STEM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд

Тақырып бойынша 11 материал табылды

STEM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі күнде әлемнің да¬мыған мемлекеттерінде «цифр¬лы экономика» термині жиі қолданылады. Бұл ұғым ілг嬬рі¬леудің күретамыры са¬на¬ла¬тын экономиканың түр¬лі салаларын цифрлы трансфор-мациялауға негізделген жаңа технологиялардың дамуы¬на бай¬ланысты пайда болды. Сарапшылардың пайымдауынша, 2035 жылға қарай Жапонияда қызмет көрсету мен жұмыс үдерісінің жартысынан астамы автоматтандырылатын болса, АҚШ-та роботтар барлық жұмыстың 47 пайызға жуығын орындамақ. Әсіресе жаңа технологиялар бөлшек сауда, қонақүй бизнесі, ауыл шаруашылығы, көлік және тау-кен салаларына кеңінен енгізілмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы

Қаратал ауданы

Бастөбе ауылы

«М.Горький атындағы орта мектеп» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі

Чойбекова Балжан Мұхаметханқызы



STEM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд


М емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы, табысты болудың бас­ты кілті. Соның ішінде білім беру, экономика, халыққа қызмет көрсету салаларын цифрландыруға қарқын беру түбегейлі өзгерістерге серпін бермек.

Қазіргі күнде әлемнің да­мыған мемлекеттерінде «цифр­лы экономика» термині жиі қолданылады. Бұл ұғым ілге­­рі­леудің күретамыры са­на­ла­тын экономиканың түр­лі салаларын цифрлы трансфор­мациялауға негізделген жаңа технологиялардың дамуы­на бай­ланысты пайда болды. Сарапшылардың пайымдауынша, 2035 жылға қарай Жапонияда қызмет көрсету мен жұмыс үдерісінің жартысынан астамы автоматтандырылатын болса, АҚШ-та роботтар барлық жұмыстың 47 пайызға жуығын орындамақ. Әсіресе жаңа технологиялар бөлшек сауда, қонақүй бизнесі, ауыл шаруашылығы, көлік және тау-кен салаларына кеңінен енгізілмек.

Халықаралық менеджментті дамыту институтымен жыл са­йын құрастырылатын эко­но­ми­калардың цифрлы бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қа­зақстан 36-орынды иеленді. Бұл ретте цифрлы дағдылардың даму деңгейі бойынша еліміз 4-орынға ие болса, бизнес-сарап­тамада ауқымды деректерді пайдалану бойынша 13-сатыға, ал технологиялық трансферт бойынша 38-орынға қол жеткізді.

Елдің болашағы – цифрлы технологияда. Цифрландыру ар­қылы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, әлеуетімізді арт­ты­­ра­тынымыз белгілі. Оны күн­­делікті өмірімізге енгізу барысында азаматтардың цифр­лық сауаттылығын көтеру, тұр­­ғындардың экономикалық белсенді тобының құзыреттілігін дамыту үлкен маңызға ие. Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университеті «Цифр­лы Қазақстан» мемлекет­тік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мамандарды даяр­лаудың тың бағыттарына бет бұрды. ЕҰУ – «QS Top 50 Under 50» жоғары оқу орындарының әлем­дік рейтингіне кірген елі­міз­дегі бірден-бір білім ордасы. Сонымен қатар оқу орны – Еу­ра­зиялық университет­тер қа­уымдастығының, Азия уни­верситеттері қауымдастығының, Түркі елдері университеттері ода­ғының, ТМД елдерінің Желілік университетінің, Шанхай уни­верситеті ұйымының, STARNET және ICRA-Net сынды ұйым­дардың мүшесі.

Университеттің Ақпараттық технологиялар факультеті экономика мен педагогиканың түр­лі салаларындағы ақпараттық тех­нологияларға, ақпараттық жүйелерді әзірлеу бойынша жо­ғары технологиялық жобаларды басқаруға, компьютерлік инженерия мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, жасанды интеллект жүйелері мен өнеркәсіптік робот-техникаға байланысты жоғары білікті кадр­ларды даярлауды серпінді жүзеге асырып келеді. Бүгінде оқу орны IT-мамандықтары бойынша қазіргі заманғы жоғары білім беруді дамытудың негізгі ба­ғыттарын, оқытудың жаңа инно­вациялық нысандарын енгізуге, білім алушылардың заманауи шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен маңыз береді. Бұ­лардың барлығы да экономи­каны цифрландыруға, еңбек на­рығындағы бәсекелестіктің кү­шеюіне әсерін тигізетіні бел­гілі.

Көптеген операцияны авто­мат­тандыру экономиканың жаңа секторларында жаңа жұмыс орын­­дарының пайда болуына алып келеді. Бұл мәселе жаһан­дық білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд ретінде саналатын STEM тәсілі арқылы оңтайлы шешім табады.

2007 жылы АҚШ-та STEM-білім инновациялар мен мек­тептегі білім беруде көшбасшы ретіндегі мәртебесін сақтау үшін мем­лекеттік деңгейде қолдау алды. Сондай-ақ Германия, Ита­лия, Франция, Ұлыбритания сияқ­ты Еуроодақ елдері білім бе­рудің бұл түрін дамыту бо­йын­ша арнайы мемлекеттік бағ­дарламалар қабылдады. Ал елі­мізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында робот-техника, 3D-принтинг сияқты STEM-нің басты элементтерін мектеп бағдарламасына енгізуге ерекше назар аударылуда. Бүгінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен өзге де жекеменшік білім беру ұйымдары аталған жаңашыл­дықтарды қолдана бастады.

Жаңа технологияларды да­мытуға және басқаруға қажетті құзыреттерді қалыптастыруға арналған зертханалар ашылып, STEM мұғалімдерін даярлайтын орталықтар пайда болуда. Еңбек нарығын зерделейтін болсақ, медицина, экология, нано-технологиялар секілді салаларда STEM сауаттылығы бар мамандарға деген сұраныс артуда. Бұл тұрғыда жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі міндеттерінің қатарына бакалавриат және магистратура деңгейінде қолданбалы білім беру бағдарламаларын құ­ру, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу мәселесі қо­йылып отыр. 2019 жылдан бастап отандық және шетелдік университеттердің өзара әріп­тестігінің нәтижесінде STEM мұға­лімдерін даярлау сапасын арттыруға бағытталған арнайы жоба бастау алды. Осыған сәйкес ЖОО-ларда STEM Teacher Training магистрлік бағдар­лама­лары әзірленіп, STEM Өңір­лік ресурстық орталықтары құ­­рылуда. Сондай-ақ бұл тарапта арнайы жобалық топ құ­рылып, алдын ала талдау, зерделеу жұмыстары қолға алынды. STEM-пәндерді оқыту ерек­шеліктерін анықтауға және оның білім берудегі маңызын анық­тау мақсатында педагогтер мен мектеп оқушылары ара­сында арнайы сауалдамалар жүр­гізіліп, тренингтер серия­сы ұйымдастырылды. Ал өткен жылы серіктес универси­тет­тердің оқытушылары мен білім алушылары және мектеп мұға­лімдерінің қатысуымен «STEM мұғалімдерін оқытуға ке­шенді тәсіл» атты халықаралық жазғы мектеп өткізілді. Тағы бір айта кетерлігі, осы оқу жылынан бас­тап Еуразия ұлттық уни­верситеті «STEM-білім бе­ру» бағдарламасы бойынша ма­гис­тратураға білім алушыларды ал­­ғашқы қабылдауды жүзеге асырды. Алмасу бағдарламалары аясында алдағы оқу жылында магистранттар ресейлік және шетелдік серіктес университеттерде оқуын жалғастырып, мектептерде STEM оқуын енгізу ар­­­қылы білім беру кеңістігін өз­­герту дағдыларын алады. Бұл бас­­­тамалардың барлығы да цифр­­­­­лы біліктілігі жоғары, бі­лім­­­ді мамандардың даярлануына жол ашатыны рас.

Халқымыздың ойшыл пер­зенті Шәкәрім Құдайберді­ұлы­ның «Құбылған әлем жарысы – ақылды жанның табысы» деген ұлағатты сөзі бар. Әлемде технология көз ілеспес жылдамдықпен күн сайын жаңарып, даму үстінде. Келешекте елдің байлығы, да­му көрсеткіші, халықтың әл-ауқаты жерасты байлықтарының көлеміне қарай емес, заманауи технологияны қаншалықты игергеніне, онымен жұмыс істеу әдетінің қалыптасуына байла­нысты болмақ. Бұл тұрғыда уа­қыт талабы мен заман ағымына бе­йімделген мамандардың бәсі басым болатыны белгілі.

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі