Күні: 11 а – 19. 10; 11 б – 17.10 Пәні: қазақ
әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллинің «Сыр сандық»
өлеңі, «Көкшетау» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: поэманы түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге
баулу; шығарманың көркемдігін, әдебиет тарихында алатын орнын,
ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру; сабақтың жаңа әдістерімен
жұмыс жасауға үйрету.
-
Дамытушылық: шығарманы талдай білуге төселдіру; түсініп
оқу, сөз астарына үңіліп, мағынаны түсіндіру, сын тұрғыдан
ойландыру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға
жетелеу.
-
Тәрбиелік: туған жерге деген сезімдерін тәрбиелей отырып,
сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру,
елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
мұғалім сөзі, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ,
көрнекіліктер, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: хронологиялық кесте, Венн диаграммасы, суреттер, ауызша
журнал.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
2. Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен
таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Жүгірме диктант
3-топ дайындап келген ақпаратты топпен аралап,
толықтырып шығады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ән тыңдату
С.Сейфуллин. «Көкшетау».
2. С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңімен
жұмыс
1. Әр шумақтан ақын көңіл-күйін
саралау.
2. Оның арман-тілегі.
3. Өз ойының қалай болғанын қалар
еді?
|
Ақынның
көңіл-күйі
|
Арман-тілегі
|
Өз ойым
|
|
|
|
|
3. С.Сейфуллин
«Көкшетау» поэмасымен жұмыс
- «Көкшетау» поэмасы қай жылы
жазылды?
- Ол қандай поэма?
- Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім
екенін танытатын сөздер мен сөз тікестерін кім тауып
оқиды?
- Таудың биік екенін төбесі бұлтқа тиюінен және
көкке қарай бойлап кетуінен көреміз.
3. Суреттермен жұмыс
Суретке сәйкес үзінді тауып оқы,
дәлелде
-
Образдық талдау
1-топ
- Портрет дегеніміз не?
- Біз бұл суреттеулерді қай шығармалардан
кездестірдік?
-
Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы
қандай?
-
Сұлу, ақылды, мінезді, адамгершілігі мол,
сүйіспеншілігі тұрақты, байсалды,тапқыр.
-
Қыздың ақылдылығы қай жерде
байқалады?
2- топ
-
Ақын оның көркін қалай суреттейді, оқулықтан
тауып оқыңыз.
-
Осы суреттеуде ақын қандай бейнені
ұсынады?
-
Ақын тұтқын қыздың бейнесін неге
теңейді?
-
Тағы неге балайды?
-
Адақ поэмада қалай суреттеледі?
3- топ
-
Ол поэмада кең пейілді, адал, ер жүрек, қайырымы
мол адам болып суреттеледі.
-
Ақын тағы оның қандай қасиеттерін толықтыра
түседі?
-
Іске тиянақты, әділ,кішіпейіл, елге жаққан ер
мінезді, оның үстіне ол - әнші.
-
Ақын оның ұнамды портретін қалай бейнелеп
береді? Кім тауып оқиды?
-
Адақтың күшті екенін сыртқы келбетінен-ақ
аңғаруға бола ма? Кім айтады?
4-топ
-
Біз ол келбеттін қай сөздерден
аңғарамыз?
-
Биіктегі орамалды атып түсіру кезінде Адақ қай
сипаттармен танылады?
-
Ал, жұмбақ шешуінен нені аңғарамыз?
-
Өзінің үйлену мүмкіндігі бола тұра, қызды азат
етуді өтінуі кезінде Адақ қандай сипатымен ерекшеленеді?
IV. Бекіту.
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін тиянақтау
мақсатында «Венн диаграммасын» пайдаланам.
Адақ батыр
- елін жаудан арашалаушы. Ханның қарамағындағы барлық әскерден бір
саты жоғары тұрған адам. Ойлы, тапқыр. Ханға бағыт
беруші
ақылды, Қалмақ қызы - хан
қолындағы
көркіне тұтқын. Өз ойын
жұмбақтап
айтып, азаттық, теңдік іздеуші.
ақылы Қара күш пен билікке
ақыл-
сай,
парасатымен қарсы
білімді. шығушы жігерлі
қыз.
V. Қорытынды.
Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда табиғат пен
адам бойындағы сан түрлі сұлулық, тазалықты көрсете білу мен
олардың бойындағы адал да, қарапайымдылықты талдап, өз көзімізбен
көре білдік. Сол адал жанды, ақылды адамдар сияқты біз де білімді,
адал бола білейік.
VII. Үйге тапсырма.
Шығарма жазу: С.С. «Көкшетау» оқу,
мазмұндау
Тексерілді