С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі

Тақырып бойынша 18 материал табылды

С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі» КММ

Бекітемін: __________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 1-сабақ

Бөлім:

3 – бөлім Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. Поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады.

Құндылықтарға баулу

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Ай құндылығы: заң және тәртіп айы

1-апта дәйексөзі: «Тәртіп – тәрбиенің өзегі»

Заңды ұғыну және тәртіпті, тәрбиелі болуға баулу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

8 минут








































































5 минут









Сабақтың ортасы

10 минут


















7 минут































10 минут




















Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

қалыптастыру

Сағаттың тілімен бірге оқитын сыныптастардың есімдерін жазу

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9 Shape10 Shape11 Shape12

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

Қызығушылықты ояту

1-тапсырма

Біз « Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» 3- бөлімде алаштың ардақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерімен танысамыз. Оның рухты жырлары әр қазақтың баласына өнеге, терең тәрбие береді.

Алаш туы астында,

Біз – алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы, – деп жырлаған жалынды ақын аз ғұмыр сүрсе де, артына мол мұра қалдырды. Олай болса, балалар, «Броундық қозғалыс» әдісі бойынша сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Сендер, бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайсыңдар.


Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында кедей шаруа ның үйінде туған. Бел гілі ақын, ағартушы. Бір жасында анасы қайтыс болады. Әкесі Шоқпыт (Әбубәкір) кедей болса да, әрі балажан, көзі ашық, көңілі сергек, бірбеткей, өжет, ақпейіл, жомарт адам еді. Ол Сұлтанмахмұтты тәрбиелеп өсіруге бар күшін салады. Сұлтанмахмұт 1912 жылға дейін ауылда өседі. Әкесінен, ауылдағы молдалардан сабақ алып, хат танып, көзін ашады. 1912 жылы Троицк қаласына барып оқи бастайды. Дәл осы кезден әдебиетпен айналысуы, өлең жазуы басталады. 1915 жылы ол Семей қаласына барады, оқуға түспек болады. Бірақ оқуға түсе алмайды. Бір жағынан, жасы, білімі келмейді. Екінші жағынан, қаржысы тапшы болады. Сондықтан 1915–1916 жылдары Зайсан жақта бала оқытады. 1916 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Томскіге барып оқуға түседі. Бірақ сырқаттанғандықтан, оқи алмайды. 1917 жылы Семей қаласына қайта оралады. Ол өмірінің соңғы жылдарында өзінің «Айтыс», «Адасқан өмір», «Кедей» сынды поэмалары мен өлеңдерін жазып қалдырды.


Сұрақ: Тірі болу мен адам болу деген ұғымды қалай түсінесіңдер?


«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін бейнеролик арқылы тыңдату және өздеріне мәнерлеп оқыту

https://rutube.ru/video/4eddeab0c184e18a45834dc4f7417f34/?r=plemwd


2-тапсырма

1.С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде қандай әлеуметтік қоғамдық мәселені көтерген? Сол мәселелер қазіргі заманда кездесе ме? Өз ойыңды дәлелдеп жазыңдар.

2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай және ол өлеңнің қай бөлігінде ерекше көрініс тапқан?

Үлгі:

Негізгі идея

Өлең жолдары

Бойына адамға тән жақсы қасиеттерді бойға жиып, ел мүддесіне қызмет ету.



Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып..


3-тапсырма

Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңдар. Автор бейнесін анықтауда ойыңды мысалдармен дәлелдеңдер

Үлгі:

Авторға тән қасиеттер

Автор бейнесіне мысалдар

Білімге құштар,

жақсы қасиеттерді бойына жиюды мақсат еткен адам.

Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып.

Білуге, оқуға құштар, алға қойған мақсаты бар, биікке ұмтылған жан.

Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға, күнді барып, белді буған.







Венн диаграммасы арқылы жаман адам мен надан адамның айырмашылығын көрсет.

Жаман Надан

Shape14 Shape13






Қорытындылау

«Веер» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңдер.

1.С.Торайғыров қай жылы қай жерде дүниеге келген?

2.Ақынның білім алған оқу орындары мен ұстаздары жөнінде не білесің?

3.С.Торайғыровтың қандай шығармалары бар?

4.Ақынның есімін иеленген қандай жерлерді, нысандарды білесің?

5.«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінде ақын қандай мақсат қояды?

6. «Надан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

7.«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінде ақын неліктен надан болғысы келмейді?

8. Адам болып шығу дегенді қалай түсінесіңдер? Ақынның «адам болып шығу» туралы ойы жүзеге асты деп ойлайсыңдар ма?


Үйге тапсырма: 4-тапсырма


Рефлексия

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?


Психологиялық ахуал

Сағаттың тілі бойынша жазылған есім иелерімен төмендегі әрекеттерді жасайды.

1-қолын қысу

2-арқасын сипау

3-күлімдеу

4-қол бұлғау

5-жылы сөз айту

6-тілек тілеу

7-массаж жасау

8-басын сипау

9-бетін сипау

10-көзін қысу

11-жүрегін сыйласа

12-құшақтау




Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды





















Тірі болу мен адам болу дегенді ұғымына талдау жасайды.

Тірі болу - бұл биологиялық және физиологиялық тұрғыдан өмір сүру дегенді білдіреді. Дем алу, тамақтану, өмір сүруге қажетті табиғи процестердің жүруін білдіреді.

Адам болу – ақыл-ой, жан сезімі, мәдениет, рухани құндылықтарға ие болу. Қоғамға қызмет ету, өзіңді және өзгелерді құрметтеу, мейірімді, саналы, әділетті болу дегенді білдіреді. Яғни, тірі болу – өмір сүрудің табиғи жағдайы, ал адам болу – сол өмірді мағыналы, ізгілікке толы және рухани тұрғыдан бай етуге ұмтылу



2-тапсырма

С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде көтерілген басты қоғамдық мәселелер:

1.Білім мен ағартушылықтың маңыздылығы

Ақын ең өзекті мәселелердің бірі – білімсіздік пен надандықты сынайды. Ақын өзіне мақсат қоя отырып, «адам болу» ұғымын тек білім алу, саналы болу және қоғамға пайда келтіру арқылы жүзеге

асыруға болатынын айтады.

Қазіргі заман

Білім мен ғылымның маңыздылығы бүгінгі күнде де жойылған жоқ. Технология дамыған дәуірде білімсіздік – үлкен кедергі.

2.Жеке дамуы, өз мүмкіндіктерін іске асыру

Өлеңде ақын өзін-өзі жетілдіруге, ерік-жігерді нығайтуға шақырады. Ол жалқаулық пен өмірден ештеңе күтпеу сияқты қасиеттерден арылуды ұсынады.

Қазіргі заман

Жеке даму- бүгінгі күннің негізгі құндылықтарының бірі. Өз қабілетін дамытып, мақсатқа жету үшіні еңбек ету идеясы жастар арасында кең тараған.












Жаман адам – әдейі зиян келтіріп, теріс әрекет жасайды. Мінез-құлқы, ішкі ниеті дұрыс емес.

Надан адам - білімінің, түсінігінің жетіспеушілігі. Теріс әрекеттің зиянын түсінбеуі мүмкін.Білімсіз адамды надан адам деп атайды.











Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.




Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.




Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандыра

ды

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Барлық тапсырмалар асық арқылы бағаланады.













Дескриптор:

Білім алушы

-өлеңдегі көтерілген мәселені анықтайды - 1 балл;

- өлең жолдарынан мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді – 1 балл;

идеясын анықтайды – 1 балл;

- өлең жолдарынан мысалдар келтіреді - 1 балл.
































Дескриптор

Білім алушы

-жырдағы автордың бейнесін анықтайды – 1 балл,

-өлеңнен мысалдар келтіреді – 1 балл.

өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтайды1











Дескриптор

Білім алушы

жаман адам мен надан адамның айырмашылығын айтады1






Дескриптор

Білім алушы

сұрақтарға жауап береді1.



https://youtu.be/6eVJhzKUO1w


Оқулық

Қазақ әдебиеті

«Атамұра» баспасы

2018 ж






https://bilimland.kz/ru/online-mektep#/schedule/lecture/contro











ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ




























https://rutube.ru/video/4eddeab0c184e18a45834dc4f7417f34/?r=plemwd

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі