400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық сайыс: "Спортшымыз бәріміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық сайыс: "Спортшымыз бәріміз"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық жарыс: «Спортшымыз бәріміз»

Мақсаты: өткізілетін бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға , алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.

Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа , төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: спорттық іс-шара.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.

22 «Ақбұлақ» балабақшасының құрметті қонақтары. Бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің арасында өтетін Спортшымыз бәріміз атты спорттық жарысына қош келдіңіздер! Бұл тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты іс-шара. Ал енді, қатысушыларымызды таныстырайық.

Ақ түсті киімде «Бүркіт» тобы, қызыл түсті киімде «Тұлпар» тобы, көк түсті киімде «Барыс» тобы.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

«Бүркіт» тобы.

Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз

Жедел озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа,

Бүркіт тобы боламыз.

«Тұлпар» тобы.

Ұраны: Біз балдырған бақытты,

Әкеміз бен анамыз да.

Жеңілмейміз, озамыз,

Тұлпар тобы боламыз.





«Барыс» тобы

Ұраны: Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Барыс тобы боламыз,

Жарысамыз салмақты!

Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кезекті сайысқа берейік. Бүгінгі спорттық жарыс 6 кезеңнен тұрады.

1.»Құлатпай алып өт» жарысы.

2. «Мергендер» жарысы.

3.»Кім жүйрік ?» жарысы.

4. «Арқан тарту» жарысы.

5. «Жұмыртқаны түсірме» жарысы.

6. «Допты түсірме» жарысы.

Әр жарыстан кейін әділқазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оның да,

Жету үшін мұратқа.

«Құлатпай алып өт» жарысы

Шарты : ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасынан жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Келесі жарыс «Мергендер» жарысы.

Шарты: допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасынан өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.







«Кім жүйрік» жарысы

Шарты: қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз. Ойынның шартын бұзбаймыз, бірінші келген топ жеңімпаз.

Ойын ойнап ән салмай,

Өсер бала бола ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеріне толар ма?

Олай болса келесі жарысымыз «Арқан тарту».

Шарты: екі топқа бөлініп, арқан тартамыз, белгіленген жерге дейін арқанды тарту керек.

Келесі жарысымыз «Жұмыртқаны түсірме».

Шарты: әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып, түсірмей кедергі арасынан жүріп өтеді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Жарыс осымен тәмам. Төреші әділқазыларымыз ұпай сандарын есептеп , қай отбасы топтары жеңіске жеткендігін хабарлайды

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып , тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!













«Бекітемін»

МКҚК «№22 Ақбұлақ» балабақшасы

әдіскері: Лепесбаева Қ.К













Спорттық жарыс: Спортшымыз бәріміз





Дене тәрбиешісі: Утетлеуова А.Л















2016-2017оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.02.2019
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі