400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

STEAM технологиясын мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
STEAM технологиясын мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

STEAM технологиясын мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімділігі

Әлемдік білім берудегі негізгі трендтердің бірі – STEAM білім беру, төрт академиялық облысты (жаратылыстану, технология, инженерия және математика) біріктірген. Кейін келе, STEAM болып, аббревиатурасының белгілері: S - scienes, T – technology, E – engineering, A - art, M - mathematics.

Ағылшын тілінен аударғанда – жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік өнер, шығармашылық, математика. Бұл технология балалардың ой-өрісін, өнертапқыштық міндеттерді шеше, құрастыра білуін кеңейтеді, сыни ойлауын дамытады. Жалпы, STEAM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. STEAM технологиясы арқылы білім беру теориядан қарағанда, тәжірибе басымырақ болып келеді.

«STEM» аббревиатурасын алғаш рет америкалық бактериолог Р.Колвэлл 1990 жылдары ұсынды, бірақ ол тек 2000 жылдарда əйгілі бола бастады. STEM негізінде бұл терминнің жаңа нұсқалары пайда бола бастады, солардың ішінде ең кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер жəне математика) жəне STREM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия жəне математика) болды.

«Естігенімді - ұмытамын, көргенімді- есте сақтаймын, өз істегенімді- меңгеремін». Конфуций. Яғни, балаға түсіндіріп, көрсеткеннен гөрі, өзіне тәжірибе жүзінде іске асыруына жағдай жасау керек. Дәлірек айтсақ, жоғары техникалық жабдықтар әлеміне бағдарлай алатын және жаңа техникалық формаларды өз бетінше жасай алатын шығармашылық ойлау қабілеті бар жеке тұлға тәрбиелеу керек.

STEAM жүйесі бүкіл əлемді жаулап келе жатқан инновация болып табылады. Келешекте барлық білім беру салалары осы жүйемен жұмыс жасауы əбден мүмкін. Өйткені, оқыту барысында теориялық біліммен ғана шектелмей, меңгерген теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып жобаларды жасау жəне модернизациялау барысында қолдану жəне бекіту əлдеқайда тиімді болып келеді. Жаратылыстану ғылым бөлімінде бала өз бетімен ғылыми тәжірибе жасап, көптеген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай, танымдық ойлау процесін дамытады. Балалар ғылыми, сыни ойлау қабілеттері ашылады

Ал инженерлік ойлау дегеніміз не? Бұл жаңа өңімділігі жоғары және сенімді жабдықты зерттеуге, жасауға және пайдалануға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі. Осылайша, балада инженерлік ойлауды қалыптастыру үшін біз оны шығармашылық ойлау қабілеті бар, жоғары техникалық жабдықтар әлемін бағдарлай алатын және жаңа техникалық формаларды өз бетінше жасай алатын шығармашыл тұлға ретінде тәрбиелеуіміз керек екені белгілі болады. Қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан әлем жаһандану, компьютерлендіру жолында үлкен қадамдар жасап жатқандығына байланысты және инженерлік-техникалық сала қоғамдағы ең үлкен тапшылық болып табылады, білім беру тізбегіндегі барлық байланыстар білім берудің инженерлік бағыттарын дамытуды алдына мақсат етіп қояды.

Қазіргі балалар белсенді ақпараттандыру, компьютерлендіру және робототехника дәуірінде өмір сүруде. Бүгінгі таңда мемлекет зияткерлік қабілеті жоғары, жоғары білікті мамандарға зәру. Болашақ инженерлерді даярлауды университеттерде емес, мектеп жасына дейінгі балалар техникалық шығармашылыққа ерекше қызығушылық танытқан кезде бастау керек. Ойлаудың техникалық қызығушылығын, аналитикалық ойлауды және тұлғаның басқа да қасиеттерін дамыту қажет. Сондықтан біздің алдымызда балаларда дизайн, қарапайым эксперименталды зерттеу және шығармашылық белсенділік дағдыларын дамыту міндеті тұр.

Мектепке дейінгі білім беру «Робототехника» жобасының маңызы зор. Жобаға, қажетті құрал-жабдықтар өте көп. Оның ішінде  LEGO Education, «Duplo» конструктор жиынтықтары, «Тышқан робот» жиынтықтары, «Веселые шестеренки» жиынтықтары, «Алгоритм мышонка» жиынтықтары алынды. Сонымен бірге «Botley» роботы, «Robo Uaro» жиынтықтары алынды. Бұл жиынтықтар тек роботехникасы жобасында емес 5 білім беру саласында да қолданылады.

Қорытындылай келе, STEM - тәсіл біздің балаларымызға әлемді жүйелі түрде тануға, айналасындағы оқиғалардың логикасын білуге, олардың қарым-қатынасын ашуға және түсінуге, жаңа, ерекше және өте қызықты жаңалықтарды табуға мүмкіндік береді деп айтқым келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
15.03.2021
4232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі