жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі
Сабақ жоспары
С–бүкіл сыныпты оқыту әдісі
Т–топтық жұмыс
Жж–жұптық жұмыс
Ж–жеке жұмыс
Э–оқушы эксперименті
К–мұғалімнің көрсетілімі
М–мұғалімнің түсіндіруі
Б–бағалау
ҚТ–қауіпсіздік техникасы
|
7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу
|
(К) Химикаттармен, оның ішінде қышқылдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз. Оқушыларға қышқылдарды пайдаланып бірнеше көрнекті реакцияларды көрсетіңіз.
(К) Алдын-ала кабинеттің бұрыштарына қауіпсіздік белгілерін іліп тастаңыз, оқушылар экскурсия жасап танысады.
(Т) (Б) Оқушылар химиялық қауіпсіздік туралы қысқаша мақала жазады немесе видеотәжірибе түсіреді.
(Э) Оқушылар бірнеше металдарды сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесу реакциясын жүргізеді және өз бақылауларын жазып алады. Олар реакция нәтижесінде газ бөлінгендігін көреді. Бұл кезеңде оқушылар реакцияны тек сөзбен жазады, мысалы: металл + қышқыл = тұз + сутек газы (С) Байқаған бақылауларды талқылаңыз және алынған газдың қай газ екендігін анықтау қажет екендігін түсіндіру. Ол үшін бөлінген газдың үлгісін алу қажет.
(К) Қарапайым аппарат көмегімен су үстінде газ үлгісін жинау. Сынау әдістерін талқылау. «Пах» деген дыбыстың шығуы, газ күйіндегі сутектің сипаттамасы болып табылатынын түсіндіру. (Э) Оқушылар бөлінген газға тәжірибе жасап, оның сутек екендігіне көз жеткізеді және металдардың сұйылтылған қышқылмен реакциясы кезінде сутек газы түзілетіні туралы қорытынды жасайды. (К) Оқушылар практика жүзінде сутекке сапалық реакция жүргізуді білуі және орындай алулары қажет. |
(ҚТ) Концентрациясы 0.5M артық қышқыл пайдаланбаған дұрыс, ұсынылатын концентрация 0.4M.
(ҚТ) Оқушылар қорғаныс көзілдіріктерін киюлері керек.
Егер уақыт болса, оқушылар өз бейнематериалын жазып алып, оны ата-аналары көруі үшін YouTube-ке сала алады.
Алынған газдың физикалық қасиеттеріне назар аудару керек.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда барлық оқушылар барлық металдарды қайта сынай алады. Ал уақыт болмаса, онда әр топ бір металды сынап, нәтижелерімен бөлісе алады Жылдам сынау жеткілікті – үлкен саусақ сынауық үстінде, жеңілдетілген шырпымен сынау. |
Қышқылдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары:
http://school-collection.edu.ru/catalog/res/0ab6f5aa-4185-11db-b0de-0800200c9a66/?from=d05469af-69bd-11db-bd13-0800200c9c08& Мырыш, тұз қышқылы(немесе т.б.), сынауықтар,тығыны бар газ өткізгіш түтік, колба, стакандар.
Металдар мен қышқылдар: |
Дескриптор Білім алушы
− мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды;
− нені бақылағанын жазады;
− реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады;
− қорытынды жазады.
шағым қалдыра аласыз



Post-It».


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген