|
Бөлім: |
2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын |
|
Педагогтің аты-жөні: |
А.Құбашева |
|
Күні: |
06.12.24 |
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Бостандық таңы атты» өлеңінің көркемдік ерекшелігі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
А/И. 8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (эпитет, антоним, ауыспалы мағыналы сөз, кейіптеу, метонимия) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (эпитет, антоним, ауыспалы мағыналы сөз, кейіптеу, метонимия) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды. |
|
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
|||||||||||||||||||||
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. |
Өлеңнің мағынасы неде? Тәуелсіздігімізді қашан алдық? Ақын өлеңде неден аулақ бол деді? |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. |
№1-тапсырма: Теңеу, эпитет, антоним, ауыспалы мағыналы сөздердің анықтамасын еске түсіріңдер. |
Дескриптор: Жалпы - 5 балл. - эпитетті табады; - антонимді; - ауыспалы мағыналы сөзді; - кейіптеуді; - метонимияны табады. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.. |
|||||||||||||||||||
|
«Түртіп алу» әдісі.
|
№2-тапсырма: Өлең шумақтарын ретімен орналастыр. LearningApps платформасында дайындалған тапсырманы орында |
Тапсырманы орындайды
https://learningapps.org/display?v=pmhfuzypa24
|
Дескриптор: Жалпы - 5 балл. -шумақтарды ретімен орналастырады; - өлең мазмұнын біледі; -автор стилін ажырата алады;
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.. |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. |
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
||||||||||||||||||
Бостандық таңы атты (1917 ж жазылған)
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.
Адамның бәрі бір, болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі өліп,
Бірігер еңбекте барша адам баласы.
Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.
«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?
Таласпай бөліссе табиғат байлығын,
Қара жер тойғызар адамның барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған
Өмірдің көреді бақытты сайлығын.
Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.
Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!
Бір ғасыр бұрынғы бостандық
Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті алдағы уақытта ел өңірлеріндегі, яғни облыстық, қалалық, аудандық газеттерде жарияланған маңызды мақалаларды өз бетінде жарыққа шығаруды қолға алып отыр. Бұл бастаманың тырнақалды туындысы ретінде бүгін біз Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет істейтін журналист Қуаныш Тұңғатардың «Атамыз − Алаш» айдары аясында жарық көрген зерттеу мақалаларының Шәкәрімге арналған бөлімін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Қазақ елдігінен айрылып, бодандыққа біржола бата бастаған ХХ ғасырдың басындағы аласапыранда бүгін біз «Алаштықтар» деп атап жүрген саяси қайраткерлер тарих сахнасына шықты. Еркіндік жолындағы осы жанкешті шайқастың ортасында ақсақалдық жасына қарамай Шәкәрім де жүрді. Қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрған тайғақ заманда Алаш зиялыларының азаттық жолындағы бастамасын қолдап, ел алдында езгіге қарсы дүркін-дүркін сөз сөйледі. Әдетте, біз қазыналы қарияны шашасына шаң жұқпайтын ақын ретінде ғана құрметтеп, ары кетсе руханияттың шамын жаққан данагөй деп бас иіп келдік. Шын мәнінде, Шәкәрімнің тәуелсіздікке талпынған қазақ халқы үшін төккен тері көл-көсір. Әсіресе, жау жағадан, бөрі етектен тартқан тар заманда ел басқару ісіне қатысты келелі кеңестер айтқаны, Әлихан, Ахмет және Міржақып тізгінін ұстаған саяси қозғалыстарға бағыт-бағдар бергені бүгін белгілі болып отыр. Кешегі солақай саясат ақынның Алашорда үшін атқарған еңбегін бүркемелеп, жаттауға жеңіл, көбіне жастық шағында жазылған махаббат жайлы өлеңдерін ғана насихаттауға жол берді. Кеңес билігі ақынды ақыры Қарасартовтың қолымен аяусыз өлтірді. Қазақ тұлғасына салынған тұсау мұнымен біткен жоқ. Жылдар бойы құдық түбінде жатқан мүрде 30 жылдан кейін ғана арулап көмілді. Ал есімі егемендік алғанға дейін еленбеді, ескерілмеді. Отаршыл биліктің материалистері ұлт үшін туған қаһарманды сезім отын жырлаған лирик ретінде көрсетуге күш салды.
Көрдіңіз бе, Шәкәрім «ерікті ел» деген сөзді қолданады. Яғни, оның аңсары, арманы – азаттықта. Ол өлеңін тектен-текке «Бостандық таңы атты» деп қойған жоқ. Ерікті ел – тәуелсіз елдің баламасы. Қайраткер ерікті ел болуға ұмтылудың болашақ үшін пайдалы екенін меңзейді.
ШӘКӘРІМ
Шәкәрім – поэзия арқылы ар мен ұят ілімін насихаттаған, адамгершілік пен пендешіліктің арасалмағын өлең өлшеміне салған, жан тазалығын шын жүрегімен жырлаған білімдар ақын. Оның бұлай төрт құбыласы тең түсуіне, өлеңдерінің теория талаптарынан қиыс кетпей, мағынасы мен мазмұнының жұп-жұмыр шығуына ұстазы әрі ағасы Абай оң ықпал етті. Шәкәрім рухани ұстазы өмірден өткен соң Мысыр, Түркия, Арабия барып, шығыс пен батыстың білімін жинап қайтты. Ислам дінінің игіліктерін қарапайым мысалдармен түсіндіре білген ақын өмірінің ақыры аянышты. Көпшілігі шайырды шалғайдағы Саятқорада елден жырақ жатып, шығармашылықпен айналысты деп ойлайды. Расында солай болғанмен, солақай саясат кеңестік кезеңнің соңына таман ақталған ақынның 1916 – 1930 жылдар аралығында не істегенін, саясат пен қоғамда қандай қозғалыстарға белсене араласқанын сол қалпы жасырын ұстады.
Ақынның Әлихан Бөкейхан құрған Алашорда үкіметі туралы оң көзқараста болғанын айғақтайтын тарихи құжаттар жеткілікті. Бұл туралы тәуелсіз Қазақстанда ғана мәлім болып отыр. Тіпті, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді Шәкәрімнің алашордашылармен кездесіп тұрғанын, Семейде Әлихан екеуі жиі әңгіме-дүкен құрып, «Алаш» партиясының болашағы туралы сөз қозғағанын айтады. Шәкәрім мен Алашорданың қаншалықты қатысы барлығын белгілі ғалым, тарихшы Ерлан Сыдықов та зерттеген. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейханнан бөлек, Жүсіпбек Аймауытовтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектерінде Шәкәрімнің есімі жиі-жиі қайталанып қоймай, жиындарда ел болашағы турасында сөз сөйлегені келтіріледі. Мәселен, жазушы Жүсіпбек «Желкек» деген бүркеншік есіммен Шәкәрім ақсақалға арнап арнайы мақала жазғанын біреу білсе, біреу білмес. «Шәкәрім ақсақал шежіресіне жеңіл-желпі жұмысша қарамай, терең ойлап, көп оқып, сан салыстырып барып жазғаны көрініп тұр. Бұл турада ақсақалды қазақтың «Карамзині» десек, артық мақтаған болмаспыз», – деп жазады Жүсіпбек. Мұндағы шежіре деп тұрғаны – Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі. Байқасақ, Алаш арыстарының ең беделді жазушысының өзі Шәкәрімнің жаңа кітабын жоғары бағалап, мерзімді басылым бетінде оқырманнан сүйінші сұраған.
Абайдың шәкірті 1917 жылдың әйгілі Ақпан төңкерісінде көп қазақпен бірге қуанды. Бұған дейін торығып, қамығып жүретін ақын қазақтың басына бақыт орнайтын күннің барлығына шүкір етті. Хандық дәуірдегі қазақтың өр мінезін алып қойған отарлаушы ұлттың қамытынан құтылып, асқақ рухпен жырлады. Ру мен руды аңдыстырып, жалған жала жапқанды көтермелеп, ел деп еңірегендерді итжеккенге айдаған сұрқай заманға лағнет айтты. ХХ ғасырдың басынан бері қазақ үшін жанын беруге даяр Әлихан, Ахмет, Міржақыптармен кездесті. «Бостандық таңы атты» деген өлеңін жариялап, туған халқына жарқын да азат жаңа жолды көрсетті.
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер,
– деді Шәкәрім. Бірінші шумағынан-ақ халықты жалған ұранға ұрындырмауды көздеген данагөй үшінші тармағынан бастап әрбір адамның жүрегін қарайтатын кеселдерден сақтандырады. Бұл жерде ақын арға ие басшы деп Әлиханды айтып тұруы әбден мүмкін. Ал таң артынан күн шығатынын Сұлтанмахмұттың «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деген өлеңімен байланыстыруға болады. Мұнда Шәкәрім күнді мысалға ала отырып, алашордашылардың бастамасына өлеңмен пікір білдіреді. Күн шынында да Алаш партиясының сол кездегі символы іспеттес еді. Бұған Алаш арыстарының күнді жиі мысалға алып, мақала, өлең, ұран сөздер жазуы дәлел.
Шәкәрім – алашордашыл ақын. Кеңес кезінде естіген адамға түрпідей тиетін «Алаш» сөзі ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының тәуелсіздігімен пара-пар еді. Ақпан төңкерісі бостандықтан бағы ашылмаған аздаған ұлттарға азаттық алуға мүмкіндік берді. Шәкәрім сол азаттық қазаққа да тиеді деп ойлады. Ел ішіндегі ірілі-ұсақты дауларды тастап, әрбір ер-азаматты елдіктің ісіне жұдырықтай жұмылуға шақырды. Өйткені, ақынның тәуелсіздікке талпынысы жоғары болды. Оның бұл талпынысын идеология майданынының бел ортасында жүрген Әлихан бастаған зиялы топ жақсы түсінді. Ақсақалды азаттық жолында құрылған Алашорда үкіметінің қолдаушысы әрі мүшесі ретінде құрметтеді. Шәкәрім мен Алаш арыстарының арасында тығыз байланыс орнады. Бұған дейін орыстың данышпан қаламгері Лев Толстоймен хат алмасқан ақсақал ендігі кезекте ұлт бостандығы жолында ұйысқан қазақтың жастарымен идеялас қайраткерге айналды.

Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын,
– деп ақын он алтының ойранын астарлап өтеді. Мұндай қым-қиғаш соғысқа бар болғаны адамның нәпсісі себепкер екенін атап көрсетіп, таласпаған адамзатты қара жер тойғызатынын тілге тиек етеді. Шәкәрім бостандық таңы атқанын барша қазаққа жар салғанымен, теңдік орнатуға тырысқан жарлылардың билігі белең алып кеткенін кеш байқады. Бірақ, олардың саяси ұстанымы адалдыққа құрылғанымен, Шәкәрім бай-кедей деп әлеуметтік тартысқа салып қоятын биліктен көп шикілік тапты.
Естеріңізде болса, Әлихан Бөкейхан «Кәкітай» деген тақырыппен шағын мақала жазады. Бұл туралы жоғарыда келтірген Мәмбет Қойгелді мен Ерлан Сыдықов та зерттеу жүргізген. Сонда Әлихан Шәкәрімге арнайы тоқталып, Мемлекеттік думаға депутат ретінде ұсынғанын айтады. Алайда, ақын бірден лауазымды орыннан бас тартып, орнын Темірғали Нұрекенов есімді білімді болысқа беріпті. Біле білген адамға бұл үлкен үлгі әрі мансапқа қызықпаудың іс жүзіндегі дәлелі болатын. Әлихан да мақаласында: «1908 жылы Семейде абақтыда борышымды күтіп жүрген кезімде Шәкәрім, Кәкітай, Тұрағұл әдейі қалаға келіп, тағы біраз күн көңіл көтеріп, шат-шадыман болған едік. Мен абақтыда жатқанымда олар тағы келіп амандасқан. Бұған өзге қазақ жарамады-ау», – дейді. Бұл мақаладан біз Шәкәрім мен Әлиханның тығыз байланыста болғанын білеміз.
Шәкәрім тәуелсіздікке ұмтылған туған ұлтын отарлық езгіден құтқаруға тырысты. Бүкіл Ресейдің саяси мінберінде сөз сөйлеп, заң шығаруға лайықты қазақ арасындағы бірден-бір адам Шәкәрім еді. Әлихан Абайдың шәкіртін өзіне ұстаз тұтқаны анық. Бәлкім, сол себепті де, Шәкәрімнің кандидатурасын думаға депутаттыққа ұсынған шығар?! Бұл жағы бізге беймәлім болса да, ақынның атақ-даңқы онсыз да депутаттыққа жетелейтіні сөзсіз еді. Соны дер кезінде аңғарған Әлихан ақсақалды қазақ мүддесін қорғайтын адам ретінде билік мінберіне жібергісі келді. Алайда, оған билік, мансап, атақ, нәпсі, партия дегеннен мүлде жеріген, рухани іліммен шұғылданып жүрген Шәкәрімнің баруы екіталай еді. Солай болды да. Тек ақын Алаш қозғалысына үмітпен көз тіккені, оның саяси жұмыстарына белсене араласқаны жасыруға келмейтін ақиқат.
«Қазақ» газетінің № 262 санына «Алаш құрбандары» атты мақала басылады. Азамат соғысы белең алып, ел іші ала тайдай бүлінген 1918 жылдың басы еді бұл. Алашорда билігі құрылып, қазақ тәуелсіздігін паш ететін бағдарламалар съезд арқылы қабылданып қойған кез. Тіпті, Алашорда үкіметінің жеке жасағы, қоғамдық тәртіпті орнататын сақшылары, ел қорғайтын қарулы, атты әскерлері бар. Семей төрінде 6 наурыз күні таңғы сағат 9-да мылтықсыз ойнап жатады. Аталған мақаланың авторы Ж. Жәнібеков Семейді «Алаш қаласы», әскери жаттығуды «мылтықсыз ойын» деп көрсетеді. «Сонда 10-15 солдат келіп, еш себепсіз мылтықты бір-екі басып қалады. Ешкімге оқ тимейді, – дейді автор бір сұмдықтың алдындағы оқиғаны сөзбен шебер суреттей келіп. – Мылтық дауысы шыққан соң бірлі-жарым жігіт қашуға айналғанда милиция бастығы, мұғалімдер семинариясының шәкірті Қазы Нұрмұхамедұлы айқайлап: «Қайда барасыңдар? Жазықсыз өлсек өлейік. Бәрімізді қырмас», – деп тоқтау айтып, өз орнында тұрды. Сол арада мылтық үсті-үстіне атылып, Қазының өзіне де, атына да оқ тиді».
Есіл жас сол арада жан тапсырады. Мақала авторы жігітті Алаш құрбаны деп аза тұтады. Алашорданың алғашқы құрбанына халық көп жиналады. Бүкіл Семей жұрты қайғырады. Ең бастысы, жас жігіттің өліміне Шәкәрім Құдайбердіұлы да қатысады. Жаназасын шығарып, қабірге қойған соң ақын қаралы жиынға қарап былай деп сөз сөйлепті:
– Әлеумет! Мынау жатқан кім? Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер. Бұл күнгі һәм мұнан соңғы ұлтым деген азаматтар мына мен сияқты болып ұлтым деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қази еді. Қазы – би деген сөз. Қазы билігін етіп кетті. Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе. Арманың жоқ. Құдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер. Мұның үй ішінің міндеті сендердің мойындарыңда. Бір кішкентай көзінің қарашығы қалды. Соны тәрбиелеп адам қылу, бәріңнің, барлық Алаштың мойнына парыз және өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар. Құдай-тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлт үшін құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім енді, бүгін өлсем де арманым жоқ!
Шәкәрім жас өлімнің алдында ұзақ сөйлейді. Мақала авторының айтуынша, ақсақалдың сөзінен кейін жиналған жұрт тегіс жылапты. Шәкәрімнің сөзінен кейін Міржақып Дулатұлы қабырғасы қайыса отырып өлең оқиды. Біз бұл мақаладан Шәкәрімнің Алаш қозғалысына белсене қатысқанын ғана емес, олардың әрбір мүшесіне қатты алаңдайтынын көрдік. Алашорда билігінің жас сақшысы жазатайым оқ тиіп қаза болғанда, Шәкәрімге мұншама жігер беретін сөз сөйлеу оңай емес екені белгілі.
Ақынның тағдыры тым ауыр. Ұлт үшін туып, оққа ұшқан азаматқа ақтарыла сөйлеген шайырдың сөзінен ұзақ жылдық зарды, мұңды, орны толмас қайғыны көруге болады. Дәл осы оқиғадан 13 жыл өткеннен кейін Шәкәрімнің өзі де оққа ұшарын білді ме екен? Қысқасы, бұл оқ тек Шәкәрімнің ғана емес, 1938 жылға дейін миллиондаған қазақтың өмірін қиып түсірді емес пе?! Халық Абайдан кейін Шәкәрімге, Әлиханға имандай сенді. Осы қос тұлғаның ұлтты адастырмайтынын білді. Ең бастысы, Шәкәрім – алашордашылардың көшін бастап тұрған ақсақалы, жасы үлкені, көргені мен түйгені көп абызы еді. Алашорданың 100 жылдығына орай жазған мақаламыздың әлқиссасын Шәкәрімнен бастап отырған себебіміз де сол.
Қуаныш ТҰНҒАТАР
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ш.Құдайбердіұлы "Бостандық таңы атты" өлеңінің көркемдік ерекшелігі

шағым қалдыра аласыз