Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі,
шығармашылығы.
Жалпы мақсаттар:
1.С. Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы
білімдерін кеңейту. «Алаш ұраны» өлеңін оқып, мазмұнын
ашу.
2. Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін
білдіруге үйрету, шығармашылыққа баулу.
3.Өлең
арқылы адамгершілікке, елін, жерін сүйе білуге, ақын-жазушыларды
құрметтеуге, мейірімділікке баулу, оқу-білімнің маңыздылығын
ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:
1
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін
кеңейтеді.
2.Өз тұжырымын көркем сөздермен жасай
алады.
3.Өлеңнің идеясын түсінеді. Тарихпен
сабақтастырады.
4.Жұптық, топтық жұмыс кезінде диалогтік атқару
арқылы сөздік мәнері жетіледі.
5.Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға
үйренеді.
6.Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса
білуге үйренеді.
7.Өлеңді құрылысына қарай талдай
алады..
8.Өзгенің пікірімен санасуға
үйренеді.
9.
АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, ақын туралы мағлұмат
алады.
10.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс
істеуге дағдыланады.
Негізгі идеялар:
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді
оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай
жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады. Топтық міндет; өз
ойларын толық айтады, бірін-бірі тыңдайды.Достық сезімдері
артады.
Оқыту әдістері:
СТО
әдістері
Көрнекілігі:
Инерактивті тақта, кеспе
қағаздар
Сабақтың барысы:
1-әрекет. Ұйымдастыру кезеңі.
сәлемдесу, түгендеу,
балалардың назарын сабаққа аудару;
Сабақ барысында білімгерлер
ұстанатын қағидаларын қалыптастыру.
-Бір-бірімізді тыңдаймыз!
–Басқаның пікірін сыйлаймыз! –Тақырып көлемінде ғана
сөйлейміз.
-Бағалау парақшасы туралы
түсінік беру.
Психологиялық ахуалды
қалыптастыру
Білімгерледі топтастыру. Алдыңғы сабақта бөлінген топтың
құрамын сақтай отырып, топ ережесімен танысу.Топ жетекшілерін
анықтап сайлап алу.
Үй
тапсырмасын сұрау;
-
Түсінік сұрау.
-
Зымыран сұрақтар.
1.1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне қысқаша
сипаттама беріңдер.
2.Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытқандар
кімдер?
3.Қазақ халқын сауаттандыру ісіне қол ұшын
бергендер кімдер?
4.
Әйел теңдігін суреттеудегі шығармаларды ата.
Қызығушылығын ояту (1,2 модульдер) (интерактивті
тақтадан көрсетіледі)
«Ой қозғау»
стратегиясы :
-
Адам болу деген не?
-
Адам өмірге не үшін келеді?
-
Біздің өмірдегі мақсатымыз не?
(экраннан С.Торайғыровтың суреті көрсетіледі.)
Мұғалім: Мына суретте кімді көріп отырсыздар?
Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында өмір сүрген, Абайдан
кейінгі жазба әдебиетінде өзіндік орны бар, адам сезімін
шеберлеудің қас шебері, өзіндік болмысы мен үнін, азаматтық
шеберлігін қалдыра білген С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және
«Таныстыру» өлеңі жайлы болмақ. Алаштың ардақты ақынының өмірі
қиындыққа толы болды. Ақын 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысының
Уәлиханов ауданында туған. Шешесінен ерте айырылады. Мұқан, Тортай,
Әбдірахман деген молдалардан тәлім алады. Ақын 27 жыл ғұмырында
артына көптеген шығармаларын қалдырды. «Алаш ұраны» өлеңі Алаш Орда
үкіметінің құрылуын қолдап жазған өлеңі. Өлең 1917 жылы
жазылған.
Жаңа сабақ
Сабақты
бекіту.
Мен балаң жарық күннен
сәуле қуған,- деп ақын өзі жырлағандай
Сұлтанмахмұт атамыздың артына қалдырып
кеткен мұрасы ұрпақтарына орасан күн сәулесін шашып тұр. Ақынның
өмірі, шығармашылығы, өлеңдері біз үшін баға жетпес құнды дүние
болып қала бермек. Бүгінде ақынның атында музей, көше аттары, оқу
орындары бар. Ақынның есімін ұрпақтары ешқашан ұмытпауы
тиіс.
Қорытынды.
Бағалау.