Материалдар / STEАM технологиясымен оқыту – болашақ био және нанотехнологтарды оқыту

STEАM технологиясымен оқыту – болашақ био және нанотехнологтарды оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі техника және технология қарыштап дамып жатқан уақытта білім саласының кез келген конференциясы немесе іс шарасы осы төрт әріптен тұратын «STEАM» технологиясыз өтпейтіні бәрімізге белгілі. Бұл технология оқу процесінде ұстазға қандай мүмкіндіктерге жол ашады,оқушыға не береді? S - science, ғылым, T - technology, технология, E - engineering, ағылшын тілінен аударғанда инженерия, А- art M - maths, яғни ғылымдардың төресі – математика. STEM-оқыту оқушыға ғылыми шығармашылық, әдістер, техникалық қосымшалар, математикалық модельдеу және инженерлік дизайн ілімдерін игере отырып оқытуды ұйымдастырады. STEM технологиясы бұл балаларымыздың білім сапасын арттырудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін инновациялық әдіс. Оның көмегімен біз экономикалық тәуелсіз және бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндік беретін прогрессивті кадрлық базаны қалыптастыра аламыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Шілде 2024
115
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

STEАM технологиясымен оқыту

болашақ био және нанотехнологтарды оқыту


Баяндама авторы: Имашева Қаламқас Сайлаубекқызы


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп лицейі, Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы. Электронды пошта: kala_110286@mail.ru


Қазіргі техника және технология қарыштап дамып жатқан уақытта білім саласының кез келген конференциясы немесе іс шарасы осы төрт әріптен тұратын «STEАM» технологиясыз өтпейтіні бәрімізге белгілі.

Бұл технология оқу процесінде ұстазға қандай мүмкіндіктерге жол ашады,оқушыға не береді?

S - science, ғылым, T - technology, технология, E - engineering, ағылшын тілінен аударғанда инженерия, А- art M - maths, яғни ғылымдардың төресі – математика.

STEM-оқыту оқушыға ғылыми шығармашылық, әдістер, техникалық қосымшалар, математикалық модельдеу және инженерлік дизайн ілімдерін игере отырып оқытуды ұйымдастырады.

STEM технологиясы бұл балаларымыздың білім сапасын арттырудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін инновациялық әдіс.

Оның көмегімен біз экономикалық тәуелсіз және бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндік беретін прогрессивті кадрлық базаны қалыптастыра аламыз.

Бастауыш сыныптағы STEАM оқыту

Жоғары технологиялар дамыған әлемде өмір сүретін әр баланың дамуына қол жеткізу үшін нені үйреніп,нені үйрету керек?

Әр бала өзін қандай бағыт қызықтыратынын уақытында түсінуі қажет және сол қызығушылығын бастауыш мектептен дамытуы оның жарқын болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан қазіргі таңда мұғалімнің алдында жауапты міндет тұр: ол балаға бойындағы интуицияны дамытуды үйрету. Қазіргі кезде ақпарат ағынының жылдамдығы өте жоғары, балаларға арналған цифрлық ойын құралдарының сан алуан түрлері бар. Мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда балаларға түсінікті болатын, олардың әртүрлі құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік беретін құралдарды таңдау керек.Сондай құралдардың бірі LEGO жинағы. LEGO конструкторы оқушыларға білім алуда жетістіктерге жетуге көмектеседі. Мысалы

LEGO Education EV3 жинағын жаратылыстану сабақтарында қолдануға мысалдар келтіреміз 
1. Сабақ тақырыбы «Зымырандар қай жерден ұшырылады?»

[3-сынып.Жаратылыстану]. Балаларға тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақ жауаптарын балалар «Байқоңырға саяхат» жасай отырып жауабын жазады.
Артынан мұғалім 5–6 оқушыға немесе жұптаса отырып LEGO конструкторы көмегімен ғарыш айлағындағы кез келген нысанды құрастыруға тапсырма береді.

Тағы бір LEGO жинағын қолданудың қызықты түрі әдебиеттік оқу пәнінде болуы мүмкін. Мысалы, сынып оқушылары Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» [3-сынып.Әдебиеттік оқу] әңгімесін өтуде. Әңгіме мазмұны бойынша LEGO жинағынан биік ағаш басындағы құс ұясын, қараторғайды тіпті құстарға қамқоршысы Қамбар атайдың да мүсінін жасауына болады. Соңынан әңгімелеп видео түсіру арқылы басқа сынып оқушыларына ұсынса болады. Осылайша балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырады.


Жоғары сыныптағы STEАM оқыту


Біздің өміріміздің тән ерекшелік – қарқынды даму. Біз қазір өмірге келген уақыттан мүлдем өзгеше әлемде өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістер қарқыны одан әрі артуда. Бүгінгі мектеп оқушылары: әлі жоқ мамандықтар бойынша жұмыс жасауы, әлі жасалмаған технологияларды қолдануы, біз тіпті болжай алмайтын мәселелердің шешімін табуы қажет.
Мектептегі білім технологиялардың даму қарқынымен сәйкес жүруі керек деп ойлаймын.

STEАM әдісінің негізгі идеясы – практикалық білімнің теориялық білім сияқты маңызды екенін көрсету. Яғни, оқу барысында біз миымызбен ғана емес, қолымызбен де жұмыс жасауымыз керек. Тек сынып қабырғасында білім алу қарқынды дамып жатқан әлемге ілесуге мүмкіндік бере алмайды. STEАM оқытудың басты ерекшелігі - балалар әртүрлі тақырыптарды оқып-үйрену үшін миын да, қолын да пайдаланады. Білімді өзі іздеп тауып алады десек те болады.

STEАM тәсілін бастауыш сыныпта қолдану балаға не береді

-Математикаға, жаратылыстану ғылымына қызығушылығын оятады.

- Технология, робототехника, дизайн саласында білім алуға көмектеседі.

- Шығармашылық пен коммуникативті дағдыларының дамуына ықпал етеді.

- Баланың әлеуетін ерте анықтауға және өзін-өзі кәсіби тұрғыда анықтауға ықпал етеді.

Оқу үдерісіне STEАM тәсілін енгізудің артықшылықтарының бірі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру. Балалар тестілеу мен түрлі тәжірибелер жасау арқылы стандартты емес мәселелердің шешімін табуға үйренеді. Мұның бәрі өмір сүруге бейімдеуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас дағдыларын күшейту. STEАM тәсілін енгізу негізінен топтық жұмысты көздейді. Өйткені, көбінесе балалар өздерінің модельдерін бірлесіп зерттейді және дамытады. Олар мұғаліммен және достарымен диалог құруды үйренеді.

STEАM оқыту - бұл оқу үдерісін, мамандық таңдау мен одан әрі кәсіби өсуді байланыстыратын көпірдің бір түрі. Инновациялық білім беру тұжырымдамасы балаларды кәсіби деңгейде техникалық дамыған әлемде өмір сүруге бейімдеуге мүмкіндік береді.

STEАM оқытудың негізі

STEАM оқытудың негізгі компоненттерін енгізу орта мектептегі дарынды балаларды анықтауға көмектеседі. STEAM - ХХІ ғасырдың инновациялық технологияларына негізделген жаңа оқыту жүйесі, оның мақсаты оқушыларда ойлаудың жаңа түрін дамыту болып табылады.

STEАM оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:

  • Балалар өздігінен оқуға көбірек уақыт бөледі, проблемаларды табуға және оларды өздігінен шешуге үйренеді.

  • Балалар бір-бірімен сәтті және сәтсіз оқу тәжірибесімен бөліседі, жобаларда бірлесіп жұмыс істейді және нақты мәселелерді шешеді.

Сайып келгенде, STEАM тәсілі ең алдымен мұғалім берген материалды есте сақтау емес, оқу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оның негізіне: жаңа идеяларды құру қабілеті, өздігінен білім алу дағдылары, топтық жұмыс, қателіктерді түзету және нақты мәселелерін шешу.

Біздің оқушыларымыз болашақта тұлға болып қалыптасуы үшін нені және қалай оқыту керек - бұл білім берудің басты идеологиясы. Өмір бойы өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, әр түрлі деңгейдегі өзара әрекеттесуге үйрету, тәуелсіз және сыни ойлауды дамыту - осы және басқа да көптеген қағидалар заманауи білім беру технологияларын дамыту стратегиясын құрайды.

STEАM оқытуды ұйымдастыырудың педагогикалық ұстанымдары

- мақсат қоюды, оқытудың мазмұнын, оның формалары мен әдістерін анықтай отырып, оқу процесінің барлық компоненттерінің өзара байланысын болжау;

- қатаң бекітілген ғылыми заңдардан тұратын ақпаратты көрнекі түрде ұсыну;

- оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты білім мазмұны мен формаларының өзара байланысын қамтамасыз ету;

- балаға білім мен тәрбие беруді ұштастыру;

- природосообразности, обеспечивающий воспитание и образование ребенка в соответствии с законами его физического и духовного развития;

- баланы тәрбиелеу мен оқытуда отбасы мен мектеп арасында байланыс орнату.

Сонымен, болашақ озық технологиялар мен техникаларды меңгерген оқушыныкі, ал ондай оқушыны қалыптастыру баланың ой-өрісін кеңейте алатын, жаңашыл әдістерді қолдана отырып білімді баланың «миына құйып» бере алатын жаңа форматтағы мұғалімдерге тиесілі.

Болашақ - ұлы «STEАM оқытушылардың» қолында!

«Сіздің қолыңыз сіз білгеннен гөрі көп біледі!

Сіздің ақыл-ойыңыз білмейтін нәрсені сіздің қолыңыз біледі!»















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Әдебиеттік оқу.3-сынып.Алматы кітап баспасы.

  2. Жаратылыстану. 3-сынып.Алматы кітап баспасы.

  3. Методические рекомендации по внедрению STEM - технологии в образовательную практику.Муниципальный клуб «Учитель года»

 Советского муниципального района Саратовской области

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ