400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорт-таусылмас азық, өнер сарқылмас байлық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңілді сайыс жүргізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

---------------------

Мектеп директоры

А.Кожакова






Тақырыбы:

«Спорт -таусылмас азық , өнер -сарқылмас байлық »

Салтанатты жиын.




















2025-2026 оқу жылы.



Тақырыбы: Ұстаздар арасында «Көңілді сөре 2025» сайысы

Өтілетін күні: 01.11.2025ж

Уақыты:10:00

Өтілетін жері : Спорт зал

Мақсаты: Педагогтар арасында көңілді старттар ойынын өткізу арқылы, педагогтардың көңіл күйлерін көтеріп, спортқа деген қызығушылыққа, шығармашылыққа үйрету. Өз командасы үшін жанкүйер болып, командалық көңіл-күйге, бір-біріне деген ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.



Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

1.команданы қошеметпен қарсы алайық.

2.команданыда қошеметпен қарсы алайық.

Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.

Ж:Еліміздің ұстаздары аман болсын,
Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе

ұстаздарға деген құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы – Кожакова Анар Нурлановнаға береміз.

Ж: Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарды қошемет


Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.


1. Мектебіміздің басшысы Кожакова Анар Нурлановна
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Аяғанова Гүлжанат
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Пиялиев Ержан




«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ.

1.кезең-топтың аты ,кезең-ұраны

әділқазы мүшелері 1 кезең бойын ұпай сандарын көрсетеді.

2.кезең – «Эстафеталық таяқшамен кедергілер арасынан жүру өту.»

әділқазы мүшелері 2 кезең бойын ұпай сандарын көрсетеді.

3. - кезең. «ЖҰПТАСҚАН ҰСТАУШЫЛАР САЙЫСЫ»

Жұппен шарды қысып алып жүре отырып топ мүшелерін бір -бірден жинау.

әділқазы мүшелері 3 кезең бойын ұпай сандарын көрсетеді.

4 -кезең. Кім жылдам

Жүгіріп барып бірінші ыдыстан қасықпен су алып екінші ыдысқа төкпей жеткізу.

әділқазы мүшелері 4 кезең бойын ұпай сандарын көрсетеді.

5 -кезең. «Кім жылдам»

Самакатпен кедергілер арасыннан жүріп өту.

әділқазы мүшелері 5 кезең бойын ұпай сандарын көрсетеді.

6 .кезең. «Кім мерген»

Дәлдеп нысанаға тигізу.

әділқазы мүшелері 6 кезең бойын ұпай сандарын көрсетеді.

Арқан тартыс- егер бірдей ұпай болса арқан тартысты қосамыз.







Ж.Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша -----------------------------------------------------

Ортаға әділқазы мүшелері шығып, кімнің жарыс барысында қанша балл алғандығын хабарлайды.

Марапаттау сәттіне кезек берейік .

Мектебіміздің басшысы А.Кожакова берейік .


Ж. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.02.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі