Тақырыбы: « Кішкентай
спортшы»
Мақсаты:
Балаларға денсаулықты сақтау
туралы түсінік беру. Денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға
дағдыландыру.Спортқа баули отырып,қызығушылығын арттыру. Тазалыққа,
ұқыптылыққа баулу. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай
жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын
дамыту.
Жүргізуші:
Құрметті тәрбиешілер мен
балалар , бүгінгі «Кішкентай спортшылар» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа екі яғни, « Тұлпар» және «Сұңқар» тобының балалары
қатысады.
Ұстаған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық , қане баршамыз! деп кішкентай
спортшыларымызды карсы аламыз.
Жүргізуші: Әділқазы мүшелерімен таныс
болайық.
Балалар, біз танертең тұрган
бойда беті- қолымызды жуамыз содан соң не істейміз? - Жаттығу
жасаймыз -Дұрыс айтасыңдар , балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?
-Денсаулығымыз мықты болу үшін, әдемі , сымбатты болып өсу үшін.
–Ендеше балалар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді
шынықтырып алайық.
Әуенмен жаттығу
жасалады.
Жургізуші: Балалар ендеше ұранымызбен
таныстырамыз 1. « Тұлпар» тобы:
Жеңсек тасымаймыз, Жеңілсек
жасымаймыз . Бірлігіміз жарасқан, Тұлпар тобынан жалынды
салем.
2. «Сұңқар»
тобы:
Көк аспанда қалықтап Сұңқар
тобы тек алға. Шарықтай бер, шарықта!
Сайыс 5 бөлімнен
тұрады.
-
«Қос аяқпен секіру»
ойыны Шарты: Қос аяқпен берілген
шеңбер ішіне секіріп, белгіленген конусты айналып , кері қарай тап
солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға
беру.
-
«Ептілік »
ойыны
Шарты: Доптың үстінде отырып
секіріп барып, дәл солай кері қарай қайтып
келу.
-
«Кім шапшаң»
ойыны
Шарты: Тарелкаға салынған
допты құлатып алмай, берілген межеге дейін барып допты шелекке
салып кері жүгіріп қайту.
-
«Секіргіш »
ойыны
Шарты: Ойыншылар белгіленген
орынға секіргішпен секіріп айналып келіп, екінші ойынға секіргішті
береді.
-
«Кім жылдам»
ойыны
Шарты: Қолымызды артымызға
қойып, берілген алманы тістеп , кедергілердің арасымен жүгіріп ,
белгіленген межеге дейін барып, алманы ыдысқа салып, кері қарай
тіке жүгіріп келу.
Спорт көркі
өмірдің,
Спорт досың
серігің.
Жаттықсаң шымыр
боласың
Шынығып өсіп, толарсың-деп
бүгінгі сайысымызды аяқтап сөз кезегін әділқазы мүшелеріне
береміз.
« Боранқұл » бөбекжайы
МКҚК
«Кішкентай
спортшы»
(Спорттық
сайыс)
Өткізген : Мереева
.Ж
2019жыл.