Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің барысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің барысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұлтан Бейбарыстың тұлғасын толық ашып, Ұлы дала елінің барысы екенін көрсету, жас жеткіншектерді батырлар өмірімен таныстыра отырып, патриоттық сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ғылыми жұмыстың тақырыбы:

«Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің барысы»



Жұмыс бағыты: тарих

Секция: тарих












2023 – 2024 оқу жылы


Мазмұны


1.Кіріспе бөлім

Батырды батыр ететін - алып күш_____________________________ 3-4- бет

2. Негізгі бөлім

2.1.Туған жерден жырақта ___________________________________5 - бет

2.2. Сұлтан Бейбарыс бейнесі _________________________________8- бет

2.3.Бейбарыс бейнесі ел аузында_______________________________10- бет

2.4.Билікті қолына алған Бейбарыстың атқарған еңбектері_________ 11- бет

3.Қорытынды ______________________________________17- бет

Пайдаланған әдебиеттер _____________________________________18- бет



















Аннотация

«Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің барысы» атты ғылыми жұмысы

Зерттеу мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың тұлғасын толық аша отырып, Ұлы дала елінің барысы екенін көрсету, жас жеткіншектерді батырлар өмірімен таныстыра отырып, патриоттық сезімін ояту.

Зерттеу міндеттері:

-Сұлтан Бейбарыстың тарихтағы орны;

-Сұлтан Бейбарыс және оның Ұлы дала елінің барысы екені жайлы жазылған тарихнамаларға шолу жасау;

-Сұлтан Бейбарыс тұлғасын ашу мақсатында мемлекет басқару жүйесі мен сыртқы саясатты жүргізу ерекшелігін айқындап көрсету;

- жас жеткіншектердің патриоттық сезімін ояту.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Ақпарат көздерін, кітап қорларын пайдалану.

  2. Шолуларды пайдалана отырып, батырдың бейнесін ашу.

  3. Халқына сіңірген еңбегін саралау.

  4. Батырлық істеріне сүйіспеншілікпен қарау.

  5. Қорытынды шығару.

Тәжірибенің әдістемесі:

батыр бейнесін ашу;

ақпарат көздерімен танысу.

Зерттеу жаңалығы:

Сұлтан Бейбарыс бейнесін танытуға үлес қосу, батырдың қасиеттерін бойымызға дарыта білу.

Қорытынды:

Осы жұмысты әдебиетшілерге, тарихшыларға, батырлардың ерлік істерін сүйіп оқитын оқырмандарға, жоғары сынып оқушыларына Бейбарыстай өз тілдерін құрметтей білуге, Сұлтан Бейбарыстың істеген істерінен тәлім – тәрбие алуға пайдалануға ұсыну.

1.Кіріспе

Ата – бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін, тарихта айрықша орын алатын батырларымыз аз емес. Батырды батыр ететін - алып күші, қайсарлығы, тез шешім қабылдайтын ақылдылығы мен ар- намысы. Қазақ халқында осындай батырларды «қара батыр» деп атайды. Сондай қаһармандарымыздың бірі- қыпшақ сұлтан Бейбарыс - барша түркі халықтарына, мұсылман қауымына ортақ тұлға. Оны батыр ретінде ғана емес, адами құндылықтары тұрғысынан да тануға болады. Оның Мысыр елінде жасаған істері, салған ескерткіштері күллі әлемге мәлім.

Биыл Ұлы дала топырағында туып, Мысырды билеген әйгілі әз-Заһир Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды. Дүниені дүбірлеткен Бейбарыс бабамыз бүгінгі ұрпақ біз үшін қашан да мақтаныш. Сондықтан да оның ерлік тарихын жаңғыртып отыру, кейінгілерге жеткізу әрбір өзінің тарихын, отанын, ата-бабасын сыйлаған ұрпақтың қастерлі міндеті. Сол себепті де тарихтың сарғайған беттерін қайыра парақтап, қадір-қалімізше Бейбарыс бабамыз жайлы зерттеу жұмыстарын қолға алдық.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз тәуелсіздік алғалы көптеген өшкендеріміз жаңғыртылып, өткен тарихтардың қойнауына бас сұғып, ұмытылғандарды еске алып, қайта жаңғыртып отырғанымыз құптарлық нәрсе. Біздер, қазақ елінің жастары, ертедегі қатынастар негізінді жаңа қарым -қатынастар орнатуға бүгінгі күні біздің еліміз де мүдделі екенін, сонымен қатар ата- бабаларымыздың мұрасын зерттеп, оған ие болу, қастерлеу басты парызымыз екенін естен шығармауымыз керек. Қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлы: «Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерлікті білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік», -деген. Осы тұста жастайынан жетімдік тауқыметін тартып, өзге елдікке құлдыққа сатылып, өзінің табандылығының, ақылдылығының арқасында сол елге сұлтан болып, тарихта аты қалған, ұмыт болған

3

Сұлтан Бейбарыстың әрбір ерлігі мен істеген істері, батыр тұлғасы мына біздердің патриоттық сезімімізді оятуға тұрарлық дүние десем артық болмас.

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың тұлғасын толық аша отырып, Ұлы дала елінің барысы екенін көрсету, жас жеткіншектерді батырлар өмірімен таныстыра отырып, патриоттық сезімін ояту.

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

-Сұлтан Бейбарыстың тарихтағы орны;

-Сұлтан Бейбарыс және оның Ұлы дала елінің барысы екені жайлы жазылған тарихнамаларға шолу жасау;

-Сұлтан Бейбарыс тұлғасын ашу мақсатында мемлекет басқару жүйесі мен сыртқы саясатты жүргізу ерекшелігін айқындап көрсету;

- жас жеткіншектердің патриоттық сезімін ояту.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Ақпарат көздерін, кітап қорларын пайдалану.

  1. Шолуларды пайдалана отырып, батырдың бейнесін ашу.

  2. Халқына сіңірген еңбегін саралау.

  3. Батырлық істеріне сүйіспеншілікпен қарау.

  4. Қорытынды шығару.

Тәжірибенің әдістемесі:

• батыр бейнесін ашу;

• ақпарат көздерімен танысу.

Зерттеу жаңалығы:

Сұлтан Бейбарыс бейнесін танытуға үлес қосу, батырдың қасиеттерін бойымызға дарыта білу.

Қорытынды:

Осы жұмысты әдебиетшілерге, тарихшыларға, батырлықтың ерлік істерін сүйіп оқитын оқырмандарға, Бейбарыстай өз тілдерін құрметтеуге, Сұлтан Бейбарыстың істеген істерінен тәлім – тәрбие алуға пайдалануға ұсыну.

4

2. Негізгі бөлім

2.1. Туған жерден жырақта

Сұлтан Бейбарыс Қыпшақ пен Мысыр мемлекетінде айтарлықтай рөл атқарғанын, оның жеке ерлік істеріне тоқтала отырып, ол тек қыпшақ елінің ғана емес, Ұлы дала елінің барысы екенін ашып көрсетуді жөн көрдім.

Бейбарыс туралы тарихта жазушылар өте көп. Мысалы, Бейбарыстың жеке хатшысы болған Мухин ад – дин Әбд аз – Заһир (1223-1293) өз қожайынының бастан кешірген оқиғаларын, билікке төңкеріс жолымен келіп, төңкеріс жолымен кеткен әмірші ішкі – сыртқы жаулармен ұдайы тартыста болуы туралы, сәл кейінірек өмір сүрген тарихшы – шежіреші Әл- Макризи (1364-1442) және Ибн Тагриберди (1409-1470) өз еңбектерінде сұлтан туралы анық жазған. Кезінде Сұлтан туралы қолына қалам ұстағанның бәрі де

жазған.

Еңбектің барлығы да тек араб тілінде сақталған. Орысша аударылған бес – алты кітап бар.Сол аудармаларының ішінде бізге жеткен құндысы арабтың «Зейрат Бейбарысы» романы бұл әйгілі Сұлтанның хатшысы Мухин ад – дин Әбд аз – Заһир жазған «Бейбарыстың өмірнамасы.» Л.А.Семенованың «Салах ад -дин и Мамлюки в Египте» деген еңбегінде XII – XVғасырлар аралығындағы Мысыр елінің жағдайын толық ашып көрсете отырып, Сұлтан Беййбарыстың тұлғасына тоқталған. [6, 178-183 бб.].

Одан басқа да Сұлтан Бейбарыстың тұлғасына қатысты К. Саудабаев,

Қ. Сәки, Қ.Ө.Жүсіптің еңбектерінен де оның мемлекет қайраткері, асқан саясаткер ретінде тұлғасын толығымен ашып көрсете білгенін көруге болады. [7, 54-65 бб., 13, 28-47 бб., 14, 3-44 бб.].

Құлдықтан бір елді басқаруға дейін көтерілген, құлдықтан сұлтандыққа дейін жеткен түркі қолбасшысы Сұлтан Бейбарыс адам сенгісіз саяси ақылымен Жерортаның астан – кетеңін шығарған. Бүгінгі күнімізде әлі де өмір сүріп келе жатқан Сириядағы түркімендерді осы жерлерге алып келген

5

Сұлтан Бейбарыс. Сұлтан Бейбарыс ешқашан тоқтатуға болмайды деген моңғолдарды тарихта бірінші рет тоқтатқан, крестшілерді есеңгіретіп, Византиялықтармен соғысқан және Армиян мемлекетін тарихтан өшірген.

Сұлтан Бейбарыс қай жерде дүниеге келді, құлдыққа қалай сатылды деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Сұлтан Бейбарыс (араб тіліндегі толық аты – жөні – әл -Мәлік әз – Заһир Рукн -әд -дин Бейбарыс 1 әл -Бундуқтари әс -Салих) 1223 жылы Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Бейбарыс  туралы  жазбаларда, оның  қыпшақ  елінен, алшын тайпасынан, Беріш руынан шыққаны  жайлы анықтама деректер де бар. Шыңғысқанның шабуылынан  бұрын, Сарыарқаның солтүстік батысынан  бастап, Сыр өзенінің төменгі  ағысымен, Маңғыстау түбегін, Еділ – Жайық  аралығын  қыпшақтар мекендеген, өзінің мемлекеттік  бірлестігін құрғанды. Ол  мемлекет тарихта Дешті Қыпшақ деп аталады. Осы мемлекет құрамына тек қыпшақ  руынан  басқа  Орта жүз, Кіші

жүздің, яғни Алшын, Ноғай, Қарақалпақ Дон өзенінің  төменгі ағысымен, Азов  қаласының айналасында  мекендеген  түрліше түрік  тектес рулардың біршамасы кірген.

Тарихи деректерге сүйенсек, Бейбарыс Қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан, туған жері – қазіргі Атырау облысы.

Қазақ зерттеушілері «бурдж» тайпа атауын қазіргі қазақ халқының құрамындағы «беріш» тайпасымен байланыстырады. Тарихи деректерді саралап отырсақ сол заманда беріш руының Қырым өңірінде тұрғанын растайды (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған). Осы дерекке сүйене отырып, Туған жерін Атырау деп айтуға болады.

Кейбір деректерде Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек хорезмдік,

бербендік қыпшақ деп аталады. Мысыр тарихын зерттеушілердің айтуы бойынша , ол бала кезінде Дешті – Қыпшақ даласынан сатылып алынып, айюб әулетінен шыққан сұлтан Салих Нәжім әд- Диннің жеке ұланына

6

қабылданған. Бастапқыда, Бейбарыс Димашықта 800 дирхемге бір саудагерге

сатылмақшы болып, саудагер Бейбарыстың көзінен кемістік тауып, алудан бас тартады. Содан кейін оны әмір Айдакин әл – Бундуқдари сатып алып, жаңадан сатып алынған мәмлүкке дәстүр бойынша Бейбарыс әл – Бундуқ-дари деген ат беріледі.

XIII ғасырдың 40- жылдарында моңғол әскері Дешті – Қыпшақ мемлекетіне шабуыл жасап, болашақ сұлтанды тұтқынға алып кетеді. Ол кезде құл саудасы, яғни адамды құлдыққа сату, дәуірі өркендеп тұрған кез болатын.

Әлемде көшпенділер жақсы шабандоз болған. Сондықтан жас қыпшақтарды құлдыққа сатып алып, әскери дайындықтарын жақсарту үшін Ніл өзенінің ортасында аралға жіберіп жасақтаған.

Түркілерден шыққан тарихи тұлғалардың өз отанынан жырақтағы аймақта , әсіресе, мұсылман елдерінде саяси мансапқа қол жеткізу жолдары әр түрлі болды. Бірінші топқа өзара қырқыстар мен соғыстар нәтижесінде тұқынға

түсіп, құл ретінде жергілікті билеушілердің қызметіне кіріп, өздерінің батырлығымен, тапқырлығымен көзге түсе біліп мансапқа қол жеткізген болса, екінші топқа жалдамалы сарбаз ретінде өз еркімен қызметке кіріп, сол арқылы мансапқа қол жеткізгендері айтуға болады.

Әйтсе де, түркі құлдары өздерінің табиғат берген жауынгерлік, табандылық қасиеттерінің арқасында құлдықтан гөрі әскери істерде үлкен табыстарға қол жеткізеді. Басында құлдарға тән жұмыс атқарғанмен бойдағы қасиеттің арқасында әскери істерге араласып, үлкен мансаптарға ие болады. Біз сөз етіп отырған Сұлтан Бейбарыс тағдырының шалғай жерде , туған жерден жырақта болуына сол кездегі елдегі ахуалдың әсері болып, бірінші топқа жатады. Құлдыққа келіп, ақылдылығымен, батырлығымен тарихтың төрінен ойып орын алады.

Сол кезеңдегі идеологиялық дағдарыстар жайлы зерттеген Н. Нұртазина өз еңбегінде былайша сипаттама береді: «дәстүр солып, мағынасын жоғалтып,

7

тіпті сол табиғи дін, мифология баяғысынан айырылып, өңін айналдырып, ішінен тоқырады, зайырланды. Өтпелі кезеңде түркілер өзара толассыз қырқыс үстінде, тіпті тәңіршілдіктің аз да болса рухынан, этикасынан, айырылған дөрекі тайпалар еді, дәлірек айтсақ, затшылдық рухы, дүние-қоңыздық бойларын жеңген тобырға айнала бастаған. Айналысқандары – шабуыл, барымта, өз қандастарын тұтқындап, Хорезм мен Мауереннахрдың базарларына апарып сатты». [ 7,52 б.]. Демек, Бейбарыс осындай тоқыраудың, дүниеқоңыздықтың құрбаны болды.

Сұлтан Бейбарыстың балалық шағы туралы нақты деректер жоқтың қасы. Оған себеп, Абд аз- Захир Сұлтанның жеке жазушысы болып, оның қолымен сұлтанның қатаң бақылауымен Бейбарыстың ғұмырнамасы жазылды. Себебі,

Сұлтан өз өмірінің қиын да күрделі шақтары, құлдық (мәмлүк) кезеңі туралы мәліметтерді тарихта қалдырғысы келмеді. Сұлтан талабынан асып кете алмаған жеке жазары өз еңбегінде кейбір маңызды мәселелерді айналып өтіп кетуіне тура келді. Сонда да, Абд аз -Захир өз кітабының кіріспесінде атал-мыш мәселеге бір ғана жол арнап жазды: «Бұл сұлтан, Мәлик аз -Захир Рукн ад- дин Әбу-л Фаттах Бейбарс бин Абдулла ас -Салихи ан- Неджми, түріктің «барлы» тайпасынан, Сириядан құдыретті сұлтан Салих Неджметдин Айюб-пен бірге келу бақытына ие болды» Дегенмен, Бейбарыс туралы деректерді оның замандастары мен ортағасырлық араб авторларының Мұхаммед бин Әли Ибрагим бин Шаддад әл Халабидің (1286 ж.ө.) «Сира аз -захир Бейбарыс» (Захир Бейбарыстың ғұмырнамасы) еңбектерінен табуға болады.

2.2.Сұлтан Бейбарыс бейнесі

Өзім ізденген материалдардың көмегіне сүйене отырып, Ұлы дала елінің барысы Сұлтан Бейбарыстың портретін жасап көрейін.

Бала Бейбарыс достарымен құлдыққа түсті. Көздерінде ақ дақтары бар

Бейбарыс ең соңғы болып Византия саудагеріне сатылады. Өздері құл етіп сатқан жас баланың түбінде өздерін жеңетінін моңғолдар білген жоқ еді. Әу

8

бастан-ақ ол қарапайым құл емес, жауынгер ретінде өзін таныта бастайды.

Бейбарыс өте епті, пысық бозбала болып өсті. Бейбарыс - бойы ұзын, қара келбетті, көк көз келген, көзі оттай жанған, ақылды, батыр, ержүрек, төзімді, шыдамды, қайсар, намысшыл, жомарт бала. Намысшылдығын өзінің қор болып өткен жастық шағын тарих бетінде із болып қалмауын көздегенінен – ақ білуге болады. Құлдық дәуір оның қыпшақ, яғни Ұлы дала баласы екенін ұмыттырып, «мәмлүк» деген атқа ие қылды. «Мәмлүк» деген сөз – ақылды құлдар. Ешқашан жеңуге болмайды деген Моңғолдарды Бейбарыс жаужүректігімен, ақылдылығымен жеңіп, тарихты өзгертеді. Моңғолдарды жеңуге болмайды деген пікір жоққа шығарылып, оларды да жеңетін күш барына бәрінің көзін жеткізеді.

Сонымен қатар ол өзінің тіліне аса құрметпен қараған жан екенін де көрсете білді. Біздің қалаға немесе шетелге барған жастарымыз тез еліктеп, тілді шұбарлап, қазақ тілін түсінбей шыға келеді. Ал Бейбарыс он жасынан бастап,

өзге елде құлдықта, кейін билік басында жүрсе де өз тіліне аса құрметпен қараған. Сұлтан Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген. Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмаш арқылы түсініскен.

Араб деректерінде, Бейбарыс Ұлық ұлыстан келген елшілермен өз тілінде сөйлесті деген дерек бар. Меніңше, Бейбарыстың өз тілі - қыпшақ тілі. Арабтар Ұлық ұлыс елшілерімен Бейбарыстың не жайлы сөйлескенін түсінбей қалғанын және Рукн әд – диннің елшілермен жақсы түсініскенін жазған.

Бейбарыс ойлы да кемеңгер, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл – ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы –

крест тағушыларды талқандады. Моңғолдарды Мысырға қарай қия бастырмады.

Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгелм Тайпольский Бейбарысқа: «Бейбарыс – жауынгерлік жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі

9

тең тұратын қаһарман», - деп баға беруінің өзі Бейбарыс бейнесін толық көрсете білді десем артық болмас.

Қазақ халқы қашанда ат құлағында ойнап, аңға шығып, тазы жүгіртіп, құс салып саятшылықпен айналысқанды жақсы көрген.Замандастарының айтуынша сұлтан ат ойындарын, аңға шығуды, сайыстар-ды жақсы көретін. Сұлтан өзінің қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған.

2.3. Бейбарыс бейнесі ел аузында

Әрбір халық қашанда өзінің батырларын мақтан тұта отырып, олардың ерлік істерін жырға, қисса – дастандарға қосып, кейінгі жастар үлгі алсын деген оймен мақтанышпен айтып жүретін болған. Қаншама батырларымыз туралы таңнан -таңға дейін тоқтамай айтылатын жырларымыз бар екенін ұмытпайық. Сондай жырдың бірі - жат жұрттардағы қыпшақ әдебиетінің бүкіл Шығыс елдеріне кең тараған туындысы, әлі күнге дейін жыршыла-рымыз айтып жүрген қазақ сахарасының перзенті қыпшақ Сұлтан аз – Захир Бейбарыс жайлы қиссалар.

Бейбарыстың осындай бейнесі «Мың бір түн» хикаяларының негізгі кейіпкерлерінің бірі Аббс әулетінен шыққан халифа һарун ар – Рашид (786-809) сияқты аңызға айналып, бірнеше рубайат шыққан. Бейбарыс та халифа сияқты қарапайым киініп, түнгі Каирді аралап, халық өмірімен жақын танысып, қылмыстыларды жазалап, күнәсіздерге көмектесіп отырған. Оның осы бейнесін мұхаддистер ол туралы қиссаларға ерекше мән беріп, ұзағырақ айтатын болған.

Араб халқы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, қисса әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халық романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз -Захир (1223-1292),

10

тарихшы – шежірешілер әл – Макризи (1362-1442) мен Ибн Тагрибердилер (1409-1470) қалдырған мағлұматтарды атап кеткен.

Египетте біраз жыл уақыт өмір сүрген ағылшын елінің шығыстанушысы

Э. У. Лэйн: «Каир қаласында отызға жуық қиссашылар бар деседі. Олардың бәрі де тек «әз захирдің», («Сират аз- Захир» немесе «ас- Сира аз- Захирийа») ғұмырнамасы атты шығарманы жатқа айтады»- дейді.

Египеттің осы заманғы тамаша ғалымы Таха Хуссей (1889-1975) де өзінің «Аййам» («Күндер») деп аталатын өмірбаяндық жазбаларында бала кезінде өзінің ең көп естігені Бейбарыс батыр жайлы рубайаттар еді деп еске алады. Мұнда да белгілі бір шындық бар екені сөзсіз. Бұдан шығар қорытынды, Бейбарыс сегіз қырлы, бір сырлы болып, халық жүрегінен үлкен орын ала

білген деген сөз.Осындай қыпшақ батыры, жауынгер азаматы жайлы

қиссалардың бір нұсқасын шығыстанушы В. Н. Кирпиченко араб тілінен орыс тіліне аударып, 1975 жылы Мәскеуде басып шығарғаны белгілі.

Иә, Бейбарыс туралы осындай классикалық дүниелердің өткен заман оқиғаларының сәулесін елестетіп қана қоймай, тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған шынайы да көркем шығарма ретінде ғасырдан – ғасырға жетіп, елеулі мұра ретінде ел аузынан түспей келеді.

2.4. Билікті қолына алған Бейбарыстың атқарған еңбектері

Биліікті қолына алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстап, тәртіпті күшейтіп, сарай маңындағы өзара қырқысуларды тоқтатады.

Бейбарыыс мемлекет басшылығына келген кезден бастап, талай елдерге мешіт, медрессе, кітапханалар, өзендерге көпірлер салғызады. Ол ғылым мен

білімді жолға қойып, мұсылмандарға бейбіт өмір сыйлауға себепші болады.

Мұсылмандар осы уақытта білім, ғылыммен айналысып, қамсыз тіршілік етіп отырады. Моңғолдарды жеңуу арқылы атақты да даңқты қолбасшы болып тарихта қалды.

11

Бейбарыстың жеке ғұмыры мен саяси іс-әрекеті оның туған жері – Алтай-дан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы Даладағы сол замандағы саяси-әлеуметтік ақуалмен тығыз байланысты болды. Өкімет басына келісімен Бейбарыс өзінің бар күш-қажырын крест жорығына қарсы шабуылдарға дайындалуға жұмсады. 1265 жылдан бастап крестшілер бекінген қамалдарды бірінен соң бірін ала бастады. 1267 ж. Кіші Армения патшалығына, 1275 ж. Кіші Азия селжүктеріне қарсы жорықтар жасады. Бейбарыс Мысырды билеп тұрған кез исламның алғашқы жылдарында мұсылман иеліктері халифаттың әлсіреуімен қайта уыстан шыға бастаған кезең екені белгілі. Еуропадан ұйымдастырылған сегізінші крест жорығы 1270 жылы бастау алды. Бейбарыс бұл крест жорығының бетін қайтарғанымен қоймай, бұрын олар жаулап алған аймақтарды құлдықтан қайта босатты. Ол 1265 ж. Сафадты, 1268 ж. Антиохияны, 1271 жылы Хисын Әл-Аккрадты, 1267 ж. Армян Киликиясын жау қолынан азат етті. Крест жорықтары мен селжүктердің ықпалын

әлсіреткен соң, Иран мен Ирак жерінде үстемдік құрған ильхандар

мемлекетін билеуші Шыңғысханның ұрпағы Хулагу әулетіне қарсы Алтын Ордамен одақ жасасты.

Жалпы, Бейбарыстың Алтын Ордамен ынтымақта болуының этникалық себептері де бар сияқты. Өйткені, Алтын Орда бұрынғы Бейбарыстың атажұрты – Дешті-Қыпшақтың орнында пайда болған мемлекет еді.

Бейбарыс сұлтан дәрежесіне қол жеткізе салысымен алтынордалық хан Беркемен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Әмин әл-Холидің жазуынша, Бейбарыс сұлтан кезінде Дешті Қыпшаққа 8 дипломатиялық елшілік барып қайтқан [1, 728 б.]. Бұл одақтастық Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталды. Бұл саяси байланыстың осыншалық

ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуын тек саяси себептермен байланыстыру әділетсіздік болар еді. Бұл байланыстан Мысыр елін билеген Бейбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне,

12

ата-бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман-тілегі де жатқанын анық байқауға болады. Бұл, сайып келгенде, Мысыр елін “Қыпшақ Мысыры” атандырған мәмлүк-қыпшақтардың ортақ мүддесі болатын. Сондықтан олар Бейбарыстан кейін де қашан мәмлүк-қыпшақ әулетінен күш кеткенше “Алтын Орда” атанған Қыпшақ елінен, өздерінің ата-мекенінен қол үзбеуге ұмтылады.

Мысыр сұлтаны болып, Алтын Ордадан келген қоныс аударушыларға үлкен қолдау көрсетті. Оған дәлел Әл-Омаридің мына сөзі: «Патшалар олардан (мысыр сұлтандары түрік мәмлүктерден шыққан) шығып, өз туыстарына бүйрегі бұрып, көбеюіне мұрындық болды, Мысырға келген

оларды жан-жақты қолдады. Оның жерінің (Мысырдың) шонжарлары мен әскербасылары, билер мен мемлекет қаймағы осылардан шықты. [1, 732б.]. Мысырға келген түркілерге Бейбарыс Каир қамалы Баб әл-Лүк қақпасына жақын бағалы жерден жер телімдерін берді. [1, 733 б.].

Оның билік еткен тұсында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ілгері дамыды.

Елдің ішкі саясатында Бейбарыс сұлтан аса көреген саясат ұстанды. Мұсылман мемлекетінің тұғырын нықтап, өркендеуі үшін көп еңбек сіңірді. Бейбарыстың дәуірінде Мысыр гүлденген елге айналды. Ішкі саясатта ішкі көтерілістер мен бүліктерді басу арқылы елдің іргесін мықтап бекітті.

Заң саласында сұлтан Бейбарыс бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізді. Суннит жолын ұстанатын төрт мәзһаб қазыларынан төрт қазы тағайындады. Әл-Азһар мешітін қалпына келтіріп, түбегейлі өзгертіп, мешіт-медресеге, шартараптан шәкірттер ағылатын іргелі оқу ордасына айналдырды. Мысыр мен Димашықта көптеген медреселер салдырды. Соның ішінде Каирдегі «Заһири медресесінің» ғимараты жақсы сақталған. Медреселерде мол кітап қоры бар кітапханалар да жұмыс істеді [10].

Мысырдан өзге Мәдинадағы Пайғамбардың мешітіне күрделі жөндеу жұмыс-

13

тары жүргізілді. Шамдағы Ибраһим пайғамбардың мешіті, Иерусалимдегі әл-Ақса, Қуббат Сахра мешіттері жөнделіп, жаңартылды. Түрлі мәселелер мен дау-дамайларды шешетін әділет үйін құрды.

Бейбарыс ислам діні мен мұсылмандардың белсенді қорғаушысы болды. 1260 ж. Каирде салтанатты жағдайда саяси биліктен ада, тек рухани мекеме ретінде аббас халифаты қайта қалпына келтіріледі. Бағдаттан қашып келген аббас әулетінің бір мұрагерін халиф тағына отырғызып, Каирды халифаттың рухани астанасына айналдырды.

Бейбарыстың ислам тарихындағы маңызы да оның ислам әлемін крестшілер

жорықтарынан қорғап қалуымен өлшенеді. Ол өзінің санаулы ғұмырын исламның христиан әлемімен шектесетін қиыр шетін крестшілерден қорғау-

мен өткізді. Моңғол шапқыншыларына қарсы Алтын Орда ханы Берке ханмен одақтас болды. Нәтижесінде Берке хан Ислам дінін қабылдап, Мысыр мен Алтын Орда арасындағы байланыс күшейді.

Қазіргі таңда елімізде Бейбарыс сұлтан атына ауыл, мектеп, мәдени ошақтар есімі берілген. Қазақтың зиялы қауымы Бейбарыс сұлтан туралы хабардар болғанмен, былайғы жұртшылық алғаш рет даңқты бабамыз жайлы 1989 жылы КСРО-ның «Совэкспортфильм» киностудиясы мен Мысырдың «Эль Аламия» студиясы бірігіп шығарған «Сұлтан Бейбарс»  көркем телефильмі арқылы таныды. Фильмді Мориса Симашконың «Емшан» шығармасының желісі бойынша режиссер Болат Мансуров түсірді. Басты ролді Н. Жантөрин сомдады.

ЭКСПО-2017 көрмесіне орай еліміздің астанасындағы ұлттық музейде «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» деп аталатын көрме ашылды. Мысыр

мен Сирияға билік жүргізген мәмлүк сұлтаны Бейбарыстың өмірі мен сол дәуірдің тарихын көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеде Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын ислам өнері музейі жинағынан тың жәдігердің 22 данасы қойылды.

14

Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс қорының басшысы С. Исқақов Мысыр, Иордания Корольдігіне, Шам, Палестина, Ливан және Иерусалим секілді қыпшақ мәмлүктердің иелігінде болған жерлерге “Бабалар ізімен” тарихи-ғылыми экспедициясын ұйымдастырып, тарихи жерлерді зерттеп, жергілікті тарихшылармен кездесті. «Сұлтан Бейбарыс» кітабы жарыққа шықты.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді саралай келе, Сұлтан Бейбарыстың ел аузында жатталып, Ұлы дала барысына лайық атқарған ерен еңбектерін төмендегіше топтадым:

1.Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты.

2.Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Оның тұсында мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады.

3.Барлық өзендерге көпір салғызды. Халқымызда тал егу, құдық қазу, жол

жөндеу, көпір салу сауапты іс деп саналады.

4.Әрбір қалаға бір мешіт салынды.Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де "Бейбарыс мешіті" деп аталады. "Заһири медресесінің" ғимараты да жақсы сақталған. Әл-Азһар мешітін қалпына келтіріп, шартараптан шәкірттер ағылатын іргелі оқу ордасына айналдырды.

Мысырдан өзге Мәдинадағы Пайғамбардың мешітіне күрделі жөндеу жұмыс-тары жүргізілді. Шамдағы Ибраһим пайғамбардың мешіті жаңартылды. Иерусалимдегі әл-Ақса, Қуббат Сахра мешіттері жөнделді.

5.Әр қалада кітапханалар салғызды. Медреселерде мол кітап қоры бар кітапханалар да жұмыс істеді. Бейбарыс кесенесінің жанындағы кітапханада

77 мыңға жуық кітап, 11 мың әлемде сирек кездесетін қолжазбалар сақтал-ған, оның көбі сұлтан Бейбарыс тұсында жазылған, арасында жеке мөрі басылған құжаттар бар.

6.Бейбарыс билік еткен кезде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ілгері

15

дамыды. Сұлтан өзінің қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп жүрді.

7.Бейбарыс ислам діні мен мұсылмандардың белсенді қорғаушысы болды.

8. Түрлі мәселелер мен дау-дамайларды шешетін әділет үйі құрылды. Заң саласында бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізді.

Қазіргі таңда Сұлтан Бейбарыстан тараған ұрпақтары бар. Сирия, Мысыр елдерінде өмір сүріп жатқан тікелей ұрпақтары -Нуриддин Бейбарыс, Мухаммед Бадиа Бейбарыс. 2017 жылы Қаазақстанның шақыруымен Бейбарыс ұрпағы Нуриддин Бейбарыс елімізге келіп қайтқан.

Бүгінде Сирия астанасы Дамаскіде Бейбарыс Сұлтан кесенесі бар. Қазақстан оны қалпына келтіру жұмыстарына үнемі атсалысып келеді.

Қазақ елі де қарап қалмай, Бейбарыс сұлтанның кіндік қаны тамған жері – Жайық өзенінің атырауында алып ескерткіш орнатылды.

Бірден айта кететін жайт, бұл Мысырдың билеушісі болған ұлы қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз ескерткіш болып саналады. Мысыр мемлекетінде оған дейін басқа да әміршілер болғандықтарына қарамастан, араб әлемінде Сұлтан Бейбарысты Мысыр мемлекетінің негізін салушысы етіп санайды.

Ескерткіш биік тұғырда бар бойымен тұрған Сұлтан Бейбарыстың мүсіні түрінде орындалған, белбеуінде қылыш ілініп тұр, ал иығын ауыр плащ жауып тұр. Сұлтан алысқа қарап, намысқор көзімен тура көз тастап, ол қоршаған кеңістікті, мәңгілікті өз бейнесімен жарып тұр.
Сұлтан Бейбарыс өмір бойы қыпшақтың (қазақтың) салт – дәстүрін ұстап келді. Бөтен елде жүрсе де туған елін, ана тілін ұмытпаған, сал – дәстүрін, әдет ғұрпын қастерлеген. Ұлттық құндылықты Бейбарыс бабамыздай қастерлеп, құрметтесек нағыз елін, жерін, тілін, дінін сүйген патроит боламыз.

16

  1. Қорытынды

Аты аңызға айналған Сұлтан Бейбарыс тұлғасын елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдар аз емес.

Бұл, сөзсіз, әйгілі Сұлтанның өзінің ақылдылығы мен қайсарлығының арқасында тарих бетінен ойып тұрып орын алған қайраткерлігімен қатар, оның таңғажайып өміріне деген қызығушылықты арттыра түсуде

Қазақтар қайда жүрсе де Отанына қайтқысы келіп тұратын халық. Бабала-рымыздың туған жерге деген шексіз махаббаттары туралы аңыздар да бар-шылық. Әлемнің екінші ұстазы Әль Фарабидің өзі де еліне деген сағынышын «Қашықтасың туған жер» деген жыр жолымен жеткізсе, Бейбарыс бабамыз қазақ даласының жусанының иісін сағынумен өткенін аңыздардан біліп отырмыз. Қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, алтын тағын тастап, «Туған жерім қайдасың» ,- деп Сұлтан Бейбаарыс жолға шықты деген аңыздың өзі Бейбарыстың Ұлы дала елінің барысы екенін дәлелдейтін айғақ.

Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.

Туған жерді жүрекпен сүйіп, көркеюіне үлес қосып, биік мақсаттар мен

жоспарлар құрып, бабаларымыздың ерлік істерінен үлгі алып, тілімізге құрметпен қарап, азаматтық істер атқару – біздің ең басты парызымыз бола бермек.



17

Әдебиеттер мен деректер тізімі:


1.Әлібекұлы А. Бейбарыс бейнесі халық қиялы мн тарихи жазбаларда // Қазақ әдебиеті -2013.

2. Сайфетдинова Э.Г. Личность султана Бейбарса и его роль в развитий взаймоотношений мамлюского Египта с Золотй Ордой по араским источником// Золотоордынские обозрение №4.-2017. -С 726-735.

3. Әміржанұлы А. Бейбарыс сұлтан // Қааазақ батырлары.-2000. №10

4. Жеңіс Ж.Ж. Көне ирандық тайпаларының таңбалары // Қазақтану.-2009.

5. Бейбарыс: Арабтың халық романы (орыс тілінен аударған жазған

С. Абдрахманов). -астана, Елорда. -2000.

6. Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті мен ислам (тариха -мәдениеттанулық зеттеу). -Алматы: Өнер.- 2002.

7. Жеңіс Ж.Ж. Ежелгі және ортағасырлардағы Иран мен Тұран. –Алматы: Алтын шаңырақ. 2016 ж. – 238 б.

9. Құл – Мұхаммед М. Бейбарыс сұлтан  // Жас Алаш. – 2000. – №12. – 16 қыркүйек.

10. Кекілбайұлы Ә. Тұла бойы толған жұмбақ тұлға. -1999.

11. Ақпарат көздері.













18





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2024
224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі