Материалдар / Студент жастарды рухани-адамгаршілікке тәрбиелеу-оның болашағына жол сілтеу.

Студент жастарды рухани-адамгаршілікке тәрбиелеу-оның болашағына жол сілтеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушы студент жастарға жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсе, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз...
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Студент жастарды рухани-адамгаршілікке тәрбиелеу-оның болашағына жол сілтеу.


Нұржанова Гүлмир Қарсаққызы

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.


Тәрбие сонау ықылым заманнан бастап зерттеу объектісінен түскен емес. Әл-Фараби – «тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту әдісі деген сөз»,- деп ой тұжырымдаса, М.Жұмабаев «тәрбие деген не?» деген сұраққа, ол – «қандай болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету», «...адам баласының әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек. Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі толық болғаны» деген болатын. Осы айтылып өткендер тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі- рухани-адамгершілік тәрбие екендігін жоққа шығармайды. Рухани-адамгершілік тәрбие идеялары қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушыларының еңбектерінде көрініс тапқан. Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбиердиев, М.Жұмабаев және т.б. еңбектерінде жастардың рухани өрлеуі мәселесіне кеңінен мән беріледі.Қорқыт бабаның ойлары қанатты сөздер, өсиеттер, аңыз-жырлар ретінде беріліп философиялық тұжырымдамасының негізін құрайды. Оның өсиеттерінің басты тақырыбы – өмір мен өлім жөніндегі толғаныстарына адам ғұмырының философиясы мен мән-маңызы, адамның адамгершілік қасиеттеріне арналған. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден, құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне арқау болады. Ұлы бабамыздың пікірлерінің жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, үлкеннен ғибрат алу, ақылды, көпшіл, қонақжай болуға шақырған тұстары студенттерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуде тәрбиелік мәні зор деп санаймын. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби «ғылым және ақыл, егер олар ішкі сеніммен және рухани-адамгершілікті идеалмен мөлшерлес. Ғұламаның тұлғаның рухани-адамгершілігінің қалыптасуындағы ой, сананың қызметін тек адамзатқа ғана тән, білімділік, тәрбиелілік – адамның рухани жан дүниесінің, адамгершілігінің белгісі деген ойлары бүгінгі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ж.Баласағүн өзінің атақты «Құтты білігінде» (Құт әкелетін білім) философиялық ойлары мен дүниетанымдық идеалдарын жеткізеді.Оның түсінігінде адамның руханилығын ісімен, арымен байланыстырып, мейірімділік пен бақыт мәселелері адамның өмір салтына қатысты. Адам өлгенмен, оның ісі мәңгілік. Ал, Ахмет Йүгнеки ары жоқтың адамгершілігі болмайды, адамгершіліктің қас жауы –өсек, өтірік, мақтаншақ. Сондықтан адамгершілік тек арлы адамда болады деп көрсетсе, Қашғари кітабындағы («Түркі сөздердің жинағы») батырлық, ерлік туарлы жырлары ұрпақты ерлікке, оқу білімді үйренуге, өнерге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Ғұламалардың ойларындағы руханилық «ар» ұғымымен астасып, адамгершілік қасиеттердің ішіндегі ерекше құндылықтар ізеттілік, адалжандылық, қайырымдылық, кішіпейілділік ерекше дәріптегендігі студент жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу құралы бола алады. Ш.Уәлихановтың еңбектерінде де жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне мән беріледі. Оның рухани-адамгершілік идеяларының негізі болып қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күрес саналады. Ол патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі дөрекі мінездеріне қарсы адам қасиеттерін сипаттайтын «намыс», «әділдік» сияқты рухани-адамгершіліктің басты көрсеткіштерін адам санасына сіңіруді көздейді [6]. Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин қазақ мектептерінің бірқатар мәселелерін көтере отырып, рухани-адамгершілік тәрбиесінің моральдық негіздеріне бауырмалдық, әдеп пен әділдік, қанағатшылдық, жомарттық, тазалық, сабырлық, зейіндік және білімді еркін меңгеру мәселесіне ерекше мән бере білді. XIX ғасырдың заңғар биігі өз ұлтының қамын ойлаған ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығы қазақ елінің ғана емес, жалпы адамзаттық рухани мәдениеттің дамуы үшін де орасан зор құндылығы қалыптастыру сол кездегі қоғам сұранысына қарай ұйымдастыруға талпынды. Адамгершілік тәрбиесіне байланысты мәселелерКеңес және қазіргі кезеңдегі белгілі ғалым-педагогтердің еңбектерінде қарастырылған. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Оның негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу. арұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, әділдік, қанағатшылық, өзін-өзі дамытып жетілдіру болып келеді.Сондықтан еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – біз, оқытушылар, алдындағы ең басты міндет. Ал ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік тәрбиесінің маңызы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған дәлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі дәлел.Осы тұрғыда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі таңда рухани – адамгершілік тәрбие беру өзекті мәселе ретінде қарастыралады.Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Студенттерді рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті және кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Ол баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбиесі - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы – ол қашан да мәңгілік. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Сондықтан біз, оқытушылар, студенттерді жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндетіндеміз. Студент бойындағы мейірімділік, шыншылдық, адалдық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, өз ортасында еркін сөйлеп, өз ойын еркін айта алатын дарынды, қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу  мақсатында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде мейірбандық күніне орай  «Барлық құрмет үлкендерге» атты мерекелік концерт  қойылды. 1 курс топтары арасында өткізілген «Жақсылық –жан азығы», «Кішіпейілділік- көңіл кеңдігі» , «Адамгершілік-рухани байлық» атты тәрбие сағаттары адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке баулыса, «Ана тілім-айбыным» атты  тіл сайысы өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақырады. Сондай-ақ Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар ұлттық салт-дәстүрдің орынды көрсетілуі мен оқытушының ұлттық нақышта киінуі студентердің адамгершік, сыйластық , достық қатынастарын арттыра түседі.

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Сол себепті рухани –адамгершілік білім негіздерінің ықпалдасуына көркем шығарма негіз болып табылады. Көркем шығарма-әдебиет мазмұнын құрушы материал. Әдебиет халықтың сан-ғасырлық сөз өнерін атамұра, рухани байлық ретінде жеткізетін өмір оқулығы. Олай болса әдебиет сабақтарында берілетін тәрбие, студенттің адамгершілік ұстанымын аша түседі. Қазақ халқының ұлағатты өнегесі арқылы адамгершілікті тәрбие төңірегінде қаншама құндылықты ойлар айтылған.Сонау халық педагогикасынан бастап, бүгінгі заманауи құндылықтардың бәріде адам үшін қызмет етеді. Рухани-адамгершілік мазмұндағы әдеби көркем мәтіндердің ішінде Абай мен Шәкәрім шығармаларының алатын орны ерекше. Екеуі де адамзат баласын, адам әлемін сезіне, сүйе білуге шақырып, ізгілік еліне сара жол салады.

Ғұлама ақын Абайдың негізгі ұстанымы «Адам бол!» еді. Оны«Адамның баласы – бауырың», «Адам баласына адам баласының бәрі – дос», «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген нақыл сөздерінен білуге болады. Оқулықта берілген Абайдың «Он жетінші» қара сөзін оқып түсіну арқылы студенттер қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысын талдап, адам үшін артықшылығы неде, адамның мәнді де мағыналы өмір сүруі үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін қалай ажыратқаны жөн, не нәрсеге мән беріп, нені басшылыққа алғаны дұрыс екенін байыптайды. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек», — деген нақыл айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адам қасиеттерінің мәнін ұғыну студенттердің өз бойларындағы адамгершілік қасиеттерді дамытуына ықпал етеді.

Сондай-ақ Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты шығармасында адамгершілік құндылықтар негізінде талдау жасалады. Адамның бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерін талдай келе, студенттер өмірде кездесетін әрқилы кедергіні де жеңуге ұмтылады. Сөйтіп, олардың ойы адамның өзіне-өзі сенімді болуының басты көрсеткіші болып табылатын батылдық, табандылық, адалдық сияқты қасиеттері айналасына шоғырланады. Осы орайда студенттер сенім туралы, оның түрлі қырлары жөніндегі түсініктерін кеңейту мақсатында М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңіндегі қайратты, айбынды, көздерінде от бар, сөздерінде жалын бар, арлы, мінезі жұмсақ, жүрегі ақ, иманды және т.б. қасиеттерге сипаттама беріледі. Адамгершілік қағидаларды көрсететін әдеби көркем мәтіндер студенттердің интелектуалды-шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамытып, елестете алу, қиялдай білу дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан талай-талай ұлылардың тәлім-тәрбиелік әдеп-қағидаларын, өмірлік ғибратты өсиеттерін жастарымыздың санасына сіңіру, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту білім беру жүйесіндегі қажетті шарты болып табылады. Алайда студенттердің рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар да бар.Сондықтан сабақтан тыс жұмыстарды көбірек ұйымдастыру өте маңызды.Сабақтан тыс кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелер, театрланған сабақтар – осының бәрі рухани-адамгершлік тәрбие үшін таптырмас құралдар. Колледж студентерімен Ы. Алтынсарин, тарихи және жауынгерлер мұражайларына бару дәстүрге айналған. Сондай-ақ оқу жылының басында ұлы ұстаз, педагог, ақын-жазушы атамыз Ы.Алтынсарин кесенесіне, яғни тарихи орындарға саяхат жасау жұмыстары да жақсы ұйымдастырылған.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз...



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының этникалық  –  мəдени  білім тұжырымдамасы//Қазақстан мектебі. -1996. -№9. –6- б.

  2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. –Алматы.

  3. Әмірәлиев Ш. «Рухани байлық-өмірден». – Қазақстан мектебі, №11-12.1992 ж.

  4. Буева Л.П. Духовность, художественное творчество, нравственность Вопросы философии. –1996. – №2. – с.

  5. Қожахметова К.Ж. Проект Концепции Духовно-нравственного воспитания школьников –Алматы, 2002.19 с.

  6. Балтабаев М.Х. Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушыларға рухани-өнегелі тәрбие берудің Концепциясы. –Алматы, 2002, -27 б.

  7. Ұзақбаева С.А. Халық педагогикасы негізінде руханилыққа тәрбиелеу. –Алматы,-2003. -17 б.

  8. «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы діннің ролі» халық. ғылыми-практикалық конф. материалдары// Ғылыми-педагогикалық жинақ. –Алматы, 2009, 283-285 бб.

  9. Айтбаева А.Б. Этномәдени құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.

Алматы. 2010, №2.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ