400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөздің қарым-қатынаста атқаратын ролі. 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға сөз құдіретін, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулуоқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары.

Күні: I топ- III топ-

II топ- VI топ-

Сабақтың  тақырыбы:  Сөздің қарым-қатынаста атқаратын ролі.

Дұрыс сөйлеу негізгі ереже.

Сабақтың максаты:

Білімділік: оқушыларға сөз құдіретін, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер.

Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)Журнал бойынша түгелдеу.

ІІ.Оқушының білімін тексеру.

1. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі?

2.Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие?
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтарындағы эстетикалық тәрбие
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстарды ата



ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сөз құдіреті, әдебиет пәнінің өзгешеліктері, шығармалар тарихы жайлы түсіндіремін.






IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар!

Сендер сыныптан сыныпқа аттаған сайын сөз өнерінің тылсым сырына дендей еніп келе жатырсыңдар. Әдебиет оқулығы - бұл орайда сендерге бағыт-бағдар сілтеп, кеңесші болатын көшбасшы пэн. Байқап отырғандарыңдай, жыл сайын сендерге үсынылатын шығармалардың аукымы да үлғайып, түр-сипаты да күрделеніп келеді. Сонымен бірге сендер окулық материалдарымен ғана шектеліп қалмай, өздеріңе үнаған шығармаларды іздеп жүріп күмарта оқып жүрген де боларсыңдар. Көркем әдебиетпен шынайы достасқан адам өзіне мэңгілік ақылшы дос тапқандай, бар ынты-шынтысымен кітапқа беріледі. Ол бейне бір сиқыр-лап алғандай өз қүдіретіне табынта тарта береді. Оның әсер-қуаты шексіз де шалқар...

Өлең оқыған кезде сендер ерекше елітіп, көркем де көрікті элемге енесіңдер, ақынның жүрек лүпілімен бірге толқып, дэл бір өз көкейлеріңдегі сыр шертіліп жаткандай эсерленесіңдер; жақсыға сүйініп, жаманға күйінесіңдер; сөзбен салынған суретке көзбен көргендей тэнті боласыңдар; ақынның арман-мүңы ел мүратымен үласып, қиялдарыңа қанат бітіреді. Кекіректеріңде өзің оқып түйсінген, өзіңе ғана таныс ғажайып элем пайда болады. Одан алатын әсер-қуатты қарапайым тілмен жеткізудің өзі қиын.

Ал небір қызғылықты, шытырман, тарихи оқиғаларға қүрылган эңгіме, повесть, романдарды оқығандағы әсерлерің ше? Бар дүниені үмытып, сол оқиғалардың ішінде жүргендей етене араласып кетпейсіңдер ме? Өздеріңмен пікірі, ой дүниесі, іс-эрекеті үйлесетін сырлас достар табасыңдар, олардың жақсылықтарына куанып, ағаттыктарына капаланасыңдар. Сол сиякты бар болмыс-бітімімен жиіркендіретін жағымсыз бейнелермен де жүздесіп, олардың эрбір эрекетіне іштей күрес ашасыңдар. Жаксылык пен жамандықтың мэңгілік күресіне күрылған тіршіліктің жанды суреттерінен түратын көркем эдебиет күрделі табиғатымен сендерді бірде күлдіріп, бірде жылата отырып, өмірді өнер арқылы тануға баурайды.

Көркем эдебиет үгіт-насихат айтпайды; неден жерініп, неден ғибраттану жөнінде нұсқау да бермейді; ол өмірдің мөлдірген жанды көрінісін сендердің алдарыңа жайып салады да, одан алатын тағылымды эркімнің өз талғам-таразысына қалдырады. Көркем әдебиеттің құдіреттілігі де осында. Осы қүдіретімен ол өнердің барлық түрінен жоғары түрады.





Мәселен, сәулет, сурет, мүсін өнерлерінің туын-дыларын тамашалап, көз сүйсіндіруге болады. Немесе музыка өнерінің небір ғажап шығармаларын тыңдап, сезім күйіне бөленесіңдер. Бүлардың барлығы да өнер туындылары, барлыгы да өзінше қүдіретті. Бірақ олардың ешқайсысы сөз өнеріндей өмірдің толыққанды көркем бейнесін сомдай алмайды. Сөз күдіреті арқылы сендер небір тамылжыған табиғат суретін, келісті түлғаны, эсем ғимаратты көз алдарыңа елестете аласыңдар, эн мен күйдің эуені қүлақтарыңда түрғандай сезімге де бөленесіңдер. Тарихтың терең қойнауына саяхат жасап, өткен бабалар ғүмырына қанығып, бүгінгі замандастарыңның тыныс-тіршілігіне үңіліп, арман-мүңын бөлісе аласыңдар.

Суретші өз ойын бояу арқылы қүбылта жеткізсе, сазгер эуен аркылы сезім қылын шертеді. Әдебиетте мүның барлығы тілдің қүдіреті арқылы жасалады. Тіл - көркем әдебиеттің бірінші кұралы. Тіл болғанда, ол - шешен тіл, әсем де әсерлі көркем тіл. Тілдің мүндай қүдіретін сарқа пайдалану тек талантты ақын-жазушылардың ғана талайына жазылған. Сондықтан халық ондай асыл сөзді ерекше құрмсттеп, қадір түтады, ү.рпақтан үрпаққа өнеге етеді. Әрине, дарынды сөздің көркем әдебиетке айналуының өзіндік қыр-сыры, ішкі заңдылықтары болады. Көркем әдебиетті басқа ғылыми эдебиеттерден, тіпті оған бір табан жақын келетін пэн - тарихтан да өзгешелейтін ерек сипаттары бар. Әдебиет тарихи окигалардың жылнамасы да емес, өмірдің немесе элдекімнің басынан өткен шытырмаи оқиғаның көшірмесі де емес. Ол — өмір шындығының қаламгер жазушы қиялымен, дүниетанымымен байы-тылғаи көркем суреті. Жазушы өмірде болган кандай тарихи оқиганы суреттемесін, оны ең алдымен өз ой елегінен өткізеді, олардың ең басты сипаттарын анықтап, өз пайым-парасатының көрігіне сала отырып, қайта қорытады, жаңа мэн-мағына үстейді, көркемдік нэр береді, сөйтіп, оқырманға үсынатын дүниесінің мазмүны мен көркі астасқан жанды бейнесін жасайды. Былайша айтқанда, шьшдықты образ аркылы бедерлейді. Яғни көркем әдебиеттегі өмір суреті, адам келбеті - көркем бейне (образ) арқылы сомдалады. Көркем бейне жасауда суреткер эрқилы тэсілдерді қолданады. Оны эдебиеттану ғылымы зерделейді. Оқулықтағы материалдармен таныса отырып, сендер эдеби-теориялық үғымдар жөнінде (эсірелеу, шендестіру, өлең, эңгіме, повесть, баллада, т. б.) алғашқы мағлүмат аласыңдар. Бұлар сендерге көркем эдебиетті тереңірек түсініп, байыптай үғынуға жолбасшы болады.

Нағыз көркем эдебиетті тума дарын, қас шебер, сөз зергері туғызады. Шынайьт дарын — ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын тэңірдің сыйы. Жазушы дарыны өз халқының үлттық мэдениетінің нэріне суарылып, ана. тілінің кэусарынан сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденеді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне мәңгіге үялайтын болады.



Қуатты ой, өрнекті тілден бас құраган құнарлы өнер шығармаларын ел мәңгіге есінде ұстап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. Сендерді сол асыл сөз әлемі шақырады.

Міне осылайша әдебиеттің рөлі жайлы айтып болған соң мынадай тапсырма беремін:

V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.

1. Өздерің оқыған шығармадан алган әсерлерің жөнінде әңгімелеңдер.

2.Ондағы суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.

3. Жазғы демалыс кезінде оқыған шыгармаларыңның кейіпкерлері жөнінде эңгімелеңдер, олар саған несімен ұнады?

4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе ұнаган шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.

5. «Өнер алды - қызыл тіл» дегенді қалай түсінетіндеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

VІІ. Үйге тапсырма. Бағалау.

Жазғы демалыста оқыған шығармаларын талдау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
933
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі