңізші.
– Міне, алыңыз.
– Рахмет!
2.
Асханада
– Не жейсің?
– Мен бауырсақ жеймін.
– Ал мен шай ішемін.
– Жарайды, бірге отырайық.
3.
Кітапханада
– Қандай кітап іздеп жүрсің?
– Ертегі кітап.
– Міне, мынау ұнай ма?
– Иә, рахмет!
4. Мектептен
кейін
– Қайда барасың?
– Үйге барамын.
– Сабақ оқисың ба?
– Иә, кешке оқимын.
5.
Дәрігерде
– Қай жерің ауырып тұр?
– Тамағым ауырады.
– Температураңды өлшейік.
– Жақсы.
6.
Достармен
– Қайда кездесеміз?
– Аулаға кел.
– Қай уақытта?
– Сағат бесте.
7.
Қыста
– Қар жауды!
– Аққала жасайық па?
– Иә, шана да тебеміз.
– Кеттік!
8.
Жазда
– Шомылуға барамыз ба?
– Иә, өзенге барайық.
– Доп аламыз ба?
– Әрине!
9.
Саябақта
– Мына әткеншекке отырайық па?
– Иә, кезек күтейік.
– Міне, босады.
– Жүр, әткеншек тебейік.
10.
Сыныпта
– Бұл есеп қиын ба?
– Сәл қиын.
– Бірге шығарайық.
– Иә, жақсы ой!
14.
Театрда
– Қойылым қашан басталады?
– Сағат жетіде.
– Билет алдың ба?
– Иә, алдыңғы қатардан.
15.
Қалада
– Қай автобуспен барамыз?
– №5 автобуспен.
– Көп күттік пе?
– Жоқ, қазір келеді.
16.
Дүкенде
– Бұл алма қанша тұрады?
– 500 теңге.
– Мынау тәтті ме?
– Иә, өте тәтті.
17.
Үйде
– Үй жұмысын бітірдің бе?
– Жоқ, әлі жазып жатырмын.
– Көмектесейін бе?
– Иә, рахмет.
18.
Балабақшада
– Қандай ойын ойнаймыз?
– Қуырмаш ойнайық.
– Мен бірінші болайыншы!
– Жарайды.
19.
Ауылда
– Таңертең ерте тұрамыз ба?
– Иә, малға барамыз.
– Бұзауларға шөп береміз.
– Кеттік.
20. Кітап
оқығанда
– Мына ертегі ұнады ма?
– Иә, өте қызық.
– Соңын білгің келе ме?
– Иә, оқып берші!
4.2 Бағалау және рефлексия
1. Формативті бағалау (күнделікті бағалау)
Формативті бағалау – сабақ барысында оқушының жетістігін бақылау және бірден кері байланыс беру. Бұл әдіс оқушыны қорқытпай, керісінше қолдауға бағытталған.
Бағалау критерийлері:
|
Дағды |
Критерий |
Бағалау түрі |
|
Сөйлем құрау |
3–4 сөзден тұратын сөйлем құрайды |
✔ / + / – |
|
Дұрыс грамматика |
Септік, жіктік жалғауларды дұрыс қолданады |
✔ / + / – |
|
Сөздердің ретін сақтайды |
Қазақ тіліндегі SOV құрылымын сақтайды |
✔ / + / – |
|
Белсенділік |
Диалогқа, ойынға қатысады |
✔ / + / – |
|
Шығармашылық |
Өз ойын қосып, жаңа сөйлемдер айтады |
✔ / + / – |
Бағалау әдістері:
-
«Бағдаршам» әдісі – жасыл (түсіндім), сары (жартылай), қызыл (түсінбедім)
-
«Смайлик» карточкалары – жақсы, орташа, қиналдым
-
Жұптық өзара бағалау – оқушылар бір-бірінің сөйлемін тыңдап, ✔ немесе «+» қояды
2. Рефлексия («Мен не үйрендім?»)
Сабақ соңында 2–3 минут рефлексия жасау оқушыға өз жетістігін сезінуге көмектеседі.
Қарапайым бет үлгісі:
Мен бүгін:
-
Жаңа 3 сөз үйрендім
-
3 сөйлем құрадым
-
Диалогта сөйлестім
-
Қиындық болды: ____________
Мұғалім бұл парақшаларды жинап, келесі сабақ жоспарын құруда қолдана алады.
3. Оқушының жеке прогресс кестесі
Мұғалім әр оқушыға арналған жеке парақ жүргізе алады:
|
Апта |
Үйренген сөз саны |
Құрастырған сөйлем саны |
Белсенділік |
Түсініктеме |
|
1 |
10 |
5 |
+ |
Өте белсенді |
|
2 |
12 |
7 |
++ |
Сөйлемдер күрделенді |
|
3 |
8 |
6 |
+ |
Жаңа сөздерді қайталау қажет |
Бұл кесте тоқсан соңында ата-анаға немесе оқушыға көрсетіліп, жетістік динамикасы айқындалады.
4. Өзін-өзі бағалау
«5 саусақ» әдісі:
-
Жаңа білім алдым
-
Бәрін түсіндім
-
Қиын болды
-
Досыма көмектестім
-
Өзіме сенімдімін
«Эмоция термометрі»: оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін таңдайды (күліп тұрған смайлик – қызықты, бейтарап – қалыпты, мұңды смайлик – қиын болды).
5. Портфолио жинақтау
Оқушылардың жазған сөйлемдері, әңгімелері, сызбалары арнайы папкада сақталады. Тоқсан соңында «менің жетістіктерім» бұрышы ұйымдастырылады.
6. Мұғалімге рефлексия
Мұғалім әр сабақ соңында 2 сұраққа жауап береді:
-
Бүгінгі сабақта мақсатқа жеттім бе?
-
Қандай қиындық болды, келесіде не өзгертемін?
Бұл тәсіл әдістемелік жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.
7. Мотивация элементтері
-
Стикер кестесі: әр сабақта жаңа сөз айтқан оқушыға стикер беріліп, апта соңында ең көп стикер жинаған оқушы марапатталады.
-
Мадақтау картасы: «Үздік сөйлем құраушы», «Белсенді қатысушы» сияқты атаулармен сертификат беру.
-
Level-up жүйесі: ойын элементі – оқушы деңгейі (Beginner → Explorer → Master) өсіп отырады.
-
Қорытынды
Бұл оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеріп жатқан орыс тілді оқушылардың сөйлем құрау дағдысын дамытуға бағытталды. Құралда ұсынылған ғылыми-теориялық мәліметтер, әдістемелік нұсқаулар мен практикалық тапсырмалар бір-бірімен сабақтаса отырып, оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге ғана емес, сол сөздерді дұрыс байланыстырып, жүйелі сөйлем құрауға дағдыландырады.
Жұмыс барысында қазақ тілін үйренушілердің басты қиындықтары айқындалды: орыс тілінің ықпалы, грамматикалық жалғауларды қолданудағы қателер, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін бұзу, коммуникативтік тәжірибенің жеткіліксіздігі. Осы мәселелерді шешу үшін құралда сатылай үйрету принципі (сөз → сөз тіркесі → сөйлем → мәтін) негізге алынып, біртіндеп күрделене түсетін жаттығулар жүйесі жасалды.
Әдістемелік бөлімде коммуникативтік әдіс, PPP моделі, TPRS әдісі, тапсырма арқылы оқыту, біріктіріп оқыту және ойын технологиялары сияқты заманауи тәсілдер ұсынылды. Бұл әдістер оқушылардың белсенді қатысуын арттырып, қазақ тілін табиғи жолмен меңгеруіне мүмкіндік береді. Әсіресе рөлдік ойындар, диалогтар, сөйлем жарыстары мен шығармашылық тапсырмалар оқушыны еркін сөйлеуге ынталандырады.
Практикалық бөлімде берілген тапсырмалар – сөздерді ретке келтіру, қате сөйлемді түзету, сурет бойынша сөйлем құрау, әңгіме жалғастыру – оқушылардың сөйлемді логикалық тұрғыда дұрыс құруына жағдай жасайды. Сонымен бірге мұғалімдерге арналған үлгі сабақ жоспарлары мен бағалау критерийлері оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Құралдың практикалық маңызы зор. Ол:
-
қазақ тілі сабақтарында негізгі оқулықпен қатар қосымша көмекші ретінде;
-
факультативтік сабақтарда, тіл дамыту курстарында;
-
үй жұмысы мен өзіндік дайындық барысында қолданыла алады.
Жалпы алғанда, бұл оқу-әдістемелік құрал оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуіне, ойын жүйелі жеткізуіне, грамматикалық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді. Мұғалімдер үшін де ол – дайын әдістемелік көмекші, ал оқушылар үшін – сөйлем құрауды жеңілдететін практикалық жинақ.
Болашақта бұл құралды кеңейтіп, қосымша тақырыптық мәтіндер, цифрлық жаттығулар мен интерактивті тапсырмалар енгізу ұсынылады. Бұл оның қолдану аясын кеңейтіп, оқушылардың қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз.
-
Әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Астана, 2007.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (МЖБС). – Астана: ҚР БҒМ, 2018.
-
Қазақ тілін оқыту бағдарламасы (Жаңартылған білім мазмұны). – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016.
-
Жылдық және тақырыптық күнтізбелік жоспарлар. – Алматы, 2023.
-
Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы. – НЗМ ДББҰ, 2019.
-
Айғабылов А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 2019.
-
Жұбанова Ә. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.
-
Рахметова С. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 2015.
-
Жұмабекова Ф. Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту тәжірибесі. – Павлодар, 2017.
-
Қасым Б. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары. – Алматы: Білім, 2018.
-
Әбілқаев А. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Ана тілі, 2016.
-
Қайдар Ә., Салқынбай А. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Арыс, 2008.
-
Cummins, J. Language, Power and Pedagogy: Bilingual Children in the Crossfire. – Clevedon: Multilingual Matters, 2000.
-
Krashen, S. Principles and Practice in Second Language Acquisition. – Oxford: Pergamon Press, 1982.
-
Larsen-Freeman, D. Techniques and Principles in Language Teaching. – Oxford: Oxford University Press, 2011.
-
Richards, J.C., Rodgers, T.S. Approaches and Methods in Language Teaching. – Cambridge: Cambridge University Press, 2014.
-
Brown, H.D. Teaching by Principles: An Interactive Approach to Language Pedagogy. – New York: Pearson Education, 2007.
-
Asher, J. Learning Another Language through Actions (TPR). – Los Gatos: Sky Oaks Productions, 2009.
-
Ray, B., Seely, C. Fluency through TPR Storytelling. – Berkeley: Command Performance Language Institute, 2015.
-
Nation, I.S.P. Teaching ESL/EFL Reading and Writing. – New York: Routledge, 2009.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз