Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық саяхат "Алтын айдарлы әтеш" .

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық саяхат ойыны. Тақырыбы:Алтын айдарлы әтеш. Мақсаты: Балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылық-тарын ояту. Денелерін тік ұстап жүруге үйрету. Санамақтар, өлең жолдарын айту арқылы тілдерін дамыту, анық сөйлеуге үйрету. Берілген тапсырманы аяғына дейін жеткізіп орындауға, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Әдіс- тәсілдері: Таңғажайып сәт, музыкалық ырғақ, сергіту сәттері, би. Керекті құрал жабдықтар: Үн таспа Хат, әтеш, үйрек, тауық, ешкі, мысық,(маскалар)шыршалар, биіктігі 15 см, гимнастика орындығы, аласа ширма, қақпа алды жасанды шөптер, эмблема балапан әр балаға. Сахна көркі: Үйшік, панно есік алды, қақпа, ағаш.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық саяхат ойыны.


Тақырыбы:Алтын айдарлы әтеш.

Мақсаты: Балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылық-тарын ояту. Денелерін тік ұстап жүруге үйрету. Санамақтар, өлең жолдарын айту арқылы тілдерін дамыту, анық сөйлеуге үйрету. Берілген тапсырманы аяғына дейін жеткізіп орындауға, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: Таңғажайып сәт, музыкалық ырғақ, сергіту сәттері, би.

Керекті құрал жабдықтар: Үн таспа Хат, әтеш, үйрек, тауық, ешкі, мысық,(маскалар)шыршалар, биіктігі 15 см, гимнастика орындығы, аласа ширма, қақпа алды жасанды шөптер, эмблема балапан әр балаға.

Сахна көркі: Үйшік, панно есік алды, қақпа, ағаш.


І Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбер:

Қош келдіңіз, бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз, көңіл күйге сеніңіз,

Қош келдіңіз, шыққан күндей жарқырап,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз!


ІІ. Ғажайып сәт. Хат тасушы келеді.

Оның тапсырмаларын орындаймыз(түлкі, доп, тиін, кірпі)туралы сұрамақ, санамақ айтамыз.

Бүгін біздің топқа хат келді.

Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен әжемнің үйінде кішкене тауығыммен бірге тұрған болатынмын. Баукеспе мысық тауықты қуып жіберді. Өтінемін, көмектесіңдерші! Әтеш депті.

Әтешке көмектесу керек! Әжемізге барамыз ба?

Балалар:Иә барайық.

Тәрбиеші: Ол алыста тұрады. Ендеше құлыншақтың үстіне отырып, шауып барайық !

Құлыншағым - құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жалтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Мініп алып мен атқа,

Сосын барам қонаққа.

Міне былай, цок- цок-цок.

Тәрбиеші: Міне бізде келіп қалдық. Рахмет саған құлыншақ, бізді тез жеткіздің!

Әтеш шығады: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай жақсы болды. Менің кішкене тауығымды табуға көмектесуге келгендерің! Өзім бара алмаймын мен балапандарды мысықтан қорғауым керек.

Тәрбиеші: жүріңдер, балалар, тауықты тезірек тауып алайық.

Гимнастика тақтайына келеді, еденнен 15 см көтерілген.Еңбектеу.

Тәрбиеші: Мынау шалшық суда не жүзіп жүр? Ия, бұл үйрек екен ! Мүмкін ол тауықты көреген болар сұрайық.

Сәлеметсің бе, үйрек! Сен кішкене тауықты көрмедің бе?Қай жаққа кеткенін, оны мысық қорқытыпты.

Үйрек: Әрине көрдім. Ең бірінші менімен билендер, сосын сендерге айтамын.

Тәрбиеші: Үйрегім - ау , үйрегім,

Келіп жүрме билегің.

Кіналапта не керек,

Жүзгіштігін керемет!

Суда жарыс болса егер,

Бас бәйгені беререк.

Би: «Кішкентай үйректер»

Үйрекпен бірге қимылдарды қайталайды.

Үйрек: Жарайсыңдар, жақсы билейді екенсіңдер! Ал кішкене тауық ана жаққа кетті деп көрсетеді.

Тәрбиеші: Рахмет, үйрек! Жүріңдер балалар, әрі қарай іздеуге кеттік.

Жолдан өтіп жатқанда алдарында құм салынған қапшықтар жатады.

Тәрбиеші: Қалай өтуімізге болады? Жолда құм жатыр. Бізге кедергі жасамау үшін есіктің алдынан қақпаның ар жағына лақтырып жіберуіміз керек.

Балалар қапшықты ширмадан әрі қарай лақтырады кезек- кезек. Ағаштың түбінде ешкі кезігеді.

Тәрбиеші: Сәлемет пе,сүзеген ешкі! Ауладан кішкене тауықты мысық қуып жіберген екен. Сен білмейсің бе? Қайда қашып кеткенін.

Ешкі:Сәлеметсіңдар ме, балалар! Әрине мен сендерге айтамын. Тауықтың қайда кеткенін. Ең алдымен менімен ойнаңдар.

Ешкі: Мүйізді ешкі келеді,

Кішкентай балаларға.

Аяқтарымыз бен топ – топ - топ.

Көздерімізді ашып- жұмамыз

Кімде -кім ботқа жемейді,

Кімде -кім сүт ішпейді.

Сол баланы сүземін, сүземін. Ешкі балаларды қуады.

Ешкі: Ой сендер қандай ептісіңдер. Ешқайсыларыңды қуып жете алмадым. Ал тауық ана жаққа кетті деп жол көрсетеді.

Тәрбиеші: Балалар мынау тастардың үстіне шығып қарайық кезекпе кезек.

Гимнастика орындығыңда мысық жатады.

Мысық: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Не үшін келдіңдер?

Тәрбиеші: Біз кішкене тауықты іздеп жүрміз, әтеш бізге көмек тесіңдерші деген соң іздеп тауып берйік деп еді.Ол сене қорқып қашып кетіпті.

Мысық: Ой енді қуыспақ ойнауға да болмай ма? Қорқақ екеніне мен кінәлімін бе?

Тәрбиеші: Ол енді қайда екен?

Мысық: Білмеймін, бір жерде тығылған болар.

Тәрбиеші: Оны қалай табамыз?

Мысық: «Мысық пен балапан» ойының ойнандаршы. Сендер мамық жүнді балапан боласыңдар. Шалғында жайылып, ұшыңдар, жем іздеңдер., қанаттарыңды қағыңдар. Ал мен болсам сендерді аулаймын. Сендер шиқылықтағанда, кішкене тауық естіп ол өзі де жүгіріп келеді.

Тәрбиеші: Ойнайық, балалар! Мүмкін шыныменде кішкене тауық естіп бізді келетін шығар.

Мысық балаларға балапанның эмблемасын тағады. Балалар ұшады, қанат қағады, еңкейіп жемді шоқиды.

Тәрбиеші: Қақпа алдында мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Балапан етің жегісі кеп,

Оның тісі қышып отыр.

Мысық көзін ашып, балапандарды қуа бастайды.

Музыкамен тауық қыт қыттайды да балапандарын қанатының астына жинап алады.

Тәрбиеші: Табылды ғой кішкене тауығымыз! Міне қандай керемет! Ал мысық енді сен кішкене тауықты ренжітпе. Егер ойнағың келсе біздің Арман балалақшасына кел.Біздің балалар көп ойындарды біледі, ойнағаңды жасы көреді.Солай ма, балалар!

Бізге кетуіміз керек. Әтеш тосып қалған болар. Ой балалар, балалапандар сендер шынымен жүгіріп, ойнап өсір қалыпсыңдар және сендер әтештер мен тауықтарға айналдыңдар міне керемет! Міне қызық әтеш таң қалатын болды ғой. Балалар залда қолдарын көтеріп:

Шөп үстімен жүреміз, сытыр - сытыр - сытыр,

Тас үстімен жүреміз, сатыр – сатыр - сатыр,

Шалшық сумен жүреміз, шолп - шолп - шолп.

Жол үстімен жүреміз топ – топ - топ.

Әтеш балаларды қарсы алады. Балалар, сендерді бірден танымадым, сендер әтештер мен тауықтарға ұқсайды екенсіңдер!Сендер маған көмектестіңдер.Кішкене тауықты тауып әкелдіңдер. Рахмет сендерге.Сол үшін жалаушалар беремін. Шеңберге тұрып:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Қоштасу.






«Арман» бөбекжай – бақшасы МКҚК







Спорттық саяхат ойыны



10 - топ тәрбиешісі:

Сералина Гульмира Серікқызы




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
836
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12