Материалдар / СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада студенттердің өзіндік жұмыстарын қалай тиімді ұйымдастыру және оны бір жүйеге келтіру төңірегінде мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар білім алушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыстың түрлері мен олардың жалпы түсініктері қамтылған.Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің қол жеткізетін жетістіктері мен нәтижелері көрсетілген. Мақаланың білім берушілер мен білім алушыларға да пайдасы бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3486
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУАстана қаласы «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі физика,математика пәнінің оқытушысы Б.А.Сейдахметова

Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы қажет. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізіне тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады. Студенттердің танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев В.П., Вербицкий А., т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады. И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы. Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді. Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ. Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды. П. И. Пидкасистый «өзіндік танымдық жұмыс» және «өзіндік жұмыс» ұғымдарын ажырата білуге назар аударады. Оның пікірінше, өзіндік жұмыс оқып-үйренушілердің өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастырудың тек құралы ғана болып табылады. Ол оқу өзіндік танымдық қызмет процесінде жүреді, бірақ, ол өзіндік жұмысты орындау процесінде жүреді деген сөз емес деп есептейді (6). Мысал үшін, оқытушы оқу материалын баяндағанда, студент салыстыру, беттестіру, деректі ойша талдау және т. б. ойлау амалдарын жүргізеді. Дәл осы кезде студент ешқандай тапсырма алған жоқ, өзіндік жұмыс та жоқ, бірақ өзіндік танымдық қызмет орын алып отыр.Жалпы алғанда, өзіндік жұмыс (ӨЖ) – біртұтас педагогикалық процестің, жоғары білім берудің негізі. Ол бір жағынан студенттердің дәрісханадан тыс жұмысы ретінде, басқа жағынан сабақ кестесі бойынша студенттің дәрісханада жүзеге асыратын жүйелі, жоспарлы, мақсатты жұмысы. Оны ұйымдастыру жауапты теориялық және практикалық міндет, маңызды ғылыми проблема. Өз бетінше жұмыс істеуді дәрісханада және одан тыс жерлерде ұйымдастырудың әр қандай түрлері мен типтерін қолдана отырып, студенттердің өздігінен ізденіп оқуына, білімін дамытуға ықпал етіп, оны ұйымдастыра білу өте қажет деп атап көрсетеді П. И. Пидкасистый«Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды, дейді Петровский. (1, 129 б). Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энциклопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттер де кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндеттерінің біріне айналады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:-Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.-Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:1.Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі. Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,әдістемелік қамтамасыз ету,бақылау және орындалу бағасы,талдау және жетілдіру.Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет етеді. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың дәрежесі. Осы заманғы ақпараттық технологиясын игеру болашақ мамандар даярлау ісінде міндетті кілт деуге болады. Инновациялық білім беру – тұлғаға бағытталу, білім берудің негізділігі, шығармашылық, кәсіби бағдар, ақпараттық технологияларды қолдану деген түсініктердің жиынтығы. Сондықтан оқытушыны студенттердің қандай қасиеттерін, сапаларын дамыту керек, қалайша өзін-өзі дамыта білуіне көмектесуге болады деген сұрақтар толғантуы керек. Студенттердің ең алдымен, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен бағалау әдет-дағдысын қалыптастыру тұлғаның шыңға (акме-шын, акмеология) жету жолы болмақ.Оқу орындарындағы студенттердің өздік жұмысы сабақ барысында оқыту лекция, практикалық, лабораториялық жұмыстар арқылы және сабақтан тыс уақыттарда жүзеге асады. Лекция ақыл-ой әрекетінің тек 1-деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз етеді. Ал СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін: қабылдау мен қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі ол алған білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім алуға ұмтылуына көмектеседі.Оқытушының бақылауымен студент:- Зерттеушілік іскерлігімен дағдысын қалыптастырады;- Өткен материалдарды жалпылай алу және қайталау;- Алған білімді қолдану, оларды толықтыру, кеңейту дағдысын қалыптастырады; - Оқытушы студенттің психофизиологиялық және академиялық үлгерімін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп, олардың дербестігінің дамуына мүмкіндік жасайды.- Студентпен бірлесекен іс-әрекет барысында оқытушы – студенттің уақытын тиімді пайдалануға беретін түсіндірмелі-иллюстративті (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті іздеу жолдарын көрсету;- Өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.- Оқытушы студентке жеке тапсырма таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектеседі. - Әдебиеттермен қамтамасыз етуге, олармен жұмыс жасай білуге;- Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма орындау жолдарын қолдана білуге үйретеді;- Жеке не бірнеше студентке кеңес береді, студенттердің бір-бірімен жұмыс жасауын үйлестіреді.Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Алайда студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:- Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеруді жүзеге асырады. - Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.- Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.- Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады. Студенттердің өзіндік жұмыс жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспектілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мұмкін:- «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру;- оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);- есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);- зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;- қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;- емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша қиын тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.) тәсілдері». Бұл жерде ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының нақты тәсілдері де, мысалы, мәтінмен жұмыс істеу келтірілгені айқын.

Соңғылардың қалыптасқандығы студенттердің барлық оқу пәндері бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі алғышарттарының бірі және де негізі болады.Тағы атап өтейік, жалпы студенттердің өзіндік жұмысы - оқу іс-әрекеті тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл оқытушының сыртқы қадағалауынан студенттің өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, оқытушының бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады. Өздік жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:- Студенттің аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, студенттің оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда студенттің уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі студенттің өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді.- Әдістемелік тұрғыдан студенттің аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орынның материалдық-техникалық базасының, оның қызметкерлерінің лайықтылығы. Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.- Студенттердің өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулықтардың маңызы зор.- Студент пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ соған сәйкес студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану студенттің өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің өздік жұмысының тиімділігін және оны орындауға студенттің ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет. - Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.- Студенттің өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналиткалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын студенттің шығармашылық тұлғасы қалыптасады.Олай болатын болса, жүйелі түрде ұйымдастырылған және де ғылыми негіздегі студенттердің өздік жұмысы мен студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын қамтамасыз етеді, студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТТЕР
  • Каменский Я.А. Великая дидактика. Изб.пед.соч., 1955
  • Асанов Н. Өіндік жұмыстардың ерекшеліктері.Алматы, 2004
  • Р.Б.Исмаилова Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.//Бастауыш мектеп- №5,6-2012, Б.36-37.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана. – 2004. –134 б.
  • Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. Дидактический анализ процесса и структуры воспроизведения и творчества. – М.: Педагогика, 1972.
  • Пидкасистый П. И. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении. Теория экспериментального исследования.
Начало формы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!