Атырау
облысы, Атырау қаласы №54 «Айгүл»
бөбекжай-бақшасы КМҚК тәрбиешісі
Туралиева Гулшара Далабаевна
Спорттық
мереке.Тақырыбы: «Қысқы ойындар»
Мақсаты:
Қысқы
cпорттық жарыстарға деген
қызығушылықтарын арттыру. балалармен
бірге қысқы ойын – сауық атауларын
бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту,
тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс
қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға
деген ынта – ықыласын, қызығушылығын
ояту.
Ептілікке шапшаңдыққа
тәрбиелеу.
Керекті
құралдар:
шана,
шаңғы, таяқтар, меже,құрсаулар,қартаяқтар.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Спорттық ойын бір қызық.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Жаттығулар пайдалы,
Спорт соның айғағы дей
отырып,
Бүгін
балабақшамызда ортаңғы топтар арасында
өткелі отырған «Қысқы
ойындар» спорттық
мерекемізге қош келдіңіздер!
-
Спорттық мерекемізді бастамас бұрын
бәріміз бірге жаттығу жасап жіберейік.
Спорттық
жаттығу слайдтан.
-
Ал, ендеше қатысушы топтармен таныстырып
өтейін.
1. «Қыран»
2. «Жұлдыздар»
Жұмбақтар:
1.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені
торлайды.
Қарға
омбығып,
Бет
домбығып,
Сырғанап
жастар ойнайды.
Суда
мұз бар,
Жерде
қар бар.
Боран
борап соғады,
Бұл
қай мезгілде болады? (қыс)
2.Қыста
ғана болады,
ұстасаң
қолың тоңады. (қар)
3.Тісі
жоқ тістеп алады,
Қолы
жоқ сурет салады. (аяз)
4.Шелек
қалпақ басында,
Сәбіз
екен танауы.
Қыста
қардан туатын,
Тауып
көрші, сен оны. (аққала)
5.Жылт-жылт
етеді,
Жылғадан
өтеді (мұз)
6.Бой
жаза алмай, ойнай алмай
Денең
мұздап тоңады.
Бөбектерім
айтыңдаршы
Бұл
қай кезде болады? (қыс)
7.Аппақ,
бірақ сүт емес,
Аппақ,
бірақ бор емес,
Аспаннан
ол түседі,
Даланы
ақпен жабады. (қар)
8.Қанаты
жоқ, ұшады,
Аяғы
жоқ, жетеді.
Аузы
жоқ, ұлиды. (Боран)
Сұрақ-жауап.
-
Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
-
Иә, дұрыс, қыс мезгілі.
-
Қыстың қандай ерекше белгілерін
білесіңдер?
-
Қыста қар, боран, аяз, күн суық болады.
-
Балалар қыста қандай ойындар ойнаймыз?
-
Қыста балалар шана, шаңғы, коньки тебеді.
-
Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
Слайдтан
қысқы ойындардың суреттерін көрсету.
-Ал,
балалар, негізгі жарысымызға келейік.
Жарысымыз
«6» турдан тұрады:
I.
«Таныстыру»
II.«Аққала»
құрастыру.
III.
«Хоккей» ойыны.
IV.
«Шаңғымен» жарыс.
V.
«Шанамен» жарыс.
VI.
«Қар лақтыру».
I.
«Таныстыру»
«Қыран»тобы:
Ұраны:
Тәуелсіз елдің тірегі
Біз
боламыз жүрегі
Артқа
қадам баспаймыз
Тек
алға бастаймыз
Қыран
құстай қалықтап
Болашаққа
самғаймыз
«Жұлдыздар» тобы:
Ұраны:
Жұлдыздан жарықпыз
Ұшақтан
ұшқырмыз
Желден
озған жүйрікпіз
Жарысуға
сендермен
Келіп
тұрған мықтымыз.
II.
«Аққала» құрастыру.
Ойынның
шарты:Екі топтан жеті баладан шығады.Шашылып
жатқан аққаланың дене бөліктерін
бір-бірден қойып,ретімен құрастыру.Әрі
жапшаң тез орындау.
ІIІ.
«Хоккей»
ойыны.
Ойынның
шарты:Екі топтың балалары хоккей таяғымен
шайбаны қақпаға дәлдеп кіргізіп,межеден
айналып келесі балаға хаккей таяғын
шайбасымен беру.
IV.
«Шаңғымен» жарыс.
Ойынның
шарты: Екі команданың балалары екі
таяқтың көмегімен шаңғымен жүріп,межеден
айналып,келесі балаға тапсыру.
V.
«Шанамен» жарыс.
Ойынның
шарты:Шананың жібінен тартып ілгері
қарай жүгіріп межеден айналып келесі
балаға беру
VI.
«Қар лақтыру» .
Ойынның
шарты:Екі құрсауды қоямыз.Бір құрсауға
қарларды саламыз.Белгіленген сызықты
басып кетпей қарды бір-бірлеп лақтырып
құрсауға түсіру.Қай топ көп жинаса сол
топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Осымен «Қысқы ойындар» атты
спорттық мерекеміз аяқталды.
Жарқын,шаттық
заман болсын,
Бүлдіршіндер
аман болсын.
Сыйластық
пен бірлік болып,
Әрқашан
орта толсын. ( Қорытындылау, мадақтау
).