400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сталкинг деген не

Материал туралы қысқаша түсінік
Сталкинг дегеніміз не ? Қазақстанда сталкингке байланысты заң қашан шықты қандай заң?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сталкинг: махаббат болып көрінетін қауіпті қудалау.



Сонғы жылдары адамдарды қудалау, яғни сталкинг жағдайлары жиілеп, қоғам мен бұқаралық ақпарат құрлдарының назарын көбірек аудара бастады. Бұл әрекет тек бір адамның жеке мәселесі емес, керсінше, қәзіргі қоғамдағы туындап отырған үлкен дағдарыстың көрінісі деуге болады. Зерттеушілердің айтуынша, сталкинг – құқықтық, психологиялық және мәдени мәселелерді қатар қамтитын күрделі құбылыс. Адамды қайта-қайта аңду, мазалау, бақылау кейде «қомқорлық» немесе «сезім» ретінде қабылдануы мүмкін. Алайда оның арты қауіпті зорлық-зомбылыққа әкелуі әбден мүмкін.

Netflix платформасындағы «YOU» сериалын көргендер Джо есімді кейіпкерді жақсы таниды. Ол өзін ғашық адам ретінде көрсетеді, ал шын мәнінде қыздың әр қадамын бақылап, жеке өміріне рұқсатсыз араласады. Алғашында жай ғана сериал болып көрінгенімен, бұндай әрекеттер тек экранда ғана емес, Қазақстанда да кездеседі. Сериалда сталкинг туралы көптеген қазақты мәліметтер бар.

Сталкинг деген не? Сталкинг – бір адамның екінші адамды ұзақ уақыт бойы бақылауы, мазалауы, қорқытуы, немесе жеке өміріне рұқсатсыз араласуы. Тек көшеде аңду емес, онлайн қудалау да сталкингке жатады. Мұндай қудалау адамның психологиялық жағдайына қатты әсер етеді.

Сталкинг заңмен жазаланады

2025 жылғы 16 қырқүйек де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 115-1-бап - «Сталкинг» енгізілді. Енді адамды еркіне қарсы жүйелі түрде мазалау, аңду сияқты әрекеттер қылмыс ретінде қаралады.

Заң аясында сталкинг үшін бірнеше жаза түрі қарастырылған. Атап айтқанда, 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, 50 тәулікке дейін қамау. Алғашқы қылмыстық істер жаңа заң күшіне енгеннен кейін-ақ алғашқы сталкингке қатысты қылмыстық істер қозғалған. Мәселен, Атырау обылысында бір адам бірнеше әйелдің үйіне түнде кіргені, олардың маңында жүйелі түрде күтіп жүргені аңықталған. Аталған дерек бойынша іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы аясында қайта қаралып, заңды баға берілді. Тағыда бір ресми дерекке сәйкес,жақында Шымкентте Нұрай Серікбай есімді қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Жаңалықтарда оның алдында бұрынғы танысы тарапынан сталкинг болғаны айтылды. Қыз бас тартқан соң, сол адам оны қудалап, соңында қайғылы оқиға орын алды деп хабарланды. Қәзіргі таңда полиция іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сталкерлер көбіне кімге шабуыл жасайды?

Сарапшылардың сөзінше бірінші: танымал, әлеуметтік желіде өте белсенді, блогерлерге. Екінші ден бүрынғы достары, таныстары мен ажырасқан адамдарға. Үшінші: Кішкантай немесе жасөспірімдерге. Ал Американың Әділет министрлігінің зерттеуі бойынша сталкерлердің 82% пайызы еркектер. Ал жәбірленушілердің 78% пайыздан астамы әйелдер болады. Қоғамдағы қүқық бүзушылықтар жүйелі болып отырғандықтан, олардың алдын алу үшін заң мен әлеуметтік шараларды үйлестіру өте маңызды.



Сейітхан Айдана Болатқызы

Жетісу обылысы, Текелі қаласы.

8 орта мектеп, 10 сынып оқушысы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.02.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі