Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Спортық ойын - "Толағай"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ШҚО Білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ
Тақырып:
"Толағай" Көңілді спорттық
ойындар
Бағыты: Салауатты өмір салтын
қалыптастыру
Дайындаған: Сакенова А.М
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Толағай»
Мақсаты:
балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын,
өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Балаларды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені
шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын
түсіндіру.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: бүкіл әлемді алаңдатып отырған дерт - КОРОНАВИРУС - қа төтеп беру үшін денсаулығымызды күтуіміз керектігін түсіндіре отырып, сақтану шараларының бірі салуатты өмір салтын ұстану екеніне көз жеткізу.
Көрнекіліктер:
нақыл сөздер жазылған ленталар, жалаушалар,
шарлар
1. Спорт -
денсаулық кепілі.
2. Тәлімді
тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
болмақ.
3. Саулық -
байлық негізі
Бағыты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Өтілі
түрі: Эстафеталық
сайыс
Өтілу уақыты: 5-6.11.2020 жыл
Қатысушылар: 4-9 сынып тәрбиеленушілері
Барысы:
1 -
жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгінгі «Денсаулық -
әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» сайысына
қош келдіңіздер!
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің үйіміздің балалар қауымы аға-бауыр, әпке-сіңілі арасында өткізілгелі отырмыз.
Бүгінгі сайысымызды әлемді жаулаған індет -
COVID-19 "КОРОНАВИРУС" жойылып кетуіне
арнаймыз.
1 -
жүргізуші:
Денсаулық - ол
шыныққан
Барлық денең
мүшесі.
Денсаулық - ол
тыныққан
Жүйке тамыр
жүйесі.
Денсаулық - ол
күлуің
Көңіл - күйің
жадырай.
Денсаулық - ол
жүруің
Ешбір жерің
ауырмай.
2 -
жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен
атырамыз
Өнерді ой көгінде
бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді
ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да
шапшаң
Топтарымызды
шақырамыз.
1-ші топ: "Шымыр" тобы (Соловьев Арсений, Калиев Рустам, Соловьев Савелий, Жаркова Карина, Жаркова Оксана, Бейсембаева Айзада).
2-ші топ: "Денсаулық" (Кильтау Артем, Колпаков Рахимжан, Моисенко Валентин, Дымченко Елена, Бейсембаева Айсары, Колпакова Даяна) топтарын ортаға шақырамыз!
1 -
жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді
бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер!
1.
Мекемеміздің басшысы – Жилкибаева Гульнар
Зулкарнаевна
2. Үйіміздің
психологі – Рымжанова Алмагуль
Салимовна
3.
Мекемеміздің мейірбикесі – Сулейменова Эльмира
Азатовна
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен
бағаланады.
1 -
жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасы мүшелерінің рөлі орасан зор.
2 -
жүргізуші:
Спорт –
денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие
мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып
отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады,
екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени
мереке сыйлайды.
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды
спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен
татулық қасиеттерін нығайта
түспек!
2 -
жүргізуші:
Ойнайық,
ойнайық та
ойлайық!
Қатардан
артта қалып
қоймайық,
Белсенді
болайық
ортада,
Уақытты
тектен - тек
жоймайық!
1 -
жүргізуші:
Ойнайық,
ойнайық та
ойлайық!
Күшімізді
көрсетейік,
сынайық!
Жеңсең де,
жеңбесең де ренішсіз
болайық,
Қаймықпай,
көңілді болып
тарайық!
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Бүгінгі
спорттық сайыс 8 кезеңнен
тұрады.
1.
Таныстыру.
2. Қалыпты
жүгіру.
3. Ақсап
жүгіру
4. Қосаяқты
жүгіру
5. Допты
жерге ұра
жүгіру
6. Допты
жерге домалата тездетіп
жүру
7. Допты
тізеге қысып
секіру
8. Екі
ойыншы допты бір-біріне лақтыра тездетіп
жүру
9. Ракетканмен шаригін түсіріп алмай жүріп өту
10. Скакалкамен секіріп өту
11. «Арқан тартыс» ұлттық ойыны
Жүргізуші:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар
Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, ертеңгісін жаттығулар жасап
жүресіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар!
Қорытынды
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
- демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
....
Құрметті балалар! Бүгінгі сайысымызға белсенді түрде қатысып, тамаша ойын көрсеткендерің үшін көп - көп рахмет. Келесі кездескенше қош сауболыңыздар!
Тәрбие сағатының талдамасы
Мерзімі: 5-6.11.2020 ж.
Тәрбиеші: Сакенова А.М
Сынып: 4-9 сынып аралығында.
Қатысқандар: 12 тәрбиеленуші, 1 - студент, мекеме басшысы, педого-психолог - Рымжанова А.С, мейірбике - Сулейменова Э.А, тәрбиеші көмекшісі - Ақпаева Ф.А
Тақырыбы:
«Толағай»
Мақсаты:
балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын,
өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Балаларды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені
шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын
түсіндіру.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: бүкіл әлемді алаңдатып отырған дерт - КОРОНАВИРУС - қа төтеп беру үшін денсаулығымызды күтуіміз керектігін түсіндіре отырып, сақтану шараларының бірі салуатты өмір салтын ұстану екеніне көз жеткізу.
Педагогикалық маңыздылығы: Қазіргі уақыттағы әлемдік індетке айлаған COVID-19-ке арналған спорттық сайыс көңілді өтті. Балалардың барлығы белсенді түрде қатысты. 1-ші күні эстафетаға дайындық болды. 2-ші күні "Толағай" - отбасылық сайыс ретінде өтілді.
10-турдық сайысымызға екі топ "Шымыр" және "Денсаулық" ойыншылары қатысты. 1-4 кезеңдерде таныстыру, жүгігу, ақсап және қос аяқтап секіру, 5-7 кезеңдерінде допты домалату, тізеге қысып, серігімен лақтырысып жүгіру болса, 8 кезеңде сакакалкамен секіріп, 9-да ракеткамен шаригін түсіріп алмай жүгіру, 10-шы кезеңде ұлттық ойын арқан тартысу болды. Балалардың барлығы да кезеңдердің кез келгенінен мүдірмей өтуге тырысты. Әркім өз командасы үшін бар күштерін жұмсап, қызықты ойын көрсетті.
Ойын барысында "Тоқта COVID-19", "Стоп КОРОНАВИРУС", "Біз үйдеміз", "Біз біргеміз", "Спорт - денсаулық кепілі", "Алға", "Жарайсың" деген ұрандарын қолдарына көтеріп ұстап жүрді.
Жарыстың басталуы, таныстыру сәтінен.
Даяна мен Айзаданың допты тізеге қысып жүгіру және жеке жүгіру кездері
Ұлдардың допты бір-біріне лақтырып және
қыздардың скакалкамен жүгіру
кездері
Қазақ халқының ұлттық ойыны "Арқан тартыс" кезінен
Жарыс соңы қорытындылау кезеңі
Қолдарына ұрандарын көтеріп жүрулерінен