Күні:
Сыныбы: 9
Пәні : Биология Сабақтың тақырыбы:
Мейоз.Сперматогенез және овогенез.
Сабақтың мақсаты: Мейоздық бөлінуінің ерекшелігі,биологиялық мәнін,
сперматогенез, овогенезді талдау.
Оқыту нәтижесі: Мейоздың фазалары,аталық,аналық жасушаларынының
дамып жетілуін,мейоздың биологиялық мәнін білу.
Дерек көздері :оқулық,электронды оқулық,суреттер,бағалау
парағы.
Күтілетін нәтиже: -Өз пікірін еркін жеткізе алады,өзіндік
пікір қалыптасады.
-топта жұмыс жасау барысында өзара сыйластық дамыта
алады.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы:
Түсіндірмелер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Сабаққа
дайындықтарын тексеру Сабаққа қажетті оқу құралдарын
дайындау
ІІ.Психологиялық дайындық Тренинг(сабақ басталарда
оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын.)
Менің көңіл-күйім жақсы
Мен сабақты жылдам орындаймын
Мен сабақты жақсы оқимын
Менің тәртібім жақсы т.б
Қызығушылықты ояту.Топқа бөлу Гүлдер арқылы топқа бөлу. Топқа
бөлінеді.
Ой шақырту
ІІІ. Үй тапсырмасы бойынша .Өткен тақырыптар бойынша
сұрақтарға жауап алу. «Бумеранг» әдісі арқылы Оқушылар бір-біріне
сұрақ дайындайды.
1.Көбеюдің қандай түрлері бар?
2.Жыныссыз көбею деген не?
3.Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар?
4.Қолдан вегативті көбейту дегеніміз не?
5.Телу әдісі дегеніміз не?
6.Қалемшелер арқылы көбейту қалай жүргізіледі.
7.Сұлатпа вегативті көбейтудің ерекшелігі неде?
8.Вегетативті көбеютудің әдістеріне мысал келтір.
Мағынаны тану.
ІV.Жаңа сабақ. «Жигсо»әдісі бойынша тапсырманы топқа бөліп
беру,әр топ жұмысын сыныпқа жариялауын талап ету,қосымша сұрақтар
қою.
1-т. Мейоздың ерекшелігі,мейоздың 1-ші бөлінуі.
2-т . Мейоздың 2-ші бөлінуі.
3-т. .Мейоздің биологиялық мәні,сперматогенез,обогенез. Тапсырманы
орындайды жұмыс жасау арқылы білгенін ортаға салады,сұрақтарға
жауап береді.
1.Мейоз жолымен бөліну нәтижесінде хромосомалар
саны екі есеге кеміген жыныс жасушалары- гаметалар түзіледі.Мейоз
бірінен соң бірі жүретін 2 бөлінуден тұрады. ДНҚ-ның екі еселенуі
бір-ақ рет, тек бірінші бөлінудің алдында жүреді.І профазада әзер
байқалатын екі хроматидадан тұратын гомологті хромосомалар
жұптасып, хроматидалары өзара беттесіп конъюгацияланады.І
профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
2. Мейоздың 2-ші бөлінуі. Бұл процесс митоздық
бөлінуге ұқсас . Айырмашылығы- тек бөлінетін жасуша гаплоидті. ІІ
профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
3. Мейоздің биологиялық мәні мынада:
1-ден- хромосомалар жиынтығы гаплоидті гаметалар түзіліп, олардың
қосылуы нәтижесінде диплоидті жиынтық қалпына келеді.Бұл жағдай
хромосомалар санының ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты сақталуын қамтамасыз
етеді.2-ден- бөліну кезінде гомологтік хромосомалардың түрлі
гаметаларға түсуі және конъюгация мен кроссинговер құбылыстарына
байланысты хромосомалардағыгендердің жаңа үйлесімдерінің түзілуі
гаметалардың әртүрлілігін жоғарлатып, организмде белгілердің сан
алуан үйлесімдерін қалыптастырады.
Сперматогенез. Овогенез. Жыныс жасушалары кейбір
омырткасыз жануарларда және қосжынысты гүлдерде бір организмде
жетіледі. Гүлдердің аталаықтарында аталық жыныс жасушалары-
спермийлер, аналықтарында аналық ж/жасушалары- жұмыртқа жасушалары
түзіледі.Аталық ж/жасушаларын сперматозоидтер, аналық ж/
жасушаларын жұмыртқа жасушасы д.а.Біріншілерінің дамып
жетілу процесін сперматогенез, ал 2-інің дамып жетілуін
овогенез д.а.
Овогенезде аналықтарнда түзілген 4 жасушаның
біреуі ірі, қалғаны майда болады.Себебі жасушаларға цитоплазма
бірдей борлып бөлінбейді. Жұмыртқажасушасына цитоплазма көп болып
өтеді. Қалған үш жасуша- бағыттаушы н/се редукциялық
жасушалар біртіндеп еріп кетеді.
V.Бекіту сұрақтары Жынысты көбею дегеніміз не? Оқушылар
постер арқылы қорғайды
Ыстық микрофон стратегиясы Термин сөздерге түсінік алу.
1.Коньюгациялану
2.Кроссинговер
3.Сперматогенез
4.Обогенез
5.Спермилер
6,Жұмыртқа жасуша.
VI . Қорытындылау .
1.Жынысты көбею деген не?
2Мейоздың фазаларын ата?
3.Мейоздық бөлінуде не түзіледі?
4.Мейоздың биологиялық мәні неде? Түсінген оқушылар жауап
береді.
VII. Бағалау
VIII. Үй тапсырмасы: Мейоз. Сперматогенез және
овогенез. Деңгейлік сұрақтар.