«Орындалмаған арман» драмалық
спектакльі
(Саябақта атасы мен
немересі келе жатады)
-Ата,мына жерде орындық бар
екен, жүріңіз соған отырайық.
-Е, құлыным
отырайық,отырайық.
(атасы орындыққа отырған
соң жейдесін желпіп.....)
-Күн де ысып
кетті-ау.
-Ата қалтаңыздағы не
қағаз?
-Кәне, (деп қалтасынан қағазды
шығарады да ойға беріліп кетеді. Сол кезде өтіп бара жатқан көрші
ұлдар тоқтайды)
-Ата,
ассалаумағалейкум
-Уағалейкумассалам, қайдан
жүрсіңдер?
-Ата, сізді көріп
амандасайық деп тоқтадық
-Рахмет
қарақтарым
Ата, мына суреттегі кім?Бұл
не сурет?
-Е, бұл суреттің тарихы
сонау қиын заманда жатыр,менің балалық шағымның
айнасы
-Ата айтып
бересізбе?
-Айтып берейін
қарақтарым,жүріңдер анау көлеңкеге барып отырайықшы, мына жер тым
ыстық екен.
(барлығы сахнадан
кетеді)
-Сейіт, әй Сейіт!О құдай
мына жүгірмек қайда кетті екен?Таң атқалы осы үйден тірі жанды
таппадым ау.Шай ішейін деп едім, аузым кеуіп кетті ғой. Сейіт
қайдасың?
Әй балам ай, мына
суреттерін тағы шашып кетті.Кәрі анасына бір жаны ашымайды
өзінің.Жер көктің бәрі сурет.Не салыпты көрейінші өзін. Әй,
дегенмен жақсы салады екен.Бұны енді өзім жинамасам
болмас (жинай
бастайды)
Ойбай ау белім ай.Әй
құрсыншы өзі жинап алар. Әлгі Злиқа кемпірде келмей
қойдау,әншейінде осы үйден шықпайтын,әлде ауырып қалдыма?. Қайтсін
байғұс, жалғыз өзіне оңай деймісің.Жәмила жан қайда
кеткен?
(осы кезде тарсылдатып
Сейіт келеді)
-Сейіт сенсіңбе
құлыным?
-Иә апа, мен
ғой
-Қарағым ау қайда жүрсің?
Таң атқалы сені таппай жүрмін.Шай ішейін десем үйде ешкім
жоқ
-Апа, сабақтан келдім
ғой.
-Еее, ботам ау мына кәрі
анаңда ес қалды дейсіңбе, сенің сабақта екенің мүлдем есімнен шығып
кетіпті.Әкең мен ағаңды ойлап түн ұйқым төрт бөлініп күндіз дел сал
болып жүрем
Сейітжан мына суреттеріңді
тағы шашып кетіпсің,мына кәрі анаңды аясаң етті.Үнемі соңыңнан
жинайм да жүрем.
-Ой, апа, өзім жинаймын,
жата берсінші.Апа шай қоя беріңізші .
-ЕЕ,қарағым сол шай дайын
тұр ғой,таң атқалы ішетін адам таппай жүрмін
емеспе.
-Апа,жеңгем
қайда?
-Қайда болар дейсің жүрген
шығар қорада сиыр сауып.
(жеңгесі
келеді)
-Апа,тұрдыңызба? Мен
сиырларды сауып келдім, кәзір мына сүтті салқын жерге қойып келейін
сонан соң отырып шай ішейік.
-Келе ғой
кел,
(есік
қағылады)
-Келінжан біреу есік қағып
тұр- ау деймін
-Кәзір апа
ашамын
-Күндіз есікті іліп алғаны
несі, ол Аллай.
-А,Ораз аға сіз бе?Кіріңіз,
төрлетіңіз. Апа Ораз ағай келді.
-Ораз біргәдір сенсің
бе?
-Иә апа мен
ғой
-Кел балам, төрлет.Әй
Сейітжан ағаңа орындық әкеп бер,Жәмиләш шай
құйшы.
-Иә Оразжан, тыныштықпа?Не
жаңалық?
-Апа менің келген
себебім,өздеріңіз білесіздер соғыс болып жатыр.Қырманда жұмыс
істейтін адам қалмады.Мына келініңіз бен Сейітті қырманға өгіз
айдауға жұмысқа шақыра кеп тұрмын.
-Не дейді!?, сендердің осы
қылықтарыңнан әбден шаршадым!.Шалымды, үлкен ұлымды алғандарың
аздай ені осы екеуіне түсті ме көздерің!?.Бармайды
олар!
-Ой апа, менің он екі мүшем
сау болса сол қырмандағы жұмысты өзім ақ игеріп әкетпеймін
бе.Жағдайды түсінсеңіздерші!
-Ал менің сабағым
ше?
-Сен сабағыңды қоя
тұр,соғыс бітіп бейбіт заман орнасын,сонан соң үлгересің
бәріне.
-Ештеңе білмеймін ертең
таңертең Сейіт пен Жәмилә қырманға келсін. Бұл
бұйрық!
-Бұйрық, бұйрық деп
қорқытады әйтеуір. Осы үйде тыныш отырып шай ішетін күніміз
болама
-Апа уайымдамаңыз біз ертең
бара саламыз.Онда тұрған не бар.
-Сейітжан нестеп
отырсың?
-Жай жеңге, сурет салып
отырмын.Ағамның суретін салып отырмын, қараңызшы
ұқсайма?
-Недеген керемет,айнытпай
салыпсың,өзің таланттысың ғой.Сен бағана Ораз ағаның сөзіне ренжіп
қалдың ба?
Ия,Жеңге, ойлап қараңызшы
мен егер сабақ оқымасам қалай суретші болам, менің де өз армандарым
бар емеспе!
-Түсінем жаным.Соғыс бітсін
сонан соң сен сабағыңды жалғастырасың,мен саған өзім көмектесем
жарай ма?! Біз қырманда жұмыс істемесек соғыстағы ағаңа астық
жетпей қалады.Сондықтан көмектесуіміз керек. Ал қазір жатып ұйықтай
ғой, ертең ерте қырманға шығамыз әйтпесе Ораз аға ұрсып жүрер.Жүр
мен саған төсек салып берейін (төсек
салады)
-Жеңге маған біраз ағам
екеуің кездесіп жүргендегі кездерің туралы айтып
берші
-Айтып
берейін (музыка қосылады,жеңгесі
әңгіме айтып отырады, бала ұйықтайды, жеңгесі ақырын тұрып кетіп
қалады)
Ой күн қандай тамаша,Құрал
сайманды алдым, тамақтарды салдым, енді Сейітті
оятайын.
-Сейітжан тұра ғой ,таң
атты,ертерек шығайық. Ақырынапам оянып кетпесін,барып беті қолыңды
жуып кел.Мен бәрін дайындап қойдым,тамақты сол жақта
ішерміз
-Ой Жәмилә қалдарың
қалай?Қайда кетіп барасыңдар?
-Қырманға кетіп
барамыз.Кеше Оразаға келіп қырманға шығыңдар деп кеткен
болатын.
-Ооо,неткен сәйкестік, мен
де сол жаққа кетіп барамын,бірге
барайық
-кеттік
-Жеңге бағанағы айраның
қайда, шөлдеп кеттім,біраз
демалайықшы.
Ия, мен де шаршадым,күн де
ысып кеттау өзі
(екеуіне айран
береді)
-Жеңге осы сіздің бала
кездегі арманыңыз не болды?
-Ой Сейітжан менің арманым
әнші болу болатын.
-Сіз ән айта аласызба
не?
-Иә
айтамын.
-Мәссаған Жәмила қанша жыл
сенімен құрдас болсамда мұндай өнерің барын
білмеппін.
-Онда бізге бір ән айтып
берші.
-Қойыңдар ұят болады,бірем
естіп қойып жүрсе.
-Жеңге айтып беріңізші,
өтінемін,міне қарашы ешкім жоқ.ӘӘӘӘйййй кім бар, міне қарашы ешкім
жоқ.
-Қой
Сейіт
-Айтшы
Жәмила.
-Жарайды қоймадыңдар ғой
.Бірақ ешкімге айтпаймын деп маған уәде
беріңдер.
-Жарайды.
(Ән салады, осы кезде
көрші жігіт келеді)
-Жәмилә дауысың неткен
әдемі.
-Тарт қолыңды, сенің мұның
не!?
- Тиіспе менің
жеңгеме!
-Жарайды, болды,болды.
Сейіт мен негізі саған келгем. Ағаңнан хат келіпті соны апаң оқи
алмай сені тосып отыр. Бар үйге.
-Хат
келдіме!?Ураааааааа!
-Апа ағамнан хат
келдіме?
-Ия құлыным соны оқи алмай
сені тосып отырмыз.Мә ала ғой оқышы.Менің Сқағым пәшістерді қалай
қырып жатқанын жазған болар.Менің балам батыр
ғой.
(осы кезде Сейіт хатты
ашып оқиды,аяқ қолы дірілдеп жерге отыра
кетеді)
-Апа,апа
-Не болды, оқысаңшы. Менің
жүрегімді ауыртпашы. Не депті хатта?
-Апа, апа мүмкін
емес
-Оқысаңшы
енді.
-Сіздің ұлыңыз Смагулов
Сқақ 1943 жылдың 20шы маусымында Минск қаласының түбінде ерлікпен
қаза тапты.
-Жоқ, арыстаным ай, қарғам
ай, бұл қалай болғаны?Мені неге тастап
кеттің?(барлығы жоқтау
айтады)
-Болды Жеңге,апа мен
бүгіннен бастап суретші болмаймын, әскери адам боламын, Отанымды
қорғаймын, ағамның кегін аламын.
(сөйтіп бала арманынан
бас тартады)
-Ата, өміріңіз қиын
болыпты
-Иә балам сендер қәзір
бақыттысыңдар ғой.Біздің заман зар заман болды
ғой.
-Ата ,бата бересіз
бе?
-Берейін
балам.
(бәрі қолдарын жайып бата
алады)
соңы