Спорттық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық сайыс "Біз күштіміз"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз күштіміз!

«Біз күштіміз!»
(спорттық - ойын сауық)
Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын дамыту.
Қажетті құралдар: шарлар, түрлі - түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, доптар, пирамидалар, көлшік, бақа атрибуты.
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі
"Біз күштіміз!" атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған
"Біз күштіміз!" атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Марш ойналып, балалар
далада бірінің артынан бірі жүріп келеді.
Жан - жақты жаттықтыратын жаттығулар:
Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Шеңберге тұрып, дем алу жаттығуын орындау.
Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек.

- Балалар денсаулық туралы мақал - мәтел кім біледі?
1. Денсаулық - зор байлық.
2. Дені саудың - жаны сау.
3. Тазалық - денсаулық кепілі.
4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
5. Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің.

- Өте тамаша балалар!
Ал енді алдымен әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
1. Балабақша меңгерушісі:
Аймагамбетова Толкын Жадгеровна
2. Балабақша медбикесі׃ Әбішева Әсия
Ал, кәне балалар «
Күшуақ» және «Достық» тобы болып екі топқа бөлінейік.

Жарыстың бөлімдерін сіздерге айтып өтейін.
1. Сәлемдесу.
2. «Кім бірінші» ойыны
3. «Кім жылдам» ойыны
4. «Пингвиндер» ойыны
5. «Бақалар» ойыны
6. «Кім епті» ойыны

Тәрбиеші: Балалар сайысымызды бастамас бұрын әнұран орындайық.
- Бәрекелді балалар!
1 - кезең. Екі команданың сәлемдесуі.
1. «
Достық» тобына жалынды сәлем!
2.«
Күшуақ» тобына жалынды сәлем!

1- кезең. Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы - деп «Кім бірінші» ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: жалаушаны алып, жүгіріп межені айналып келу.

2- кезең. Жүгір, жүгір желмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып.

Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс ұлан - деп « Кім жылдам» сайысына кезек берелік.
Ойын шарты:Қапшықпен балалар түрлі - түсті шарларды жинайды..

3- кезең. Спорт - біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт - біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған - дей отыра «Пингвиндер» ойынын ойнайық.
Ойын шарты: допты екі тізесімен ұстап жүру.

4 - кезең. Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық екен оныңда,
Жету үшін мәреге - деп келесі сайысымыз «Бақалар» ойыны.
Ойын шарты: бақалар шалшық судан секіріп, дауыстап, жүресінен отыра кету.
Тәрбиеші: - Бәрекелді балалар өте жақсы!
Қорытынды сайысымыз «Кім епті» ойыны.
Ойын шарты:Балалар шелекке су толтырады .
- Жарайсыңдар балалар!
Ән жұмбақ: «Бұл не?»
Құрметті апайлар бүгінгі спорттық ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне беріңіздер. Бүгінгі жеңістерің құтты болсын. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын!

42«Айналайын»МДҰ















"Біз күштіміз" спорттық сайыс





Өткізген: Нурушева А.С













2024 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.08.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі