жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек"поэмасы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын |
Мектеп: Л.Қылышев атындағы ОЖББ мектебі |
||||||||||
Күні: 10.12.2019 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Буранбаева Ш.Х. |
||||||||||
Сынып: 8 ә |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік –Кебек» дастаны |
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/Ж. 8.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. |
||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігі н түсінеді Көбі: Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтап,эпилогты табады Кейбірі: Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтайдыжәне де эпилог пен прологтарды табады. |
||||||||||
Бағалау критерийі |
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады |
||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
жанр,сюжет, эпилог, пролог,шариғат шырғалаңы, көзден таса болу, зораю, көз байлау. |
||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» кезеңдері, тарих пәнімен байланыс болады. |
||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Ш.Құдайберді өмірі мен шығармашылығы туралы біледі және де Абай мен Шәкәрімнің шығармаларының ұқсастығын біледі |
||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|||||||||
Сабақтың басы 10 минут
|
1.Миға шабуыл «Меморандум» әдісі Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады. Әрбір екінші тұрған оқушы «2 - 4 - 6 - 8» сандарын айтып бір қадам алға шығады, барлығы айтып болғаннан кейін ішкі және сыртқы шеңбер жасап топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Әр топқа «Еңлік- Кебек» дастанының нұсқасы жазылған үлестірме қағаздар таратылады.Интерактивті тақтадан қазақ халқының басынан өткерген «1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи қасіретті кезең туралы бейнежазба мен (Youtube 20.10.14 Халық әні Елім - ай Kazakh folks) пен«Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі» тақырыбындағы мақала нұсқасы көрсетіледі. Топ мүшелері көргендері мен оқығандары жайлы пікір алмасады. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды. |
Youtube 20.10.14 Халық әні Елім - ай Kazakh folk s https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518/ Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі |
|||||||||
Сабақтың ортасы
27 минут
|
1-тапсырма «Дойбы» тәсілі Әр үстелге дойбы тақтасы қойылады. Егер дойбы тақтасы жеткіліксіз болған жағдайда оны А3 форматты қатты қағазға сызып жасау қажет. Оқушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Оқушылар дойбы тастарын қозғалту арқылы дастанға сатылай кешенді талдау жасайды.Бір оқушы сұрақты айтып дойбы тасын қозғалтады, екінші оқушы тасты жауап бере отырып жылжытады. Бір оқушы жүріс кезінде жауаптан тосылып қалса, екінші оқушы екі жүріс жасай алады.Үшінші оқушы олардың жауаптарын бағалау парағы бойынша тексеріп отырады. 1.Авторы: 2.Тақырыбы: 3.Жанр түрі : 4. Идеясы: 5.Шумақ: 6.Тармақ: 7.Бунақ: 8.Буын саны : 9.Ұйқас түрі: 2-тапсырма «Құптау белгісі» тәсілі Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар алдыңғы тапсырмадағы бөлінген топтарымен отырады. Оқушылар алдымен әңгіме алдындағы сөзді ( прологты): Өткен
адам болады көзден таса, 3-тапсырма «Иә және Жоқ» тәсілі Оқушылар
берілген анықтамаларды оқи отырып,
жауаптарын «ИӘ және ЖОҚ» сөздерімен
салыстырып нақтылайды. 6.Еңлік- бас бостандығын аңсаған қазақ қызы. 7.Кебек – халқының тәуелсіздігін аңсаған батыр. 8. Еңлік –Кебекке кесене орнатылған. 9. «Еңлік –Кебек» - батырлар жыры
ҚБ
«Жүрек».
бағалайды) |
|
|||||||||
Сабақтың соңы 3 минут
|
Кері байланыс:« Егер болса...» Оқушылар «Егер болса..» әдісі арқылы төмендегі тіркестерді өз ойымен бекітіп, жалғастырып жазады.
|
|
|||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
ҚБ. «Жүрек». Жұптардың бір-бірін бағалауы. |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы). Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
|
|||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||
Оқушыларға арналған қосымша дидактикалық материалдар
https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518/
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі
«Еңлік-Кебек»
– екі жастың махаббатын жыр ететін
шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар
оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына
кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен
«Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы
белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы
Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке
кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған
тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз
жаза яки кез болған іс» деген шығарма
да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған
«Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы
1988 жылы қайта жарық көрді. «Бұл әңгіме
- 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында
Матай мен Тобықты арасында болған іс.
Шариғатта әкесінің атастырғаны жас
қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік
пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының
қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас
баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке
беріп обалына қал» демейді. Мен соны
ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы
демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған
Шәкәрім ақын. Ақын поэмасы адам болмысының
қыр-сырынан сыр шертуден басталып, кісі
бойындағы достық, махаббат, ақыл-парасат
жайлы толғайды. Толғай келе «Ақтабан
шұбырынды» заманының кейпін айтып,
тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан
ауа көшуі, кейін хан Абылай заманында
өз қоныстарына бытырай келіп қайта
қоныстануы жайлы жырлайды. Онан соң
Кебек батырдың ер мінезді, кішіні аялап,
үлкенді сыйлайтын ақылды, парасатты ер
екені, елі мен жері үшін жаудан жасқанбайтын
азамат екені жырланады. Бірде Кебек
батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап
болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны
жырлаған ақын: «Бораннан байқай алмай
барар бетті, Түн ішінде адасып Кебек
кетті. Осы Хақан өзеннің аяғында Қыстаған
бір Матайға келіп жетті»,- дейді. Осылайша
Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап
болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан
тұста Кебек Еңліктің бақытсыз екенін,
басы шарасыздан қортық еркекке байланғанын
біледі. Ақын бұл тұстарды ерекше
шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын,
сөз бен жүйеге жүйрік шешендігін
дәлелдейді. Бір айтқан сөзге нана салу
ер жігітке сын, сондықтан Кебекке де
Еңлікті бірнеше рет сынатып, көңілінен
шығарады. Бұл тұста ақындық шабыттың
нағыз биік үлгісін көрсеткен Шәкәрім
ақын екі жас ортасындағы нәзік махаббат,
шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік,
халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы
айтқандарын өте жоғары шеберлікпен
суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары
деңгейдегі үлгісін көрсетеді. Осы
кездесуден кейінгі кездерді де, ел
ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің
кейінгі тағдырын жүрекке жетер
шынайылықпен, суреткерлікпен жеткізе
білген. Ақынның позициясы анық аңғарылып
отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың
махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық
надандығына налып, күйінеді. Халықтың
қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі
жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда
ақын тіптен шиыршық атып, буырқана
жырлайды. Жалпы, «Еңлік-Кебек» поэмасы
– қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы
Шәкәрім қаламынан туған кесек туынды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген