400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйінбай Аронұлы. Сүйінбай - достық дәнекері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйінбай Аронұлы туралы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы


Пәні

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Cүйінбай – достық дәнекері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.4.1. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.


Сабақтың мақсаты

Сүйінбай мен Қатаған айтысының мазмұнын талдап, шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.

Құндылықтар

Бірлік және ынтымақ

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту:

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады. «Бес қадам» ойыны бойынша әрбір 4 оқушы ортаға шығып, тапсырмаларды орындайды. Рет саны бойынша таңдалған 5 оқушы 5 қадам аттап, төмендегі тапсырманы орындауы керек:

  1. Сүйінбай атаған тарихи тұлғалардан 5 адамның есімін ата.

  2. Сүйінбай ақынның бойындағы 5 қасиетті ата.

  3. Қатағанның жіберген 5 қатесін ата.

  4. Сүйінбайды жеңіске жеткізген 5 артықшылықты ата.

  5. Айтыстан кейінгі Сүйінбай ақынның өмірінде болған 5 өзгерісті ата.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

«Бес қадам» ойыны бойынша тапсырмаларды орындайды. Рет саны бойынша таңдалған 5 қадам аттап, тапсырманы орындайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


ҚБ «Одағай сөздер»

-керемет!

-тамаша!

-сәл ойлан!







http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Сабақтың ортасы


15 минут



















10 минут








5 минут

Мағынаны тану сатысы.«Әткеншек» әдісі

Төмендегі берілген әңгімені жалғастырып, айтыс өтетін орынды, оның өту барысын сипаттап, оқиға желісін өзгертіп, жазыңыз. Әңгімеңізде айтыскер ақындарды кейіпкер ретінде алып, олардың айтысқан сәттегі сезімдері мен көңіл күйлерін сипаттап, оқиға болатын орынды суреттеп,әсерлі түрде баяндап жазыңыз. ҮЛГІ:

Алатаудың ар жағындағы жап-жасыл шоқылы дала төсі бүгін абыр-сабыр. Бұл асқа қазақ-қырғыз тегіс жиналуда. Сәйгүлік мінген қазақтың сал жігіттері де, домбырасын көлденең ұстап, үкілі тақиясын шекесіне қисайта киген айтыскер ақындары да бар бір топ жаңа келіп, кең даланы әнге бөлей келіп, белдеуге атын байлап жатыр еді...

Жазылымға қойылатын шарт:

-айтыстағы оқиға желісіне өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жаз;

-көркемдегіш құралдардың кемінде 2-3 түрін қолданып, оқиғаның өтетін орнын сипатта;

-айтыскер ақындардың сырт бейнесін, портретін сипатта;

-көрермен қауымның айтысты тыңдау барысындағы қабылдау эмоциясын егжей-тегжейлі, әрекеттері мен сөздерін сипаттап жаз.

- айтыстан кейінгі сәтті әсерлі жеткіз.

2-тапсырма. А)Егер Сүйінбай қазіргі заман айтысына қатысқан болса, қандай мәселелерді тіліне тиек еткен болар еді? Қазақтар туралы не айтар еді деп ойлайсыңдар? «Қазақтар – алауыз» деген пікірмен келісесіңдер ме?

Ә) «Еркін жазу» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылап, өз әсерлеріңмен бөлісіңдер, пікірлеріңді білдіріңдер.

Дескриптор:

-өз пікірлерін білдіреді;

-Сүйінбай бейнесін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады;

-«Еркін жазу» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылап, өз әсерлеріңмен бөліседі, пікірлерін білдіреді.

«Автор орындығы» Жазылым жұмыстарын топта оқиды. Ең үздігін таңдап алып, «Автор орындығында» оқиды.

Айтыс өтетін орынды, оның өту барысын сипаттап, оқиға желісін өзгертіп, жазады. Айтыскер ақындарды кейіпкер ретінде алып, олардың айтысқан сәттегі сезімдері мен көңіл күйлерін сипаттап, оқиға болатын орынды суреттеп,әсерлі түрде баянда.

«Еркін жазу» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылап, өз әсерлеріңмен бөліседі, пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

-айтыстағы оқиға желісіне өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жазады;

-көркемдегіш құралдардың кемінде 2-3 түрін қолданып, оқиғаның өтетін орнын сипаттайды;

-айтыскер ақындардың сырт бейнесін, портретін сипаттайды;

-көрермен қауымның айтысты тыңдау барысындағы қабылдау эмоциясын егжей-тегжейлі, әрекеттері мен сөздерін сипаттап жазады;

-айтыстан кейінгі сәтті әсерлі жеткізеді.5балл

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді: 2 балл

«Еркін жазу» әдісімен бағаланады

3 балл

7-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия . «Бес саусақ» стратегиясы. Сұқ саусақ – ескерту. Бас бармақ – ұнаған жағы

Қалған саусақтар - сабақ туралы өзінің жеке пікірі.

Үйге тапсырма: Эссе жазу.Эссе тақырыбы

...Ай, Сүйінбай, Сүйінбай,

Сүйінбай маған бұйым ба-ай! деп жырлаған Қатағанның қатесі неде? Сөз саны- 150



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі