Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Спорттық ойын – шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Орманға саяхат» Мақсаты: Әр түрлі жаттығуларды, қимылдарды орындай отырып, балалардың қызығушылығын дамыту, арттыру. Керекті құралдар: Кірпі киімі, аюдың қалпақшалары (әр балаға), обруч 2 дана, төмпекшелер 6, доға, себет 2, жаңғақтар, күйтаспа. Ойын – шараны жүргізу барысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық ойын – шара

Орындаған: Карибаева Б.Т.

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Әр түрлі жаттығуларды, қимылдарды орындай отырып, балалардың қызығушылығын дамыту, арттыру.

Керекті құралдар: Кірпі киімі, аюдың қалпақшалары (әр балаға), обруч 2 дана, төмпекшелер 6, доға, себет 2, жаңғақтар, күйтаспа.

Ойын – шараны жүргізу барысы

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз (күйтаспа «Орман», «Құстар дауысы»). Балалар сендер бір нәрсені естіп тұрсыңдар ма? (балалардың жауабы). Есту үшін бізге не көмектеседі (балалардың жауабы)? Ал сендердің құлақтарын қайда? (балалардың жауабы)

(Есік қағылады)

Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты. Қараңдаршы қонаққа кім келген?

Балалар: Кірпі.

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл кірпі.

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер менің орманымда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Біз балалармен орманға таза ауа жұтуға келдік.

Кірпі: Таза ауаның қажеті не?

Тәрбиеші: Балалар кірпіге таза ауаның не үшін қажет екенің түсіндіріп берейік. (балалардың жауабы)

(Аюдың айқайы естіледі. Тәрбиеші балаларға қонжықтар қалпақтарын кигізеді)

Сендер не естідіңдер?

Балалар: Аюдың дауысын.

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл аю өзінің қонжықтарын жаттығу жасауға шақырып жатыр.

  1. Ырғақтық жаттығу

  2. Созылу, тартылу

  3. Бұрылу

  4. Еңкею

  5. Отырып тұру

  6. Секіру

(балалар қалпақшаларын басынан шешеді.бұлақ сылдыры естіледі)

Тәрбиеші: Балалар, жолға аттанайық. Не естілді?

Балалар: Бұлақтың сылдыры.

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл бұлақтың сылдыры. Одан секіріп, өту керек. Алға қарай жылжи отырып, екі аяқпен секіру. (қасқырдың ұлуын естиді) Бұл ненің дауысы?

Балалар: Қасқырдың.

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл қасқырдың дауысы. Қашайық қасқырдан. (төмпешіктерден аттап, секіру, доға астынан еңбектеп өту)

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, қандай себеттер. Олардың ішіне не салсақ болады? (балалардың жауабы)

Көңілді әуен ойнайды, балалар себетке жаңғақты лақтырады.

Кірпі: Жарайсыңдар, себеттер жаңғаққа толды. Снедерге себеттермен ауысуды ұсынамын. Мен сендерге алма салынған себет беремін, ал сендер маған жаңғақ салынған себет бересіңдер.

Кірпі балаларға алмалар береді.

Тәрбиеші: Балалар сендерге орманға саяхат ұнады ма? Мықты және салауатты болу үшін не істеу керек? Дұрыс спортпен шұғылдану керек, таза ауада серуендеу, таңертең жаттығу жасау керек.

Кірпі: Рахмет балалар, мен де енді спортпен шұғылданамын.

Тәрбиеші мен балалар: Рахмет кірпі, саубол!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
550
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12