Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Сүйікті жазушы" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік елдің» 7 басты құндылығы: • Мәдениет пен тілдің ортақтығы; • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет; • Ынтымақтастық. Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары негізінде жүзеге асады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 27.04.2018 жыл.

Мұғалімнің аты-жөні: Махаметова Лола

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

5-тақырып. Сабақтың тақырыбы: «Сүйікті жазушы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.5.1.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау. 5.Т5.

5.2.5.1.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 5.А5.

5.5.1.1.Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу ТБ1.1

Сабақ мақсаттары







Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыпты біледі. Тақырыптағы тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді, мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннің тақырыбын анықтайды.Мәліметтерді жинақтай отырып, тапсырмаларды жүйелі орындайды. Топта құнды пікірлер ұсынады. Тірек сөздерді үш тілде қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Сабақ барысында белсенділік танытып, барлық деңгейлі оқушыларға көшбасшы болады, алға ілгерілеуіне ықпал жасайды. Тақырыпқа байланысты берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады.

Тілдік мақсат




Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым

Терминология: сүйікті, шығарма, жалпы, жалқы есімдер.

Сөз тіркестері: дүниеге келу, Жазушылар Одағы, қызмет атқару.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Тақырып кім туралы?

- Жазушыны аташы?

- Жазушының қандай шығармасын білесің?

Не себепті сүйікті жазушы - деп айтасың?

Бағалау критерийлері:

1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды.

2. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі.

3.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады.

4.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.


Құндылықтар:

«Мәңгілік елдің» 7 басты құндылығы:

  • Мәдениет пен тілдің ортақтығы;

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары негізінде жүзеге асады

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі және ағылшын тілі.



Ишара: "Мен-қазақпын" патриоттық әнге сергіту жасату

Алдыңғы оқу: «Менің атым-Қожа» фильмі туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(12 мин.)

Ұйымдастыру сәті. «Ыстық алақан» әдісі арқылы ортада жағымды психологиялық ахуал туғызу.

(оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді)


Топтарға біріктіру. Тірек сөздері бар карточкалар бойынша топқа бөлдім. Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әрбір қиындыларда «Жазушы», «Оқырман» деген сөздер болу керек. Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Жаңа тақырыппен, оқу мақсатымен және бағалау критериилерімен таныстыру. Өзара бағалау парақшаларын топтарға тарату.

« Ыстық орындық» әдісі арқылы алдыңғы оқуды еске түсіру.

Жаңа сабақты « Болжау» стратегиясы арқылы бастаймын. Оқушыларға « Менің атым Қожа» фильмін бейнетаспадан үнсіз ( дауысын өшіріп тастау) түрін ұсыну.

Сыныпқа сұрақ:

  • Бұл қай фильм?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, фильм кім туралы?

  • Кейіпкерлерін білеміз бе?

Оқушылардың пікірін тыңдаған соң, сабақтың мақсаттары белгіленіп, бағалау критерийлері талқыланады.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз « сүйікті жазушы» туралы болмақ!




Қазақ тілі оқулығы,

5-сынып.

Ф.Ш.Ораз

баева, Ж.Т.Дәулетбекова, А.Қ.Рауан

дина, Р.С.Ахметова, Қ.С.Жайлаубаева.


Сабақтың ортасы (20мин.)














1-тапсырма. «Көңілді тақия» әдісімен, суретке қарап, жауап бер! «Не істеп отыр?»

Дескриптор:

-алдынғы оқуды еске түсіреді

- берілген сұрақты дұрыс түсінеді

- шағын диалогке қатысады.

ҚБ. Күлегештер арқылы бағаланады.

2-тапсырма.

«Сенің ойың қандай» стратегиясымен алдыңғы оқумен жаңа тақырыпты байланыстыру.

Дескриптор:

-қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстайды

-лексикалық және орфоэпиялық норманы сақтайды

- ойын жинақтай алады.


  1. Сендер қазақ тілі мен әдебиеті сабағында не істейсіңдер?

  2. Оқулықта қай сөз сен үшін жаңа болып тұр?

  3. Жазушы деген қандай мамандық?

  4. Қазақтың қандай жазушыларын білесіңдер?

  5. Жазушы не жазады?

6. Б.Соқпақбаев туралы естігендерің бар ма?

7. Қандай атақты жазушыларды білесің?

ҚБ. Қошемет арқылы бағаланды.


3-тапсырма. Қосымшаларын жаз. «Тізбекте не түсіп қалған» әдісі арқылы жүзеге асады.

Дескриптор:

  • Қ,ұ,ү, ң.ә.і әріптерін сауатты жазады.

  • жекеше және көпше түрді ажыратады.


4-тапсырма. «Топтастыру» әдісімен «Сүйікті» сөзінің синонимдерін пайдаланып, диграмманы толтыр.

Дескриптор:

-синоним мен омоним туралы білімі.

- ойын жинақтай алады.

-«Сүйікті» үш тілде айтады.

5-тапсырма. Мәтінді «Джигсо» әдісімен түсініп оқы.

Дескриптор:

- Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

- Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі.

Сергіту сәті:"Мен-қазақпын"патриоттық әнге сергіту жасату.

6-тапсырма. «Шындық-жалған» әдісімен мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексер, түсіндір.

Дескриптор:

- кестедегі жауаптар арқылы негізгі ойын жинақтайды.

- қосымша ақпараттар ұсынады.

-тірек сөздерді үш тілде қолданады.























Сөздік кітап






















Сабақтың соңы

(8 мин.)








Кері байланыс: БББ кестесі арқылы сабақты қорытындылаймын.


Үй тапсырмасы: « Сүйікті жазушы» тақырыбына мәтін құрау. Мәтіндегі жалпы және жалқы есімдерді ажырату.





Қосымша ақпарат


Саралау-оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Оқушыларға тапсырмаларды деңгей бойынша беремін.
«С» деңгейлі оқушылар
тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды,сөз тіркесін құрастырады.

«В» деңгейлі оқушылар - Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі.


«А» деңгейлі оқушылар жұмыста тірек сөздерді үш тілде қолданады,

шығармашылық танытып, диаграмма толтырудаа ерекше идея ұсынады.


Сабақ кезінде оқушылардың білім деңгейін бақылау үшін әр тапсырмадан соң кері байланыс беріп отырамын.

Оқудың күтілетін нәтижелері оқушыларға түсінікті әрі анық болады, сол арқылы оқушылардың қаншалықты оқу мақсаты негізінде құрылған бағалау критерилеріне жеткендігі анықталады. Келесі ҚМЖ жазуда қай мәселеге аса назар аударту керектігі мұғалімге айқын көрінеді




Оқушылармен сергіту сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтауларын ескертіп отыру.


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау іске асты ма?

Уақытымды қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Оқу мақсаттары орындалды.


Бүгін оқушылар жазушы туралы білді. Тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінді.Тірек сөздерді үш тілге аударып, сөз тіркестерін құрастырды.


Жоспарланған саралауым іске асты, А,В,С деңгейлі оқушылармен деңгейлік тапсырмалар жүргіздім.



Жоспарыма келесі жолы тақырыпқа сәйкес тиімді әдіс –тәсілді көбірек алуды енгіздім, себебі бүгін жазылым дағдысы аз орындалды.



Қорытынды бағамдау

  1. Ең жақсы өткен екі нәрсе ( стратегия)

1. «Джигсо» әдісі.

2. «Топтастыру» әдісі.


  1. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.Жеке жұмыста төмен деңгейлі оқушыларым тапсырма орындауда сәл қиналды, уақытым көп кетті.

2.бағалау критерийін топтарға жасатуды ұсынамын.

  1. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпараттар білдім?

1. Мәтінмен жұмыс басым болу керектігін түсіндім.


2:Оқушылардың деңгейлеріне лайықты тапсырмалар , ақпараттар іздеу






















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
3891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12