Тақырыбы: «Әкем, анам және
мен!» отбасылық-спорттық
сайыс.
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір
салтына тәрбиелеу,мектеп пен отбасының бірлігін нығайта
түсу.Ептілікке,батылдыққа шымыр болуға
тәрбиелеу.
Барысы.
І.Сайыстың ашылу
салтанаты.
Жүргізуші: Құрметті
көрермендер,ата-аналар,балалар, бүгінгі мектепалды даярлық
сыныптарының арасында оздырылып отырған «Әкем, анам және мен!»
отбасылық-спорттық сайысына қош
келдіңіздер!
Жүргізуші: Алдымен сайысқа
қатысатын отбасыларды ортаға шақырамыз.
1.Жарыстарда
озатын,
Бәрінен алда
болатын,
Болашаққа
бүгіннің
Спортқа қол созатын «Сұңқар»
тобын
Ортаға
шақырамыз.
2.
Кімдер күшті, кім
алып,
Күш сынасып
бағалық.
Доп тебісіп
жүгіріп,
Қарсыласты жығатын «Барыс»
тобын
Ортаға
шақырамыз.
3.Құлпырған дала
гүліндей,
Жүретін ылғи
күлімдеп.
Сайыстарда ылғи
да,
Жете бергін сүрінбей-деп
«Тұлпар» тобын
Ортаға
шақырамыз.
4. Денің сауда
күштісің бұл
әлемде,
Денің сауда сұлусың жер
бетінде.
Сол мықты денсаулықтың
арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға
деп,- «Қыран»
ортаға
шақырамыз
Жүргізуші: Кімдер күшті,кім
алып,
Әділқазы
көріңіз.
Қара қылды қақ
жарар,
Әділ баға беріңіз-дей отырып
әділқазы алқасын сайлап алайық.
Жүргізуші: Әр отбасы өздерін
таныстырып өтсін.
Жүргізуші: Рақмет,енді бүкіл
сайыскерлер бірге «Қара жорға» биін билеп денемізді
шынықтырайық!
Жүргізуші: Енді бүгінгі
сайысымыздың бөлімдерімен таныс
болыңыздар.
1.Кім тапқыр ( Асық
ойыны).
2. Кім жылдам. ( Арқанға жіпті
байлау)
3. Мақал-мәтелдердің жалғасын
табу
4.Допты себетке
салу.
5.Арқан үстімен жүріп,
картопты шелекке жинау.
6.Шариктерді
жинау.
7.Шаш
өру.
Жүргізуші: Шат күлеміз
жайраңдап,
Біз ойнаймыз асыр
сап.
Туған жерде
сайраңдап,
Еркін өсер жас ұрпақ-деп
кезекті 1-бөлімге берейік.
Жүргізуші:
1-бөлім «Кім
тапқыр»
Шарты: бұл сайысқа тек
ата-аналар қатысады,кезектесіп ұқсас асықты табу керек. Тапқан
топқа 1 ұпайдан қосып отырамыз.
2-бөлім «Кім
жылдам»
Шарты:
3-бөлім Мақал-мәтелдердің жалғасын
табу. Қай топ табады сол топ бірінші болып шапалақ
ұрады.
4-бөлім «Допты себетке салу»
атты бөлімге кезекті береміз.
Шарты: Ата-ана және баласы
қатысады.Кезектесіп үшеуі допты қиындықтардан өткізіп, себетке дәл
тиген доп қана саналады.
Жүргізуші: Ей,жігіттер
Сендерге артар міндет
көп.
Көтер биік ата-салтын
құрметтеп.
Ақтай білсін ата-баба
үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі бар бір
мектеп-деп келесі
5-бөлім «Арқан үстімен жүріп,
картопты шелекке жинау» атты бөлімге
береміз.
Шарты: Ата-ана және баласы
қатысады.Бірінші әкесі арқанның үстінен жүріп қасыққа салынған
картопты шелекке салу керек. Дәл солай анасына береді,содан соң
баласы салған картоптарын санап шығарады.
Жүргізуші: Ат өнері
білінбес,
Бәйгеге
түспей,жарыспай.
Ер өнері
білінбес,
Қоян қолтық алыспай-деп келесі
кезекті бастаймыз.
6-бөлім «Шариктерді жинау» атты
бөлімге береміз.
Шарты: Әр топтың балалары
дөңгелек ішіне шариктерді лақтырып, жинау
керек.
Жүргізуші: Құлпырған еліміздің
ұл-қызымыз,
Әзірге маңдайдағы
құндызымыз.
Арасын жер мен көктің
жалғайтұғын.
Ертеңгі жарқыраған
жұлдызымыз-дей келе
сайысымыздың 7-бөлімін бастаймыз. «Шаш
өру»
Шарты: Сайысқа топ мүшелері
түгел қатысады. Матадан шаш өріп, ұзындығын
салыстырады.
Жүргізуші: Жарқын,шаттық заман
болсын,
Отбасымыз аман
болсын.
Сыйластықпен бірлік
болып,
Әрқашанда орта
толсын.
Ән: «Қазақстаным отаным»
әнімен МАД «Ә» сыныбының оқушысы Мұратов
Айсұлтан
1-жүргізуші: Енді сайысымыздың
қорытындысын жариялау мақсатында әділ қазы алқасына сөз
береміз.
«№1 мектеп- лицейі»
КММ
Әкем, анам және
мен!
отбасылық-спорттық
сайыс

МАД тобының
тәрбиешілері Утебаева
П.Ш
Токешова
А.К
Жетписбаева
И.Б
2024-2025 оқу
жылы