|
Сабақтың
басы
Сабақтың
ортасы
|
Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп,
назарын сабаққа аудару.
І. Қызығушылықты
ояту.
-Шаншатайдың
Тәмпіш қара атануының себебі
неде?(оқушылар жауабы
тыңдалады).
(Жеке жұмыс)
Шығарма бөлімдерін рет-ретімен жазып
шығыңыздар.
Бөлімдері:
• «Танысу»
• «Тілеп алған азап»
• «Әзілі ме шыны ма?»
• «Өкініш»
• «Теке қарт»
• «Не болды бізге?»
• «Бұдан кейінгі күндерде …»
• «Ойламаған жерден»
• «Үш күн қалғанда»
Оқушылардың
жұмыстарын тексеру үшін әр оқушы өз жазбаларымен топ мүшелерін
таныстырады.
Дескриптор:
ҚБ
Сабақтың тақырыбы
мен мақсаты анықталады.
ІІ. Мағынаны
тану. 1-тапсырма. (Топтық жұмыс)
Төмендегі кестені
толтырыңыздар.
1-топ.
|
Эпикалық жанр
түрі
|
|
|
Шығарманың негізгі
ойы
|
|
|
Тәрбиелік
мәні:
|
|
|
Шығарманың
композициялық құрылысы:
|
|
Басталуы.
|
|
|
Байланысуы.
|
|
|
Шиеленісуі.
|
|
|
Шарықтау
шегі.
|
|
|
Шығарманың
шешімі.
|
|
Эпикалық жанр түрі
– повесть.
Шығарманың негізгі ойы
— жас жеткіншектерді
адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа
тәрбиелеу.
Тәрбиелік
мәні: Шаншатайға тән
әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай
бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау
қасиеттері танылады.
Шығарманың композициялық
құрылысы:
Басталуы. Шаншатайдың ауылға
келуі, ауыл балаларымен танысуы.
Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші
екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос
болуы.
Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының
қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын – сауық ұйымдастырулары,
Шаншатайдың ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын
оятуы.
Шарықтау
шегі. Оқушылардың өз
мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен
Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім
сұрауы.
Шығарманың
шешімі. Ертайдың салған
суретінің «Октябрь балалары»газетіне
шығуы.
2-топ. Балалардың Шаншатаймен
танысқанға дейінгі өмірлері мен танысқаннан кейінгі оқиғаларды
салыстыра отырып, талдаңыз. Шығарма эпизодтарын
қолданыңыз.
3-топ.
Сізге шығарма кейіпкерлерінің қайсысы көбірек
ұнады? Неліктен? Өзге кейіпкерлермен салыстыра
талдаңыз.
«Т»
кестесі
Дескрипторлары:
-
Әдеби шығарманың жанрын
анықтайды;
-
Композициялық құрылысына қарай талдай
алады.
-
Шығарма эпизодтарын
байланыстырады;
-
Эпизодтарды
салыстыра талдайды;
-
кейіпкерлер бейнесін
салыстырады;
-
өзіндік талдау
жасайды.
ҚБ
|
Оқушылармен сәлемдесіп,
назарын сабаққа аудару.
Оқушылар сұраққа жауап
береді.
Шаншатайдың Тәмпіш
қара атану себебін түсіндіреді;
Бөлімдердің ретін
біледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
анықтайды.
Оқушылар топтық тапсырмалар
орындайды.
Әдеби шығарманың жанрын
анықтайды;
Композициялық құрылысына қарай талдай
алады.
Шығарма эпизодтарын
байланыстырады;
Эпизодтарды
салыстыра талдайды;
Кейіпкерлер бейнесін
салыстырады;
Өзіндік талдау
жасайды.
|
|
7-сынып «Қазақ әдебиеті»
оқулығы
7-сынып «Қазақ әдебиеті»
оқулығы
Әдебиет
хрестоматиясы
С.Сарғасқаев «Тәмпіш
қара»
|