400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Спорттық іс-шара "Ұшқыр доп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды мектеп дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қолдана алады. Оқушылардың дене шынықтыру сабағына, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолдануға болады. Сайыс болған себепті, өте қызықты өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық іс-шара « Ұшқыр доп »



1. Мақсат пен міндеттер:

  • Оқушылардың денсаулығын жақсартуға ықпал ету

  • Денені шынықтыру сапасын арттыру, қимыл-қозғалыс дағдысын дамыту.

  • Оқушылырдың дене шынықтыру сабағына, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

2. Жарысты басқару:

Жарысты ұйымдастыру және өткізу дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне жүктеледі. Бас төреші – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жюри: әкімшілік, мектеп мұғалімдері

3. Жарысқа қатысушылар:

Жарысқа 6-7 сынып оқушылары қатысады.

Команданың құрамы: 8 оқушы

4. Жарыстың бағдарламасы:

1 эстафета «Допты ұстап қал»

2 эстафета «Түсіріп алма »

3 эстафета «Ең ептілер »

4 эстафета «Баскетбол»

5 эстафета « Доға »

6 эстафета «Футбол»

5. Өткізілетін орны мен уақыты:

Жарыс мектеп спортзалында өткізіледі

6. Жарыстың қорытындысын шығару

Әр эстафета түрінде көп ұпай жинаған команда жеңімпаз аталады. Әр эстафетада максималды ұпай саны 5.

7. Марапаттау

1 орын алған команда мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады.

Әр эстафетадан кейін жюри командалардың алған ұпай санын айтып отырады.





Жарыстың барысы:

Жүргізуші: Дене шынықтыру сабағында басты құралдардың бірі – доп. Бүгінгі біздің жарысымыздың барлығы доппен жүргізілетін жарыстар.


1 эстафета «Допты ұстап қал»

Әр команданың қатысушылары екі-екіден бөлінеді. Бір- біріне қарама-қарсы тұрып, маңдайларымен допты ұстайды, қолдарын бір-бірінің иықтарына қояды. Осы қалыпта жүгіріп, арқа қайтып келіп, допты келесі жұпқа береді. Егер доп түсіп кетсе, допты көтеріп, тоқтаған жерден қайта бастау қажет.

2 эстафета «Түсіріп алма »

Ойыншы ракеткаға теннис добын қойып, белгіленген межені өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді. Допты түсіріп алмау керек.

3 эстафета «Ең ептілер »

Бірінші ойыншы волейбол добын басынан асырып екінші ойыншыға, екіші ойыншы үшіншіге, осылай соңығы ойыншыға береді. Соңғы ойыншы доппен сапты айналып өтіп, алдына келіп тұрады, допты басынан асыра көтереді. Қай команда допты бірінші көтереді , сол жеңімпаз

4 эстафета «Баскетбол»

Допты еденге ұрып, баскетбол корзинасына дейін жүгіріп келіп, лақтырады. Артқа допты ұрып, командасындағы келесі ойыншыға береді. Ойынды кім бірінші аяқтайды және корзинаға көп доп түсіреді, сол жеңімпаз.

5 эстафета « Доға »

Допты аспанға лақтырып отырып, доғаға дейін барып, доғаның астынан өтіп, артқа жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға беру.

6 эстафета «Футбол»

Допты аяқпен жүргізіп, межеге дейін әкеліп, қақпаға соғады. Допты ұстап артқа қайтып, келесі ойыншыға береді. Ең соңғы ойыншы допты артқа әкелгенде ойын аяқталды деп есептеледі

Жүргізуші:

Осымен біздің спорттық жарысымыз аяқталды. Жюри қортындысын шығарады.

Марапаттау рәсімі

Дайындаған: Тукешов Қайрат Сексенбаевич

Қарағанды облысы Нұра ауданы

Ахмет ауылы «С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі