400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөздің адам сезіміне әсері. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға сөз құдіретін, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу. оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары.

Күні: I топ- III топ-

II топ- VI топ-

Сабақтың  тақырыбы: Сөздің адам сезіміне әсері.

Сабақтың максаты:

Білімділік: оқушыларға сөз құдіретін, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер.

Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)Журнал бойынша түгелдеу.

ІІ.Оқушының білімін тексеру.

1. Өздерің оқыған шығармадан алган әсерлерің жөнінде әңгімелеңдер.

2.Ондағы суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.

3. Жазғы демалыс кезінде оқыған шыгармаларыңның кейіпкерлері жөнінде эңгімелеңдер, олар саған несімен ұнады?

4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе ұнаган шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.

5. «Өнер алды - қызыл тіл» дегенді қалай түсінетіндеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар.





ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.

Сөз – қарым-қатынастық тұлға. Тілдік қатынас төмендегі аталған қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асатының балалардың түйсігіне жеткізу.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлеу дегеніміз – әрекет. Сөйлеу тілдік материалдар арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ сөйлеу тілдік заң ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірімен ажырамас бірлікте жүреді. Сол себепті үйренетін тіл туралы, оның өзіндік ерекшеліктері мен грамматикалық құбылыстарын, заңдылықтарын танып білмейінше, ол тілді үйрену мүмкін емес. 118Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліндегі лексиканың жүйесімен салыстыру тіл үйренушілерге жеңілдік жасайды. Әсіресе, арнайы лексиканы студенттерге таныстыруда ерекше орын алады. Сөйлеп үйренуге арналған арнайы лексиканы талдау жұмысы қазақ тіліндегі септік жалғауларды, әсіресе тәуелдік және жіктік жалғауларды өткенде өте керек. Тәуелдік және жіктік жалғаулар қазақ тілінің ерекшелігі екеніне көңіл аударуды керек етеді. Жіктік жалғау орыс тіліндегі лексикамен салыстырғанда ол “тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктік жалғаулы сөздер әрдайым баяндауыш болады. Олай болса, жіктік жалғау – баяндауышқа тән жалғау”. Техникалық мамандықтарға іріктелген арнайы лексиканы талдау екі тілдегі кірме сөздердің, яғни, орыс тілі арқылы қабылданған сөздер мен сөз тіркестерін салыстыра

зерттеуді керек етеді.

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес қатынас құралы ретінде үйретудің лингвистикалық негіздерін қарастыруда түсіндірме сөздіктермен, қазақша-орысша терминологиялық сөздіктермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, лексикалық минимумды сұрыптауға көңіл бөлінді. Мамандыққа қажетті лексиканы сұрыптауда сөздің көп мағыналылығы, терминнің лексикалық-семантикалық мәні, тақырыппен сәйкестігі, т.б. белгілері мен ерекшеліктері ескерілді.

Сөз – қарым-қатынастық тұлға. Студенттерге арналған ғылыми мәтінді талдау арқылы логикалық тұрғыдан бөлшектеу және мағыналық жағынан ықшамдау мәтінді практикалық

сабақтарда студенттердің пайымдауын жеңілдетеді. Тілді үйрету мен меңгеру ісінде – мәтінмен жұмыс ерекше мәнге ие болады. Мәтін көркем, бейнелі, жеңіл болса – студенттің оқып-түсінуіне, меңгеруіне көп көмек етеді. Мәтіннің маңыз-мәні, белгілі бір тақырыпқа құрылуы да оқып-үйренушілер үшін аса пайдалы болмақ. Тілдік қатынас жоғарыда аталған қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Мәселен, егер кәсіптік мектептің оқушысы қазақша сөйлей тұрып, қазақ тіліндегі дыбыстарды өз екпінімен дұрыс айтпай орыс тіліндегідей етіп, бұрып айтса, оны бірде-бір тыңдаушы түсінбейді. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. Олай болса, фонетикалық дағдыларға ерекше көңіл аудару қажет. Сондықтан алғащқы кезеңде фонетикалық дағдыларды қалыптастыру ісіне айрықша көңіл бөлініп, әрі қарай дамытылып отырылғаны дұрыс. Тақырып аясына сөздерді дұрыс топтау оқушылардың қазақ тіліндегі сөздік қорын арттырады, бір-бірімен сол тілде қарым-қатысқа түсуге жағдай тудырады.

Оқушылардың сөздік қорын үнемі байытып отыру сөйлеу тілін дамытудағы негізгі мәселе болғандықтан, қазақша сөйлеуге үйрету барысында олардың сөздік қорын кеңейтуге ерекше мән берген жөн. Оқу кезінде жаңа сөздер күн санап өсіп отырады. Алғашқы үйренген сөздер мен кейінгі жаттаған лексика бір-бірін толықтырып, сөздік құрамда үздіксіз қолданылып жүрсе ғана, ол сөйлеу үшін тиімді саналады. Сондай-ақ лексикалық матери-алдарды оқушыларға оқытуда ескертетін бір жайт — жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық бере алмайды. Лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір ғана мағынамен шектеу қиын. Өйткені қазақ тіліндегі сөздердің әрқайсысы алуан түрлі мағынаны білдіреді. Қазақша сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін, адам сөйлем құрай білуі қажет, сөйлем құрау үшін, сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардысөйлемде дұрыс орналастыру керек. Олай болса, оқушыларға сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды үйрету, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту, сөйлемнің жасалу жолдарын білдіру қажет. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Ал сөйлеудің бәрі

119сөйлемнен құралады. Грамматиканы жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлемді құрастыра алады. Мұның бәрі қазақ тілін оқушыларға оқытқанда грамматиканы теориялық тұрғыда емес, тілдің қолданыс құралы ретінде оқытудың қажет екенін білдіреді.



V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.

1. Сөз - белгілі нәрсеге айтылған сөйлеу ме?

2. Мәтінде сөйлеушінің ниеті (түпкі ойы) жүзеге асады.

3. Әр түрлі көлемді мәтіндер — бұл біршама түгелденген сөйлеу; 4.Мәтін тақырыбын таңдап алуға болады, бұл оның мазмұнын және негізгі ойын білдіреді;

5. Дұрыс дайындалған мәтіннің басы және соңы бар




VІ. Жаңа сабақты бекіту.

Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

VІІ. Үйге тапсырма. Түсінік айту. Бағалау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі