Студенттердің практика есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студенттердің практика есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
студеттерге педагогикалық практикасында есеп жазуына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



SILKWAY Халықаралық Университеті







Филология факультеті «Тілдік пәндер» кафедрасы








«5В011600- Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ
II курс,
116-91 топ студенті: А.С.Курбановтың
оқу практикасы бойынша есебі











Шымкент – 2021ж.

Мен Курбанов Ал-Бухарий Султанбекович 25.01.2021 - 05.02.2021ж аралығында оқу практиканы университет базасында елдегі болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде Zoom платформасы арқылы өткіздім.

25.01.2021ж жетекшіміз Раймбекова Халида апайымыз оқу практикасының алғашқы күнінде ең алдымен университетіміздің тарихы мен жетістіктері, оқу практикасының жүргізілу барысы, мақсаты мен міндеттері, практика нәтижесінде қалыптасатын студенттің құзіреттілігі туралы айтты. Сонымен қатар университеттің, «Тілдік пәндер» кафедрасының негізгі бағыттарымен, ұйымдастыру қызметімен,кафедрадағы жалпы профессор-оқытушылар құрамымен толықтай таныстырып өтті. Осы тұрғыда университеттің материалдық базасы да тыс қалған жоқ, яғни университет кітапханасымен, әдістемелік кабинеттермен, ондағы түрлі дидактикалық материалдармен танысып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жетекшіміздің бағыт-бағдарына сәйкес өзімізге пән бойынша түрлі мағлұматтарды жинақтап, оның білім, біліктілік және дағды секілді құрылымдарымен таныстық. Оқу практикасы барысында университеттің оқу-әдістемелік, оқу-тәрбиелік жұмыстарының жоспарларымен, оларды зерттеу, сараптау, жаңа оқулықтарды және басқа да оқу - әдістемелік құралдарды оқып үйрену, техникалық оқыту, ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану бойынша көптеген ақпараттармен танысып, білімімізді толықтыра түстік. Сондай-ақ жетекшіміз бізге өз мамандығымызға сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарымен бөлісіп, үнемі хабардар болып отыру қажеттігін, әрдайым ізденіс үстінде болып, білімімізді толықтырып отыру қажеттілігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармады. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым.Сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдануды үйрендім.

Оқу практикасында үйренгендерімді педагогикалық практика кезінде алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сонымен қатар тек жұмыс барысында алынған белгілі бір дағдыларды игеруге көмектеседі деп ойлаймын.Оқу практикасының нәтижелері бойынша біз әрі қарай өзіндік жұмыстарға және алған білім мен дағдыларды практикада қолдануға қаншалықты дайын екенімізді анықтай аламыз.

Практика кезеңінде алынған білім, білік, дағдылар болашақ мамандығын игеруде белсенді жұмыс істеу үшін керемет көрсеткіш болды, теориялық тұрғыдан зерделенген сәттерді іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибе жинауға және болашақ мамандығының жалпы идеясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.



Студент – практикант:_________ Курбанов Ал-Бухорий

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
53197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі