Спорттың адам өміріндегі орны туралы сөз қозғасақ,дәптер бетінегі бірнеше беттің де аздық ететінін байқаймыз.Жалпы спорт және дене шынықтыру адамзат алғаш пайда болғанннан бастап,күнделікті өмірінен бастау алған.Спорт қазіргі қоғамда, адам өмірінде өзінің орнын ойып тұрып алғандай.
“Дені саудың-жаны сау” деген сөзді барлығымыз етсіп өскеніміз рас.Оның негізі спорт және дұрыс тамақтану депте әрқашан айтып келеміз.Ал мұндағы спорт туралы біз не білеміз?Спорт-дене шынықтырудың ең маңызды бөлігі.Спортпен шұғылдану адам ағзасының өмірін ұзарту,қанайналым жүйесін жақсарту сонымен қатар,көңіл күйдің әрқашан көтеріңкі болуына себепкер болады.Кейбір ата-аналары осы оймен балаларын кішікене кезден спортпен айналысуына жол салып,үлкен жетістіктерге жетуіне қол ұшын береді.
Әрине көпке күл шашқаным болмас,бірақ спортты түгілі,тіпті күнделікті дене жаттығуларын жасамайтын жастар мен балалар да кездесіп жатады.Мұнда,іштен әттеген-ай ертең болашағы қалай болар екен? Деген ойлар мазалайды.
Мектеп жылдарында дене шынықтыруға,жалпы спортқа немқұрайлы қарау кейде болашақта қайғылы салдарға әкеледі. Дәрігерлер жаттығуды бала кезден бастап жасауға кеңес береді.Орта жаста инсульт, инфаркт және басқа да ауыр аурулардың қаупін азайту үшін жаман әдеттерден бас тартып, дұрыс тамақтанып қана қоймай, спортпен міндетті түрде айналысу керек. Ең қарапайым физикалық жаттығулар көп күш жұмсамайды және оқумен айналысатын жастардан көп уақытты қажет етпейді.
Спорттың қанша пайдасы болса да,оған уақыт бөле алмайтын жастар бар.Статистикада біздің жастардың жартысына жуығы спортпен айналыспайтындығын хабарлайды. Ең жаманы, өткен онжылдықта жалпы физикалық белсенділіктің төмендеуі байқалады.Ал олай болса,жастарды спортпен шұғылдануға қалай қызықтырсақ болады?
Біздің еліміздің,халқымыздың болашағы-жастар.Және олардың тәрбиесіне көп көңіл аударуымыздың себебі де осы.Жастарды ел ертеңіне жауапты,лайықты етіп тәрбиелеу үшін, кез-келген мәселені шешу сияқты, оған еңбек,уақыт керек. Спорт-бұл физикалық және рухани дамуға, жаңа биіктерге жетуге және өмірде өз-өзіңді тәрбилеуге мүмкіндік беретін құрал.Сол себептен,жастар тәрбиесінде спорттың маңызы зор. Жастардың физикалық белсенділікпен айналыспауы үлкен мәселе болып отыр.Әрине бұл мәселенің шешімі ,спортты дамыту және жастар саясаты саласындағы мамандарға назар аудару. Жастарды спортқа қызықтырудың бірден-бір жолы қызығушылықты арттыру . Көптеген қызықты әрі көзге түсетін жарыстар мен бәсекелерді жиі өткізу,колледж немесе университеттер де спортқа байланысты шаралар ұйымдастыру мұның барлығы жастарды спортқа қызықтырудың бірден-бір амалдары.Жастарды спортқа тарту керек, тек дене шынықтыру сабақтарымен және мектеп жанындағы спорт секцияларымен шектелуге болмайды, спорт клубтарының, секциялардың, бірлестіктердің және т.б. желісін кеңейту керек. Бұл бағытқа инвестиция тарту керек, спорттық қызметтің жаңа түрлерін дамыту да жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырады.Жастарды өзіне ұнамды,қызықты деп қарайтын спортпен шұғылдануға кеңес беру керек.Өйткені, адам сүйікті ісімен айналысқанда, оның маңыздылығын да түсіне бастайды.
Қазіргі таңда спортпен айналысамын деген жастарға ешқандай кедергі жоқ.Футбол, волейбол, жеңіл атлетика, гимнастика, т.б. сынды спорт түрлерін үйрететін орындар,фитнестер жақсы жұмыс жасауда. Ал ауыл жастары ұлттық спорт түрлері – көкпар, қолкүрес, арқантартыс сынды ойындармен шұғылдануына болады. Жастардың өмірі өте қарқынды. Олар күніне 7-8 сағатын оқуға немесе жұмысқа өткізеді. Қалған уақыт олардың толық иелігінде.Сол бос уақытында ойын сауықты қоя тұрып,өзінің ұнамды деген спортымен айналысса нұр үстіне нұр болар еді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Спорт және қоғам

шағым қалдыра аласыз