жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шұғаның белгісі" хикаяты
Қысқа мерізімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адам жанының құпиясы |
Мектеп: «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ |
||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Калиева Ж. Б. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып:9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты |
||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/Ж 9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау А/И 9.2.4.1. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: «Шұғаның белгісі» хикаятының идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Автор стиліне сүйене отырып, «Егер мен автор болсам...» тақырыбында ойтолғау жазады |
||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Хикаяттағы көркемдегіш құралдарды тауып айтады |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Ұнатқан кейіпкеріне өлең құрайды |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды -автор стиліне сүйеніп, ойтолғау жазады -көркемдегіш құралдарды тауып жазады -өлең құрайды |
||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: -кейіпкерлер жүйесін анықтайды -автор стиліне сүйеніп, ойтолғау жазады -көркемдегіш құралдарды тауып жазады - өлең құрайды |
||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ұшпалы сұрт бұлттар, жортақылау тапал торы,қызойнақ,отаудың сықырлауынан, қабыл-құбыл |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Біз екеу едік, Шұға десе-Шұға еді-ау,жап-жас жігіт екен ғой |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Шығарма не себепті «Шұғаның белгісі» деп аталды? 2. Шұға бейнесін қалай елестетесіңдер? 3.Қандай жағымды кейіпкерлерді кездестірдіңдер? 4.Осы шығармаға идеясы сай келетін, мазмұндас қандай шығармаларды білесіңдер? |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Не себепті Шұға мен Әбдірахман армандарына жете алмады деп ойлайсыздар? |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Елжандылық, ұлтжандылық тәрбие беру. Махаббатқа адалдық , сезім тұрақтылығына баулу |
||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география |
||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығын біледі |
||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут 2 минут 2 минут 3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. «Жүректен жүрекке». Оқушылар шеңберге тұрып, қолдарына жүрекше кесіндісін алып,бір-біріне жылы лебіздерін білдереді. Топқа бөлу. Әр түрлі қиындылар беремін.Қиындыларда махаббат, үміт, арман, сезім сөздері жазылған. Оқушылар алған сөздері бойынша топтасады. 1-топ- Махаббат 2-топ –Үміт 3-топ- Арман 4-топ-Сезім Миға шабуыл Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбына әкелемін. 1.Махаббат деген не ? 2.Махаббаттың қандай түрлері бар? 3. Қос ғашықтарды ата. - Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты. Сабақтың мақсаты мен критерийлермен таныстырамын. |
Кеспе қағаздар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут 12 минут 13 минут |
1-тапсырма Ж. ТЖ «Джиксо» әдісі Әр топ өзіне берілген тарауды оқиды: 1-топ- I-III 2-топ –IV-VI 3-топ- VII-X 4-топ-XI-XIII Топтар бір-біріне өздері оқыған бөлімін айтып шығады. Талқылаған соң, «Концептуалды кестені» толтырады. Кесте шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтауға бағытталған. Шығармадағы кейіпкердің атын, қасиетін анықтап, өз тарапынан кейіпкерге баға беріп,кестені толтырады.
Оқылған тараудан көркемдегіш құралдарды теріп жазыңдар /көпшілігі/
Дескриптор: -берілген тарауды оқы -топта талқыла -кейіпкерлерге сипаттама бер -көркемдегіш құралдарды тап
ҚБ. «Бағалау парағы» «+», «-» Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау кестесін критерийлерге сәйкес толтырады. «+», «-» таңбаларын неге қойғандығын кестеде «себебі» бөліміне ашып жазады.
Оқушының аты-жөні
2- тапсырма Ж «Егер мен автор болсам...» әдісі Оқушылар өздерін автор орнына қойып, құнды ойларын білдіріп, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, ойтолғау жазады.
Ұнатқан кейіпкеріне өлең құрастырады./кейбірі/
Дескриптор: -өзіңді автор орнына қойып, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып ойтолғау жаз -ұнаған кейіпкерге өлең құрастыр
ҚБ. «Авигатор» тәсілі Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Бағалауда ой құндылығына, сөйлемдердің көркемдігіне жете мән беріледі.
|
Қазақ әдебиеті кітабы. «АрманПВ» |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 8минут 4 минут 4 минут |
3 тапсырма ЖЖ «Иә - жоқ» әдісі. Сабақты қорыту барысында Оқушыларға ауызша 10 сұрақ қойылады. Оқушылар «иә,жоқ» деген жауаптар айтады. 1.Шұға мен Әбдірахман бір-біріне лайық па? 2.Шұға уәдеге берік пе? 3.Шұға арманына жетті ме? 4.Екеуінің қосылмауына әкесі кінәлі ме? 5.Әбдірахман заманға қарсы тұра алды ма? 6.Шұғаның өміріне заман кінәлі ме? 7. Осы заманда Шұғадай махаббатқа тұрақты қыздар кездесе ме? 8.Қазіргі заманда әлеуметтік теңсіздіктер бар ма? 9.Шынайы махаббатқа сенесіңдер ме? 10.Адал махаббат ұғымы мәңгілік пе? Рефлексия «Шығу парағы» 1.Сіз бүгін не үйрендіңіз? 2.Тағы не білгіңіз келеді? |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша мәлімет |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсатына жету үшін тапсырмаларды саралап беремін. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетемін. Барлық оқушылар орындай алады: «Шұғаның белгісі» хикаятының идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Кейіпкерлер жүйесін анықтату мақсатында оқушыларға концептуалды кестені ұсындым. Сол кесте арқылы оқушылардың кейіпкерлердің қасиетін анықтауына, кейіпкерлерге өзіндік баға беруіне ықпал еттім. Автор стиліне сүйене отырып, «Егер мен автор болсам...» тақырыбында ойтолғау жазады. Әдебиет теориясынан көркемдегіш құралдарды естеріне түсіріп, ойтолғауды оқушылардың көркем тілмен жазуына әкелдім. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Хикаяттағы көркемдегіш құралдарды тауып айтады. Кейбір оқушылар орындай алады: Ұнатқан кейіпкеріне өлең құрайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыттым. |
Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүргізілді. 1-тапсырмадан соң «Бағалау парағы» «+», «-» Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау кестесін критерийлерге сәйкес толтырады. «+», «-» таңбаларын неге қойғандығын кестеде «себебі» бөліміне ашып жазады. 2-тапсырмадан соң «Авигатор» тәсілі Оқушылар бірін-бірі бағалайды. 1.Мәтіннен негізгі 3 сөйлемді алады 2 Негізгі 2 идеяны табады 3. 1 ұсыныс білдіреді. Бағалауда ой құндылығына, сөйлемдердің көркемдігіне жете мән беріледі. |
Сабақта Қазақстан тарихымен, география пәндерімен байланыс болды. Топқа бөлуде қауіпсіздік ережесі сақталды. Интербелсенді тәсілдер арқылы сабақ тақырыбына әкелуде АКТ-мен байланыс жасалды. Сезімге тұрақтылық, махаббатқа адалдық, шынайы сезім,уәдеге берік болуға тәрбиелеймін. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? |
|
|
|||||||||||||||||||||||||
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 19.05.2019 6746
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||||||||||||||||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген