«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Мектеп:


Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.1 Эпикалық,поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;


Сабақ мақсаттары

Айтыстағы авторлардың көтерген мәселелерін құндылық тұрғысынан саралай отырып, автор бейнесін анықтау, өз көзқарастары тұрғысынан баға беру.


Бағалау критерийлері

  1. Айтыстағы көтерілген мәселелерді құндылық тұрғысынан саралайды.

  2. Шығармадағы құндылықтар арқылы автор бейнесін анықтайды.


Алдыңғы білім


ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар мен зар заман ақындары туралы ұғым-түсініктері қалыптасқан.


Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту сатысы:

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылардың алдына айтысып отырған жұптар бейнелеген бірнеше суреттер топтамасы беріледі. Суреттер тақтаға ілінеді

ЖЖ. Оқушылар жұпта сурет мазмұнын болжап айтады. Қабілеті жоғары оқушылар бұл суреттердің айтыс көріністері екенін айтуы мүмкін.


Сабаққа болжам жасау үшін сұрақтар беріледі:

  • Сурет мазмұны Сіздерге қандай ой туғызды?

  • Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

(Сабаққа болжам жасап, оқушылар сөйлейді)

Оқушылардың алдына айтысып отырған жұптар бейнелеген бірнеше суреттер топтамасы беріледі. Суреттер тақтаға ілінеді.

Оқушылар жұпта сурет мазмұнын болжап айтады. Қабілеті жоғары оқушылар бұл суреттердің айтыс көріністері екенін айтуы мүмкін.








ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.












Сабақтың ортасы











































Мағынаны тану сатысы

Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

  • Автор бейнесін қалай анықтаймыз?

  • Автор бейнесін анықтауда құндылық тұрғысынан бағалау неге маңызды?

Ой шақыру.

Автор бейнесін танытатын ерекшеліктерді атаңыздар.

Shape2 Shape1

Shape3

Shape4

Автор бейнесі



Shape7 Shape6 Shape5

Shape8

Shape9






Мұғалім айтыс жанры, түрлері туралы қысқаша мәлімет береді:

Тапсырма:

Айтысты тыңдаңыз. (Оқушылар айтысты 3 минут тыңдайды) ЖЖ

  • Айтыс өнерінен қандай әсер алдыңыз?

  • Жұпта ойларыңызбен бөлісіп, сөйлеңіздер

Оқушылар айтыс өнеріне қатысты алған әсерлерін айтып, өз пікірлерін білдіріп, сөйлейді.

Тапсырма:

1. Айтыстан алынған үзіндіні мәнерлеп оқыңыз.

С. Оқушылар айтыс мазмұнымен кезек-кезек оқу арқылы танысады. Сынып оқушылары мәнеріне келтіре оқыған кезде мұғалім қажет жерлеріне түсініктеме беріп отырады.

Оқуға ұсынылатыны:

1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре  елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

- Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», - деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.


Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас жиынды құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі,  саған келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.

Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,

Келіп ек амандаса Орманханға.

 

Арғы атаң ер Әтеке, батыр Жантай,

Басына киді бөрік қызыл алтай.

Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін,

Боларын осы астың күттік алты ай.

Бас қосқан екі халық бұл жиында,

Келген соң сөйлеу керек сөзден қайтпай.

 

Қол жайып, құран оқып өткендерге,

Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмары басылмайтын борандатпай.

Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің  тасасында отырған  қағылез қайыстай қара жігіт қарғып тұрып пернесі жоқ қомузын жоғары төмен түсіре ойната сабалап, ашшы айқайдан бет ауызы құбылып ашуын тоқтата алмай:

 Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,

Тоқтат енді сөзіңді.

Ояйын ба көзіңді!

Ақынмын деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді.

Басыңнан өлең жаудырып,

Бір құрайын тезімді.

Барың болса қарышта,

Барар жерің сезілді.

Келіп қапсың байқамай,

Өлетұғын жеріңе.

Қазулы тұрған көріңе,

Көрсетейін көзіңе.

Ажал айдап келген соң,

Саған өлім тегінді.

Тентіреп жүріп қаңғырып,

Былғама шалқар көлімді.

Қара жалым Орманхан,

Жантай, Бәйтік бегімді.

Сыртыңнан іздеп, жүрші ем,

Келтірді Құдай кезіңді.

Түстіңбе бәлем, қолыма,

Үрлейін мес қып теріңді.

 

2.Түсініксіз сөздердің білдіретін мағыналарын ашып жазыңыз.

Түсініксіз сөз

Білдіретін мағынасы











Ықтимал жауаптар:

Мүбәрәк- құтты , игілікті

Ақиық- бүркіттің қыран тұқымы


3. Айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. Кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме беріңіз.


Сүйінбай ақынның бейнесі


Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Ақынның кандай тұлғалық болмысын танытады? Ақындарға мінездеме беріңіз.

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас-жиынды құттықтауға,

Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік.

Үлгі:

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік

Сүйінбайдың амандасуы ізеттілік пен адами қасиетін, көпшілікке ілтипатын танытады.

Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы.

Мен Қарасай ұлымын,

Нар келдемнің түрімін.

Айтулы ердің бірімін,

Шапырашты батыр ел,

Батыр туған мен едім!

Менменсіген мықтының,

Талайын жеңген ер едім.




Қатаған ақынның бейнесі


Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Қандай тұлғалық болмысын танытады?

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,

Ояйын ба көзіңді!

Ақын мен деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді!




Кенесары төреңнің,

Басын кесіп алғанмын,

Науырызбайдай бегіңді,

Итіме сүйреп салғанмын!

Заты жаман Сүйінбай,

Кәне кегіңді алғаның!

Алам деп кегің жүргенде,

Ішіңде кетер арманың!



Дескрипторлар:

  • айтыс мәтінімен танысады;

  • түсінік сөздердің білдіретін мағыналарын ашады;

  • айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасайды;

  • кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме береді.

Оқушылар автор бейнесін танытатын ерекшеліктерді атайды.

























Оқушылар айтыс мазмұнымен кезек-кезек оқу арқылы танысады. Сынып оқушылары мәнеріне келтіре оқыған кезде мұғалім қажет жерлеріне түсініктеме беріп отырады.



























































Түсініксіз сөздердің білдіретін мағыналарын ашып жазады.

















Айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. Кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме беріңіз.









































































ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.


































































ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.






















ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.









































ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.























































http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s



































Рефлексия

5 мин


«3-2-1» стр.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдап, өзіне ұнаған жерінен үзінді жаттап келеді. http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s




Қосымша ақпарат


Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс. АКТ-мен байланыс . Құндылықтардағы байланыс

сурет


Рефлексия

 Кері байланыс





Сабақ / оқу мақсаттар шынайы ма ?

Бүгінгі оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды ?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе ?

Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен ?



Қорытынды бағамдау 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )


1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2025
116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі