Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйіспеншілік сый талап етпейтіндігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдуалы Шырайлым Әділбекқызы


Сынып: 1 а,ә,б,в,г,д,е

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Тақырыбы:

Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Құндылық:

Сүйіспеншілік

Қасиеттер:

 Адамгершілік, сүйіспеншілік, мейірімділік


Сабақ негізделген оқу мақсаты

Ар-ұжданыңа құлақ қой. Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан туралы. Зейінді топтастыра және басты нәрсеге назар аудара білу.

Cабақ мақсаттары (Бағалау критерйлері)

Барлық оқушылар: Жаңа білімді түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбір оқушылар: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Негізгі сөздер: жақсылық жасау, құндылық, үйлесімділік, сүйіспеншілік

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: әңгімелеу, мәтінді талқылау

Жазылым бойынша ұсыныстар: сахналау

Алдыңғы оқу:

Үй тапсырмасына оқушыларға дәптерде берілген суреттерді бояп, мағынасын түсіндіріп, «Асқан асыл сыйлық» әңгімесін оқып келу тапсырылған.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері(төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар

Басы

  1. Ұйымдастыру іс-әрекетті.

Тыныштық сәті. «Ризашылық»

Оқушыларға баяу әуен қосылып, мәтін оқылады.

үнтаспа

Ортасы

  1. Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік - жүректе»

Халық даналығы

Оқушылар дәйексөзді талдап, мағынасын түсіндіреді.



  1. Әңгімелеу.

Мейірбан әйел

Оқушыларға әңгіме желісі бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Әйелді мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

  2. Осындай жағдайларда қандай адамдар көмек қолын созады деп ойлайсыңдар?

  3. Сендердің өмірлеріңде риясыз сүйіспеншілік көрсеткен адамдар болды ма?



Оқулық, дәптер


  1. Шығармашылық жұмыс.

1. Ұлы бабаларымыздың ізгілік, қайырымдылық туралы айтқан дана сөздерімен танысу.

Жағдаяттарды шешу. Оқулықта мысал әңгіме берілген.



СЕРГІТУ СӘТІ.

Бала, бала, балапан Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан. Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат, Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат. Былай-былай ойнат.






Оқулық, суреттер


  1. Топпен ән айту.

«Бала тілегі»

Өлеңін жазған: С.Молдасанұлы

Әнін жазған: Ф.Жолдасова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.



Болашақтың иесіміз бәріміз.

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



үнтаспа

Соңы

  1. Үй тапсырмасы.

Оқушыларға өздерінің риясыз сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне(сурет салу) түсіріп келу тапсырылады.



  1. Соңғы тыныштық сәті.

Енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп, барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырамыз

үнтаспа



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12