СТУДЕНТТІК ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СТУДЕНТТІК ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттік жас — бұл жеке көзқарастар мен қарым-қатынасты қалыптастыру жасы. Бұл кезеңстуденттің өз бетімен шешім қабылдауын көрісетеді. Алайда бұл, ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігін жоққа шығармайды. Мұндай қажеттілік жас адамға қиын болатын өзін-өзі тану мен өзін-өзі анықтаудың өсіп келе жатқан мәселелерімен түсіндіріледі. Өзін-өзі тану деңгейінің өсуі және жастардың қоршаған адамдарға және өзіне деген талап деңгейінің дамуына әсер етеді деп ойлаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СТУДЕНТТІК ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ


Жанғалиева Жанерке Нурлановна

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ. Аға оқытушы.


Қазіргі дәуірде зайырлы еліміздің ертеңі - жастардың білімінің деңгейімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Бүгінгі таңда психология, педагогика ғылымыдарының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.

Студенттік кезең - ғылымда 1960 жылдары Б. Г. Ананьевтің жетекшілігімен Ленинград психологиялық мектебінде ересек адамдардың психофизиологиялық қызметін зерттеуінде ескерілді. Студенттердің жас санаты ретінде ересек адамның даму кезеңдеріне сәйкес келеді, ол "жетілуден кемелдікке өту кезеңі" болып табылады және кеш жастық - ерте ересек (18-25 жас) ретінде анықталады. Кемелдену - ересек дәуірінің ішінде студенттердің бөлінуі әлеуметтік-психологиялық тәсілге негізделген.

Студенттік жас — бұл жеке көзқарастар мен қарым-қатынасты қалыптастыру жасы. Бұл кезеңстуденттің өз бетімен шешім қабылдауын көрісетеді. Алайда бұл, ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігін жоққа шығармайды. Мұндай қажеттілік жас адамға қиын болатын өзін-өзі тану мен өзін-өзі анықтаудың өсіп келе жатқан мәселелерімен түсіндіріледі. Өзін-өзі тану деңгейінің өсуі және жастардың қоршаған адамдарға және өзіне деген талап деңгейінің дамуына әсер етеді. Олар аса сыни және өзін-өзі сынайтын болады, үлкендер мен құрдастардың моральдық келбетіне жоғары тәртіптегі талаптар қояды.

Б.Г. Ананьевтің ізін басушылдадан алынған мәліметтер студенттік жастың – интеллекттің күрделі құрылымдарының жүйесі екендігін айтады. [1]. Жоғары оқу орнындағы оқу уақытында еңбектік, кәсіби іс-әрекеттің негізі орындалады. Оқу барысында меңгерілген білім, іскерлік, дағды оқу іс-әрекетінің пәні ретінде емес, кәсіби іс-әрекеттің құралына айналады. Бірақ техникалық жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің жартысында жоғары мектепті таңдаған кезде кәсіпке деген қызығушылық мотиві өте аз. Студенттердің көбі өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына күмән туғызады деп өз еңбектерінде А.А. Вербицкий, Т.А. Платонова көрсеткен. Студенттің мәнді көрсеткіші – оқу іс-әрекетінің түрлері мен түр пішіндерін орындай алу дағдысы. Оқытушылардың алдында жауапкершілігі мол психологиялық-педагогикалық жүмыс берілген. Ол студентті өзінің әрекетін жүйелеп, ұйымдастыра алуды білдіретін оқу әрекет субъектісі ретінде қалыптастыру проблемасы.

Аталған жас кезеңндегілерге әлеуметтік зерделі тұлғаға қатынас ретінде қарау адамның әлемге деген көзқарасы емес, дүниедегі өзінің орынына деген пікірдің де қалыптасуына әкеледі. Студенттің әлемді тануын қалыптастыру оның рефлексиясының дамуын, өзін іс-әрекет субъектісі, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде сезінуін білдіреді.Практикалық психологтың тұлғалық-кәсіби даму процесінің жүзеге асуы объективті, субъективті, субъективті-объективті жағдайлардың орындалуын талап етеді [2] 

Жантанушыларды дайындауда психологиялық-акмеологиялық тұрғы мәселенің негізі бола алады (Б.Г. Ананьев, К.А. Абульханова, А.А. Бодалев, Н.В. Кузьмина, И.Н. Семенов, А.П. Ситников, Е.А. Яблокова).Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы дайындық процесінің ғылыми-әдістемелік, мазмұндық және ұйымдасқан қамтамасыздануы негізінде мүмкін болады. Студенттің тұлғалық-кәсіби дамуының алғышарты болып өзін-өзі танудың дамуы және өзін-өзі жетілдіру тілегінің деңгейі болып табылады. Өзін-өзі тану іс-әрекетін жоғары деңгейде меңгеру өзіндік жетілу мен кәсіби даму әрекетіне белсенді қосылуға мүмкіндік береді. Сол себепті тұлғалық жетілудің жоғарғы деңгейі практикалық психологтің кәсіби дамуының бірінші және екінші деңгейімен байланысты. Өз-өзін тану, өзін-өзі қабылдау және өзіндік жетілдіру деңгейі дайындық процесінде іс-әрекет субъектісі жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы маңызды болып саналады.

Кеңес психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезеңді «жеке қатынаста адамгершілік және эстетикалық сезімдердің және өзіне азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбекті біріктіретін ересек адамның функцияларының қалыптасып, тұрақталуының айрықша белсенді мәнге ие» деп қарастырды.

Жоғары мектеп жасынан студенттік жасқа өтуі өмірдің үйреншікті көзқарастың өзгеруі мен қарама-қайшылықтарымен сәйкес келеді. Бұл қарама-қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық сипатта болып келеді.

Студенттік кезеңдегі өзбеттілік әрекеттер туралы сұрақ көп жағдайда нақты практикалық сипатта болып келеді. Бір жағынан теориялық білім мен қызығушылықтар жиналған білім аймағындағы практиканың қолдануымен кездескенде тексеруден өтеді. Екінші жағынан қызығушылықтар мен қажеттіліктердің теориялы, абстрактілі аймағы оны тұрмыста қолдануға әкеледі. Өзбеттілік - жатақханадағы өмірге үйрену, өзінің ақшасын ұстау, өз уақытын дұрыс қолданумен байланысты практикалық іске айланады [3].

18-25 жас аралығында, яғни студенттік жаста идеалға, шындыққа деген бағыттылық мықты болады. Әртүрлі арнадан келіп жататын ақпараттың көптігі студенттің білімін кеңейтеді. Сондай-ақ бұл ақпараттың шектен тыс көптігі уақыттың жеткіліксіздігі мен оны ойша өңдеуге құлықтың болмауынан білім мен ойлаудағы үстірттікке, өзінің өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге әкеледі.

Бұл іс-әрекеттегі профессионалдылық бөлек алынған еңбек және өмір субъектісінің, ұжымдағы жалпы әлеуметтік ұйымдағы байланыстар мен қатынастардың терең табиғатының сырын ашуға мүмкіндік береді. Осы негізде морфологиялық, психофизиологиялық, психикалық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік деңгейлерге нәтижелі әсер ету құралдары қолданылады. Осындай жолмен практикалық психологтың профессионалдылығын өзі таңдаған іс-әрекет түрінің негізгі құрылымы деп атауға болады [4]. 

Ал тәжірибелік психологтың профессионалдылығының құрылымын не анықтайды. Бұл сұраққа жауап беру қиын. Жалпы ол нақты адамның барлық өзара байланыс қосындысын реалды детерминантары мен жеке дара ерекшеліктерімен негізделген. Егер шынайы жағдайдың сипатын ескерсек, онда практикалық психологтың алдында бірқатар мәселелер мен тапсырмалардың легі тұрады.

Мақсат пен оның шынайы жүзеге асуына дейін келу үшін функция деп аталатын белгілі бір құрылымды орындау қажет. Бұл функцияларды субъект (белсенді), нақты адам орындайды.

Студенттер де жасөспірімдер секілді өзінің қандай екенін, қаншалықты құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар: олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды [5,11б].

Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін  жақтарын білу. Мұндай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін.

Сонымен, өзіндік бағалауда студенттер өзіне сындарлы көзқараспен  қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз  мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу  қабілеттілігіне  ие болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып,рухани үйлесімдігін дамытады. Осы шақта тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, тұлға ретінде ұғынуы және  бағалауы  яғни, өзіндік сана- сезімі  қалыптасады. Өзіндік  сананы зерттеу кезінде психологтар өзіндік танымның дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелерге басты назар аударады.

Студенттік кезеңдегі тұлғаның өзіндік танымын зерттеуге арналған еңбектер бойынша бірқатар теориялық және эксперименталдық нәтижелерді қарастырдық.Студенттердің танымдық ізденімпаздығының  компоненттер.

Уәждік компонент. Ол туындаған қажетсіну мен оны өз күшімен қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қарсылықты түсіну негізінде пайда болатын әрекетке ұмтылушылықпен сипатталады. Уәждік компонентке парыз бен мүдде уәждері жатады.

Танымдық  қажетсіну – белгілі бір заңдылықтары бар ерекше қажетсіну екенін еске сала кетеміз. Олардың ең бастылары: 1) ынтызарлық, яғни таным нәтижесіне толық қанағаттанудың принципті түрде мүмкін еместігі; 2) процесшілдік, яғни танымның нәтижесіне емес, ең алдымен процесіне бағдарланушылық; 3) жақсы сезіммен, яғни қуаныш, қызығу сезімімен тығыз байланыс.

Мазмұнды-операциялық компонент. Студенттерді танымдық ізденімпаздығының екінші компонентінде жетекші білімдердің және оқу – танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесі қамтылады, бұл тәсілдер жаңа білімдері мен әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктілігін айқындайды. Бұл компоненттің ерекшелігін айқындау үшін жоғары оқу орны студенттері білімдерінің және олардың оқу – танымдық  қызмет тәсілдері жүйесінің ерекшіліктерін анықтау қажет. С. И. Архангельский жоғары білімнің мазмұнына үш компонент кіруге тиіс деп есептейді, біріншісі ғылымның қазіргі жай-күйін; екіншісі даму үстіндегі ғылым мен техниканың жаңа мазмұнын айқындайды; үшіншісі ғылым мен техниканың болжалды дамуын көрсетеді [6].

Студенттің ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі студент жасының ерекшелігімен және жоғары оқу орнындағы оқу – танымдық қызметтің ерекшеліктерімен айқындалады. Танымдық ізденімпаздықтың операциялық жағының қалыптасуы деңгейлерінің мынадай сипаттамасын беруге болады:

Бірінші деңгей: студент хабардың ең басты идеясын  ашпайтын қосалқы сипаттағы суреттеме  ақпаратты қабылдап, жаңғыртады. Өзінің оқу – танымдық қызметінде ең басты  нәрсені ажырата алмайды, сондықтан  да оның мақсатын нақты қоймайды. Жоспарлау  алға қойылған мақсатқа қатыссыз жүзеге асырылады. Оқылатын материалдың ерекшелігін  және жұмыстың мақсатын ескерместен, бақылаудың біркелкі нысандарын пайдаланады; өзін – өзі бақылауға әрқашан да бірдей жүгіне бермейді.

Екінші деңгей: студент хабардың жалпы мазмұнын қабылдайды, оны толықтырушы және тәптіптеуші ережелері арқылы басты идеясын жаңғыртады. Алдағы оқу – танымдық қызметте негізгі нәрсені ажыратады және осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды, мұның өзі жасалатын жоспардың толық еместігінен көрінеді, өзін – өзі бақылау кезінде бұл мақсатты ескеруге тырысады, бірақ бұл жөнінде әрқашан да бірдей дәйекті емес, өзін – өзі бақылау нысандарын алуан түрлі етуге талпынады, бірақ оқылатын материалдың ерекшелігін әрқашан да бірдей ескере бермейді [7].

Үшінші деңгей: студент хабардың ең басты идеясын  қабылдап, жаңғыртады. Алдағы оқу –  танымдық қызметтегі ең басты нәрсені  айқын ажыратады және осыған сәйкес оның мақсатын қояды, оны міндеттерде  дәйектілікпен ашады. Мақсаттар  мен міндеттерді ескере отырып, жұмыстың толық жоспарын жасайды. Жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзін –  өзі бақылайды.

Еріктік компонент. Егер жеке тұлға белгілі бір ерік күшін жұмсамаса, білімді және әрекет тәсілдерін игеруге талпынғанымен, білімдердің белгілі бір жүйесі болғанымен және біліктілік қалыптасқанымен танымда ізденімпаздықпен ілгерілеушіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан еріктік компонент танымдық ізденімпаздықтың ажырамас бөлігі болып табылады, бұл компоненттің негізінде таным барысындағы қиындықтар жөнінде ерік күшін жұмсауға дайын тұрушылық және оны әрекетте іске асырушылық жатыр. В. И. Селиван көрсеткендей “атқарудағы қиындықтарды жеңе білу, біліктілігі – жеке тұлға еркінің дамуын бағалайтын негізгі өлшем” [8].

Қорыта айта кететін болсақ, студентттердің өмірлі жоспарының жүзеге асуы үшін олар жақсы, білікті маман болып шығуы керек. Жоғарғы  оқу орны студенттерінің  өмірлік  жоспары-бұл әрекеттің жоспары,  жоспарды психологиялық  проблемаларына  арналған зерттеулер  адамның  жекелей дамуының  осы  жас  ерекшеліктік этапында қаралған. Ол үшін ең алдымен жоғарғы оқу орнындағы  оқытушылар да  өз ісінің шебері, студентттердің  индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін білуі керек.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Нигметжанова Г.М. Тұлғаның өзін-өзі тану мәселесінің психологиялық ерекшелігі. /Вестник КАСУ №4-2005ж.

  2. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тәрбие жұмысының концепциясы.

  3. Әбдіғапбарова Ұ.М., Нұркеева С.С. / «Өзін-өзі тану» колледж оқушыларына арналған оқулық. 2010ж.

  4. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человеказнания. - М.: Наука, 1977. – 344 с.
    Александровский Ю.А. Состояния психической дезадаптации и их компенсация. – М.: Изд-во Наука, 1976. – 271 с.

  5. Алдияров Қ. Ұстаз психологиясының ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. – 2006. - № 11. – 12.

  6. Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы.: А.2009ж

  7. Дьяченко М.И., Кандыбович П.А. Психология высшей школы. -Минск: Изд-во Белорусск. Ун-та, 1972. –320 с.

  8. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009. -190 с.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі