400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сүйіспеншілік-жүректе

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сүйіспеншілік-жүректе»

Сүйіспеншілік-тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұры, әрі ең басты қуат көзі. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам айналасындағы адамдарға бауырмалдықпен қарап, олардың қамдарын шын жүрекпен ойлайды.Адам баласы тек риясыз еңбек еткенде ғана жүрегінде сүйіспеншілік атты асыл қасиет пайда болады.

Риясыз сүйіспеншілік-адамның өлшемінің белгісі. Адамның риясыз сүйіспеншілігі күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа арналғанда өзара үйлесімдікке қол жеткізуге болады. Жарық дүниеде барша кедергіні жеңіп шығатын күш-сүйіспеншілік. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам күн секілді.Күн әлемге қалай жылу сыйласа, жүрегі сүйіспеншілікке толы адам да дәл солай айналасына жылу сыйлап, мейірім төгеді.

«Сүйіспеншілік бастан, болмаса ауыздан шықпайды,ол журектен шығады»,демекші сүйіспеншілік жүректе болады. Адам баласы өмірге шыр етіп келген сәттен-ақ сүйіспеншілікті сезіп-көріп, мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды. Отбасы әрқайсысымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім-тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар-намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді

Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан.Мұндай көңілі көктем,жайдарлы жандар осы бақытын барша әлеммен бөліскісі келіп, алып-ұшып отырады.Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп,көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Ойымды қорытындылай келе «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» Абай атамыз айтқандай біз бір-бірімізді сыйлап, сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық танытсақ, бүкіл жер бетіндегі адамзат бақытты болады.

Әміржан Жаннұр, 9 «б» сынып оқушысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.05.2023
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі