Материалдар / "Спорт әлеміне саяхат"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Спорт әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорытынды сабақ: "Спорт әлеміне саяхат". Мектепкі дейінгі балалар арасында өткізілген оқу қызметі яғни сабақ. Бұл жерде дене шынықтыру жаттығулары қалай басталып, қалай аяқталатындығы толық түсіндіріліп жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
752
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

26 «Қарлығаш» бөбекжайы МКҚК


БЕКІТЕМІН:

26 «Қарлығаш»

бөбекжайы директоры

Шингалиева Г.З.

«___»________2021ж.





ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ

Тақырыбы: «Спорт әлеміне саяхат»



Дене шынықтыру нұсқаушылары: Ильичов А.Т.

Шотқара Ә.Ө.








Ақтау-2021ж.


Қорытынды сабақ


Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу қызметі: Дене тәрбиесі
Тақырыбы: «Спорт әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларды қосаяқтап секіруге бектіу. Балаларды кедергілер арасымен жүруді үйрету. Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа баулу. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Арқан.


І Кіріспе бөлім:

1.Сапқа тұрғызу.
Амандасу;
Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

2. Саптық жаттығулар
– сапқа тұру, бұрылулар,саптық адымдар.
– бір қатардан екі қатарға тұру.

3.Жүру.
– Аяқтын ұшымен қол жоғарыда.
– Қол белде, өкшемен жүру.
– қол белде табанның сыртымен жүру.
– қол белде табанның ішімен жүру.

4. Жүгіру.
– тізені көтере жүгіру.
– өкшені артқа көтере жүгіру.
– сол жақ иықтан секіре жүгіру.
– оң жақ иықтан секіре жүгіру.


ІІ Негізгі бөлім:

Саптал,түзел,тік тұр,
Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:

1. Ж.Д.Ж.:

1. Б.қ.- Басты оңға және солға айналдыру жаттығулары:

Орындалуы: Қол белде, аяқ иық деңгейінде басты айналдыру (оңға және солға), оңға және солға қарату, алға және артқа еңкейту (7-8 рет).

2. Б.қ.- Қолды айналдыру жаттығулары:

Орындалуы: Қол иықта, аяқ иық деңгейінде қолды алдыға және артқа айналдыру(7-8 рет).

3.Б.қ.- Қайшы жаттығулары:

Орындалуы: Аяқ иық деңгейінде, қолды алдыға созып қайшы секілді екі қапталға қолдарды созу арқылы жаттығулар жасау(7-8 рет).

4. Б.қ.- Екі жаққа еңкейту жаттығулары:

Орындалуы: Аяқ иық деңгейінде, бір қолды белге қойып екінші қолды жоғары ұстап, оңға және солға еңкею (7-8 рет).

5. Б.қ.- Белді айналдыру жаттығулары:

Орындалуы: Қол белде, аяқ иық деңгейінде, белді оңға және солға айналдыру.(7-8 рет)

6. Б.қ.- Тізені айналдыру жаттығулары:

Орындалуы: Қолды тізеге қойып, тізені оңға және солға айналдыру (7-8 рет).

7. Б.қ.- Отырып тұру жаттығулары:

Орындалуы: Қолды алдыға созу, аяқ иық деңгейінде, отырып тұру (10 рет).

8. Б.қ.- Аяқты көтеріп түсіру жаттығулары:

Орындалуы: Қол белде, аяқты кезекпен кезек көтеріп түсіру (7-8 рет).


2. Негізгі қимылдар:

1. Жіп арасымен қос аяқтап секіру (3-4 қысқа жіптер) балаларды екі қатарға тұрғызып, еденде жатқан жіптердің арасымен қосаяқтап секірту.

2. Кедергілер арасымен доп арқылы жүру. Балаларды екі қатарға тұрғызып, қолдарына деп беріліп, алдында тұрған кедергілер арасымен айналып жүргізу.


Ойын:

1. Ойын ойнаған кезде мұғалімді мұқият тыңдау қажет.

2. «Арқан тартыс» ойыны. Балаларды екі топ бөліп, араларына арқан жіп орналастырып, белгі бойынша арқан жіпті өздеріне қарай тарту. Ойын бір топ жеңіске жеткенше жалғастырылады. Бұл ойын балалардың күш өрдісін көбейтеді, күшін шынықтайды, әлсіздікке жол берілмеуді сипаттайды.


ІІІ Қорытынды бөлім:

1. Аяқтау бөлімі:

Сапқа тұрғызу.

Бағалау, сабақ туралы сұрау.

Бір қатар арқылы жүргізіп залдан шығаруды үйрету.
Қоштасу киінуге жіберу.






Shape1

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!