Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән мұғалімі: Кабдолдина Ырыскельды Сабыровна

11 «А» сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы

Cұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы.

«Туған еліме. Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдері

Жалпы мақсаттар:

1.С.Торайғыровтың өмірі,шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. «Туған еліме.Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдерін оқып, мазмұнын ашу. Оқушыға өз ой-пікірін айтқызу.

2. Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін білдіруге үйрету, шығармашылыққа баулу.

3.Өлең арқылы адамгершілікке, елін, жерін сүйе білуге, ақын-жазушыларды құрметтеуге, мейірімділікке баулу, оқу-білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Оқыту нәтижелері:

1 С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтеді.

2.Өз тұжырымын көркем сөздермен жасай алады.

3.Өлеңнің идеясын түсінеді. Тарихпен сабақтастырады.

4.Жұптық, топтық жұмыс кезінде диалогтік атқару арқылы сөздік мәнері жетіледі.

5.Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

6.Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

7.Өлеңді құрылысына қарай талдай алады..

8.Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

9. АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, ақын туралы мағлұмат алады.

10.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.


Негізгі идеялар:

Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады. Топтық міндет; өз ойларын толық айтады, бірін-бірі тыңдайды.Достық сезімдері артады.

Оқыту әдістері:

СТО әдістері, Ассоциация, СКТ.

Көрнекілігі:

кеспе қағаздар, стикерлер, , оқулық, , түрлі-түсті қағазадар.

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару;

Сабақ барысында оқушылар ұстанатын қағидаларын қалыптастыру.

-Бір-бірімізді тыңдаймыз! –Басқаның пікірін сыйлаймыз! –Тақырып көлемінде ғана сөйлейміз.

-Бағалау парақшасы туралы түсінік беру.

2. Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Оқушыларды топтастыру. Алдыңғы сабақта бөлінген топтың құрамын сақтай отырып, топ ережесімен танысу.

І топ- «Әдебиетшілер»

ІІ топ – 2. «Тарихшылар»

3. Үй тапсырмасын сұрау

  • Түсінік сұрау.

  • Зымыран сұрақтар.

1.1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне қысқаша сипаттама беріңдер.

2.Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытқандар кімдер?

3.Ж.Аймауытов туралы не білеміз?

4. Шығармаларды ата.


4.Қызығушылығын ояту

«Ой қозғау» стратегиясы :

  1. Адам болу деген не?

  2. Адам өмірге не үшін келеді?

  3. Біздің өмірдегі мақсатымыз не?

Мұғалім: Мына суретте кімді көріп отырсыздар?

Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында өмір сүрген, Абайдан кейінгі жазба әдебиетінде өзіндік орны бар, адам сезімін шеберлеудің қас шебері, өзіндік болмысы мен үнін, азаматтық шеберлігін қалдыра білген С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және өлеңдері жайлы болмақ. Алаштың ардақты ақынының өмірі қиындыққа толы болды. Ақын 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Шешесінен ерте айырылады. Мұқан, Тортай, Әбдірахман деген молдалардан тәлім алады. Ақын 27 жыл ғұмырында артына көптеген шығармаларын қалдырды. «Алаш ұраны» өлеңі Алаш Орда үкіметінің құрылуын қолдап жазған өлеңі. Өлең 1917 жылы жазылған.

5.Жаңа сабақ

Мағынаны тану. «Кубизм» стратегиясы

  1. Суреттеңіз Оқулықтан ақынның өмірбаянын сипаттайтын жерін тауып оқы.

  2. Салыстырыңыз. Ж.Аймауытовтың өмірбаянымен салыстыр.

  3. ЗерттеңізШығармашылығы жайлы не айталасыз?Өлеңдерін ата.

  4. Қолданыңыз. Өлеңдерінің тақырыбы қандай?

  5. Талқылаңыз. Осы өлеңдерді жазуына не себеп болды?

6. Дарынды оқушымен жұмыс: Қазір сіздерге сыныбымызда әдебиетші мен тарихшы болуды мақсат етіп жүрген оқушыларымыз С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы өз ізденіс жұмыстарын қорғайды. Мұқият тыңдап өмірі, шығармашылығы жайлы дәптерімізге жазып отырайық.

(Таныстырылым. Алдын ала берілген ізденіс жұмыстарының негізінде Әдебиетші мен Тарихшы оқушы слайд бойынша өз жұмыстарын қорғайды.)

(Шығармадағы баяндалатын оқиға жайлы оқып меңгеру)

«Әдеби оқу» стратегиясы бойынша өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасау.

Мұғалім сөзі: Балалар, С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы білдік. Енді ақынның «Туған еліме.Сарыарқаның жаңбыры» атты өлеңдерін мәнерлеп оқиық.

Балалар, өлеңді оқулықтан да мәнерлеп оқыдық, енді әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.

Постер қорғау. Әр топқа өлеңдерден үзінді беріледі. Сол үзіндіден ақынның айтпақ ойы мен идеясын постерге жазып қорғау.


7 Шығармашылық жұмыс:

«Талқылау» кестесін толтырады./жинақтау/

Авторы:


Жанр түрі:


Тақырыбы:


Идеясы:


Кейіпкерлері:


8. Қорытынды сұрақтар қою.

9.Үйге тапсырма: Бір өлеңінен үзінді жаттау. «Қамар сұлу» поэмасын оқу.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12