Тақырыбы:«Біз біргеміз»
(Спорттық ойын- сайыс)
Мақсаты:
Қызметтерді алушылардың
спорттық ойынға деген қызығушылғын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын
түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгерту арқылы қызметтерді
алушылардың жалпы моторикасын дамыту: икемділігі мен ептіліктерін,
шапшаңдылық қабілеттерін арттыру. Бір-біріне деген достық қарым
–қатынасын нығайту. Эмоционалдық фонын жақсарту. Ата- аналарға
баланың дамуына жағдай жасауына, бірлесе ойнауды, балалары мен
арасындағы қарым- қатынасты
нығайту.
Көрнекі құралдар:музыка аспабы, ракетка, доп (орташа,
кіші, үлкен),жұмсақ модульдер, себет, матрац, жіп, шар, көбелек,
қима қағаздар, шеңбер, кегли, таяқшалар,
ысқырғыш.
Барысы:
Жүргізуші
Гүлмира: Құрметті қатысушылар,
бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Біз біргеміз» атты спорттық
ойын- сайысымызға қош
келдіңіздер.
Мақпал:
Құтты болсын Тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз
әрқашан,
Кетпесін туған жердің
берекесі.
Коучинг – тренинг
өткізу.
Жүргізуші
Гүлмира:
Тәуелсіздік
мақтанышым,
Бізге бақыт
сыйлаған
Бейбіт күнде мен
тынышпын,
Әрбір таңым нұр
маған.
Салауатты өмір салтын
сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда
қашпайтын
Келді бүгін
сайысқа
Өз топтарын жақтайтын «Бәйтерек» тобына
қошемет.
Жүргізуші:
Жігерленіп алға қарай
ұмтылатын
Жасқанып ешқашанда
мойымайтын
Болашақ спортшылар келді
ортаға
Қол соғып «Болашақ» тобына қошемет
көрсетейік.
Командалар сәлемдесуі.
Бәйтерек
тобы:
Бәйтеректей
әсембіз,
Әлі бізде
өсеміз.
Жарыстарда
әрқашан
Жеңістерге
жетеміз!
Болашақ тобының
ұраны:
Болашақ тобы
алға,
Биіктерге
самға,
Достығымыз
барда
Жүреміз тек
алда!
Жүргізуші
:
Ал, құрметті
халайық
Жарысты енді
көріңдер
Әділ қазы
алқасы
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,
сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1.Спорт мектебінің оқу
ісінің меңгерушісі: Жаксылыкова Бағдат Семейхановна 2. Дене
шынықтыру маманы:
3. Қимыл жөніндегі маман :
Кабдыкешова Гүлзия
Жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та
ойлайық!
Қатардан
қалып қоймайық,
Белсенді
болып ортада,
Уақытты
текке жоймайық!
–дей келе бүгінгі сайысымызды
бастаймыз.
Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен
тұрады.
1.
«Теннис»
Ойынның шарты: Топ мүшелері
кезектесе кедергі арасымен бадминтон қалағы арқылы кіші допты жерге
түсірмей алып жүру.Әлеуметтік қызметкер қолынан ұстап ілесіп бірге
жүріп тапсырманы бірге орындайды.
Кресло-арбамен жүретін балалар
үшін ойын шарты: әлеуметтік қызметкер баланы кресло-арбамен
жүргізіп отырады. Бала арбада қолына қалақшаны добын түсірмей ұстап
отыруы тиіс.
2.«Кенгуру»
Ойынның шарты: Кедергі
арасымен жүріп, сөредегі себеттен бір шардан алып, кері қайту,
мәредегі себетке салу.
3.
«Күлімде, Күн» ойыны.
Ойын
шарты: Кедергілер арасымен өтіп, шеңберге шуақтарды орналастыру,
күн бейнесін құрастыру. Бір бала тек бір шуақ қоюы тиіс.
Осылай күн құрастырылғанша жалғаса
береді.
4. «Эстафеталық сайыс»
Қолына жалауша ұстап,
кедергілер арасымен жүгіріп сөреге жетеді, кері айналып қайтып
жалауша келесі ойыншыға береді.
5. «
Кім ұқыпты » ойыны.
Шарты: Музыка қосылады, Бөгеттерді аттап
өтіп, сөредегі кубиктің үстінде тұрған көбелектерді алып, қысқышпен
жіпке қыстыру.
6. «Кім
шапшаң?»
Шарты: жолақпен жүріп өту, тунельден өту, матрац үстіне аунап түсу
, қайтарда тура жүреді. Бірінші ойыншы қайтып келгенде екіншісі
кетеді.
Кресло- арбадағы лар жолақ
үстімен өтеді, тунельге жеткенде баланы кресло – арбадан түсіріп
өткізеді, кресло- арбаға отырып кері
қайтады.
7. «Допты бастан
асырып беру»
Допты екі қолымен ұстап,
басынан асыра артында тұрған ойыншыға беру, соңында тұрған ойыншы
алдында тұрған ойыншыға допты қайтарады, доп команда капитанына
қайтып келу керек.
Жүргізуші: Сайысымыздың қорытындысын
әділ-қазылар шығарғанша Аманғазы Тұрысжанов пен Сұлтанбибарыс
орындауында «Туған елім»
әнінтамашалайық!
Жүргізуші: Марапаттау сәті. Сөз кезегі әділқазы
төрағасына береміз.
Жүргізуші:
Денсаулық-басты байлық
өмірдегі,
Нәр
беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын
насихаттап,
Атанайық
жақсы спортшы
өңірдегі.
«Біз
біргеміз » атты спорттық ойын- сайысымыз осымен
аяқталды.
Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп
рахмет!