Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұлтанқожа Майлықожаұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға арналған. Сабақ жоспары берілген. Өзіне керекті жерін өз сабағында қолдануына борлады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8 «а» сынып

Сабақтың  тақырыбы :   Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылығы

Сабақтың мақсаты :                                                                                      

 Білімдік:  Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағылымдық шығарма екенін ұғындыру.

Тәрбиелік: оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу, «Зар  заман»  ақындары  зарлаған  әділетсіздіктерден  аулақ  болуға, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп  оқу, көркем шығарманы талдай  білу  қабілетте-

рін, сөйлеу  тілі  мен  жазба  тіл  мәдениетін  дамыту.

 

Сабақтың  түрі: дәстүрлі  сабақ

 

Сабақтың тегі : аралас  сабақ

 

Сабақ  технологиясы: “Сын  тұрғысынан  ойлау» стратегиялары.

 

Сабақтың әдісі : топтық  жұмыс, жатқа  айту, мәнерлеп  оқу, талдау, іздену,  сұрақ-жауап, дамыта оқыту.

 

Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді  тақта ,слайдтар, кітаптар

 

Пәнаралық байланыс : тарих

 

Сабақтың барысы : 

Ұйымдастыру кезеңі .

1.Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

«Зымыран  сұрақтар»                                                                                                                                    

 1. Шортанбай Қанайұлы  кім?

2.Шортанбай өмір сүрген  кезеңде  қазақ  қоғамына  қандай  өзгерістер енді?

3.Шортанбай  шығармаларын  атаңдар.

4.Шортанбай  шығармаларының  басты тақырыбы не?

5.Қиянат пен әділетсіздік  өріс алған  заманға  Шортанбай  жырларымен сипаттама беріңдер.

6.Ақын  дін  иелерінің  заман ыңғайына көшкенін қалай  бейнелейді?

7.Ақын  кедей  басындағы ауыртпалықтарды қалай  суреттейді?

8.Ақын адам бойындағы оғаш қылықтарды қалай  мінейді?

Шортанбай шығармаларын зерттеген ғалымдар кімдер?

10.Шортанбай Қанайұлын неге «Зар заман  ақыны» дейді?

«Зар заман»  өлеңінен  үзіндіні  жатқа сұрау.

 III.Сабақ тақырыбы мен мақсат-міндеттерін хабарлау.

1.Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жаздыру.

 

2.«Қызығушылықты  ояту».  «Ой  шақыру»

Жаңа  тәртіп, жаңа  заң  енді  елге

Бұқара  бетбұрысқа  көндігер  ме?

Бей-жай  қарап  қалмады  бұлқынды  ел

Қазағым, бұндай  жайды  енді  көрме,-        деген  өлең  жолдары арқылы  қазақ  даласында  болып өткен қандай  тарихи  кезең  жайында  сөз  қозғадым?

 

-Балалар, халықтың,  мемлекеттің  жұмылған  жұдырықтай,   өзге елдермен жақсы қарым-қатынаста  болуы үшін  ең басты  не  нәрсе  керек? Елді  біріктіретін  қандай  қасиеттер? (Оқушылар  өз  ойларын  білдіреді )

«Береке, бірлік, ынтымақ»

Оқушыларды 3 топқа бөлу.1-топ — «Береке» 2-топ    —   «Бірлік» 3-топ    —   «Ынтымақ»

 IV.Жаңа сабақты меңгерту.

 

«Мағынаны  тану».

1.Жаңа  тақырыпты  өз  бетінше  оқып, меңгеру.                                                                                    2.«Кубизм»  стратегиясы.  Топтарға  сұрақ:

 

І  топ — «Тарихшылар»                                                                                                                                 1.Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім?                                                                                                                    2.Ол  өмір  сүрген  заман  туралы  не  білдік?( сызба  құру)

 

ІІ  топ – «Әдебиетшілер» ( сызба  құру)                                                                                         1.Майлықожа  шығармашылығы                                                                                                          

.Заман  тақырыбына  орай  қандай  шығармалар жазған?

 

ІІІ  топ – «Зерттеушілер»                                                                                                    

Майлықожа  шығармашылығын  қалай  топтастыруға  болады?

 

3.Ақын  туралы  өзім  қосымша  түсінік беремін.Оқушылардың  жауабын  толықтыру.

4.Майлықожаның  термесін  тыңдату. Интербелсенді  тақтадан  тамашалау.

5.Сөздік  жұмысы. Дәптерлеріне  жаздыру.

«Толғау» өлеңімен таныстыру.

* Өлеңді  мәнерлеп  оқып  беремін.

*Мағынасын  түсіндіремін.

 

Білімді бекіту.

1.Кітаппен  жұмыс. Үзіндіні  оқушыларға мәнерлеп оқыту.

2.Кесте толтыру. Ақын  бізге  өткен заманның  келбетін  қалай  жеткізген?

Заман  көрінісі

Елдегі  өзгерісті ақынның бейнелеуі

Халық  басына түскен ауыртпалық













«Ой-толғау» 

Ақынға хат жазу


Сабақ қорытындысы

«Кері  байланыс» стратегиясы

Білемін?                      Нені  білдім?                       Нені  білгім  келеді?


VІ. Білімді бағалау:  топ  басшылары  оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдерін бағалайды.


VІІ. Үйге тапсырма:

Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.

2. «Майлықожа  —  адамгершілік  туын  көтерген  ақын»  тақырыбында  ойтолғау жазуға  дайындалу.









Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген. Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.       

   Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.        

  Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз. Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның: «Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып: Сен Құлыншақ болғалы талай болды. Не құлын, не жабағы тай болмадың. Немесе Гүлханым арудың: Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне: Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi, Алдың деп мұны қайдан үндемейдi. Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер, Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi. Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап: Молдалар кiтап оқып мән айтады. Бiлмесе бекер сөздi неге айтады. «Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi. Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып «Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа» дегенiне сөз сүлейi: Қазақтың оза шапқан майлысы едiм, Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм, Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп, Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, - деп елдi риза етiптi.         

Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.          Шымкент қаласында Майлықожа Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір көшеге есімі берілген.          2009 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет орталығында ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындар дәстүрі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті.















Сыныбы: Күні: Пәні:

Аты-жөні

Үй

жұмысын

Өз ойын

білдіруі

Өлеңді талдай білуі

Сөйлеу мәнері

Өзіндік ізденуі

Белсенділігі

Қорытын-ды баға




























































Сыныбы: Күні: Пәні:

Аты-жөні

Үй жұмысы

Өз ойын

білдіруі

Өлеңді талдай білуі

Сөйлеу мәнері

Өзіндік ізденуі

Белсенділігі

Қорытын-ды баға




























































Сыныбы: Күні: Пәні:

Аты-жөні

Өз ойын

білдіруі

Өлеңді жатқа айтуы

Өлеңді талдай білуі

Сөйлеу мәнері

Өзіндік ізденуі

Белсенділігі

Қорытын-ды баға



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.11.2018
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12