жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Химиялық реакциялар |
Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі |
|
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Боксенова А.Ғ |
|
|
Күні: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция» |
|
|
Оқу мақсаты |
7.2.2.1 -сұйытылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау; 7.2.2.2 -сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру; |
|
|
Сабақ масаттары |
Барлық оқушылар білу керек: Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу заңдылықтарын білу. Қышқылдармен жұмыс тәртібін білу Көптеген оқушылар білу керек: Реакция теңдеулерін жазу,және зертханалық тәжірибелерді орындау. Кейбір оқушылар білу керек: Жасаған тәжірибеге талдау жазып қорытынды шығару. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Реагент, өнім, сұйытылған қышқыл, сапалық реакция,кернеу қатары |
|
|
Бағалау критерийлері |
Сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Биология, жаратылыстану |
|
|
Алдыңғы білім |
6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу. 6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілті және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау. (жаратылыстану) |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Қызығушылықты ояту Сабақтың басы (5 мин) |
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
« Миға шабуыл» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау ҚБ: «Түрлі –түсті алмалар» |
Карточкалар арқылы Қ.Б (түрлі –түсті алмалар көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды)
сұрағым бар
|
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин |
Мағынаны тану: (Топтық жұмыс) Топпен тапсырманы орындау. «Джигсо» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеру. Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-алысу арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді. 1топ: Металдардың тұз қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазып, оны теңестір? Мырыш + тұз қышқылы = мырыш хлориді + сутек 2топ: Бейтараптану реакциясы 3 топ: Индикаторлар 4-топ: Қышқылдар мен сілтілер Әр топ өздері таңдаған суреттегі өзгерістерді сипаттайды . ҚБ: «смайлик» арқылы
Динамикалық үзіліс: көңілді би |
Металдардың кернеу қатары
интербелсенді тақтадағы бейнероликтегі жаттығулар |
||||||||||||
|
10 мин 10 мин |
1- тапсырма Лабораториялық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен реакциясы». Мақсаты: мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуін зерттеу. Құралдар: мырыш металы, тұз қышқылының ерітіндісі, пробиркалар, штатив. Пробиркаға 1-2 түйір мырыш түйірін салып, үстіне сұйылтылған тұз қышқылын құйыңыз. Не байқадыңыз? Реакция өнімдері қандай заттар болып табылады?
Қорытынды: электрохимиялық кернеу қатарында сутегіне дейін тұрған металдар ______________________________________________________________________________________________________________түзе әрекеттеседі. Дескриптор -Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; − нені бақылағанын жазады; − реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады; − қорытынды жазады. 2- тапсырма Лабораториялық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция». Реактивтер: мырыш түйіршіктері, тұз қышқылының сұйытылған ерітіндісі. Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар: • штатив — 1 дана • сынауық — 2 дана • газ жүретін түтік — 1 дана • сіріңке — 1 дана
Сұраққа- жауап: 1. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде қандай құбылыс байқалады? Химиялық реакцияның теңдеуін сөзбен жазыңдар. 2. Тәжірибе барысында бақылағандарың бойынша сутектің физикалық қасиеттерін сипаттаңдар. 3. Сутекті қалай танып білуге болады? Дескриптор - бақылау нәтижелерін атайды; - реакция теңдеуін жазады; - реакция өнімдерін анықтап, қорытынды жасайды.
Қалыптастырушы бағалау:Бағалау бағаны қызыл түске, кішкене қиналдым немесе барлығынан толық өте алмадым көк түске, маған қиын болды дегендер сары түске бағалау бағанына стикер жабыстырады.
3- тапсырма:Металдарды сәйкесінше екі бағанға бөліп жаз: К, Hg, Ni, Al, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au
|
Видиоролик 1сурет : металдардың қышқылдармен әрекеттесуі 2-сурет: сутекке сапалық реакция
|
||||||||||||
|
Сабақтың соңы қорытынды Рефлексия (5мин) |
Үйге тапсырма беру:§ 12,68 бет №4 жаттығу |
Стикер таратылады |
||||||||||||
|
Бірлескен топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. « Миға шабуыл» стратегиясы, оқушыларға жеке, жұптық жұмыс беріледі, Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін тәжірибелік жұмыстар мен тапсырмалар берілді, |
Қалыптастырушы бағалау: Бағаны қызыл түске, кішкене қиналдым немесе барлығынан толық өте алмадым көк түске, маған қиын болды дегендер сары түске бағалау бағанына стикер жабыстырады.
ҚБ: «смайлик» арқылы
Қ.Б (түрлі –түсті алмалар көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды) |
Қауіпсіздік техника ережесі Динамикалық үзіліс: көңілді би |
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген