Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

статья:«Адалдық – адамдық белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Президентіміз Қ.К.Тоқаев: "Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт. Балаларды ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қол алған жөн"- деп атап өтті. Сонымен қатар, жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтып, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресуге шақырды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адалдық – адамдық белгісі»

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Президентіміз Қ.К.Тоқаев: "Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт. Балаларды ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қол алған жөн"- деп атап өтті. Сонымен қатар, жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтып, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресуге шақырды.


Оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ,жергілікті әкімдіктердің қолдауымен мектеп оқушылары арасында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысын бастаған болатын.

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру.Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

2020-2021 оқу жылының басында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубының жұмысы бойынша жылдық жоспар жасақталды. Бұйрық бойынша жауапты тұлғалар бекітілді. Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды.  Клуб жұмысы үш секция  бойынша жұмыс жасап жатыр:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім;

  2. Ақпарат және  шығармашылық;

  3. Мәдени-көпшілік іс-шаралар  бағытында  жұмыс жасайды.   

Клуб   мүшелері  жоспарға  сай    бекітілген жұмыстарын  уақытында  орындап отыр.

Желтоқсан айында өткізілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ замануи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты облыстық жас суретшілер байқауына мектебіміздің 9 «Б» сынып оқушысы, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі Аманжолова Назкен жүлделі 1 орын иеленді.

Қаңтар айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында оқушылар арасында өткен қалалық «Адалдық адамдық белгісі» атты қашықтық брейн – ринг зияткерлік ойынына «Адал Ұрпақ» еріктіліер клубының мүшелері Мағжан Әсел, Минутова Эльнара, Орынбек Раушан қатысып, жүлделі 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде оқушыларымыз өз білімдерін жақсы көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша Алғыс хатқа ие болды.

Егер жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.

Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.



20 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мендыгалиева Жансая Манасовна





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
789
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12