Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорт туралы әңгімені оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 – бөлім «Дені саудың – жаны сау»

Мектеп: Түркістан облысы Жетісай ауданы "43" "Қызыл таң" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оразымбетова Р

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0


Сабақтың тақырыбы

Спорт туралы әңгімені оқу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады

1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды

1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді

1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды

Сабақтың мақсаттары

Тұтас, дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдыларын қалыптастыру;

Басты кейіпкерлерін анықтауды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табуға үйрету;

Жетістік критерийлері

Оқушы

  • тұтас, дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп оқиды;

  • басты кейіпкерлерін анықтайды және мәтіндерден нақты ақпаратты табады;

  • әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды.

Сөздік қор


Ауыршаң, денесі нәзік, бел буды, шұғылдану, «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі», «Жанға - дауа, қолға – күш».


Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

«Өнер», «Дене шынықтыру»

Алдыңғы меңгерілген білім


Дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп оқиды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру .

Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.

2.Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап алу



Сабақтың ортасы



(Ұ) Бірлескен жұмыс ұйымдастыру.

- Кітаптың мұқабасын мұқият қараңдар.

- Бұл әдеби шығарма ма, әлде әдеби емес пе?

- Ол не туралы болуы мүмкін?

- Тақырыбын оқыңдар. Тақырыбынан нені білуге болады?

(МК, Ұ) Әңгімені оқу.

  • Бүгін біз спорт туралы әңгіме оқимыз.

  • Әңгімені мұқият тыңдаңдар.

  • Қолдарыңа берілген қима қағаздарда жазылған сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Әңгімедегі басты кейіпкерді атаңдар.

  • Бұл әдеби мәтін бе, әлде әдеби мәтін емес пе?

  • Неге?

  • Бұл әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?

Таныс емес сөздермен жұмыс.

-Мен әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Ал сендер таныс емес сөздерді белгілеп отырыңдар.

Сөздер мен сөз тіркестерін әртүрлі тәсілдермен түсіндіру:

1.Таныс емес сөздер кездескен сөйлемді соңына дейін оқып,түсініксіз сөзді мағынасына қарай өздерің түсіндіріп көріңдер.

2.Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ауыршаң, денесі нәзік, бел буды, шұғылдану.

Аудио жазылым арқылы әңгімені тыңдау.

-Әңгімені түсінуге не көмектеседі?

Дауыс ырғағы , кідіріс, екпін, мәнері көмектесе ма?

(Ұ,Ө) Әңгімені өздігінен оқу.

  • Әңгіме не туралы?

  • Неге Мұхтар ауыршаң болып өсті?

  • Спортқа деген құлшынысы қалай пайда болды?

  • Мұхтар ненің арқасында жетістікке жетті.

  • Денсаулық үшін спорттың қандай маңызы бар екен?

  • Қандай нақыл сөздер кездесті?

«Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі», «Жанға - дауа, қолға – күш».

  • Оны қалай түсінесіңдер?

Көзге арналған жаттығу орындауды ұсыну.

Нақыл сөздерді дәптерге жазып алуды ұсыну.

«Эмоция шкаласын» құру.

(Т) Оқушыларға әңгімені тағы да тыңдауды ұсыну. Оқушыларды 4-5 баладан топтастыру. Әңгімені бөліктерге бөліп оқыту.

1.Әңгіменің басы.

2. Әңгіменің ортасы.

3. Әңгіменің соңы.

- Әңгіменің басын оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

- Әңгіменің ортасын оқығанда ше?

- Әңгіменің соңын оқығанда, қандай көңіл-күйде болдыңдар?

- Флипчартқа 0-ден 10-ға дейінгі шкаланың суретін салыңдар.

Ол эмоция шкаласы болады.

  • көңілсіз., 10- бақытты.

-Кейіпкердің эмоциясына қай сан сәйкес келеді?

- Ол бақытты ма?

- Неге?

Сюжетті сурет;сөздер жазылған жолақшалар


Сабақтың соңы

-Сабақта не үйрендік?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың сұрақтарға жауап бергендерін, оқығандарын, талқылауға қатысқандарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Көзге арналған жаттығу жасату.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12