Студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытуға қарым-қатынас әсері
Психология – бұл әлеуметтік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау және бизнес сияқты түрлі салалардың ажырамас бөлігі. Әрбір адамның психологиялық күйі, жеке ерекшеліктері мен даму жолдары оның өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сол себепті психологияны зерттеп, оны тәжірибеде қолдану тек жеке тұлғаның ғана емес, жалпы қоғамның да дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты мамандарды даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы сөз қозғайық.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы беделді әрі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Елдің жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы болып саналатын бұл университет ұлттық экономика мен ғылымның дамуына айрықша үлес қосып келеді. Университеттің білім беру мен ғылыми-зерттеу саласындағы табыстары Қазақстанның білім беру саясаты мен мәдениетінің маңызды бөлігіне айналған.
ҚазҰУ-де білім алу – бұл терең ғылыми негіздерге ену және жаңалық ашу үдерісіне қатысу деген сөз. Оқу бағдарламалары заман талабына сай жаңартылып, студенттерге сапалы білім алуға мүмкіндік береді. ҚазҰУ бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша әртүрлі мамандықтарды ұсынады. Бұл оқу ордасында білім алушылар теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да меңгеріп, заманауи технологиялар мен ғылыми жетістіктерді игереді.
Университеттің басты артықшылықтарының бірі – көптілді білім беру жүйесі. Студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім ала алады. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дің халықаралық ынтымақтастығы кеңінен дамыған. Университет студенттері мен оқытушылары шетелдік жетекші оқу орындарында білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.
Келесі кезекте тақырып туралы сөз қозғайтын болсам,ең алдымен эмоциялық интеллект сөзіне анықтама беріп өтсек. Эмоциялық интеллект ұғымына келсек, бұл адамның өз эмоцияларын түсініп, басқара білу және басқалардың эмоцияларын дұрыс қабылдап, оларға әсер ету қабілеті. Қазіргі уақытта эмоциялық интеллект жеке тұлғаның әлеуметтік және кәсіби жетістігінің маңызды факторы ретінде кеңінен танылып отыр. Әсіресе, студенттердің эмоциялық интеллектісі олардың тек оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге тұлғалық дамуы мен өмірлік дағдыларында да шешуші рөл атқарады.
Эмоциялық интеллектінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – қарым-қатынас. Студенттердің бір-бірімен өзара әрекеттестігі, оқытушылармен қарым-қатынасы және жалпы әлеуметтік ортаның ықпалы эмоциялық интеллектінің дамуына тікелей әсер етеді.
Топтық жұмыстар мен қоғамдастық ішіндегі өзара байланыстар – студенттердің эмоциялық интеллектісін дамытуға оң ықпал ететін маңызды элементтер. Топтық әрекет барысында түрлі эмоциялар мен пікірлер қақтығысады, сондықтан студенттер өз сезімдерін басқарып, өзгелердің пікірлерін тыңдай отырып, икемділік танытуы қажет. Бірлескен жұмыс барысында әртүрлі көзқарастарды түсініп, үйлесімді әрекет ету қабілеті – эмоциялық интеллектінің жоғары деңгейінің көрсеткіші. Бұл дағдылар студенттердің басқалардың эмоцияларын түсіну және дұрыс қарым-қатынас орнату қабілетін қалыптастырады.
Сонымен қатар, студенттердің әлеуметтік ортадағы өзара қолдауы эмоциялық интеллектінің дамуына ықпал етеді. Мысалы, достық қарым-қатынас орнату, бірге уақыт өткізу және бірлескен жобаларда жұмыс жасау студенттердің эмоциялық қабілеттерін жетілдіреді. Эмоциялық интеллектісі жоғары студенттер өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген байланыстар орнатып, бұл олардың тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсерін тигізеді.
Студенттердің эмоциялық интеллектісін дамытуға қақтығыстар мен келіспеушіліктер де ықпал етеді. Мұндай жағдайларда студенттер өз эмоцияларын реттеуді, өз ұстанымын қорғауды және қарым-қатынас жасауды үйренеді. Эмоциялық интеллектісі дамыған тұлғалар қиын жағдайларда сабыр сақтап, өзгелердің сезімдерін ескеріп, тиімді шешімдер табуға бейім болады. Университетте осындай тәжірибелерді меңгеру студенттердің болашақ кәсіби өміріне де пайдалы болмақ.
Қорытындылай келе, студенттердің эмоциялық интеллектісі – оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Қарым-қатынастар адамның эмоцияларын басқару, басқалардың сезімдерін түсіну, әлеуметтік байланыстарды нығайту және стресстік жағдайларды жеңуге көмектеседі. Сондықтан оқу орындарында эмоциялық интеллектіні дамытуға бағытталған тренингтер, семинарлар және іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Эмоциялық интеллектісі дамыған студенттер болашақта кәсіби жетістікке жетіп, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасады.
Жапарқызы М.
4-курс психология мамандығының студенті
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз