Сабақтың
басы
10 минут
|
Сәлемдесу, сынып
оқушыларын түгендеу.
Жағымды
психологиялық ахуал «Жүректен
жүрекке»
Оқушыларды
стикерлер арқылы топқа бөлу.
Топтардың
атаулары: «Адалдық», «Сүйіспеншілік» , «Достық»,
«Қамқорлық»
Стикерлердегі
мақал-мәтелдердің мағынасына түсінік
беріңдер.
«Есіктер» әдісі
арқылы үй тапсырмасын сұрау
.Суреттер арқылы
жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

- Сүйіспеншілік
дегеніміз не?
- Достықты қалай
түсінесің?
Қамқорлық дегенді
қалай түсінесіңдер?
Адалдық сөзіне
түсініктерің қандай?
Оқушылар сұрақтарға
жауап беру арқылы өз ойларын ортаға
салады.
.
|
Оқушылар түгенделіп, топқа бөлінеді.
Стикерлерде жасырылған мақал- мәтелдерге мағыналына түсінік
айтады
Білім алушылар сұрақтарға жауап
береді
Назары сабаққа
аударылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз
ойларын ортаға салады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
анықталады.
|
Өзін-өзі
бағалау
|

Стикерлер
Түрлі-түсті қималар
|
Сабақтың
ортасы 25
минут
|

«Смартфон»
әдісі
«Достық»
тобы.
Мәтінді мұқият оқып,
комментарий жасайды.
«Екі дос»
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден
сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып,
екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ
ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: "Бүгін мені жан досым
ұрды!"
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады.
Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ
жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға
айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан
кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: "Бүгін мені жан досым,
өлім аузынан құтқарып қалды", — деп
жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған
жолдасы:
–
Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып
жатырсың? — деп сұрайды. Сонда
досы:
–
Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс,
кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны
тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын! - деген
екен.
Ж. Жұмағұлов
«Қамқорлық»
тобы.
Тақырыпқа қатысты
нақты ұсынылған тапсырма мақсатына сәйкес іріктеп
оқиды. «5-5-1» әдісімен ақпаратты
маңыздылығына қарай іріктейді
5 маңызды
сөйлем
5 cөйлемнің ішінен 5
сөз.
5 сөзден маңызды 1 сөз
табады.
Сүйіспеншілік - жаны ашу,
аяушылық
Саудагер айналаны бақылап тұрған. Осы сәтте дүкенге шашы
желп –желп еткен сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға
көз жүгіртті. Тастары жалт-жұлт еткен алқаларды көргенде көздері
жайнай түсті. Сәлден соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған
алқаны нұсқады. - Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Саудагер көзі
жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің
қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан бірнеше
тиындарды сылдырлатып үстелдің үстіне қойды. - Бұл жете ме? – деп
сұрады. Бүлдіршін ұсынған ақша алқаның қорабына да жетпейтін еді. -
Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Ол анамыз
қайтыс болғалы бізді бағып келеді және өзіне мүлдем назар
аудармайды. Бүгін оның туған күні еді. Саудагер бүлдіршіннің мына
сөздерін естіп, жүрегі дір етіп, елжірей түсті. мин Алқаны жылтыр
қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады. - Ала ғой, құлыным! Жолда
абайлап жүр,жоғалтып алма, - деп алқаны ұсынды. Қуаныштан жүрегі
лүп-лүп еткен бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Күн
кешкіріп қалғанда дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. - Бұл алқа осы
жерден сатып алынды ма?- деп асыл бұйымды үстелге қойды да, бағасын
сұрады - Мен кез-келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын. - Мына
алқа таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу
керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп бойжеткен шыр-пыр болды.
Саудагер қызға жалт қарады да, моншақты қайта ұсынды. - Ол ең
қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына
заманда ересек адамдар да жасай алмас еді... Дүкеннің ішінде
үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас
ағылды.
«Сүйіспеншілік»
тобы.
Тақырыпты мақсатына
сай зерттеп оқиды.
«ПТМС»
әдісі
(Позитив жақсы
жағынан түсіндірме мысал келтіреді, себеп-cалдарын
айтады.)
Мәтіндік
зерттеу
|
Мәтіннің негізгі ойын
тап.
|
|
Белгісіз және белгілі
мәліметтер.
|
|
Мәтіннен
өмірлік
Қағида
шығар.
|
|
Тәрбиелік мәнібар қорытынды
жаса.
|
|
«Адалдық»
тобы
«Екі жұлдыз бір тілек»
әдісі
Мына мақал-мәтелдерден
көсемше, есімше, тұйық етістіктерді
табыңдар
2-тапсырма
Дұшпан күлдіріп
айтады,
Дос жылатып
айтады.
Досы көпті жау
алмайды
Ақылы көпті дау
алмайды.
Уәдені бұзу, ұяны бұзумен
тең.
Әкеге қарап ұл
өсер,
Анаға қарап ұл
өсер.
Ашынғанның тілі
ащы.
Ерінген қалар
ұятқа,
Іздеген жетер
мұратқа.
Бекіту. «Аяқталмаған
сөйлем» әдісі.
Жеке
жұмыс.
Адам өміріндегі ең қадірлі
нәрсе – сүйіспеншілік пен мейірім.
Себебі...
|
Оқылым мәтінін оқып,
тапсырмалар орындайды.
Оқушылар мәтінді
мұқият оқып,
комментарий
жасайды.
смартфондарын
қолдана , отырып, коментарийлерін
жазады
Тақырыпқа қатысты
нақты ұсынылған тапсырма мақсатына сәйкес іріктеп
оқиды.
«5-5-1» әдісімен ақпаратты
маңыздылығына қарай іріктеп орналастырып
шығады.
Тақырыпты мақсатына
сай зерттеп оқиды.
Білім
алушылар
Мәтіндегі
негізгі
ақпараттарды
іріктейді;
Зерттеп, пікірін
білдіреді
Мақал –
мәтелдерден,
көсемше,есімше,
тұйық етістіктерді табады
Бүгінгі алған
білімін қорытындылайды.
|
Дескиптор
Білім
алушылар
Мәтінді оқып,
комментарий жасай алады
(автордың айтпақ
болған ойын анықтай алады
Мәтін кімдерге
арналғандығын анықтай алады
Мәтінді жазудағы
мақсатты түсіне алады)
2
балл
3
балл
Дескриптор
Білім
алушылар
тапсырма мақсатына
сәйкес іріктеп оқиды.
«5-5-1» әдісімен ақпаратты
маңыздылығына қарай іріктей алады
(Мәтінді сөзбе-c-сөз
оқып, Әрбір сөздің мазмұнын түсіне
алады
Мәтіндегі берілген
талаптар мен нұсқауларды түсіне
алады)
Дескриптор
оқылым мәтінін түсініп
оқиды;
*оқылым
стратегиясын
қолданып, мәтінді
талдайды
3
балл
Дескриптор
Мақал –
мәтелдерден,
көсемше,есімше,
тұйық етістіктерді таба алады.
2 балл
|
Ақпарат дереккөзі:
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/45179
|